қаулы етеді:
1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 25 қарашадағы N 17 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 12 қаңтарда 663 V980663_ нөмірмен тіркелген Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін (нормативтерін) есептеудің және қолданудың тәртібі туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерісер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармақта:
1) тармақша "клиенттің ақшаларын шегере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "клиенттің ақшаларын шегере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған:
АҚШ долларына номинацияланған - дисконтсыз баланстық құны бойынша;
теңгеге номинацияланған - үш пайыздық дисконтпен баланстық құны бойынша;";
6) тармақшадағы "жиырма пайыз" деген сөздер "үш пайыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұнды 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) Қазақстан Республикасыны өз капиталдары 5 000 000 000 теңгеден асатын ұйымдарының өзге де мемлекеттік емес бағалы қағаздары (оның ішінде басқа елдердің заңдарына сәйкес эмиссияланған), отыз пайыздық дисконтпен баланстық құны бойынша."
7) тармақшадағы "жиырма" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы "отыз" деген сөз "он бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы "жетпіс" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы "сексен" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) жиырма пайыздық дисконтпен бухгалтерлік баланс бойынша негізгі қаражаттың қалдық құны;";
2) 3-тармақтың 3) тармақшасы "клиент алдындағы міндеттемелерді шегеріп" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) назарына жеткізсін.
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының лицензиялау және қадағалау басқармасы:
1) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін;
2) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшіне
енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін; 3) осы Қаулының және жоғарыда аталған Нұсқаулықтың орындалысына бақылау жасасын. Комиссияның Төрағасы Комиссияның мүшелері Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.