"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп берудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 22 қа

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директораты 2000 жылғы 16 қазан N 692. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 25 қараша N 1303 тіркелді. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 153 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "АЛАТАУ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) шаруашылық жүргiзу құқығымен құрылсын.

      2. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негізгi мәнi мыналар болып анықталсын:
      1) спорт ғимараттарын, спорттық жабдықтарды басқарумен және пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыру; 
      2) спорт ғимараттарын ұстау, дамыту және құрылысын салу.

      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тiркелуiн өткiзудi қамтамасыз етсiн; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі