Сайлау заңдарының бұзылғандығы жөнінде азаматтардың өтініштерін сайлау комиссияларында қарау туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1999 жылғы 9 шілдедегі N 13/206 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 14 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 836

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 12-бабының 1) тармақшасына және 20-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 09.12.2014 № 23-251 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Сайлау науқанын өткізу барысына сайлау комиссияларының және олардың лауазымды адамдарының азаматтардың сайлау құқықтарын бұзатын шешімі және іс әрекеті (немесе іс әрекетсіз) жоғарғы тұрған сайлау комиссияларында шағым жасалуы мүмкін.
      2. Әрбір сайлау учаскесінде дауыс беру күні азаматтардың өтініштерін тіркеу журналдары болуға тиіс. Сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы өтініштер журналын тиісті қалалық, аудандық сайлау комиссиясына тексеруге береді. Сайлау учаскесінің үй-жайында жалпы көпшіліктің танысуы үшін жоғары тұрған сайлау комиссияларының, соттардың, прокуратура органдарының телефондары мен мекенжайларының тізімдері ілінеді.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 09.12.2014 № 23-251 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Сайлаушылар, кандидаттардың сенімді адамдары, байқаушылар сайлау барысында сайлау заңдарының бұзылғаны анықталған жағдайда оны қалпына келтіру үшін учаскелік сайлау комиссиясының төрағасына мәлімдеуге хақылы.
      4. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы орын алған кемшілікті қалпына келтірмеген жағдайда сайлаушы, кандидаттың сенім білдірген адамы, байқаушы жоғары сайлау комиссиясына мәлімдеуге хақылы.
      5. Сайлау комиссияларының сайлау заңдарын бұзғаны туралы арыздардың келіп түсуіне орай жоғары тұрған сайлау комиссиялары көрсетілген фактілерді тексеру туралы шешім қабылдайды.
      6. Сайлау барысында жоғары сайлау комиссиясына келіп түскен өтініштер жөніндегі шешім өтініштің комиссияға келген сәтінен бастап, үш күн мерзімде, ал сайлау қарсаңында және сайлау күні жедел түрде қабылданады.
      Егер, өтініштерде келтірілген фактілер қосымша тексеруді талап еткен жағдайда, ол бойынша шешім өтініштің келіп түскен күнінен бастап жеті күннен кешіктірмей қабылданады.
      7. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы қажет болған жағдайда өтініштің нақтылығы бойынша төменгі тұрған комиссияның шешімін өзгертуге немесе тоқтатуға өздігінен шешім қабылдауға хақылы.
      8. Сайлау комиссиясының мүшелері төменгі сайлау комиссиясының қызметіне өздері мүшелері болып табылатын сайлау комиссиясының тиісті шешімінсіз араласуға хақысы жоқ.
      9. Сайлау комиссияларының шешімі мен іс әрекетіне, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Жоғары тұрған сайлау комиссиясына алдын-ала хабарласу сотқа мәлімдеу үшін міндетті шарт болып табылмайтын.
      10. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны тіркеген кезден бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      төрайымы

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы