Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға№арналған қаржы тұрақтылығының»өлшемдерiн (нормативтерiн) есептеудiң»және қолданудың тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қаулысы 1998 жылғы 25 қарашадағы N 17. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 30 желтоқсанда N 658 тіркелді. Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 54 қаулысымен. ~V021852


      Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:
      1. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына Z934100_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 516-құжат; 1995 ж., N 7, 48-құжат; N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 175, 180-құжаттар; 1997 ж., N 12, 181-құжат):
      40-баптың 1-тармағының он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- лотереялар шығару, олардың шарттары, оларды орналастыру мен өткізу туралы, сондай-ақ қаржы жылының шегінде уақытша кассалық үзілісті жабу үшін және тиісті бюджетте заемның негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны (мүддені) өтеуге арналған қаражат болған жағдайда ғана заем шарттары түрінде жоғары тұрған бюджеттен немесе екінші деңгейдегі банктерден қарызға қаражат алу туралы шешімдер қабылдау;";
      42-баптың бірінші бөлігінің сегізінші абзацындағы "несие, заем және басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер туралы шешімдер қабылдайды;" деген сөздер алып тасталсын.
      2. 1998 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына Z980258_ :
      3-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "лотереялар шығару, олардың шарттары, оларды орналастыру мен өткізу 
туралы, сондай-ақ қаржы жылының шегінде уақытша кассалық үзілісті жабу үшін 
және тиісті бюджетте заемның негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны 
(мүддені) өтеуге арналған қаражат болған жағдайда ғана шарттары түрінде 
жоғары тұрған бюджеттен немесе екінші деңгейдегі банктерден қарызға қаражат 
алу туралы шешімдер қабылдауға;".
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
  
Оқығандар:
          Қасымбеков Б.
          Үмбетова А.