Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің Ережесі туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитеті 1999 жылғы 23 сәуір N 66. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 19 мамыр N 768 тіркелді

Қолданыстағы

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" U952198_ Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заң күші бар Жарлығын орындау үшін бұйырамын:
      Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің Ережесі бекітілсін.
 
      Төраға
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітілді "___"_______1999 ж. N_______________
 
 
                 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің
                                 Ережесі
 
                          1. Жалпы жағдайлар
 
      1. Осы Ереже республика аумағында орналасқан құрылатын, қайта құрылатын және таратылатын заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеуi, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң есептiк тiркеуi бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң Тiркеу қызметi Комитетi мен аумақтық басқарма органдарының (бұдан әрi - тiркеушi органдар) әрекетiн реттейдi.
      2. Мемлекеттiк тiркеу субъектiлерге заңды тұлға мәртебесiн беру тәсiлi болып табылады. Заңды тұлға туралы деректердi заңды тұлғалардың регистрiне енгiзу және әдiлет органдары беретiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк субъектiнiң заңды тұлға құқықтарын иемденгенiнiң ресми айғағы болып табылады.
      3. Тiркеу барысында заңды тұлға құрудың, филиалдың немесе өкiлдiгiнiң ашылуының жөндiлiгi назарға алынбайды, бақылауды жүзеге асыру және оның өндiрiстiк-шаруашылық және қаржылық қызметiне араласу мақсаты көзделiнбейдi.
      4. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуi және олардың республика аумағындағы филиалдары мен өкiлдiктерiнiң есептiк тiркеуi:
      заңды тұлғаны, филиалдар мен өкiлдiктердi құру, қайта құру және тарату фактiсiн растау;
      құрылған, қайта құрылған және таратылатын заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкiлдiктердiң есепке алуын, сондай-ақ заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiмiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң реестрiн жүргiзу;
      заңды тұлғалардың, олардың филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестiгiн тексеру;
      заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпаратты (қызмет немесе кәсiпкерлiк құпиясы болып табылатын ақпаратты қоспағанда) мүдделi тұлғаларға келiсiмдi шартпен өткiзу мақсатымен жүзеге асады.
      5. Тiркеушi органдар құрылған, қайта құрылған және таратылған заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы деректерге ие заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн (бұдан әрi-Регистр) және заңды тұлғалар мен филиалдары мен өкiлдiктердiң реестрiн (бұдан әрi-Реестр) жүргiзедi.
      Регистр және Реестр жүргiзу тәртiбiн заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң реестрiн жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаулық анықтайды.
      Тiркеушi органдар бiрыңғай әдiстемелiк және бағдарламалық-технологиялық қағидаларға негiзделген бiрыңғай деректер банкiн жүзеге асырады. Тiркеу қызметi Комитетi құрылған, қайта құрылған және таратылатын заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы тiркеушi органдардан модемдi байланыс арқылы, қажет болған кезде қағазда немесе электронды қондырғыда (дискеталарда) алынған деректер негiзiнде бiрыңғай электронды деректер банкiн қалыптастыруды жүзеге асырады. Аймақтық электронды деректер банкiн жергiлiктi тiркеушi органдар қалыптастырады.
 
                      2. Тiркеу алымы
 
      6. Құрылған, қайта құрылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкiлдiктердiң мемлекеттiк тiркеуден өткенi үшiн жинақ қаржысына төлем төлеуi мен аудару тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдары бойынша реттеледi.
 
         3. Заңды түлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
 
      7. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуiне құрылатын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн тексеру, тiркеу нөмiрiн бере отырып оларға белгiлi бiр үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi беру, Регистрге заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi енгiзу жатады.
      8. Республика аймағында құрылатын барлық заңды тұлғаларға олардың құрылу мақсаттарына, олардың әрекетiнiң жайы мен түрiне, қатысушылардың құрамына қарамастан мемлекеттiк тiркеу мiндеттi болып табылады.
      Заңды тұлға қайта құрудың мынадай жағдайларында тiркеуге жатады.
      Өзгеру барысында заңды тұлға өзiнiң түрiн (ұйымдастыру-құқықтық нысаны) өзгертедi. Өзгеру арқылы қайта құрылатын заңды тұлға тiркеуден өтедi, бұл жағдайда тiркеушi органға өткiзу құжаты ұсынылады. Өз әрекетiн тоқтатқан (өзгерген) ұйым заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiнен шығарылуға тиiс, ол туралы жаңадан құрылған заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуi туралы бұйрықта көрсетiледi. Бұл жағдайда өз әрекетiн тоқтатқан заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң түпнұсқалары алынады.
      Қосу барысында бiр және бiрнеше заңды тұлғалар таратылып, өткiзу құжатына сәйкес қосылған заңды тұлғалардың мiндеттерi мен құқықтарын иемденетiн заңды тұлғаның iрiленуi жүзеге асады. Қосылған заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрден шығарылуға тиiс, бұл туралы мемлекеттiк қайта тiркеу туралы бұйрықта бiрден көрсетiледi. Егер қосылу нәтижесiнде заңды тұлға қайта тiркеуге тиiстi болмаса, онда тiркеушi орган қосылу туралы шешiм мен беру актiсiнiң негiзiнде қосылған заңды тұлғаларды бiрыңғай мемлекеттiк тiзбеден шығару туралы бұйрық шығарады. Бұл жағдайларда соңғылардың құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнің түпнұсқалары алынады. Бұйрықта қосылған заңды тұлғалардың және оларды қосып алған заңды тұлғаның толық атаулары көрсетiлуге тиiс.
      Бөлу барысында заңды тұлға таратылып, оның базасында екi және одан да көп заңды тұлғалар құрылады. Жаңадан құрылған заңды тұлғалар әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс. Бөлiнетiн заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға берiледi. Өз әрекетiн тоқтатқан ұйым заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiнен шығарылуға тиiс, ол туралы жаңадан құрылған заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуi туралы бұйрықта бiрден көрсетiледi. Өз әрекетiн тоқтатқан заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнің түпнұсқалары тiркеушi органға өткiзiледi.
      Бөлiп шығару барысында бiр заңды тұлғаның құрамынан бiр және бiрнеше заңды тұлғалар бөлiніп шығады. Бұл жағдайда алғашқы заңды тұлғаның әрекетi тоқтатылмайды, ал бөлiнiп шыққан (жаңадан пайда болған) заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуден өтедi. Қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi одан бөлiнiп шыққан әрбiр заңды тұлғаға бөлу балансына сәйкес берiледi.
      Қайта ұйымдасу нәтижесiнде пайда болған заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар осы заңды тұлғаны қайта ұйымдастырушы-қатысушыларға талап қою үшiн берiлген мерзiмнiң өтуiне қарай жүргiзедi.
      9. Занды тұлғаны тiркеу үшiн мыналар:
      белгiленген үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу туралы арыз. Мемлекеттiк кәсіпорындар, мемлекеттiк мекемелер, мекемелер және мемлекеттің үлес қатысы бар шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi мемлекет қатысуымен заңды тұлға) мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң, мемлекеттiң үлес қатысы бар шаруашылық серiктестiктердiң Реестр ұстау қызметiн жүзеге асырушы өкiлеттi органның (бұдан әрi реестрұстаушы) белгi соққан арызы;
      құрылтайшы және басқа да құжаттардың пакетi (құжаттардың тiзiмi 1 қосымшаға тiркеледi) ұсынылады.
      10. Жоғарыда көрсетiлген құжаттар ұсынылғаннан кейiн тiркеушi орган:
      ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын және олардың дұрыс құрастырылғанын, дайындалғанын тексередi;
      құрылтай құжаттары заңдарға сәйкес болғанда заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуi туралы бұйрық (бұйрық жобасын заңды тұлғаның құжаттарын қарастырған тiркеу қызметiнiң маманы екi данада дайындайды және оған осы маман, сонымен қатар тiркеу бөлiмiнiң бастығы немесе оның орынбасары қолын қояды, содан соң тiркеушi органының бастығына немесе оның орынбасарына қол қоюға ұсынады.);
      Регистрге, сол сияқты электронды банкке зиянды тұлға туралы берiлген мәлiметтердi енгiзедi;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы белгiленген нысандағы куәлiк бередi. Заңды тұлғаға тiркеу нөмiрiн беру тәртiбi Заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi реестрiн жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаулық анықтайды;
      iстi дайындап болғаннан кейiн (тиiстi штамптар мен мөр қойылғаннан кейiн) құрылтай құжаттардың түпнұсқасы өкiлеттi адамға қайтарылады.
      11. Жүргiзiлген тiркеуден кейiн тiркеушi орган:
      Комитеттiң бекiткен кестесi бойынша Тiркеу қызметi Комитетiне модем байланысы бойынша, қажет болған кезде қағазбен немесе электронды тасымалдаушы (дискетада) арқылы тiркелген, қайта тiркелген және тараған заңды тұлғалар туралы ақпарат жолдайды;
      10 күн iшiнде статистика органдарын (2 қосымша), сол сияқты реестрұстаушыны (3 қосымша) мемлекеттiк тiркеуден өткен заңды тұлға туралы хабардар етедi.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Әділет
               министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000
               жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұрығымен. V001062_
 
