Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредиттері, несиелері және депозиттері бойынша сыйақы (мүдде) есептеу ережесін бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 20 қыркүйек N 293 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 28 қазанда N 954 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктік заемдары, заемдарды және депозиттерi бойынша сыйақы есептеу ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесе отырып, осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктік заемдары, заемдары және депозиттерi бойынша сыйақы есептеу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктік заемдары, заемдары және депозиттерi бойынша сыйақы есептеу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бөлiмшелерiне жiберсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктік заемдары, заемдары және депозиттерi бойынша сыйақы есептеу ережесiн екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
     Ұлттық Банк
     Төрағасы


                                Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 20 қыркүйек N 293 қаулысымен бекітілген


            Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктiк заемдары,
                заемдары және депозиттерi бойынша сыйақы есептеу
                              Ережесі <*>
      Ескерту: Ереженiң атауы жаңа редакцияда жазылды және бүкiл мәтiнi
               бойынша:
               1) "кредит", "кредиттiң", "кредиттi", "кредиттердiң",
               "кредиттерi" деген сөздер тиiсiнше "банктiк заем", "банктiк
               заемның", "банктiк заемды" "банктiк заемдардың", "банктiк
               заемдары" деген сөздерімен ауыстырылды;
               2) "кредиттеу" деген сөз "заем беру" деген сөздерімен
                ауыстырылды;
               3) "несие", "несиенiң", "несиеге", "несиенi", "несиемен",
               "несиелерге", "несиелердi" деген сөздер тиiсiнше "заем",
               "заемның", "заемға", "заемды", "заеммен", "заемдарға"
               "заемдарды" деген сөздерімен ауыстырылды;
               4) "(мүдде)", "(мүдденi)", "(мүддеден)" деген сөздер алынып
               тасталынды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 9 қазандағы N 378 қаулысымен. V001292_

                  1 - тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Z952155_ Заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi- Ұлттық Банк) басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрленген.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктік заемдары, заемдары және депозиттерi бойынша сыйақы есептеу Ережесi (бұдан әрi - Ереже) Ұлттық Банк берген банктік заем , заем және занды тұлғалардың Ұлттық Банкке орналастырған депозиттерi бойынша сыйақы есептеу тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Ұлттық Банктiң банктік заемдары, заемдары және тартқан депозиттерi

бойынша сыйақы  банктік заем , заем  және депозит шартында банктік заемның,
заем нiң берiлуiне немесе депозиттiң орналастырылуына негiз болған талап
болған жағдайда есептеледi.
     4. Сыйақыны  есептеу мәселесiмен айналысатын бөлiмше
дайындаған өтiнiм негiзiнде талдамалық есептегi шоттар бойынша есептелген
сыйақы ( көрсету үшiн бухгалтерлiк есеп бөлiмшесiнде шоттың әрбiр
иесi бойынша:
     1) берiлген банктік заем бойынша - объектiлерге, банктік заемды 
пайдалану мерзiмiне қарай;
     2) тартылған депозит бойынша - сақталу мерзiмiне қарай;
     3) берiлген заем  бойынша - заемды пайдалану мерзiмiне қарай жеке
есепшот ашылады.
     
     2 - тарау. Сыйақыны  есептеу тәртібі 
     
     5. Сыйақы  ставкасы кесiмдi (тұрақты) және ерiктi бола алады.


      Кесiмдi сыйақы ставкасы банктік заем шарты, заем шарты немесе депозит шарты қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде өзгермейдi.
      Сыйақының ерiктi ставкасын Ұлттық Банк тарптардың шартында келiсiлген талаптарға байланысты банктік заем шарты, заем шарты немесе депозит шарты қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде өзгерте алады. <*>
      Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 9 қазандағы N 378 қаулысымен. V001292_

      6. Ұлттық Банктiң банктік заем шартында, заем шарты және депозит шартында бойынша сыйақы ставкасының мөлшерi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде, Ұлттық Банктiң Басқармасы мен Директорлар кеңесiнiң қаулыларында немесе банктік заем , заем немесе депозит шартында және/немесе Ұлттық Банк пен клиент арасында жасалған соларға қосымша келiсiмде белгiленедi. <*>
      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 9 қазандағы N 378 қаулысымен. V001292_

