1998 жылдың 15 тамыздағы N 03-2 ОД бұйрығына өзгерістер енгiзу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі 1999 жылғы 17 мамыр N 28-ОД

Қолданыстағы
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Z980213_ Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының 28 бабын басшылыққа ала отырып,
               Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Төрағасы - Қазақстан Республикасының Министрінің 1998 жылдың 15-ші тамыздағы N 03-2 ОД бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылдың 5 қарашадағы 634 V980634_ нөмірмен тіркелген "Табиғи монополия субъектілерінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіру мен көрсету бағаларын (тарифтерін) есептегенде ескерілетін шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы нұсқаулығына" мынадай өзгерістер енгізілсін:
      12-тармағында:
      бірінші сөйлемнен "тәуелсіз сарапшы" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші сөйлем мынадай редакцияда берілсін:
      "Табиғи монополия субъектісі тапсырған техникалық негіздемелерді сараптаудан өткізуге, Өкілетті орган Білікті органды немесе тәуелсіз сарапшыны тартуға құқылы".
      15-ші тармақтың 7-ші азат жолы алынып тасталсын.
      2. Табиғи монополияларды реттеу департаменті (Попандопуло Е.Н.)

осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуін қамтамасыз етсін.
     3. Ұйымдық-кадрлар бөлімі (Герасимова Е.Н.) осы бұйрықты аумақтық 
комитеттерге және Мемлекеттік тізімнің республикалық тарауына 
енгізілген табиғи монополия субъектілеріне жеткізсін.
     4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары 
Е.А.Пушкареваға жүктелсін.
     
     Төраға
     
      Оқығандар:
        Омарбекова А.
        Қасымбеков Б.