          4. Филиалдарды және өкiлдiктердi есептiк тiркеу тәртiбi
 
      12. Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан филиалдар (өкiлдiктер) заңды тұлға құқықтарын иемденусiз есептiк тiркеуге алынады. Оларға өзiн құрған заңды тұлғаның мүлкi берiледi және заңды тұлға бекiткен ережелер негiзiнде әрекет етедi.
      Филиалдардың (өкiлдiктердiң) есептiк тiркеуiне өзiне филиалдар (өкiлдiктер) туралы ережелердiң республика заңдарына сәйкестiгiн тексеру, тiркеу нөмiрiн бере отырып оларға есептiк тiркеу туралы куәлiктi беру, филиалдар (өкiлдiктер) туралы мәлiметтi Реестрге енгiзу кiредi.
      13. Филиал (өкiлдiк) туралы ережеде мыналар анықталады:
      филиалдың (өкiлдiктiң) атауы және тұрған жерi;
      филиалды (өкiлдiктi) құрған заңды тұлғаның атауы және тұрған жерi;
      филиалдың (өкiлдiктiң) қызмет мерзiмi;
      филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң мақсаты;
      коммерциялық емес ұйымдар филиалдары (өкiлдiктерi) қызметiнiң пәнi;
      филиалды (өкiлдiктi) басқару;
      филиалды (өкiлдiктi) тоқтатудың шарты.
      Ережеде заңға қайшы келмейтiн басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн. Филиал (өкiлдiк) туралы ереже заңды тұлғаның өкiлеттi органымен бекiтiледi, заңды тұлғаның мөрi басылады және оның басшысының қолы қойылады.
      14. Филиалды (өкiлдiктi) тiркеу үшiн мыналар:
      белгiленген үлгiдегi филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы арыз;
      филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу үшiн қажеттi белгiленген үлгiде толтырылған құжаттардың пакетi ұсынылады (4 қосымша).
      15. Жоғарыда көрсетiлген құжаттар ұсынылғаннан кейiн тiркеушi орган:
      ұсынылған құжаттар пакетiнiң толықтығын және олардың дұрыс құрастырылғанын тексередi;
      филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы бұйрық шығарады;
      Тiзiмге, сол сияқты электронды банкке филиал (өкiлдiк) туралы берiлген мәлiметтердi енгiзедi;
      филиалға (өкiлдiкке) белгiленген үлгiдегi есептiк тiркеу туралы куәлiктi бередi. Филиалға (өкiлдiкке) тiркеу нөмiрiн беру тәртiбi Заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi реестрiн жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаулық анықтайды;
      құжаттардың бiр-бiр данасынан тұратын iс дайындауға мiндеттi. Iс дайын болғаннан кейiн (тиiстi штамптар мен мөр қойылғаннан кейiн) филиал (өкiлдiк) туралы ереженiң түпнұсқасын өкiлеттi тұлғаға қайтарылады.
      16. Аумақтық тiркеушi органдар Тiркеу қызметi Комитетiне Комитеттiң бекiткен кестесi бойынша тiркелген, қайта тiркелген және тараған филиалдар (өкiлдiктер) туралы мәлiметтердi модем байланысы бойынша, қажет болса қағазбен немесе дискета арқылы жолдауға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Әділет
               министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000
               жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұрығымен. V001062_
 
               5. Заңды тұлғаны қайта тiркеу
 
      17. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi (жалпы бөлiм) 42 бабы 6 тармағына сәйкес заңды тұлға келесi жағдайда:
      1) жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң жарғылық капитал мөлшерiнiң және акционерлiк қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшерi азайғанда;
      2) атауы өзгергенде;
      3) шаруашылық серiктестiктерiндегi және жабық акционерлiк қоғамдарындағы қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тiркеуден өтуге тиiс.
      Өкiлеттi орган шешiмi қабылданған сәттен бастап бiр айдың iшiнде заңды тұлға тiркеушi органға қажеттi құжаттар пакетiмен қоса ұсына отырып қайта тiркеу туралы арыз беруге мiндеттi.
      Қатысушылар құрамының өзгеруi, атауының өзгеруi немесе жарғылық капиталының азаюы негiзiнде заңды тұлғаның қайта тiркеуi қайта құрудың келесi жағдайларында болуы мүмкiн.
      Қосу барысында бiр және бiрнеше заңды тұлғалар таратылып, өткiзу қажетiне сәйкес қосылған заңды тұлғалардың мiндеттерi мен құқықтарын иемденетiн бiр заңды тұлғаның iрiленуi жүзеге асады. Қосылған заңды тұлғалар Регистрден шығарылуға тиiс, бұл туралы мемлекеттiк қайта тiркеу туралы бұйрықта бiрден көрсетiледi. Егер қосылу нәтижесiнде заңды тұлға қайта тiркеуге тиiстi болмаса, онда тiркеушi орган қосылу туралы шешiмi мен беру актiсiнiң негiзiнде қосылған заңды тұлғаларды Регистрден шығару туралы бұйрық шығарады. Бұл жағдайларда соңғылардың құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгінiң түпнұсқалары алынады. Регистрден шығару заңды тұлғаның қызметiнiң тоқтатылғаны туралы жазба бойынша жүргiзiледi. Бұйрықта қосылған заңды тұлғалардың және оларды қосып алған заңды тұлғаның толық атаулары көрсетiлуге тиiс.
      Бөлiп шығару барысында бiр заңды тұлғаның құрамынан бiр және бiрнеше заңды тұлғалар бөлiнiп шығады. Бұл жағдайда алғашқы заңды тұлғаның әрекетi тоқтатылмайды, ал бөлiнiп шыққан (жаңадан пайда болған) заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуден өтедi. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 42 бабы 6 тармағында көрсетiлген негiздер бар болған жағдайда алғашқы заңды тұлға қайта тiркеледi. Қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi бөлiнген әрбiр заңды тұлғаға бөлу балансына сәйкес берiледi.
      Ұйымдардың кейбiр түрлерінің қайта құруы заңдар қарастыратын ерекшелiктердi есепке ала отырып жүзеге асады.
      18. Заңды тұлғаны қайта тiркеу үшiн тiркеушi органға мыналар:
      заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы белгiленген үлгiдегi арызы. Заңды тұлғалар мемлекет қатысуымен реестрұстаушының белгiсi бар арызды тапсырады;
      құрылтай құжаттарына өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу туралы өкiлдi органның мөрi қойылған шешiмi;
      өзгерiстер (толықтырулар) енгiзiлетiн құрылтай құжаттар. Мұнда өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу екi тәсiлмен жүргiзiлуi мүмкiн: жаңа редакцияда құрылтай құжаттарды жасау немесе өзгерiстердi (толықтыруларды) бұрынғы құрылтай құжаттарға қосымша түрiнде белгiлеу;
      бұрынғы құрылтай құжаттарды түпнұсқалары;
      мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің түпнұсқасы және статистика карточкасының көшiрмесi;
      қайта тiркеу үшiн алымның төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi ұсынылады.
      Көрсетiлген құжаттардың тiзiмi қайта тiркеудің барлық жағдайларын өткенде ұсынылады.
      19. Қайта тiркеудiң негiздерiне қарай заңды тұлға Қазақстан Республикасы заң актiлерiне сәйкес тiркеушi органға басқа құжаттарды ұсынуы тиiс. Шаруашылық серiктестігінен және жабық акционерлiк қоғам құрамынан шыққан жағдайда, құрылтайшылар құрамынан (акцияның ауысуы, үлестiң көшуi) қатысушының шыққандығын дәлелдейтiн құжат ұсынылады. Заңды тұлға қайта құрылғанда тiркеушi органға осы Ереженiң 18 тармағында аталған құжаттардан басқа қайта құрылған заңды тұлғаның мiндеттерi бойынша құқықтық мүрагерлiк туралы ереже (мәлiмет) көрсетiлген бөлу балансы немесе өткiзу акт ұсынылады.
      20. Құжаттар ұсынылғаннан кейiн тiркеушi орган:
      ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын және олардың дұрыс құрастырылғанын, дайындалғанын тексередi;
      мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұрынғы куәлiктiң күшiн жою туралы және қолданымдағы заңдар бұзылмаған жағдайда осы Ереженiң 10 тармағында қаралған тәртiпке сәйкес заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы бұйрық шығарады;
      Регистрге, сол сияқты электронды банкке заңды тұлға туралы берiлген мәлiметтердi енгiзедi;
      Заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы белгiленген үлгiдегi куәлiк бередi. Заңды тұлғаға тiркеу нөмiрiн беру тәртiбi Заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi реестрiн жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаулық анықтайды;
      iстi жаңа құрылтай құжаттармен немесе бұрынғы құрылтайшы құжаттарға қосымша ретiнде енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулармен, сол секiлдi бұрынғы куәлiктің түпнұсқасымен, статистикалық карточканың көшiрмесiмен және заңды тұлғаның басқа құжаттарымен толықтырады. Iс қалыптастырылып болғаннан кейiн (тиiстi штамптар қойылғаннан кейiн) құрылтай құжаттардың түпнұсқасын өкiлеттi адамға қайтарылады.
      он күн iшiнде заңды тұлғаның мемлекеттiк қайта тiркелгенi туралы статистика органдарына (5 қосымша) және заңды тұлғаның мемлекет қатысуымен қайта тiркеуi болған жағдайда реестрұстаушыны (3 қосымша) хабардар етедi.
      21. Заң актiлерiнде көзделген негiз бойынша заңды тұлғаның қайта тiркелуiнсiз құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер жарамсыз болып табылады.
 