      7. Банктік заем шарты, заем шарты немесе депозит шартын жасаған кезде тараптар сыйақы ставкасын есептеу кезеңiн, мерзiмiн, оны есептеу және өндiрiп алу тәртiбiн, сыйақы ставкасының мөлшерiн - кесiмдi уақытқа төленетiн проценттiк төлемдер сомасының банктік заемның (депозиттiң) көлемiне қатынасын келiсiп алады. Сыйақы есептелетiн уақыт аралығы есептеу кезеңi деп аталады. <*>
      Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 9 қазандағы N 378 қаулысымен. V001292_

      8. Аталған шартта сыйақыны есептеу мерзiмi болмаса, ол Ұлттық Банк банктік заем , заем берген немесе депозиттi орналастырған күннен бастап банктік заем , заем бойынша берешектi толық өтеген немесе депозиттi төлеген күнге дейiн есептеледi.
      9. Заем-қарыз алушының алған заемын өз ықтиярымен мерзiмiнен бұрын өтеуге құқы бар. Мұндай жағдайда заем үшiн сыйақы заемды iс жүзiнде пайдаланған уақыт үшiн есептеледi.
      Қарыз алушы банктік заем , заем бойынша негiзгi борышты мерзiмiнен бұрын төлеген және Ұлттық Банк депозиттi мерзiмiнен бұрын қайтарған жағдайда, егер шартта басқа нәрсе ескерiлмесе, сыйақы банктік заемды, заемды өтеген және депозиттi толық төлеген күнге дейiн есептеледi.
      10. Банктік заем бойынша берешектi өтеу кезектілігi банктік заем шартында келiсiледi. Уағдаластық болмаған жағдайда, берешектiң мерзiмi өтiп кетсе, ең алдымен есептелген тұрақсыздық айыбы, екiншi кезекте сыйақы , ең соңында басты қарыз өтеледi. банктік заем да дәл осындай тәртiппен мерзiмiнен бұрын қайтарылады. <*>
      Ескерту: 10-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2000 жылғы 9 қазандағы N 378 қаулысымен. V001292_

      11. Банктік заем (заем ) берiлген және депозит орналастырылған күнi осы талап туралы келiсiлген жағдайды қоспағанда сыйақы өндiрiп алынбайды және төленбейдi.
      12. Берiлген банктік заемдар, заемдар және Ұлттық Банкте орналастырылған депозиттер бойынша сыйақы шарттың талабында ескерiлген (қарапайым немесе күрделi) сыйақыны есептеудiң әдiсiне сәйкес есептеледi. Егер шартта сыйақыны есептеудiң нақты әдiсiн қолдану айрықша айтылмаса, сыйақыны есептеудiң күрделi әдiсi қолданылады, бұл туралы клиентке алдын ала айтылады (сыйақысы қарапайым әдiспен есептелетiн заемды қоспағанда). Сыйақыны есептеудiң күрделi әдiсi қолданылған жағдайда, ол есептелген сыйақыны күнделiктi капиталдандыру жолымен күн сайын есептеледi.
      13. Сыйақыны есептегенде бiр айдағы күн саны шартты түрде 30, ал бiр жылдағы күн саны 360 болады деп алынады. 31 күннен тұратын айларда 31 - күн есепке алынбайды, ал ақпанда ең соңғы күннен кейiнгi қалдық 30-ға қанша күн жетпесе, соншама рет қайталанады. Шартта басқа нәрсе көзделмеген жағдайда, есептеудiң осы техникасы қолданылады.

     3- тарау. Сыйақыны есептеу
     
     14. Сыйақы  төменде келтiрiлген формула бойынша есептеп
шығарылады, содан кейiн проценттiк сан үтiрден кейiнгi барынша көп
белгiмен есептеп шығарылады, есептеу нәтижесi үтiрден кейiнгi екi белгiге
дейiн дөңгелектенедi.
     15. Сыйақыны  есептегенде, сыйақыны  есептеп
шығарудың мынадай әдiстерi қолданылады:
     1) қарапайым әдiс - сыйақы  банктік заем  (депозит) бойынша негiзгi
борыш сомасына ғана есептеледi және мынадай формула қолданылады:
            I =i* р* n/360* 100%, бұл жерде
     i - проценттердiң жылдық ставкасы;
     р - (депозиттiк) берешектiң қалдығы;
     n - кезең iшiндегi процент есептелет1н күндер саны;
     2) күрделi әдiс - сыйақы банктік заем  (депозит) бойынша негiзгi
борыш сомасына ғана емес, әрi бұрын есептелген сыйақыдан 
түскен табыс сомасына есептеледi және мынадай формула қолданылады:
                             n
            I = Р [(1+i/1200)-1], бұл жерде
     i - проценттердiң жылдық ставкасы;
     n - банктік заемның (депозиттiң) айға (айдың бөлшегiне) созылған 
ұзақтығы;
     Р - банктік заемның (депозиттiң) бастапқы сомасы;
     I - заемның (салымның) бүкiл мерзiм iшiндегi есептелген 
проценттерiнiң сомасы.
     
     16. Егер заем беру мерзiмi iшiнде заем бойынша ерешегiнiң бiр бөлегi 
мерзiмi өткiзiлген заем шотына жатқызылса, (заемдарды қоспағанда) мерзiмi 
өткiзiлген заем бойынша берешегiне есептелген сыйақы сомасын анықтау үшiн 
мерзiмi өткiзiлген берешек (тұрақсыздық айыбы) бойынша сыйақы ставкасы 
пайдаланылады және мынадай формула қолданылады:
                           1                 2
     Iq= Q/ [(1+iq/1200)t-(1+iq/1200)t], бұл жерде
     Iq - мерзiмi өткiзiлген берешек бойынша есептелген проценттерiнiң 
сомасы;
     Q - мерзiмi өткiзiлген берешектiң сомасы;
     iq- мерзiмi өткiзiлген берешек бойынша проценттiк ставка;
      1       
     t - заем беру басталған күннен мерзiмi өткiзiлген берешек бойынша
процент есептелетiн күнге дейiнгi уақыт кезеңi;
      2
     t - заем беру басталған күннен мерзiмi өткiзілген берешек пайда болған
күнге дейiнгi уақыт кезеңi.
<*>

     Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
              2000 жылғы 9 қазандағы N 378 қаулысымен.  

V001292_

 
     


      17. Шарттың сыйақы есептеу әдiстерiне, сыйақы ставкасының мөлшерiне, банктік заем (депозит) мерзiмiн ұзартуға қатысты талаптары өзгерген жағдайда, қажет болса сыйақы есептеудiң қарапайым әдiсiн сыйақы есептеудiң күрделi әдiсiне ауыстыруға болады, онда мынадай формула қолданылады:
          I= 1200* [(1+n*iр/1200)1/n-], бұл жерде
      ip - жай проценттердi есептеген кезде пайдаланылатын проценттiк ставка.
      18. Ұлттық Банк берген кредиттер, заемдар және тартылған депозиттер бойынша сыйақыны Автоматтандырылған "ҚҰБАЖ-ЗЦ" банктік жүйесінде сыйақыны есептеуге міндетті бөлімше күн сайын есептейді. Есептелген сыйақыны күн сайын бэк-офис автоматты түрде, бағдарламалық жолмен шоттарда көрсетіп отырады.
      19. Ай сайын әрбір айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей банктік заемдар мен депозиттер бойынша күн сайын есептеліп отырған сыйақының сомасы түзетіліп жазылады және сыйақы ағымдағы айдың 30 күні үшін есептеледі. Есеп берілетін айда есептелген сыйақы Автоматтандырылған "ҚҰБАЖ-ЗЦ" жүйесінде қалыптастырылады және оны бэк-офис сыйақыны

есептейтін бөлімше дайындаған құжатқа сәйкес жеке есепшотқа жатқызады.
     20. Түзетіп жазу (сторно жазба) немесе есептелген сыйақыны  
түзету қажет болғанда, сыйақыны есептейтін бөлімше осы операцияны 
жүргізу үшін тиісті құжат дайындайды.
     21. Ұлттық Банктің банктік заемдары, заемдары және депозиттері 
бойынша сыйақыны дұрыс есептеп шығару және уақтылы есептеу жөніндегі 
жауапкершілік сыйақыны есептейтін бөлімшеге жүктеледі.
     
     Ұлттық Банк
     Төрағасы
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Икебаева А.Ж.