Кеден қоймасының қызметін ұйымдастыру туралы

Бұйрық Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті 1999 жылғы 3 қараша N 528-Б Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 11 қарашада тіркелді. Тіркеу N 970. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001.02.09. N 46 бұйрығымен.~V011444

Күшін жойған
      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z952368_ сәйкес Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Кеден қоймасының қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. "Кедендік қоймалар туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитетінің 1995 жылғы 16 қазандағы N 147-Б бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Г.Мұхамедиева) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Кедендік режимдер мен кедендік рәсімдерді бақылауды ұйымдастырудың Бас басқармасы (М. Байболов) осы бұйрықты іске асыруды қамтамасыз етсін.
      5. Баспасөз қызметі (Г. Исахан) осы бұйрықты жариялауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың атқарылуын бақылау Төрағаның орынбасары Б.Жұмабаевқа жүктелсін.
      7. Бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға
                                                Қазақстан Республикасы     

Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің 1999 ж. 3.11. N 528-Б бұйрығымен бекітілген


      Кеден қоймасының қызметiн ұйымдастыру туралы
                   нұсқаулық

      1. Жалпы ережелер
      1. "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Z952368_ (бұдан әрi - Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес кеден қоймасының кедендiк режимi әкелiнген тауарларды сақтау кезеңiнде кеден бажын, салықтарды алмастан және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан кедендiк бақылауда сақтау үшiн, сондай-ақ экспортқа арналған тауарларды оларды iс жүзiнде экспорттағанға дейiн кеден бажын, тарифтiк емес реттеу шараларын қолдана отырып, кедендiк бақылауда сақтау үшiн арналады.
      2. Кеден қоймасы деп кеден қоймасының кедендiк режимiне сәйкес тауарларды сақтауға арналған кез келген арнайы белгiленген және жайғастырылған үй-жай немесе орын танылады.
      3. Кеден қоймалары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің (бұдан әрi - Кеден комитетi) лицензиясы алынғаннан кейiн тағайындалады.
      4. Кеден қоймасының аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады.
      5. Кеден қоймасының кедендiк режимiне тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкiн.
      6. Кеден қоймасында тауарларды сақтау мерзiмi Заңның 46-бабына сәйкес айқындалады.

          2. Кеден қоймаларын жайғастыру мен жабдықтауға
            және олардың иелерiне қойылатын талаптар

      7. Кеден қоймаларын жайғастыру мен жабдықтауға қойылатын талаптар кеден қоймасының кедендiк тәртiбiне қойылған тауарларды кедендiк ресiмдеудi және кедендiк бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатындағы қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк өлшемдерiне байланысты белгiленедi.
      8. Кеден қоймасы тағайындалуға арналған үй-жай немесе орын өрт қауiпсiздiгiнің талаптарына, санитарлық-тұрмыстық және техникалық нормаларға сәйкес, сондай-ақ мынадай талаптарға сай болуы тиiс:
      1) кеден қоймасын жайғастыру мыналарды:
      кедендiк бақылаудан басқа, кеден қоймасынан тауарлардың алыну мүмкiндiгiн болдырмауды;
      қоймада тұрған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етудi;
      бөгде адамдардың тауарларға енiп кету мүмкiндiгiн болдырмауды қамтиды;
      2) кеден қоймасының аумағы бүкiл аумағы бойынша белгiленген және қоршалған болуы тиiс;
      3) қойма кiрме жолдармен жабдықталған, тауарларды өлшеуге арналған, сертификатталған жабдықтармен, тиеу-түсiру техникасымен жасақталған болуы тиiс.
      Кеден қоймасының кеден режимiне орналастырылатын тауарларды кедендiк бақылауды және кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру мақсатында тиiстi үй-жайлардың немесе орындардың иелерiне қажеттi қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлар, кеден органдарының қызметкерлерiне арналған жабдықтар мен байланыс құралдары берiлуi тиiс.
      Қажет болған кезде кеден органдары кеден қоймасын тағайындауға арналған үй-жайды немесе орынды қосарланып жабылатын, олардың бiреуi қызметінің ауқымында дәл осындай үй-жай немесе орын бар кеден органының қарамағында болатын құрылғылар мен жабдықтауды талап етуге құқықты.
      9. Уақытша сақтау орыны ретiнде пайдаланылатын кеден қоймасының бөлiгi уақытша сақтау орнына қойылатын мiндеттi талаптар туралы Кеден комитетiнің бұйрығымен белгiленген талаптарға сәйкес болуы керек.
      10. Кеден қоймалары олар жұмыс iстейтiн бүкiл мерзiм бойында белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      11. Кеден қоймалары иелерiнің мiндеттерi Заңның 43-бабында айқындалған.

         3. Кеден қоймасына орналастырған кезде тауарларды
                     кедендiк ресiмдеу

      12. Тауарларды кеден қоймасына орналастыру уақытша сақтау рәсiмiне сәйкес не жүк-кеден декларациясы негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
      13. Уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылатын кеден қоймасының оқшауланған бөлiгiнде тұрған тауарлар кеден қоймасының кедендiк режимiнде кедендiк ресiмделгеннен кейiн кеден қоймасының басқа бөлiгiне ауыстырылуға жатады.
      14. Уақытша сақтау орындарында (кеден қоймасынан басқа) уақытша сақтауда тұрған тауарларды кеден қоймасына орналастыру мақсатында ауыстыру тауарларды жеткiзу ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
      15. Кеден қоймасы кеден қоймасының кедендiк режимiне қойылатын тауарларды кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн орын болуы мүмкiн.
      16. Басқа тауарларға нұқсан келтiруi мүмкiн немесе сақтаудың ерекше

жағдайларын талап ететiн тауарлар кеден қоймасының арнайы жабдықталған 
үй-жайларында орналастырылуы керек.
     17. Кеден режимi өзгертiлместен жүзеге асырылатын бiр кеден 
қоймасынан тауарларды басқасына ауыстырған кезде сақтау мерзiмi тауарларды 
кеден қоймасына ең алғаш ауыстырған күннен бастап есептеледi.
     Мұндай жағдайда тауарларды iс жүзiнде ауыстыру тауарларды кедендiк 
бақылаумен жеткiзу тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.
     
     4. Кеден қоймасында сақтаған кезде тауарлармен
        жүргiзiлетiн операциялар
     
     18. Кеден қоймасына орналастырылған тауарлармен операциялар жүргізу 
мүмкiн:
     1) осы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде:
     тазарту;
     желдету;
     кептiру (оның iшiнде жылу ағысын келтiре отырып);
     сақтаудың оңтайлы температуралық режимiн жасау (салқындату, тоңазыту, 
жылыту);
     қорғаныш құндағына орналастыру;
     қорғаныш мақсатында майлау және консерванттармен өңдеу;
     таттан қорғау үшiн сырлау;
     алдын ала сақтандыру саңылауларын қалдыру;
     коррозияларға қарсы жамылғылармен жабу;
     2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiнде:
     топтарға бөлу;
     жөнелтiмдердi ресiмдеу;
     сорттау;
     құндақтау;
     қайта құндақтау;
     маркiлеу;
     тиеу, түсiру, қайта тиеу;
     тестiден өткiзу;
     тауарларды ұтымды орналастыру мақсатында қойманың шегiнде ауыстыру;
     басқа да осындай операциялар.
     19. Кеден қоймасында тауарлармен жүргiзiлетiн барлық операциялар 
тоғыз таңбалы деңгейдегi сыртқы экономикалық қызметтiң Тауарлық 
номенклатурасы бойынша сыныптау кодын өзгертуге байланысты, осы 
тауарлардың сипаттамаларын (сапаларын) өзгертуге тиiстi емес.
     
     5. Кеден қоймасында сақтаулы тауарлар туралы есеп
        пен есептiлiк
     
     20. Кеден қоймасында сақтаулы тауарлар кеден қоймасының кедендiк 
режимiне сәйкес есепке алынуға тиiстi.
     21. Кеден қоймаларының иелерi есептi жүргiзедi және кеден органдарына 
қоймада сақтаулы тауарлар және олардың сақталу мерзiмдерi туралы есеп 
берiп тұрады. 
     22. Тауарларды кеден қоймасына орналастырған кезде тауарларды 
қойманың иесi қойманың есептiк құжаттарында тiркеуi керек, олар мынадай 
деректердi қамтуы тиiс:
     1) тауардың қоймаға орналастырылған уақыты;
     2) тауардың атауы;
     3) орны саны және нетто салмағы (кг);
     4) тауармен бiрге жүретiн құжаттардың нөмiрлерi; 
     жүк-кеден декларациясының нөмiрi мен оны босату туралы шешiм 
қабылданған уақыт.


