Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті 1999 жылғы 25 мамыр N 238

Қолданыстағы
      Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 V980489_ бұйрығымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрайым
                                         Қазақстан Республикасы
                                         Қаржы министрлігі
                                         Қазынашылық комитетінің
                                         1999 жылғы 25 мамыр N 238
                                         бұйрығымен бекітілген

              Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
        қаражаттары есебiнен ұсталатын ұйымдардагы бухгалтерлiк
         есеп жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 V980489_ бұйрығымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
      1. Нұсқаулықтың атауындағы "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен ұсталатын ұйымдардағы" деген сөздер "Мемлекеттiк мекемелердегi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебінен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ жекелеген мемлекеттiк мекемелердiң жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар осы Нұсқаулыққа сәйкес бюджет бойынша шығыстар сметасының және ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттар бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасының орындалу, демеушiлiк және қайырымдылық көмек үшiн мемлекеттік мекемелердiң шоттарына, депозиттiк шоттарға түскен ақшалай сомалардың есебін жүзеге асырады.".
      3. 2-тармақтағы "және бюджеттен тыс қаражаттар" деген сөздер "ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттар бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасы, демеушiлiк және қайырымдылық көмек үшiн мемлекеттiк мекемелердiң шоттарына, депозиттiк шоттарға түскен ақшалай сомалар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. 3-тармақтағы "Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және Қазақстан Республикасы өзге орталық өкiлдiк және жергiлiкгi органдары" деген сөздер "Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын, "бюджеттiк ұйымдарында" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелердегi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. Бұдан әрi нұсқаулықтың барлық мәтiнi бойынша және оған қосымшалардағы "бюджеттiк ұйымдар", "ұйымдар" деген сөздер ауыстырылатын сөздердiң септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне тиiсiнше "мемлекеттік мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын, N 6 мемориалдық ордердiң атауы "Түрлi ұйымдармен есеп айырысу бойынша және аванстық төлем тәртiбiнде жинақтаушы ведомость" 408-нысаны бұған кiрмейдi.
      6. Нұсқаулықтың барлық мәтіні бойынша "министрлiк (ведомство)" деген сөздер ауыстырылатын сөздердiң септеулерi мен жекеше және көпше түрлеріне тиiсінше "республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. 10-тармақтың бесінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "кiрiстер мен шығыстарды ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттардың сметалары бойынша есепке алу және операцияларды демеушiлiк және қайырымдылық көмек, депозиттiк сомалар түрiнде алынған қаражаттар бойынша есепке алу".
      8. 20-тармақта:
      1) N 3 мемориалдық ордердiң атауындағы "бюджеттен тыс" деген сөздер "арнаулы және валюталық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) N 7 мемориалдық ордердiң атауындағы "жоспарлы" деген сөз "аванстық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) N 14 мемориалдық ордердiң атауындағы "Арнаулы табыстар бойынша табыстарға" деген сөздер "Ақылы қызмет көрсетудi сатудан түсетiн кiрiстердi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. 31-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi:
      бухгалтерлiк жылдық, тоқсандық есептiлiктi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген мерзiмде және тәртiппен жасауға және тапсыруға;
      бухгалтерлiк есепті жүргiзудiң әдiстемесiн және жалпы әдiстемелiк принциптердi сақтай отырып, өз жүйесiнің мемлекеттің мекемелерiнде есептiлiктi жасауды жүзуге асыруға;
      төмен тұрған органдардың қаржылық-бухгалтерлiк қызметiнiң есепке алу жүйесін қамтамасыз етуге, оларға жүктелген функциялардың орындалуына жүйелi бақылау жасауды қамтамасыз етуге;
      төмен тұрған органдардың қаржылық-бухгалтерлiк қызметтерi мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге мiндетті.".
      10. 32-тармақта Бюджеттiк ұйымдарға арналған шығыстар сметасы орындалуының бухгалтерлiк есебi шоттарының жоспарында:
      1) шоттар жоспарының 3-бағанының атауындағы "шоттың" деген сөз "қосалқы шоттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мынадай қосалқы шоттар алып тасталсын:
      II бөлiмде. Материалдық қорлар:
      "Жабдықтар, құрылыс материалдары және ғылыми зерттеулерге арналған материалдар" 04 шоты бойынша "Шаруашылық шартындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын арналған арнайы жабдықтар" 044 қосалқы шоты;
      IV бөлiмде. Өндiрiске және басқа мақсаттарға арналған шығындар:
      "Өндiрiске және басқа мақсаттарға арналған шығындар" 08 шоты бойынша "Шарттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған шығындар" 082 қосалқы шоты;

      V бөлiмде. Ақшалай каржылар:
      "Сыртқы заемдар мен бiрлесiп қаржыландыру бойынша бюджеттен тыс, валюталық және арнаулы шоттар" 11 шоты бойынша "Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаттары есебінен зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге арналған шот" 116 қосалқы шоты;
      VII бөлiмде. Есеп айырысу:
      "Атқарылған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн берермендермен, мердiгерлермен және тапсырысшылармен есеп айырысу" 15 шоты бойынша "Ақы төленетін ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тапсырысшылармеи есеп айырысу" 154 қосалқы шоты, "Ғылыми-зерттеу жұмыстары үшiн аванстар бойынша тапсырысшылармен есеп айырысу" 155 қосалқы шоты, "Шаруашылық шарттарының жұмыстарын орындау үшiн тартылған қосалқы орындаушылармен есеп айырысу" 156 қосалқы шоты;
      "Зейнеткерлiк және әлеуметтiк қамтамасыз ету жөнiндегi есеп айырысу" 19 шоты бойынша "Халықты жұмыспен қамту қорымен есеп айырысу" 199 қосалқы шоты;
      VIII бөлiмде. Шығыстар:
      "Бюджет бойынша шығыстар" 20 шоты бойынша "Әлеуметтiк сақтандыру қоры қаржылары есебiнен жәрдемақылар төлеуге арналған шығыстар" 206 қосалқы шоты;
      "Өзге шығыстар" 21 шоты бойынша 217 "Өндiрiстiк қызмет қаржылары есебiнен шығыстар" қосалқы шоты;
      ХI бөлiмде. Өнiмдi өткiзу:
      "Өнiмдi, бұйымдар мен орындалған жұмыстарды өткiзу" 28 шоты бойынша "Жолдар жөніндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткiзу" 282 қосалқы шоты;
      ХII бөлiмде. Табыстар:
      "Табыстар" 40 шоты бойынша "Кәсiптiк-техникалық мектептердiң өндiрiстiк iс-қимылдарынан алынған табыстар" 402 қосалқы шоты;
      Баланстан тыс шоттар бөлiмінде:
      "Зейнетақылар мен жәрдемақылар туралы заңдарды дұрыс қолданбаудың, есептегi қателердiң салдарынан зейнетақылар мен жәрдемақыларды қайтадан төлеу" 10 шоты;
      2) Х бөлiмде. Мақсаттарға арналған қорлар мен қаржылар:
      "Мақсаттарға арналған қорлар мен қаржылар" 24 шоты бойынша "Банк несиелерi" 248 қосалқы шотының атауындағы "банк" деген сөз алып тасталсын;
      3) мынадай қосалқы шоттар енгізілсін:
      V бөлiмге. Ақшалай қаражаттар:
      "Бюджет бойынша ашық лимиттер" 09 шоты бойынша "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екіншi әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң шығыстарына арналған ашық лимиттер" 092 және "Сыртқы заемдардың есебінен жобалар бойынша шығыстарға ашық лимиттер" 099 қосалқы шоттары;
      "Сыртқы заемдар мен бiрлесіп қаржыландыру бойынша бюджеттен тыс, валюталық шоттар және арнаулы шоттар" 11 шоты бойынша "Есеп айырысулар шоты" 115 қосалқы шоты;
      VI бөлiмге. Қаржыландыру бойынша ведомствоiшiлiк есептер:
      "Қаржыландыру бойынша ведомствоiшiлiк есептер" 14 шоты бойынша "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екiншi әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебінен мемлекеттiк мекеменiң шығыстарына арналған бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" 141 қосалқы шоты;
      VII бөлiмге. Есеп айырысулар:
      "Түрлi дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" 17 шоты бойынша "Шағын және орта бизнес субьектiлерiн несиелендiруге алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар" 175 қосалқы шоты;
      "Зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша есеп айырысулар" 19 шоты бойынша:
      "Зейнетақылар және мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi есеп айырысулар" 191 қосалқы шоты;
      VIII бөлiмге. Шығыстар:
      "Бюджет бойынша шығыстар" 20 шоты бойынша "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың екінші әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен мемлекеттiк мекеменi ұстауға арналған бюджет бойынша шығыстар" 201 қосалқы шоты;
      ІХ бөлiмге. Қаржыландыру:
      "Қаржыландыру" 23 шоты бойынша "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екiншi әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң шығыстарына арналған бюджеттен қаржыландыру" 233 қосалқы шоты;
      Х бөлiмге. Арнаулы мақсаттағы қорлар мен қаржылар:
      "Арнаулы мақсаттағы қорлар мен қаржылар" 24 шоты бойынша "Сыртқы заемдар" 249 қосалқы шоты;
      4) ауыстырылсын:
      V бөлiмде. Ақшалай қаржылар:
      11 шоттың атауындағы "Сыртқы заемдар мен бiрлесiп қаржыландыру бойынша бюджеттен тыс, валюталық және арнаулы шоттар" деген сөздер "Арнаулы және валюталық шоттар" деген сөздермен;
      11 шот бойынша:
      110 қосалқы шоттың атауындағы "Бюджеттен тыс шот "Тапсырмалар бойынша сомалар" деген сөздер "Демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шот" деген сөздермен;
      111 қосалқы шоттың атауындағы "Арнаулы қаржылар жөніндегi бюджеттен тыс шот" деген сөздер "Ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шот" деген сөздермен;
      112 қосалқы шоттың атауындағы "Өзге бюджеттен тыс қаржылар жөнiндегi бюджеттен тыс шот" деген сөздер "Депозиттiк шот" деген сөздермен;
      VII бөлiмде. Есеп айырысулар:
      "Орындаған жұмыстары және көрсеткен қызметтерi үшiн жеткiзушілермен, мердiгерлермен және тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар" 15 шоты бойынша:
      153 қосалқы шоттың атауындағы "Бюджеттен тыс қаражаттар бойынша атқарылған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар" деген сөздер "Орындаған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар" деген сөздермен;
      157 қосалқы шоттың атауындағы "Сатып алушымен және тапсырыс берушiмен есеп айырысулар" деген сөздер "Жұмыстар мен қызмет көрсетулер үшін тапсырыс берушiлердiң аванстар бойынша есеп айырысулары" деген сөздермен;
      159 қосалқы шоттың атауындағы "Медициналық сақтандыру бойынша есеп айырысулар" деген сөздер "Әлеуметтiк салық жарналары бойынша есеп айырысулар" деген сөздермен;
      "Түрлi дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" 17 шоты бойынша:
      171 қосалқы шоттың атауындағы "Әлеуметтік сақтандыру бойынша есептемелер" деген сөздер "Мiндеттi әлеуметтік қамсыздандыру бойынша есеп айырысулар" деген сөздермен;
      176 қосалқы шоттың атауындағы "Тапсырыстар бойынша шығыстарға арналып алынған қаражаттар бойынша есептемелер" деген сөздер "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек есебiнен шығыстарға алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар" деген сөздермен;
      "Зейнетақымен және әлеуметтiк қамтамасыз ету бойынша есеп айырысулар" 19 шоты бойынша:
      198 қосалқы шоттың атауындағы "Міндеттi зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар" деген сөздер "Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндеттi зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар" деген сөздермен;
      VIII бөлiмде. Шығыстар:
      "Өзге шығыстар" 21 шоты бойынша:
      211 қосалқы шоттың атауындағы "Арнаулы қаражаттар бойынша шығыстар" деген сөздер "Ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттар есебiнен жұмсалатын шығыстар" деген сөздермен;
      212 қосалқы шоттың атауындағы "Күрделi қаржыларға және жабдықтар сатып алуға арналған арнаулы қаражаттар бойынша шығыстар" деген сөздер "Күрделi жұмсалымдарға және ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттар есебiнен жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын шығыстар" деген сөздермен;
      5) VII бөлiмде. Есеп айырысулар:
      "Түрлi дебиторлармен және кредиторлармеи есеп айырысулар" 17 шоты бойынша 179 қосалқы шоттың атауындағы "Жоспарлы төлемдер тәртiбiндегi есептемелер" "жоспарлы" деген сөз "аванстық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      ХII бөлiмде. Кiрiстер:
      "Кiрiстер" 40 шоты бойынша "Арнаулы қаржылар бойынша кiрiстер" 400 қосалқы шотының атауындағы "Арнаулы қаржылар бойынша" деген сөздер "Ақылы қызмет көрсетудi сатудан түсетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) "Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi жарналар" 12 баланстан тысқары шотының атауындағы "мiндеттi" деген сөзден кейiн "зейнетақы" деген сөзбен толықтырылсын.
      11. 20-тармақта:
      1) N 3 мемориалдық ордердiң атауындағы "бюджеттен тыс" деген сөздер "арнаулы және валюталық" деген сөздермеи ауыстырылсын;
      2) N 7 мемориалдық ордердiң атауындағы "жоспарлы" деген сөз "аванстық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) N 14 мемориалдық ордердiң атауындағы "Арнаулы табыстар бойынша" деген сөздер "Ақылы қызмет көрсетудi сатудан түсетiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. 39-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Материалдық емес активтер қозғалысының талдама есебi НОС-6-н. Материалдық емес активтердi есепке алудың түгендеу карточкасында жүргiзiледi".
      13. 46-тармақтың үшiншi азатжолы "қабылдау-өткiзу актiсiне" деген сөздердiң алдынан "Активтердi қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актiсi ОС-1 н. бойынша, ал материалдық емес активтердi берген кезде Материалдық емес активтердi қабылдау-тапсыру актiсi НОС-1 н. бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
      14. 47-тармақ:
      1) мынадай мазмұндағы үшiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Бухгалтерлiк шоттарда ескерiлген активтердiң бастапқы (қалпына келтiру) құны тек олардың құнын арттыратын қосымша құрылыс, қосымша жабдықтау немесе қайта құру жөнiндегi жұмыстар жүргiзгенде ғана өзгередi.";
      2) үшiншi және төртiншi азатжолдар тиiсiнше төртiншi және бесiншi азатжолдар болып саналсын.
      15. 48-тармақтағы "қабылдау" деген сөздiң алдынан "ОС-1-н. активтердi" деген сөзбен, "қабылдау" деген сөзден кейiн "-тапсыру (ауыстыру) актiсiне және НОС-1-н. материалдық емес активтердi қабылдау-тапсыру" деген сөздермен толықтырылсын.
      16. 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк мекемелер активтердi баланстан есептен шығаруды заңдармен белгiленген тәртiппен жүргiзедi".
      17. 52-тармақта:
      1) бiрiншi азатжолда 443-нысанның атауындағы "аспаптарды" деген сөздердiң алдындағы "Жарамсыздыққа жеткен" сөздер "Iш киiмдер, төсек орын жабдықтарын, киiм мен аяқ-киiмдер балансынан" деген сөздермен ауыстырылсын, 444-н. атауындағы "шығарылған" деген сөздер алып тасталсын;
      2) төртiншi азатжол жетiншi азатжол деп саналсын, бесiнші және алтыншы азатжолдар тиiсiнше төртiншi және бесiншi азатжолдар деп саналсын;
      3) мынадай мазмұндағы алтыншы азатжолмен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк мекемелер оларға смета бойынша бөлiнген қаражаттар есебiнен сатып алынған өздерiне бекiтiлген активтердi өз бетiнше сатуға құқығы жоқ. Активтердi сатуды активтер құнына байланысты "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондар ұйымдастырудың және өткiзудiң ережесiне" сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы мииистрлігің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi немесе оның аумақтық органдары жүзеге асырады.".
      18. 55-тармақта:
      1) бiрiншi азатжол "ОС-8" деген сөздерден кейiн "НОС-6" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) екiншi азатжол "ОС-9" деген сөздерден кейiн "НОС-6" деген сөздермен толықтырылсын;
      19. 74-тармақтағы "Шаруашылық шарттарындағы ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған арнаулы жабдықтар" 044 қосалқы шоты алып тасталсын;
      20. 78-тармақ алып тасталсын.
      21. 84-тармақтағы "Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздер "Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      22. 99-тармақтың соңғы азатжолындағы "министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң" деген сөздер "бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
      23. 100-тармақта:
      үшiншi азатжолдағы "министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен" деген сөздер "бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      443-нысанның атауы "жабдықтарын" деген сөзден кейiн "киiм мен аяқ-киiмдердi," деген сөздермен толықтырылсын;
      "өндiрiстiк" деген сөзден кейiн "және" деген шылаумен толықтырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Арнайы киiмдердi, арнайы аяқ-киiмдердi және сақтандыру жарақтарының талдама есебi Арнайы киiмдердiң, арнайы аяқкиiмдердiң және сақтандыру жарақтарын есепке алудың жеке карточкасы МБ-6-н. бойынша және Арнайы киiмдердiң, арнайы аяқкиiмдердiң және сақтандыру жарақтарын берудi (қайтаруды) есепке алу ведомосы МБ-7-н. бойынша жүргiзiледi.".
      24. 101-тармақтағы "арнайы қаражаттар" деген сөздер "ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттар бойынша табыстар және шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      25. 103-тармақтағы "Шарттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған шығындар" 082 қосалқы шоты алып тасталсын.
      26. 106-тармақ алып тасталсын.
      27. 109-тармақтағы "бюджеттен тыс шоттардағы" деген сөздер "шоттардағы, ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттардың ағымдағы шоттарындағы, демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шоттардағы және депозиттiк шоттағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      28. 112-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Бюджеттiк қаражаттардың iшкi бөлiнуiне бақылау жасау үшiн 3-н. лимиттердi бөлуге бақылау жасау карточкасы арналған.".
      29. 113-тармақта:
      1) бiрiншi азатжолдағы "бюджет бойынша" деген сөздерден кейiн "(сыртқы заемдарсыз)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) екiншi азатжолдағы "044-А" нысанын "Республикалық бюджет бойынша алынған мiндеттемелердi ескере отырып лимиттер және кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы 032-А" нысанымен ауыстырылсын.
      30. 115-тармақта:
      "Бюджет бойынша ашық лимиттер" 09 шоты "Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң шығыстарына республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екiншi бiр әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен ашылатын лимиттер" 092 және "Сыртқы заемдар есебiнен жобалар бойынша шығыстарға арналған ашық лимиттер" 099 қосалқы шоттарымен толықтырылсын.
      31. Мынадай мазмұндағы 117-1-тармақпен толықтырылсын:
      "117-1. "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екiншi әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң шығыстарына арналған ашық лимиттер" 092 қосалқы шотында министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат бойынша 2-б-н. белгiлi бiр шараларды қаржыландыруға алынған мемлекеттік мекеменiң бюджеттiк қаражаттарының түсуi және жұмсалуы есепке алынады.".
      32. Мынадай мазмұндағы 120-1 және 120-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "120-1. "Басқа бюджеттердiң есебiнен ашық лимиттер" 096 қосалқы шотында республикалық бюджеттiң қаражаттары есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң ашық лимиттерiнiң қозғалысы, олар белгiлi бiр мақсаттар үшін жергiлiктi бюджеттерден қаражаттар алған жағдайда есепке алынады.
      120-2. "Сыртқы заемдар есебiнен жобалар бойынша шығыстарға арналған ашық лимиттер" 099 қосалқы шотында сыртқы заемдар есебiнен жобалар бойынша қаржыландыруға арналған ашық лимиттердiң сомасы есепке алынады. Ашық лимиттердiң сомасында лимиттерге иелiк етушiлер 099 қосалқы шоттың дебетiне және "Сыртқы заемдардың қаражатынан жобаларды қаржыландыру" 239 қосалқы шотының кредитінде жазба жүргiзедi, қаржылық жыл аяқталғаннан кейiн бөлiнген лимиттердiң пайдаланылуы 239 қосалқы шотының дебетi және 099 қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.".
      33. 122-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Қаржыландыру алатын және өзiн қоса алғанда оны ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың арасында бөлетiн ұйымдар қаржылық рұқсаттар бойынша (1-н. МБР) 3-н. МБ Лимиттi бөлуге бақылау жасау карточкасын жүргiзедi. Карточка шығыстың әрбiр ерекшелiгiне жеке-жеке қаржылық жылға ашылады.".
      34. 123-тармақтың екiншi азатжолындағы "144-А" нысаны "Жергiлiктi бюджет бойынша алынған мiндеттемелердi ескере отырып лимиттер және кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы 132-А" нысанымен ауыстырылсын.
      35. 129-тармақта:
      1) 11-шоттың атауындағы "Бюджеттен тыс" деген сөздер "Арнаулы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) бiрiншi азатжол алып тасталсын;
      3) екiншi азатжолдағы 11-шоттың атауындағы "Бюджеттен тыс" деген сөздер "Арнаулы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Аманаттар жөнiндегi соманың бюджеттен тыс шот" 110 қосалқы шотының атауы "Демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шоты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Арнаулы қаржылар жөніндегi бюджеттен тыс шот" 111 қосалқы шотының атауы "Ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Өзге бюджеттен тыс қаржылар жөніндегi бюджеттен тыс шот" 112 қосалқы шотының атауы деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Есеп айырысу шоты" 115 қосалқы шоты енгiзiлсiн;
      "Әлеуметтiк сақтандыру қоры есебiнен жәрдемақы төлеуге арналған шот" 116 қосалқы шоты алып тасталсын.
      36. 130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шот" 110 шотында" демеушiлiк және қайырымдылық көмек түрiнде заңды және жеке тұлғалардан қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелердiң алатын қаражаттарының түсуi есепке алынады. Демеушiлiк және кайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шоттарды:
      республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер - тиiстi мемлекеттiк мекемелер - бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтiнiштерi мен демеушiлiк және қайырымдылық көмектi енгiзушiлердiң жазбаша өтінішi негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бюджет департаментiнiң рұқсатымен;
      жергiлiкгi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер - жергiлiктi қаржы органдарының рұқсатымен ашады (немесе ашылған шоттардың қолданылу мерзiмi ұзартылады).
      Демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шоттарға есептелiнген және мақсатты сипаты бар ақшалай қаражаттарды мемлекеттік мекемелер қатаң нысаналы мақсаттар бойынша жұмсайды.
      Демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған шотқа түскен сомаларға 110 қосалқы шоты дебеттеледi және 176 қосалқы шоты кредиттеледi.
      Жұмсалған сомаларға 110 қосалқы шоты кредиттеледi және 176 қосалқы шоты дебеттеледi.
      110 қосалқы шоты бойынша талдама есеп демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң жекелеген түрлерi бойынша 292-а-н. карточкаларында (292-н. кітабы) жүргiзiледi.".
      37. 131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шот" 111 қосалқы шотында" Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген ақылы қызмет көрсетудi сатудан мемлекеттiк мекемелердiң алатын қаражаттары көрсетiледi. Жоғарыда аталған шотқа қызмет көрсетулерді сатудан түсетін түсімдерді есептеу рұқсат етiлетiн мемлекеттiк мекемелер тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен немесе Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен анықталады.
      Ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттардың сметалары жоспарланып отырған жылдың 1 қаңтарына дейiн бекiтiлуi тиiс. Бекiтiлген сметалардың қолданылуы есептi жылдың 31 желтоқсанында тоқтатылады. Ағымдағы шотта есептi жылдың 31 желтоқсаныңда пайда болған ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттардың қалдығы ақылы қызмет көрсетудiң түрi сақталған жағдайда, келесi жылдың ақылы қызмет көрсетуiн тиiстi түрi сметасының кiрiс бөлiгіне, олай болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiпке сәйкес тиiстi бюджеттердiң кiрiс бөлігіне көшірiледi.
      Мемлекеттiк мекеме - бағдарламалардың әкiмшiсi белгiленген тәртiппен бекiтуге ұсынган ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттардың сметасы жоспарланып отырған жылдың 1 қаңтарына дейiн бекiтiлмеген жағдайда, оған сметалар бекiтiлгенге дейiн алдын ала, жоспарланған жылдың 1 қаңтарынан 1 ақпанына дейiн созылатын уақыт кезеңінде шығыстарды тек 31 желтоқсандағы қаражаттардың қалдығы шегінде ғана шығыстар және өткен жылғы шығыстар сметасын жүргізуге рұқсат етіледі.
      Егер смета жоспарланып отырған жылдың 1 сәуiрiне дейін бекiтiлмесе, онда жоспарланып отырған жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 сәуiрдi қоса алғанда түскен қаражаттар тиiстi бюджеттiң кiрiс бөлiгiне есептеледi.
      Бұдан басқа, түскен және бекiтiлген сметада көзделмеген кiрiстер он банктiк күн iшiнде тиiстi бюджеттің кiрiсiне аударылуға жатады.
