Қаулы етеді:
1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп берудiң тәртiбi туралы нұсқаулық бекітілсін (қоса берiлдi).
2. Жоғарыда аталған Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
4. Ұлттық комиссия орталық аппараты лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
1) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың, кастодиан-банктердiң, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң жанындағы Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитеттiң назарына жеткiзсiн;
2) жоғарыда аталған Нұсқаулықтың орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 22 қазандағы N 460 қаулысымен бекітілді
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан
шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп берудiң
тәртiбi туралы
Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзiрлендi және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған жағдайда зейнетақы активтерiн түгендеудiң және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар арасында өткiзiп берудiң тәртiбiн белгiлейдi.
1. Осы Нұсқауда қолданылған ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
1) "Шарт" - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компания арасында зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарт;
2) "Бiрiншi басшы" - заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысы немесе заңды тұлғаның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асырушы тұлға;
3) "Өткiзiп берушi компания" - зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға онымен жасасқан шарт бұзылатын, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға басқа зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компанияға өткiзiп беретiн зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компания;
4) "Қабылдаушы компания" - зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жаңадан шарт жасасатын және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн өзiнiң инвестициялық басқаруына қабылдайтын зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компания;
5) "Қор" - жинақтаушы зейнетақы қоры;
2. Шартты бұзу туралы жазбаша ескертпеде көрсетiлген немесе Шартқа сәйкес айқындалған Шартты бұзу күнiне дейiн кемiнде 10 жұмыс күнi бұрын Шартты бұзуға бастамашы ұйымның бiрiншi басшысы бұйрығының негiзiнде құрамында Қордың, Өткiзiп берушi компанияның және Қабылдаушы компанияның уәкiлеттi өкiлдерi бар келiсiм комиссиясы құрылу керек.
3. Келiсiм комиссиясының функциялары:
1) Шартты бұзу күнiнiң жағдайы бойынша Қордың зейнетақы активтерiн түгендеу;
2)осы Нұсқаулықтын 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды Өткiзiп берушi компаниядан Қабылдаушы компанияға өткiзiп берудiң тәсiлдерi мен мерзiмдерiн айқындау;
3) Қордың зейнетақы активтерiн Өткізіп берушi компаниядан Қабылдаушы компанияға өткiзiп берудiң тәсiлдерi мен мерзiмдерiн айқындау болып табылады.
4.Келiсiм комиссиясының жұмысы барысында Өткізіп беруші компания Қабылдаушы компанияға Өткізіп беруші компанияның Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқарған барлық кезеңіндегі мынадай құжаттарды өткiзiп бередi:
1) Өткізіп беруші компанияның бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (асырған) ұйымдарға Қордың зейнетақы активтерінің есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға тапсырмаларының көшірмелері;
2) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (асырған) ұйымдардың Өткізіп беруші компанияның Қордың зейнетақы активтерінің есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға тапсырмаларының орындалысы туралы есептерінің көшірмелері;
3) Өткiзiп берушi компания Қордың зейнетақы активтерінің есебiнен бағалы қағаздармен дербес түрде мәмілелер жасаған кезде - осындай мәмілелердің жасалғандығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
4) Қордың инвестициялық шотынан Қордың кастодиан-банкi берген үзiндi-көшiрмелердiң көшiрмелерi;
5) Қордың зейнетақы активтерiнiң "депо" субшотынан "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ы берген үзiндi-көшiрмелердiң көшiрмелерi;
6) Қордың зейнетақы активтерiн өткiзiп беру күнiне қолданылып жүрген, Қордың зейнетақы активтерiнiң есебiнен екiншi деңгейдегi банктермен жасасқан (сатып алынған) депозиттiк шарттардың (екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттiк сертификаттарының) түпнұсқалары;
7) Қордың зейнетақы активтерiн өткiзiп беру күнiне мерзiмдерi өтiп кеткен, Қордың зейнетақы активтерiнiң есебiнен екiншi деңгейдегi банктермен жасасқан депозиттiк шарттардың көшiрмелерi;
7-1) Шартты бұзу күнiнiң алдындағы айлардағы Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң орташа құны туралы анықтамалардың Ұлттық комиссияға ұсынылған көшiрмелерi; <*>
8) Өткiзiп берушi компанияның Қордың зейнетақы атктивтерiн инвестициялық басқаруына қатысты өзге де құжаттар (келiсiм комиссиясы мүшелерiнiң келiсiмдерi бойынша).
Ескерту: 4-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 22 қазандағы
N 460 қаулысымен. V001303_
5. Келiсiм комиссиясы жұмысының нәтижелерi бойынша мазмұнында мынадай мәлiметтерi бар зейнетақы активтерiн қабылдау-өткiзiп беру актiсi (бұдан әрi "Акт" деп аталады) ресiмделедi:
1) Қордың, Өткiзiп берушi компанияның, Қабылдаушы компанияның және Қордың кастодиан-банкiнiң толық атауы (аталған ұйымдарды Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктерiне сәйкес);
2) Қордың, Өткiзiп берушi компанияның және Қабылдаушы компанияның тiркелген (Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктерiне және статистикалық карточкаларына сәйкес) және нақты орналасқан жерi;
3) Қордың, Өткiзiп берушi компанияның және Қабылдаушы компанияның банктiк реквизиттерi;
4) тиiстi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға Қорға, Өткiзiп берушi компанияға және Қабылдаушы компанияға берiлген лицензияның нөмiрлерi және берiлген күнi;
5) Қордың, Өткiзiп берушi компанияның және Қабылдаушы компанияның бiрiншi басшыларының және бас бухгалтерлерiнiң аттары (тектерi, өз аттары және құжаттарында жазылған болса әкесiнiң аты);
6) Қордың зейнетақы активтерiнiң есебiнен жасалған инвестицияның ағымдағы құн (есептелген табысты қоса) бойынша жиынтық мөлшерi;
7) Қордың инвестициялық шотынан оның шотына жүргiзiлген зейнетақы төлемдерi аударымдарының сомасы (инвестициялық шотқа қайта келiп түскен ақшаларды есепке ала отырып);
8) инвестициялық шоттардағы теңгемен және шетелдiк валютамен көрсетiлген ақша қалдығы;
9) ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн, санын (данамен) сатып алу бағасын, бiр бағалы қағаз бойынша есептелген табысты, бiр бағалы қағаздың ағымдағы құнын, бағалы қағаздың жалпы санын, есептелген табыстың жалпы сомасын, бағалы қағаздарға жасалған инвестицияның ағымдағы құнын, Қордың зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алынған бағалы қағаздарға қатысты өзге де болуы мүмкiн мәлiметтердi көрсете отырып өткiзiлiп берiлетiн бағалы қағаздардың тiзбесi;
10) депонент-банктердiң атауларын, депозиттердiң сомаларын (депозиттiк сертификаттардың санын және номиналын), депозиттiк шарттарды жасасқан (депозиттiк сертификаттарды сатып алған) күндердi, депозиттердiң мерзiмдерiн (депозиттiк сертификаттарды өтеу күндерiн), жылдық пайыздарымен депозиттер (депозиттiк сертификаттар) бойынша сыйақылардың (мүдделердiң) ставкаларын, депозиттер (депозиттiк сертификаттар) бойынша сыйақылардың (мүдделердiң) есептелген сомаларын, депозиттер (депозиттiк сертификаттар) бойынша алынған сыйақылардың (мүдделердiң) сомаларын, Қордың зейнетақы активтерiнiң есебiнен жүзеге асырылған (сатып алынған) депозиттерге (депозиттiк сертификаттарға) қатысты өзге де болуы мүмкiн мәлiметтердi көрсете отырып өткiзiлiп берiлетiн екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттердiң және екiншi деңгейдегі банктердiң депозиттiк сертификаттарының тiзбесi;
11) мiндеттемелердiң сомалары, оның iшiнде қателесiп есепке алынған сомалар, Қордың зейнетақы есебiнен аударуға жататын сомалар, өзге де кредиторлық қарыздардың сомалары, зейнетақы жарналарының есебiнен және инвестициялық табыстардың есебiнен Қор және Өткiзiп берушi компания төлеуге жататын сомалар, өзге болуы мүмкiн мiндеттемелердiң сомалары;
12) Өткiзiп берушi компанияның Қордың зейнетақы активтерiн басқарған барлық кезеңдегi оның есептелген комиссиялық сыйақысының жалпы сомасы;
13) Өткiзiп берушi компанияның Қордың зейнетақы активтерiн басқарған барлық кезеңдегі Қордың және Өткiзiп берушi компанияның төленген және төлеуге жататын комиссиялық сыйақыларының сомалары;
13-1) Шартты бұзу күнiнiң алдындағы күннiң соңына Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құнын есептеудiң нәтижелерi; <*>
14) Қордың зейнетақы активтерiне қатысты, Өткiзiп берушi компаниядан Қабылдаушы компанияға өткiзiлген өзге болуы мүмкiн мәлiметтер;
15) көлемдерiн көрсете отырып, осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес өткiзiлiп берiлетiн құжаттардың тiзбесi. Осындай тiзбенiң нақтылығын келiсiм комиссиясының мүшелерi айқындайды.
Ескерту: 5-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі
ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 22 қазандағы
N 460 қаулысымен. V001303_
6. Келiсiм комиссиясының жұмысы Шартты бұзу күнiне аяқталу керек.
7. Акт:
1) Шартты бұзу күнiне Қор, Өткiзiп берушi компания, Қабылдаушы компания, Қордың кастодиан-банкi, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң жанындағы Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетi үшiн бiр дана бойынша алты данада жасалады;
2) Актiгі келiсiм комиссиясының мүшелерi, Қордың, Өткiзiп берушi компанияның және Қабылдаушы компанияның бiрiншi басшылары және бас бухгалтерлерi қол қояды;
3) Акт Қордың, Өткiзiп берушi компанияның және Қабылдаушы компанияның мөр таңбасымен расталады;
4) Актiде Қордың кастодиан-банкiнiң осы Актi мәлiметтерiнiң нақтылығы туралы кастодиан-банктiң бiрiншi басшысы немесе оның Қорға кастодиандық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын бөлiмшесiне жетекшiлiк жасайтын басшы қызметкерi қолымен және кастодиан-банктiң мөрiнiң таңбасымен расталған белгiсi болу керек;
5) Актiнi Шартты бұзуға бастамашы ұйымның бiрiншi басшысы бекiтедi.
8. Осы Нүсқаулықтың 7-тармағының 2)-5) тармақшаларының шарттарына сәйкес ресiмделген Актiнiң даналары оны бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгiнiң жанындағы Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегі комитетiне үсынылу керек. 9. Актiнiң бекiтiлген күнi Қордың зейнетақы активтерiн Қабылдаушы компанияға инвестициялық басқаруға өткiзiп беру күнi болып танылады. Ұлттық комиссияның Төрағасы Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.