      23. Кеден қоймасында сақталатын тауарлар туралы есептердi кеден

қоймалары иелерiнің тапсыратын нысандары мен кестесiн аймағында осындай 
қоймалар жұмыс iстейтiн кеден органдары белгiлейдi. Бұл ретте есептер 
кеден органдарына үш айда кемiнде бiр рет тапсырылып тұруы керек.
     24. Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын қамтамасыз ету 
мақсатында кеден органдары кедендiк бақылаудың барлық нысандарын 
қабылдауға, сондай-ақ белгiленген кестеден тыс есептердi тапсыруды талап 
етуге құқықты. Бұл жағдайда есептi кеден қоймасының иесi кеден органының 
бастығы жазбаша талап қойған күннен бастап үш күннің iшiнде тапсыруға 
тиiстi. 
     25. Кеден қоймасында сақтаулы тауарлар есебiнің құжаттары кемiнде бес 
жыл сақталады. 
     
     6. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу жөнiндегi
        жауаптылық
     
     26. Кеден қоймасының кедендiк режимiнде орналастырылған және 
экспорттың кедендiк режимiне сәйкес әкетуге арналған тауарларды кеден 
бажынан босату немесе төленген сомаларды қайтару Заңның 48-бабына сәйкес 
жүргiзiледi.
     27. Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетiн тауарларға қатысты кеден 
төлемдерi мен салықтарын төлеу жөнiндегi жауаптылық Заңның 44-бабына 
сәйкес туындайды.
     
     7. Тауарларды кеден қоймасынан босату
     
     28. Кеден қоймасында сақтаудың белгiленген мерзiмдерi бiткеннен кейiн:
     iс жүзiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы шегiнен тыс 
әкетiлуi;
     өзге кедендiк режимге мәлiмделуi;
     не Қазақстан Республикасының кеден органдары тағайындаған уақытша 
сақтау қоймаларына орналастырылуы тиiс.
     29. Тауарларды өзге кедендiк режимге орналастыру мақсаты үшiн 
тауарлардың кедендiк құны мен олардың саны тауарлар қоймадан босатылатын 
сәтте айқындалады.
     
     8. Жабық түрдегi кеден қоймаларын тағайындаудың
        ерекшелiктерi
     
     30. Жабық түрдегi кеден қоймаларын:
     1) кәсiби қызметке (сервистiк қызмет көрсету және т.б.) арналған 
тауарларды сақтауға маманданған адамдар: 
     2) меншiктi тауарларды, сондай-ақ егер кеден қоймасының иесi сонымен 
бiрге тасымалдаушы болса, тасылатын тауарларды сақтау үшiн;
     3) қойманың иесi оны тағайындаған кезде белгiлеген үшiншi адамның 
тауарларын сақтау үшiн тағайындауы мүмкін.
     
     9. Кеден қоймасы иесiнiң кеден қоймасына тауарлар
        қоятын адамдармен және кеден органдарымен өзара
        қатынастары
     
     31. Кеден қоймаларының иелерi мен кеден қоймаларына тауарларды 
орналастырушы адамдардың қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарымен 
реттеледi.
     32. Кеден қоймаларының иелерi кеден қоймалары иелерiнің және кеден 
органдарының бiрлесiп тағайындауына сәйкес кеден органдарымен өзара 
қатынас кестелерi бойынша әрекет етедi.
     
     10. Кеден қоймасын тарату
     
     33. Кеден қоймасын тарату туралы талап Кеден комитетiнің бұйрығы 
нысанында қабылданады.
     34. Кеден қоймасын тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап 
кеден қоймасында сақтаулы барлық тауарлар уақытша сақтауда тұр деп 
есептеледi және таңдап алынған кеден режимiне сәйкес кедендiк ресiмдеуге 
жатады.
     35. Кеден қоймасын тарату Қазақстан Республикасының заңдарында 
көзделген тәртіппен жүргізіледі.
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Икебаева А.Ж.