      Осы шотта жергiлiктi атқарушы органдардың бюджетiнде көзделген мектептердi ағымдағы ұстауға арналған шығыстар сомасының кемiнде бiр проценттiң мөлшерiндегi аударымдар есебiнен құралатын мемлекеттік жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жанындағы Жалпыға бiрдей міндеттi орта бiлiм беру қорына түсетін түсiм, заңдармен белгiленген тәртiпте мектептiң корсететiн қызметтерiн сатудан түсетiн, демеушiлiк және iзгiлiк көмектен түсетiн түсiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да түсiмдер есепке алынады.
      Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретін мектептердiң жанындағы Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм беру қорына мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк қаражаттарды және демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған шоттардан қаражаттарды аударуға рұқсат етiледi.
      Шотқа түскен сомалар 111 қосалқы шоттың дебетi және 03, 05, 10, 16, 17, 28 және 40 шоттардың тиiсті қосалқы шоттарының кредитi бойынша жазылады.
      111 қосалқы шотының кредитi бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы шоттан төленген сомалар және мемлекеттiк мекеменiң кассасына қолма-қол алынған сомалар көрсетіледi. Бұл ретте 04, 06, 08, 12, 16, 17 және 21 шоттардың тиiстi қосалқы шоттары дебеттеледi.
      Шоттан бюджет кiрiсiне аударылған сомалар 400 қосалқы шоттың дебетiне жатқызылады.
      Ақшалай қаражаттардың қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу жинақтаушы ведомоста 381-н. (3 мемориалдық ордер) жүргiзiледi.".
      38. 132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Депозиттiк шот" 112 қосалқы шоты" жұмсау құқығынсыз мемлекеттік мекемелердiң уақытша иелiгiне түсетiн және белгiлi бiр жағдайлар туған кезде мемлекеттiк бюджетке есептелуге немесе қолданылып жүрген заңдарға сәйкес енгiзушілерге қайтаруға жататын қаражаттарды есепке алуға арналған.
      Мемлекеттiк мекемелер - бағдарламалардың әкiмшiлерiне депозиттiк шот Қазақстап Республикасы Қаржы министрлiгi Бюджет департаментiнiң немесе аумақтық қаржы органының рұқсаты негiзiнде ашылады.
      Сомалардың депозиттiк шотқа түсуi 112 қосалқы шоттың дебетi және 174 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi, соманы иесiне қайтарған немесе соманы депозиттiк шоттан тиiстi бюджетке аударған кезде 112 қосалқы шоттың кредитi және 174 қосалқы шоттың дебетi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Депозиттiк сомалардың тиiстi алушыларға дұрыс аударылуына мемлекеттiк мекеменiң басшысы жауап бередi. Талап етiп алынбаған депозиттік сомалар оларды сақталу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн ағымдағы шотында осы сомалар сақталатын мемлекеттiк мекеменiң өкiмi бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылуға жатады.
      112 қосалқы шотта, сол сияқты Алматы қаласының және оның аудандарының әкiмдерінің бюджеттен тыс қорларының қаражаттары көрсетiледi, сомалардың қорға түсуi 112 қосалқы шоттың дебетi және "Басқа да қорлар" 272 қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.
      112 қосалқы шот бойынша талдама есеп 292-а-н. (292 н. кiтабында) карточкаларында жүргiзiледi.".
      39. 132.1-тармақтың екiншi азатжолындағы "239 "Сыртқы заем қаражаттарынан жобаларды қаржыландыру" деген сөздер "Сыртқы заемдар" 249" деген сөздермен ауыстырылсын.
      40. Мынадай мазмұндағы 132-3-тармақпен толықтырылсын:
      "132-3. "Есеп айырысу шоты" 115 қосалқы шотында Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнен Қазақстанның елшiлiктерi мен басқа да ұйымдар алған бюджет қаражаттарының есебi жүзеге асырылады.
      Түскен сомалар 115 қосалқы шоттың дебеті және "Ұйымдардың және басқа да шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру жөнiндегi есеп айырысулар" 140 қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi, жүргiзiлген шығыстарға 115 қосалқы шот кредиттеледi және 06, 07, 08, 12, 16, 17, 18 және 19 шоттардың тиiстi қосалқы шоттары дебеттеледi.
      115 қосалқы шот бойынша талдама есеп 292-а-н. карточкаларында жүргiзіледі.".
      41. 133-тармақ алып тасталсын.
      42. 135-тармақтың үшiншi азатжолындағы:
      1) "Бюджеттен тыс қаражаттар" деген сөздер "Ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған шотқа, демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған шотқа және депозиттiк шотқа түскен сомалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 11 шоттың атауындағы "Бюджеттен тыс" деген сөздер "Арнаулы" деген сөзбен ауыстырылсын.
      43. 136-тармақта:
      1) екiншi азатжолдағы "анықтау тәртiбi" деген сөздерден кейiн "Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 22 қыркүйектегi N 433 бұйрығымен бекiтiлген оған енгiзiлген толықтырулар мен өзгерiстердi ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) төртiншi азатжолдағы "(N КО-2 үлгiсi)" деген сөздер "(КО-3а-н.)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) алтыншы азатжолдағы "ордерi" деген сөзден кейiн "(КО-2н.)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тоғызыншы азатжолдағы "бюджеттiк және бюджеттен тыс шоттар" деген сөздер "бюджеттiк шот, ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шот, демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шот, депозит шот және Алматы қаласы Әкiмiнiң бюджеттен тыс қорының ағымдағы шоты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) он бiрiншi азатжолдағы "кiтаптарды" деген сөзден кейiн "және 453-н. бойынша бюджет қаражаттары бойынша жеке-жеке және Ақылы қызмет көрсетудi сатудан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек, депозиттiк сомалар және Алматы қаласы Әкiмiнiң бюджеттен тыс қорының қаражаттары түрiнде түскен қолма-қол ақшаларды нысаналы мақсаттарға пайдалануға бақылау жасау кiтабы 454-н. қаражаттар бойынша жеке-жеке нысаналы мақсаттар бойынша қолма-қол ақшаларды пайдалануды бақылау кiтаптарын" деген сөздермен толықтырылсын.
      44. 139-тармақтағы "бюджеттiк ұйымдардың бюджеттен тыс қаражаттар" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      45. 140-тармақтағы "Қаржыландыру бойынша ведомствоiшiлiк есептер" 14 шоты "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың басқа әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарына бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" 141 қосалқы шотымен толықтырылсын.
      46. Мынадай мазмұндағы 142-1-тармақпен толықтырылсын:
      "142-1. "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екiншi әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебінен мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарына бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" 141 қосалқы шотында мемлекеттiк мекемелер олар өздерiнiң бюджеттiк қаражаттарының бөлiгін 2-б-н. бойынша бөлген кезде республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екiнші әкiмшiлерiнен белгiлi бiр шараларға алынатын қаржыландыру сомалары есепке алынады.".
      47. 147-тармақтағы "мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға арналған аударымдар бойынша, медициналық сақтандыру бойынша есеп айырысулар, зейнетақымен қамсыздандыру және халықты әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша есеп айырысулар" деген сөздер "әлеуметтiк салық жарналары бойынша, әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған алым және басқа да төлемдер бойынша, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      48. 149-тармақта:
      1) "Бюджеттен тыс қаражаттар бойынша атқарылған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар" 153 қосалқы шотының атауы "Атқарылған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Төлеуге жататын ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар" 154, "Ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған аванстар бойынша тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар" 155 және "Шаруашылық шартпен жұмыстарды орындау үшiн арналған бiрлесіп атқарушылармен есеп айырысулар" 156 қосалқы шоттары алып тасталсын;
      3) "Сатып алушымен және тапсырыс берушiмен есеп айырысулар" 157 қосалқы шотының атауы "Жұмыстар мен қызмет көрсетулер үшiн тапсырыс берушiлердiң аванстары бойынша есеп айырысулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) "Медициналық сақтандыру бойынша есеп айырысулар" 159 қосалқы шотының атауы "Әлеуметтiк салық жарналары бойынша есеп айырысулар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      49. 152-тармақта:
      1) 153 қосалқы шоттың атауындағы "Бюджеттен тыс қаражаттар" деген сөздер алып тасталсын;
      2) екiншi азатжолдағы "402" деген сандар "400" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) үшiншi азатжолдағы "112" деген сандар "111" деген сандармен ауыстырылсын.
      50. 153, 154, және 155-тармақтар алып тасталсын.
      51. 156-тармақтағы "Сатып алушылармен және тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар" 157-қосалқы шотының атауы "Жұмыс және қызметтер көрсеткенi үшiн тапсырыс берушiлердiң аванстары бойынша есеп айырысулар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      52. 157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтiк салық жарналары бойынша есеп айырысулар" 159 қосалқы шотында" Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiп басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Заң күшi бар Жарлығына сай мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн әлеуметтiк салықтың есептелуi және толенуi есепке алынады.
