Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі Ережені бекіту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 1999 жылғы 17 маусым N 655

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы консулдық қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" заңның 78-бабына сәйкес бұйрық етемін:
      1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

      Министр
                                         Қазақстан Республикасы
                                         Сыртқы істер министрінің
                                         1999 жылғы 17 маусымдағы
                                         N 655 бұйрығымен бекітілген

                 Қазақстан Республикасының азаматтары
        болып табылатын ұл (қыз) баланы асырап алғылары келетін
             шетелдік азаматтарды есепке алу туралы ереже

      1. Бұл ережелер Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 78-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) баланы асырап алғылары келетін шетелдік азаматтарды есепке алу тәртібін анықтайды.
      2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) баланы асырап алғылары келетін шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері арқылы Қазақстан Республикасынң өкілетті органдарына (қорғаншылық және қамқорлық көрсету органдары) өтініш жасайды және ұл (қыз) бала асырап алғылары келетіндігі туралы жазбаша өтінішті; өздері тұратын елдің жергілікті органдарынан әлеуетті ата-ананың жеке мінез-құлықтары туралы, ұл (қыз) бала асырап алуларына рұқсат беретін және болашақ отбасындағы баланың қалыпты дамуына, тәрбиеленуіне және білім алуына қажетті жағдайлардың бар екендігін растайтын анықтаманы, қаржылай дербестегі туралы; отбасы жағдайы туралы анықтаманы; денсаулығы туралы дәрігерлік анықтаманы тапсырады.
      Қажет болған жағдайда, жоғарыда аталған барлық құжаттар Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінде, консулдық мекемелерінде немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде ресмилендіріліп, мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасымен бірге тапсырылуға тиіс.
      3. Шетелдік азаматтардан құжаттар қабылдау кезінде консулдық лауазым иесі өтініш жасаушылардың Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 76, 79, 80 және 81-баптарында көрсетілген талаптарға сәйкес келетіндігін міндетті түрде тексереді. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда құжаттар қабылданбайды және оның себептері түсіндіріледі.
      4. Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер бала асырап алу жөніндегі материалдарды одан әрі қорғаншылық және қамқорлық көрсету органдарына жеткізу үшін екі дана етіп Консулдық қызмет департаментіне жібереді. Ұл (қыз) баланы асырап алу жөніндегі құжаттардың бір данасы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде сақталады.
      5. Қорғаншылық және қамқорлық көрсету органдарынан ұл (қыз) баланы асырап алу мүмкіндігі туралы жауап алынған кезде, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер өтініш жасаушыларға Қазақстан Республикасына келіп, Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 76-бабындағы 3-тармаққа сәйкес ұл (қыз) баланы асырап алуды ресімдеулері үшін виза береді.
      6. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) баланы асырап алғылары келетін адамдардың, шетелдік азаматтардың есебі жеке журналда жүргізіледі, онда ұл (қыз) баланы асырап алушылар туралы, олардың материалдық және қаржылық жағдайлары туралы мәліметтер, тұратын мекен-жайлары, ұл (қыз) бала асырап алу жөніндегі материалдардың келіп түскен, одан қорғаншылық және қамқорлық көрсету органдарына жіберілген күндері жазылады.
      7. Ұл (қыз) бала асырап алынған соң журналға ұл (қыз) баланың асырап алынғандығы туралы жазылады.
      8. Консулдық лауазым иесі кәмелеттік жасқа жеткенше немесе ұл (қыз)

бала асырап алушының елінің азаматтығын алғанға дейін Қазақстан 
Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 91-бабындағы талаптарды 
сақтай отырып, жарты жылда бір рет баланың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесінің 
талапқа сәйкестігін тексеру мақсатында ұл (қыз) бала асырап алушыға келіп 
тұруға құқығы бар.
     9. Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын ұл (қыз) балаларды 
асырап алғылары келетін шетелдік азаматтар туралы ақпараттар жарты жылда 
бір рет Консулдық қызмет департаментіне жіберіліп тұрады.
     
     
      Оқығандар:
          Омарбекова А.Т.
          Икебаева Ә.Ж.