1. Сайлау науқанын өткізу барысына сайлау комиссияларының және олардың лауазымды адамдарының азаматтардың сайлау құқықтарын бұзатын шешімі және іс әрекеті (немесе іс әрекетсіз) жоғарғы тұрған сайлау комиссияларында шағым жасалуы мүмкін.
2. Сайлау күні әрбір сайлау учаскесінде азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы болуы қажет. Сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы өтініш журналын тиісті қалалық, аудандық сайлау комиссияларына тексеруге беруге міндетті. Сайлау учаскесінің үйіне жалпы көпшіліктің танысуы үшін жоғары тұрған сайлау комиссияларының, сот, прокуратура органдарының телефон тізімдері мен адрестері ілінеді.
3. Сайлаушылар, кандидаттардың сенімді адамдары, байқаушылар сайлау барысында сайлау заңдарының бұзылғаны анықталған жағдайда оны қалпына келтіру үшін учаскелік сайлау комиссиясының төрағасына мәлімдеуге хақылы.
4. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы орын алған кемшілікті қалпына келтірмеген жағдайда сайлаушы, кандидаттың сенім білдірген адамы, байқаушы жоғары сайлау комиссиясына мәлімдеуге хақылы.
5. Сайлау комиссияларының сайлау заңдарын бұзғаны туралы арыздардың келіп түсуіне орай жоғары тұрған сайлау комиссиялары көрсетілген фактілерді тексеру туралы шешім қабылдайды.
6. Сайлау барысында жоғары сайлау комиссиясына келіп түскен өтініштер жөніндегі шешім өтініштің комиссияға келген сәтінен бастап, үш күн мерзімде, ал сайлау қарсаңында және сайлау күні жедел түрде қабылданады.
Егер, өтініштерде келтірілген фактілер қосымша тексеруді талап еткен жағдайда, ол бойынша шешім өтініштің келіп түскен күнінен бастап жеті күннен кешіктірмей қабылданады.
7. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы қажет болған жағдайда өтініштің
нақтылығы бойынша төменгі тұрған комиссияның шешімін өзгертуге немесе тоқтатуға өздігінен шешім қабылдауға хақылы. 8. Сайлау комиссиясының мүшелері төменгі сайлау комиссиясының қызметіне өздері мүшелері болып табылатын сайлау комиссиясының тиісті шешімінсіз араласуға хақысы жоқ. 9. Сайлау комиссияларының шешімі мен іс әрекетіне, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Жоғары тұрған сайлау комиссиясына алдын- ала хабарласу сотқа мәлімдеу үшін міндетті шарт болып табылмайтын. 10. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны тіркеген кезден бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Оқығандар: Умбетова А.М. Нарбаев Е.А.