      Әлеуметтiк салықты есептеу 159 қосалқы шоттың кредитi бойынша және шығыстардың тиiстi шоттарының дебетi бойынша көрсетiледi. Әлеуметтiк салықты бюджетке төлеу кезiнде 159 қосалқы шот дебеттеледi және ақшалай қаражаттар шоттарының қосалқы шоттары кредиттеледi.
      159 қосалқы шот бойынша талдама есеп 292-а-н. карточкаларында жүргiзiледi (292-н. кiтабында).".
      53. 160-тармақта:
      1) "Әлеуметтiк сақтандыру бойынша есептемелер" 171 қосалқы шотының атауы "Міндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша есеп айырысулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiру үшiн алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар" 175 қосалқы шоты енгiзiлсiн.
      3) "Жоспарлы төлемдер тәртiбінде есептемелер" 179 қосалқы шотының атауындағы "Жоспарлы" деген сөз "Аванстық" деген сөзбен, "есептемелер" деген сөз "есеп айырысулар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      54. 162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша есеп айырысулар" 171 қосалқы шотында" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 13 сәуiрдегі N 411 P990411_ қаулысына сай мемлекеттiк бюджет қаражаттары есебiнен жұмыс iстейтiн азаматтарға мiндеттi әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақылар есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Заң күшi бар Жарлығына сай мемлекеттiк мекемелер жүзуге асыратын әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған алымды бюджетке есептеу және төлеу ескерiледi.
      171 қосалқы шот кредитi бойынша әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған алымның есептелген сомалары жазылады. Осы қосалқы шоттың дебетi бойынша мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша есептелген жәрдемақылардың сомалары, сондай-ақ бюджетке төленген әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған алымның сомалары жазылады.
      171 қосалқы шот бойынша алдама есеп 283-н. көпбағанды карточкаларда жүргiзiледi".
      55. 166-тармақтың төртінші және бесінші азатжолдарындағы "арнаулы қаражаттар бойынша бюджеттен тыс шоттарға", "арнаулы қаражаттар бойынша бюджеттен тыс шотқа" деген сөздер "ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шотқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
      56. 170-тармақтағы "Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң" деген сөздер "Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
      57. 172-тармақтағы "бюджеттен тыс қаражаттар бойынша бюджеттен тыс шоттарда" деген сөздер "депозиттiк шотта" деген сөздермен ауыстырылсын.
      58. "172-1. "Шағым және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiру үшiн алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар" 175 қосалқы шотында жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегi басқармалардың (бөлiмдердiң) шағын және орта бизнесті несиелендіруге жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қарыз ақшалар бойынша есеп айырысулары көрсетiледi. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiруге жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражаттардың сомалары осы қосалқы шоттың дебетi және 248 қосалқы шоттың кредитi бойынша есепке алынады. Шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң қаражаттарды қайтаруы 175 қосалқы шоттың кредитi және 100 дебетi бойынша жазбамен көрсетiледi, бiр мезгiлде 248 қосалқы шот дебетi және 100 қосалқы шот кредитi бойынша жазба жасалады.
      175 қосалқы шот бойынша талдама есеп 292-а-н. карточкаларында (292-н. кiтабында) әрбiр субъект бойынша жүргiзiледi.".
      59. 173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек есебiнен шығыстарға алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар" 176 қосалқы шотында" демеушiлiк және қайырымдылық көмек түрiнде түсетiн және қатаң нысаналы мақсат бойынша пайдаланылатын қаражаттар бойынша есеп айырысулар есепке алынады.
      Шығысқа түскен сомалар 176 қосалқы шоттың кредитiне және 110 қосалқы шоттың дебетіне жазылады. Жұмсалған сомаларға 176 қосалқы шоттың дебетіне және 110 қосалқы шоттың кредитiне жазба жүргiзiледi.
      Талдама есеп 292-а-п. карточкаларында (292-н. кiтабында) жүргiзiледi.
      60. 175-тармақта:
      1) "аударылған сомалары" деген сөздерден кеін "қаражаттарды тапсырыс берушiнің бюджеттiк шотынан екінші денгейдегi банктердегi немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарындағы орындаушының шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік тапсырысты орындағаны үшін орындаушылармеп есеп айырысулар" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) екіншi азатжолдағы 126 ерекшелiктiң атауы "Әскери қызметшiлердi және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн мемлекеттiк мiндетті дербес сақтандыруға сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердi мемлекеттiк сақтандыруға арналған жарналар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) алтыншы, жетiншi және сегiзiнші азатжолдардағы "республикалық" деген сөз алып тасталсын.
      61. 176-тармақта:
      1) бiрiншi, төртiншi және бесіншi азатжолдардағы "жоспарлы" деген сөз "аванстық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы азатжол енгiзiлсiн:
      "Осы қосалқы шотта қаражаттарды тапсырыс берушiнiң бюджеттiк (дербес) шотынан екіншi деңгейдегi банктердегi немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Казынашылық органдарындағы орындаушының шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттiк тапсырысты орындау үшiн орындаушыларға аванстары есепке алынады".
      62. 179-тармақта:
      1) үшiншi азатжолдағы "басқалар" деген сөздердiң алдынан "Жұмыс уақытын пайдалану және еңбекақыны есептеу табелi 421-н., Жұмысқа арналған өңдеу есебiнiң картасы 423-н., Нарядтар мен басқа да құжаттар 424-н. бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Бөлiмшелерi саны көп мемлекеттiк мекемелерде, кассирден басқа, толық жеке материалдық жауапкершiлiк туралы жазбаша шарт жасалатын тұлғалармен жалақыларды, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыларды төлеу мемлекеттiк мекеме басшысының жазбаша бұйрығы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Сенiмдi тұлғаларға кассалардан қолма-қол ақша беру кезiнде кассир беру есебiн жалақылар мен стипендияларды төлеуге арналған ақша таратушыға берiлген есеп журналында N 320-н. жүргiзедi. Аз қамтылған отбасыларға берiлетін жәрдемақылардың есебi аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған жәрдемақыларды алушының N _____ дербес шотында 2-д.-н. немесе аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған жәрдемақыларды төлеу ведомосында 450-н. жүзеге асырылады".
      63. 183-тармақтың екінші азатжолындағы "бюджеттiк және бюджеттен тыс мекемелердiң шоттарына" деген сөздер "бюджеттiк шоттан, ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шоттан, демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шоттан" деген создермен ауыстырылсын.
      64. 186-тармақтың үшiншi азатжолындағы "және бюджеттен тыс шоттардың" деген сөздер "шоттан, ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шоттан, демеушілiк және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      65. 187-тармақтың екінші азатжолындағы "бюджеттiк және бюджеттен тыс шоттар" деген сөздер "бюджеттiк шоттан, ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шоттан, демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      66. 188-тармақта:
      1) екiншi азатжолдағы "және бюджеттен тыс шоттар" деген сөздер "шоттан, ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шоттан, демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк мекемеге түсетін атқарушы парақтарды және алименттердi өндiрiп алу туралы басқа да құжаттарды тiркеу және есепке алу, сондай-ақ ұстап қалу мөлшерін есепке алу үшiн Алименттердi өндiрiп алу туралы атқарушы парақтардың есеп кiтабы 437-н. жүргiзiледi.".
      67. 190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл шотта жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар есепке алынады".
      68. 191-тармақ:
      1) "қосалқы шоттарға болiнедi:" деген сөздерден кейiн "191 "Зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi есеп айырысулар" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) "Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар" 198 қосалқы шотының атауы "Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) "199 "Халықты еңбекпен қамту қорымен есеп айырысулар" деген сөздер алып тасталсын.
      69. Мынадай мазмұндағы 191-1-тармақпен толықтырылсын:
      "191-1. "Зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі есеп айырысулар" 191 қосалқы шотында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттардың қозғалысы есепке алынады. Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа аударылған қаражаттарды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi "Зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу жөніндегі есеп айырысулар" 191 қосалқы шотының дебетi және "Ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға аудару үшiн және басқа шараларға ұйымдардың шығыстарына арналған ашық лимиттер" 090 қосалқы шотының кредитi бойынша есепке алынады.
      Зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi iс жүзінде жүргiзiлген шығыстар Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық ұсынған iс жүзінде төленген зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы есептiң негiзiнде "Ұйымдарды ұстауға және басқа шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар" 200 қосалқы шотының дебетi және 191 қосалқы шотының кредитi бойынша есепке алынады.
      191 қосалқы шот бойынша талдама есеп 283-н. көп бағанды карточкаларда жүргiзiледi.".
      70. 192-тармақта:
      1) бiрiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк мекемелер жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудi "қызметкерлермен және қызметшiлермен есеп айырысулар" 180 қосалқы шотының кредитi және "Бюджет бойынша шығыстар" 20 шотының немесе "Басқа шығыстар" 21 шотының тиiстi қосалқы шоттарының дебетi бойынша көрсетедi. Бiр мезгiлде есептелген зейнетақы жарналарының әрбiр жеке тұлғаның табысынан ұстауға 180 қосалқы шоттың дебетi және "Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар" 198 қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Қаражаттарды аудару кезiнде 198 қосалқы шоты дебеттеледi және 09, 10, 11 ақша қаражаттары шоттарының тиiстi қосалқы шоттары кредиттеледi."
      2) екiншi азатжолдағы "карточкаларын" деген сөзден кейiн "451-н." деген сөздермен толықтырылсын;
      3) үшiншi азатжолдың екiншi сөйлемi "ведомоста" деген сөзден кейiн "451-н." деген сөздермен толықтырылсын;
      71. 193-тармақ алып тасталсын.
      72. 195-тармақта:
      1) "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екiншi әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен мемлекеттiк мекемелердi ұстауға арналған бюджет бойынша шығыстар" 201 қосалқы шоты енгiзiлсiн;
      2) "206 "Әлеуметтiк сақтандыру қоры қаражаттары есебiнен жәрдемақы төлеуге арналған шығыстар" қосалқы шоты алып тасталсын.
      73. Мынадай мазмұндағы 196-1-тармақпен толықтырылсын:
      "196-1. "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екiншi әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен мемлекеттiк мекемелердi ұстауға арналған бюджет бойынша шығыстар" 201 қосалқы шотында белгiленген лимиттер шегiнде бюджет қаражаттарын жұмсауға министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат алған мемлекеттiк мекемелердi ұстауға арналып iс жүзiнде жүргiзiлген шығыстар көрсетiледi.
      Iс жүзiндегi шығыстардың талдама есебi әрбiр шаралар мен шығыстар ерекшелiгi бойынша 294-н. кiтабында жүгiзiледi.".
      74. 198.1-тармақта:
      1) үшiншi азатжолдағы "198/1, 199" деген сандар "198" деген санмен ауыстырылсын;
      2) алтыншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Іс жүзiнде жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару сыртқы заемдарды өтеу мөлшерi бойынша жүргiзiледi, бұл ретте төлем тапсырысының немесе осы мақсаттар үшiн көзделген сомаларды мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аудару арқылы заемдардың өтелуiн растайтын басқа құжаттардың негiзiнде "Сыртқы заемдар" 249 қосалқы шотының дебетi және "Сыртқы заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар" 204 қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүзеге асырылады.".
      75. 199-тармақ алып тасталсын.
      76. 200-тармақта:
      1) "211 "Арнаулы қаражаттар бойынша шығыстар" деген сөздер "211 "Ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттар есебiнен шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "212 "Күрделi қаржыларға және жабдықтар сатып алуға арналған арнаулы қаражаттар бойынша шығыстар" деген сөздер "212 "Күрделi жұмсалымдарға және ақылы қызмет көрсетуден, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен алынатын қаражаттар есебiнен жабдықтарды сатып алуға арналған шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      77. 202-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттар есебiнен шығыстар" 211 қосалқы шотында ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттар сметасы бойынша шығыстар есепке алынады.
      Шығындалған материалдардың, ақша қаражаттарының және басқа шығыстардың сомаларына 211 қосалқы шотының дебетiне және "Материалдық қорлар", "Ақшалай қаражаттар", "Есеп айырысулар" шоттарының тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазба жүргiзiледi. Жыл аяқталғаннан кейiн жыл iшiнде жұмсалған шығындардың жалпы сомасы 211 қосалқы шоттың кредитiнен 400 қосалқы шоттың дебетiне есептен шығарылады.
      Шығыстардың талдама есебi ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттардың түрлерi бойынша ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттардың есеп кiтабында 297-б-н. жүргiзiледi. Шығыстардың есебi көп бағанды карточкаларда 283-н. жүзеге асырылуы мүмкiн.".
      78. 203-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Күрделi жұмсалымдарға және ақылы қызмет көрсетуден, демеушілiк және қайрымдылық көмектен алынатын қаражаттар есебiнен жабдықтарды сатып алуға арналған шығыстар" 212 қосалқы шотында" ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттар сметасы бойынша көзделген және мыналардың:
      шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызуға жатпайтын өндiрiстiк (оқу) шеберханаларының, қосалқы ауыл және оқу-тәжiрибе шаруашылықтарының (жабдықтар мен құрал-саймандар сатып алу, оқу-өндiрiстiк шеберханаларды және қосалқы шаруашылықтарды кеңейту жөнiндегi күрделi жұмсалымдар). Өнiмнiң өзiндiк құнына енетiн өндiрiстiк (оқу) шеберханаларының, қосалқы ауыл шаруашылықтарының шығындары 08 шоттың тиiстi қосалқы шоттарында есепке алынады;
      спорт аландарын салуға;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тосқауылдар салуға арналған шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызуға жатпайтын шығындар есепке алынады.
      Жыл соңында аяқталған және пайдалануға берiлген объектiлер бойынша шығындар, сондай-ақ шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызуға жатпайтын басқа да шығындар 212 қосалқы шоттың кредитiнен 400, 246 қосалқы шоттардың дебетiне есептен шығарылады. Аяқталмаған және аяқталған, бiрақ пайдалануға берілмеген құрылыс және қайта құру объектiлерi бойынша шығындар 212 қосалқы шот бойынша баланста қалады.
      Осы шот бойынша талдама есеп 294-н. кiтабында жүгiзiледi.".
      79. 207-тармақ алып тасталсын.
      80. 209-тармаққа "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екiншi әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарына арналған бюджеттен қаржыландыру" 233 қосалқы шоты енгiзiлсiн.
      81. Мынадай мазмұндағы 210-1-тармақпен толықтырылсын:
      "210-1. "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екiншi әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарына арналған бюджеттен қаржыландыру" 233 қосалқы шотында республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екiншi әкiмшiсiнен республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi алған қаржыландыру көрсетiледi.
      Осы шот бойынша талдама есеп 292-а-н. карточкаларында (292-н. кiтабында) жүргiзiледi.".
      82. 213-тармақтың екiншi азатжолындағы "204 "Сыртқы заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар" деген сөздер "099 "Сыртқы заемдар есебiнен жобалар бойынша шығыстарға арналған ашық лимиттер" деген сөздермен ауыстырылсын.
      83. 214-тармақ "Арнаулы мақсаттағы қорлар мен қаржылар" 24 шоты "Сыртқы заемдар" 249 қосалқы шотымен толықтырылсын.
      84. 217-тармақта:
      1) қосалқы шоттың атауындағы "Банктiң" деген сөз алып тасталсын;
      2) мынадай мазмұндағы төртiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Бұдан басқа, бұл шотта шағын және орта бизнес субьектiлерiн несиелендiру үшiн жергiлiктi бюджеттерден жергiлiктi атқарушы органдарға берiлетiн сомалар көрсетiледi, берiлген кредиттердiң сомалары 248 қосалқы шотының кредитi және "Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiруге алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар" 175 қосалқы шотының дебетi бойынша есепке алынады. Қаражаттар берiлген қарыз ақшаларды өтеуге түскен кезде 175 қосалқы шот кредиттеледi және 100 қосалқы шот дебеттеледi, бiр мезгiлде 148 қосалқы шоттың дебетi және 100 қосалқы шоттың кредитi бойынша екiншi жазба жасалады.";
      3) төртiншi азатжол бесiншi азатжол деп саналсын, осы азатжолдағы "оларға көрсетiлген", "мен банктердiң" деген сөздер алып тасталсын.
      85. Мынадай мазмұндағы 217-1-тармақпен толықтырылсын:
      "217-1. "Сыртқы заемдар" 249 қосалқы шотында қайтарымдық негiзде Заем туралы келiсiмге сәйкес жобаларды қаржыландыру үшiн алынған заемдардың сомалары есепке алынады. Алынған заемдардың сомалары 249 қосалқы шотының кредитi және "Сыртқы заемдар бойынша арнаулы шот" 113 қосалқы шотының дебетi бойынша көрсетiледi.
      Тиiстi жобаны қаржыландыру үшiн бөлiнген заемдарды өтеу мерзiмi жеткен кезде төлем тапсырысының және оның мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аударылғандығын растайтын басқа да құжаттардың негiзiнде заемды өтеу сомасына "Сыртқы заемдар" 249 қосалқы шотының дебетi және "Сыртқы заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар" 204 қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      249 қосалқы шот бойынша талдама есеп заемдардың және оларды ұсынған донор-банктердiң түрлерi бойынша 283-н. көп бағанды карточкаларында жүргiзiледi.".
      86. 224-тармақта:
      1) бiрiншi азатжолдағы ", сондай-ақ келiсiм-шарт бойынша ғылыми- зерттеу жұмыстарын сату" деген сөздер алып тасталсын;
      2) "282 "Келiсiм-шарт бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын сату" қосалқы шоты алып тасталсын.
      87. 227-тармақ алып тасталсын.
      88. 228-тармақта:
      1) "Арнаулы қаржылар бойынша кiрiстер" 400 қосалқы шотының атауындағы "Арнаулы қаржылар бойынша" деген сөздер "Ақылы қызмет көрсетудi сатудан түскен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Кәсiби-техникалық мектептердiң өндiрiстiк қызметiнен түскен кiрiстер" 402 қосалқы шоты алып тасталсын.
      89. 229-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақылы қызмет көрсетудi сатудан түскен кiрiстер" 400 қосалқы шотында" ақылы қызмет көрсетуден, өнiмдердi сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң иелiгiнде қалатын өзге қызметтердi жүзеге асырудан алынатын кiрiстер есепке алынады және бюджет бойынша бөлiнген қаражаттардан басқа белгiлi бiр мақсаттарға арналып жұмсалуы мүмкiн.
      Ақылы қызмет көрсетудi сатудан түскен қаражаттарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бұйрығымен бекiтiлген тiзбеге сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсетуiнен түскен түсiмдер жатады.
      Ақылы қызмет көрсетуден түсетiн кiрiстер қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы түсуi, сондай-ақ ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған шоттарға кейiнiрек есептеу үшiн мемлекеттiк мекемелердiң кассасына немесе банктердiң филиалдарына (бөлiмшелерiне) енгiзiлуi мүмкiн.
      Қолма-қол ақшаларды мемлекеттiк мекемелердiң кассасына қабылдау кассалық кiрiс ордерi немесе белгiленген тәртiпте ресiмделген квитанциялар бойынша жүргiзiледi.
      Ақылы қызмет көрсетуден түсетiн кiрiстердi сол сияқты бұл мемлекеттiк мекеме бойынша бұйрықпен жүктелген тұлға қабылдай алады. Мұндай жағдайда қолма-қол ақшаларды қабылдау квитанциялары 10-н. бойынша жүргiзiледi. Қабылданған ақшалар оларды қабылдау күнiнен бастап үш банктiк күннен кешiктiрiлмей ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған шотқа тапсырылуы керек. Бұл қаражаттарды оларды ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған шотқа алдын-ала тапсырмай жұмсауға рұқсат етiлмейдi.
      400 қосалқы шоттың кредитiне ақылы қызмет көрсетуден түсетiн кiрiстердiң сомалары жазылады, бұл ретте 17 шотының тиiстi қосалқы шоттары немесе 111, 120-қосалқы шоттары дебеттеледi.
      Бұдан басқа, 400 қосалқы шоттың кредитiне оқу-өндiрiстiк шеберханалардың қызметiнен түскен кiрiстердiң сомалары мен оқушылардың өндiрiстiк практикасынан түскен қаражаттар жазылады, бұл орайда 280 немесе 153 қосалқы шот дебеттеледi.
      080, 081 қосалқы шоттар қолданылмайтын қосалқы шаруашылықтарда 400 қосалқы шоттың кредитiне дайындалған бұйымдар мен өнiмдердiң құны жазылады, бұл орайда 03, 031 қосалқы шоттар дебеттеледi.
      400 қосалқы шоттың дебетiне:
      қызмет көрсетудi сатудан алынған қаражаттар бойынша жыл iшiнде жұмсалған шығыстар (211 қосалқы шоттың кредитiнен);
      бюджет кiрiсiне аударылған сомалар (111 қосалқы шоттың кредитiнен);
      мемлекеттiк мекеменiң есебiнен қабылданған үмiтсiз борыштар мен жетiспеушiлiктердiң сомалары жазылады, бұл ретте материалдар мен есеп айырысулардың тиiстi қосалқы шоттары кредиттеледi.
      Кiрiстердi есептеу жөнiндегi операциялардың есебi жинақтаушы ведомоста 409-н. (14 мемориалдық ордер) жүргiзiледi.
      Кiрiстердiң талдама есебi қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттардың әрбiр түрi бойынша 297-б-н. кiтабында жүргiзiледi, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда есеп әрбiр қызмет етiлетiн мемлекеттiк мекеме бойынша жүргiзiледi. Кiрiстердiң есебi көп бағанды карточкаларда 283-н. жүзеге асырылуы мүмкiн.".
      90. 230-тармақ алып тасталсын.
      91. 233-тармақта:
      "Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi жарналар" 12 баланстан

тысқары шоттың атауындағы "мiндеттi" деген сөзден кейiн "зейнетақы" деген 
сөзбен толықтырылсын;
     осы шот бойынша азатжолдың мәтiнiндегi "аударылған" деген сөз 
"есептелген" деген сөзбен ауыстырылсын.
     92. "Негiзгi бухгалтерлiк операциялар бойынша қосалқы шоттардың 
хабарламасы" N 2-қосымшадағы:
     1) 23-тармақта "дебет бойынша" бағанындағы 082 қосалқы шот алып 
тасталсын;
     2) 24, 25, 59, 79, 85, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 147, 148, 151, 152, 
159, 167-тармақтар алып тасталсын;
     3) мынадай мазмұндағы 35-1-тармақ енгiзiлсiн: "Өтеусiз алынған 
материалдарды кiрiске алу", дебет бойынша "060-067, 069", кредит бойынша 
140, 230";
     4) 50-тармақта:
     "және келiсiм-шарт бойынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық 
жұмыстарды орындау жөнiндегi";
     "-082" деген сандар ", 081" деген сандармен ауыстырылсын;
     5) 51-тармақта:
     операциялардың мазмұны мынадай редакцияда жазылсын: "Өнiмдердi 
өндiруге арналған материалдарды қоймадан беру";
     "-082" деген сандар ", 081" деген сандармен ауыстырылсын;
     "044" деген сандар алып тасталсын;
     6) 52-тармақта:
     "044" деген сандар алып тасталсын;
     "-082" деген сандар ", 081" деген сандармен ауыстырылсын;
     7) 53, 54 және 56-тармақтарда:
     "-082" деген сандар ", 081" деген сандармен ауыстырылсын;


      8) 54-тармақтағы "мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға жарналар" деген сөздер "әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған алым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 61.1-тармақта "кредит бойынша" деген бағанындағы "239" деген сандар "249" деген сандармен ауыстырылсын;
      10) мынадай мазмұндағы жолдармен 61-3-тармақ енгiзiлсiн:
      "Мыналардың:
      "республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң", дебет бойынша бағанда "092", кредит бойынша бағанда "233",
      "ведомстволық бағынысты мекемелердiң", дебет бойынша бағанда "092", кредит бойынша бағанда "141" бюджеттiк шотына тиiстi рұқсат бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екiншi әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен қаржыландырудың түсуі;
      11) 75-тармақтағы "Тапсырыстар бойынша бюджеттен тыс шоттарға" деген сөздер "Демеушiлiк және қайырымдылық көмекке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 76-тармақтағы "Тапсырыстарды орындауға" деген сөздер "Демеушiлiк және қайырымдылық көмекке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 77-тармақтағы "тапсырыс бойынша сомалардың бюджеттен тыс шоттарға" деген сөздер "демеушiлiк және қайырымдылық көмекке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 81 және 82-тармақтардағы "Тапсырмалар бойынша сомаларды бюджеттен тыс шоттан" деген сөздер "Демеушiлiк және қайырымдылық комекке арналған ағымдағы шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 83-тармақтағы операциялардың мазмұны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шоттарға бұйымдар мен өнiмдердi сатудан сомалардың түсуi";
      16) 84-тармақтағы "арнайы қаржы бойынша бюджеттен тыс шоттарға" деген сөздер "ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 87-тармақтағы "Арнайы қаражаттар" деген сөздер "Ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 88-тармақтағы "арнайы қаражаттар бойынша бюджеттен тыс шоттарға" деген сөздер "ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 89-тармақтағы "және бюджеттен тыс қаражаттардың" деген сөздер "қаражаттардың және ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шотқа, демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шотқа және депозиттiк шотқа түскен сомалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) мынадай мазмұндағы 100-1-тармақ енгiзiлсiн:
      "Екiншi мемлекеттiк мекеме-республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен ведомстволық бағыныстағы мекемелерде жұмсалған шығыстардың қорытынды айналымдарымен есептен шығару", дебет бойынша бағанда - "141", кредит бойынша бағанда - "201";
      21) мынадай мазмұндағы 102-1, 102-2 және 102-3-тармақтар енгiзiлсiн:
      "102-1. Аяқталмаған құрылыс объектiлерiн (үйлердi және ғимараттарды) бiр мемлекеттiк мекеменiң иелiгiнен екiншi мекеменiң иелiгiне беру (күрделi құрылыс жоспарларын, қаржыландыруды және жобалық-сметалық құжаттарды бере отырып) жөнiндегi есеп айырысулар, дебет бойынша бағанда - "231", кредит бойынша бағанда - "150".
      Бiр мезгiлде дебет бойынша бағанда - "150", кредит бойынша бағанда - "203" екiншi жазба жүргiзiледi.
      102-2. Аяқталмаған құрылыс объектілерiн беру актiсi бойынша бiр мемлекеттiк мекеменiң балансынан екiншiсiнiң балансына қабылдау дебет бойынша - "150", кредитi бойынша - "231" бағанда.
      102-3. Мемлекеттiк мекеменiң балансына қабылданған берiлген аяқталмаған құрылыс объектілерi бойынша шығындар дебет бойынша - "203", кредит бойынша - "150" бағанда;
      22) 106-тармақта:
      "оқу орындарының бюджеттен тыс шоттарына" деген сөздер "ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған шотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "112" деген сандар "111" деген сандармен ауыстырылсын;
      23) 107-тармақтағы кредит бойынша "402" деген сандар алып тасталсын;
      24) 115-тармақтағы "Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына жарналарды" деген сөздер "Әлеуметтiк салықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 116-тармақтағы "Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына қаражаттарды" деген сөздер "Әлеуметтiк салықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 120-тармақтағы "082" деген сандар алып тасталсын;
      27) 122-тармақтағы "044" деген сандар алып тасталсын;
      28) 124-тармақтағы "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының" деген сөздер "Әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған алымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 125-тармақтағы "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына жарналар"

деген сөздер "Әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған алымды" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     30) 126-тармақтағы "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына 
жарналарды" деген сөздер "Әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған алымды" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     31) 127-тармақтағы "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының" деген 
сөздер "Әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған алым" деген сөздермен ауыстырылсын;
     32) 135-тармақта:
     "бюджеттен тыс қаржылар бойынша қаражаттардың бюджеттен тыс шоттарға"
деген сөздер "ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған шотқа, 
демеушілік және қайырымдылық көмекке арналған шотқа" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     "112" деген сандар "110, 111" деген сандармен ауыстырылсын;
     33) 139-тармақтағы кредит бойынша бағанда "092" деген санмен 
толықтырылсын;
     34) 140-тармақтағы "жоспарлы" деген сөз "аванстық" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     35) 149, 150-тармақтардағы "198/2" деген сандар "198" деген сандармен 
ауыстырылсын;
     36) 152.1, 152.2-тармақтардағы деген сандар "198/1, 199" деген 
сандар алып тасталсын;


      37) 154-тармақ операциялардың мазмұнындағы "Мемлекеттiк қызметшiлердi" деген сөздiң алдынан "Әскери қызметшiлердi және құқық корғау органдарының қызметкерлерiн мемлекеттiк мiндеттi дербес сақтандыру, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      38) 155-тармақтың операциялардың мазмұнындағы "және" деген сөзден кейiн "әскери қызметшiлердi және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн мемлекеттiк мiндеттi дербес сақтандыру, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      39) мынадай мазмұндағы 161-1-тармақ енгiзiлсiн:
      "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың екiншi әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жұмсаған шығыстарын қорытынды айналымдармен есептен шығару" "233" қосалқы шоттың дебетi бойынша бағанда, "201" қосалқы шоттың кредитi бойынша бағанда;
      40) 162.1-тармақтың "Кредит бойынша қосалқы шоттардың нөмiрлерi" бағанындағы 204 қосалқы шот 099 қосалқы шотпен ауыстырылсын;
      41) 171-тармақтағы "арнайы қаражаттар бойынша бюджеттен тыс шоттардан" деген сөздер "ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған шоттан";
      42) мынадай мазмұндағы 171-1-тармақпен толықтырылсын:
      "171-1 Жобаны Келiсiмге сәйкес қайтарымдық негiзде қаржыландыруға арналған сыртқы заемды алу "113" дебет бойынша, "249" кредит бойынша";
      43) 175-тармақтағы "арнайы қаражаттар бойынша бюджеттен тыс шоттардан" деген сөздер "ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      44) 176-тармақтағы "арнаулы қаражаттары бойынша сметаның есебiнен" деген сөздер "ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражаттар бойынша кiрiстер мен шығыстар сметаларының есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      93. "Мемориалдық ордерлер-жинақтаушы ведомостар" N 3 қосымшасында:
      1) "5 мемориалдық ордер" 405-нысанында:
      "Уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнiнде жәрдемақы есептелді" деген жолда "жарамсыздығы жөнiнде" деген сөздерден кейiн ", жүктi болуы және бала туу жөнiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнiнде жәрдемақы есептелдi" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдар енгiзiлсiн:
      "Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары есептелдi", "Қосалқы шоттың дебетi" бағанына қосалқы шоттың: "200" нөмiрi енгiзiлсiн, "Қосалқы шоттың кредитi" бағанына қосалқы шоттың: "180" нөмiрi енгiзiлсiн;
      " " ", "Қосалқы шоттың дебетi" бағанына қосалқы шоттың: "211" нөмiрi енгiзiлсiн, "Қосалқы шоттың кредитi" бағанына қосалқы шоттың: "180" нөмiрi енгiзiлсiн;
      "Есептелген зейнетақы жарналарының әрбiр жеке тұлғаның табысынан ұсталғаны", "Қосалқы шоттың дебетi" бағанына қосалқы шоттың: "180" нөмiрi енгiзiлсiн, "Қосалқы шоттың кредитi" бағанына қосалқы шоттың: "198" нөмiрi енгiзiлсiн;
      "Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi Мем. Орт. жарналар", "Жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары есептелдi", "Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына жарналар есептелдi", "Жұмыспен қамту қорына жарналар есептелдi" деген сөздер алып тасталсын;
      "Қосалқы шоттың дебетi" бағанында бұл жолдар бойынша тиiсiнше "200, 211, 200, 211, 200, 211, 200, 211" қосалқы шоттарының нөмiрлерi алып тасталсын;
      "Қосалқы шоттың кредитi" бағанында бұл жолдар бойынша тиiсiнше "198/1, 198/1, 198/2, 198/2, 159, 159, 199, 199" қосалқы шоттарының нөмiрлерi алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолдар енгiзiлсiн:
      "Әлеуметтiк салық есептелдi", "Қосалқы шоттың дебетi" бағанына "200, 211", "Қосалқы шоттың кредитi" бағанына "159";
      "Әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған алым есептелдi", "Қосалқы шоттың дебетi" бағанына "200, 211", "Қосалқы шоттың кредитi" бағанына "171";
      405-нысанның артқы бетiне:
      1-бағандағы "Арнайы қаражаттардың түрлері" деген сөздер "Ақылы қызмет

көрсетуді сатудан түсетін қаражаттардың түрлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
     25-бағанның атауы "Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған алым есептелді" 
деген сөздермен ауыстырылсын;
     26-бағанның атауы "Әлеуметтік салық есептелді" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     27, 28-бағандардың атаулары алып тасталсын;
     2) 408-нысанда мемориалдық ордердің атауындағы "жоспарлы" деген сөз 
"аванстық" деген сөзбен ауыстырылсын;
     3) 409-нысанда "14 мемориалдық ордер" мемориалдық ордердің атауындағы 
"Арнаулы табыстар бойынша" деген сөздер "Ақылы қызмет көрсетуді сатудан 
түсетін" деген сөздермен ауыстырылсын.
     
Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Нарбаев Е.А.