Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Z952464_ заңының 12 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 маусымдағы P950562_ N 562 қаулысымен бекітілген бірлестіктерде, кәсіпорындарда, мекемелер мен ұжымдарда Қазақстан Республикасының барлық ұйымдық-құқықтық нысандарында құжаттамалармен құжаттаудың және басқарудың Негізгі ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік пен өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағаттарға тапсырудың және жоюдың ұсынылған Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі құжаттарды сақтаудың тәртібі туралы" 1996 жылғы 19 наурыздағы V960298_ N 51, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 6 мамырда тіркелген, тіркелу N 298 V970298_ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссиялары олардың қызмет процестерінде құралған құжаттарды сақтауға, есеп жүргізуге, өңдеу сапасына және пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тиісті сайлау комиссиясына, мемлекеттік мұрағаттарға тапсыруға және белгіленген мерзімде жоюға жауапты болады.
4. Осы қаулы әкімдерге және мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі
округтік, облыстық, қалалық, республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы сайлау комиссияларына, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына, Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне жіберілсін. 5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі оны тіркеген сәттен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/251 Қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға
әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың,
мұрағаттарға тапсырудың және жоюдың Ережесі
1. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында сақтауға, кейіннен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына тапсыруға мынадай құжаттар:
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы істерінің номенклатурасына сәйкес бекітілген қаулылары, мәжілістерінің хаттамалары, оған қоса қосымшалары және басқа да құжаттар;
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлікке және өткізуге бөлінген республикалық бюджеттің қаржысын жұмсау туралы қаржылық есеп беру (N 2 нысан "Мекемелердің сметалық шығынының орындалуы туралы есеп");
мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына жалпы кесте;
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының бұзылғаны жөнінде азаматтардың учаскелік сайлау комиссияларына келіп түскен өтініштері;
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сақтауға жатқызылмайтын құжаттарды жоюға шығару туралы акті жатқызылады (N 1 қосымша).
2. Аумақтық сайлау комиссиялары сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейін тиісті облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы), аудандардың мемлекеттік мұрағаттарына акті бойынша сақтауға мынадай құжаттарды:
аумақтық сайлау комиссиялары мәжілістерінің хаттамалары, оған қоса қосымшасы және басқа да құжаттарды;
мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының тұрған орны мен олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерінің тізімдерін;
мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларын және оған қоса қосымшасын;
мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына жалпы кесте;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлауға әзірлікке және өткізуге бөлінген республикалық бюджеттің қаржысын жұмсау туралы қаржылық есеп берушілік (N 2 нысан "Мекемелердің сметалық шығынының орындалуы туралы есеп");
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сақтауға жатқызылмайтын құжаттарды жоюға шығару туралы акті (N 1 қосымша).
3. Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін округтік сайлау комиссиялары тиісті облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы), аудандардың мемлекеттік мұрағаттарына акті бойынша сақтауға мынадай құжаттарды:
округтік сайлау комиссиялары мәжілістерінің хаттамалары, оған қоса қосымшасы және басқа да құжаттарды;
округтер бойынша дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің бірыңғай нөмірленуін анықтау туралы округтік сайлау комиссияларының хаттамаларын;
тиісті сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидатты ұсыну жөніндегі қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы мәжілісінің хаттамасынан үзіндіні, соған сәйкес сол қоғамдық бірлестікті тіркеу туралы Республика Әділет министрлігінде, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы) әділет басқармасында қосымшасымен құжат көшірмесін;
мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың оған Қазақстан Республикасы Конституциясымен және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы округтік сайлау комиссиялары мәжілістерінің хаттамаларын;
Қазақстан Республикасы азаматының белгілі сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін;
Қазақстан Республикасы азаматының белгілі сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде дауысқа түсуге ниеті туралы өтінішін;
мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын және бастамашыл топтарын тіркеу туралы өтінішін;
мәслихат депутаттығына кандидаттардың өмірбаян деректерін;
мәслихат депутаттығына кандидаттардың психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;
мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын және бастамашыл топтарын тіркеу туралы округтік сайлау комиссияларының хаттамаларын;
тиісті сайлау округі бойынша мәслихаттар депутаттарын сайлаудың нәтижелері жөнінде округтік сайлау комиссияларының хаттамаларын;
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттар, парақшалар, ұрандар мен өзге де үгіттік баспа материалдарын;
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізу кезеңінде азаматтардың Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының бұзылғаны туралы округтік сайлау комиссияларына келіп түскен өтініштерін;
сайлау алдындағы үгіт қамтылған теле және радиобағдарламаларының бейне және дыбысжазбалары (хабар) тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларында және мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейін құпия ақпарат негізінде сақталады, тиісті облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы), аудандардың мемлекеттік мұрағаттарына құнсыз негізде сақтауға тапсырады;
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының бұзылғаны туралы азаматтардың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен өтініштерін тапсырады;
сақтауға жатқызылмайтын құжаттарды жоюға шығару туралы акті (N 1 қосымша).
4. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санаудың қорытындылары туралы хаттамаларды тапсырғаннан кейін тиісті округтік сайлау комиссияларына акті бойынша мынадай құжаттарды:
учаскелік сайлау комиссиялары мәжілістерінің хаттамалары, оған қоса қосымшасы және басқа да құжаттарды;
мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс санаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары;
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының бұзылғаны туралы азаматтардың өтініштерін береді.
5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнінде қайта дауыс беруді өткізген жағдайда барлық деңгейдегі сайлау комиссияларында сайлау құжаттарын сақтаудың мерзімі Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлау нәтижелерін белгілеген уақыттан бастап есептеледі.
6. Практикалық маңызын жойған құжаттар оларға алдын-ала сараптауды жүзеге асырған адамның растауымен және тиісті сайлау комиссиясы төрағасының бекітуімен акті бойынша жойылады (актінің нысаны қоса беріледі).
Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мөрленген күйінде, соның ішінде өшірілген жекелеген бюллетеньдер, сондай-ақ сайлаушылардың тізімдері және оған сайлаудың қорытындылары анықталғаннан және жарияланғаннан кейінгі құжаттары акті бойынша:
учаскелік сайлау комиссиялары тиісті округтік сайлау комиссияларына;
округтік сайлау комиссиялары аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларына;
аудандық, қалалық аумақтық комиссиялары мәслихаттардың өкілеттілік мерзімі кезеңінде құпия ақпарат негізінде сақталатын аумақтық сайлау комиссиясының тұрған жері бойынша атқарушы өкімет органдарына тапсырады, содан кейін акті бойынша жойылады.
Жою, жағу, балқыту, мөлшері 2,5 шаршы сантиметр бөлшектерге майдалау, ұнтақтау, еріту немесе химиялық жайып салу, белгісіз жиынтыққа немесе ұнтаққа айналдыру жолымен жүргізіледі. Құпия ақпарат негізінде сақталатын, алуға шектеу қойылған құжаттар тиісті сайлау комиссиясы өкілінің қатысуымен тек жағу жолымен жоюға жатқызылады. Жойылған, толық жойылмаған, олардың мазмұнын қалпына келтіруге болатын құжаттармен бөгде адамдарды таныстыруға болмайды. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлікке және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағаттарға тапсырудың ережесіне N 1 қосымша Бекітемін АКТ _______________________ сайлау атауы (атауы) _____ N ______ комиссияның төрағасы ___________________________ Қолы Анық жазылған (толтырылған орыны) қолы Сақтауға жатқызылмайтын құжаттарды жоюға шығару Уақыты туралы ________________________________________________________________ (құжаттардың атаулары және олардың сақталу мерзімі ______________________________________________________ негізінде көрсетілген шығыс мәліметтерінің тізбесі) ______________________________________________________________ N (қордың атауы) қор құжаттарының ғылыми-тарихи құндылығы болмауынан және практикалық маңызының жоғалуынан жойылуға іріктелініп алынды. ________________________________________________________________________ |Рет.|Істің та. |Істің |Тізбелер.|Номенклатура |Істің|Істі сақтаудың|Ес. | |тік |қырыбы не.|уақыты|дің жыл. |бойынша істің|саны |мерзімі (том. |кер.| | N |месе істің|немесе|дық нөмі.|индексі (том.|(том.|дар, бөлімдер)|ту | | |топтық та.|істің |рі (но. |дар, бөлім. |дар, |және тізбе | | | |қырыбы |соңғы |менклату.|дер) немесе |бөлік|бойынша мақа. | | | | |уақыты|расы) |тізбе бойынша|тер) |лалар нөмірі | | | | | | |істің N | | | | |____|__________|______|_________|_____________|_____|______________|____| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |____|__________|______|_________|_____________|_____|______________|____| Істің ______________________ жылғы _____________________ қорытындысы (санмен және жазбаша) Құжаттардың құндылығын сараптан өткізген адамның лауазымының атауы Уақыты Қолы Анық жазылған қолы Істегі __________ құжаттар саны, салмағы _____ кг, ________ қабылдау- өткізу талап қағазы бойынша қайта өңдеуге ____________ ден N ________ Құжатты тапсырған ұжым қызметкері лауазымының атауы Уақыты Қолы Анық жазылған қолы Құпия негізде сақтаулы, алуға шектеу қойылған құжаттарды жағу кезінде __ _______________ қатысты. Сайлау комиссиясы өкілінің лауазымы Қолы Анық жазылған қолы Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.