         6. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгертулер мен
                    толықтырулар енгізудiң тәртiбi
 
      22. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi қайта тiркелуге апарып соқпайтын және алымды төлемей-ақ жүзеге асатын басқа мәлiметтердің өзгеруi туралы хабарлауға тиiстi (тұрған жерiнiң ауысуы, филиалдар немесе өкiлдiктердiң ашылуы және т.б.). Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына мұндай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн жағдайда заңды тұлға бұл жайлы бiр ай мерзiм iшiнде тiркеушi органға хабарлауға тиiс.
      23. Қайта тiркелуге әкелiп соқпайтын өзгерiстер мен толықтыруларды құрылтай құжаттарына енгiзу үшiн тiркеушi органға келесi құжаттар:
      өз еркiмен жазылған (мемлекет қатысуымен заңды тұлға реестрұстаушының белгiсi бар арыз) арыз;
      құрылтай құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңды тұлғаның өкiлдi органының мөр басылған шешiмi немесе одан жасалған үзiндi;
      заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың мәтiнi (екi данада). Өзгертулер мен толықтырулар заңды тұлғаның шешiмiнде көрсетiлуi мүмкiн, бұл жағдайда ол екi данада ұсынылады. Егер заңға сәйкес құрылтай құжаттарды нотариалдық куәландыруы қажет болса, онда оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар да нотариалды тәртiпте куәландырылуы қажет;
      бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқаларын ұсынады.
      24. Көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн тiркеушi орган:
      олардың дұрыс құрастырылғанын және енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың заңға сәйкестiгiн тексередi;
      кемшiлiктерi болмаған жағдайда құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу туралы бұйрық шығарады;
      Регистрге, сол сияқты электронды банкке жаңа деректердi енгiзедi;
      заңды тұлғаның тапсырған құжаттарын iске тiгедi. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар мәтiнiнiң екi данасына, сол сияқты бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқаларына тiркеушi органның тиiстi штамптары соғылады. Өзгерiстер мен толықтырулар мәтiнiнiң түпнұсқаларын және бұрынғы құрылтай құжаттарын өкiлеттi тұлғаға қайтарады;
      құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу жүргiзiлгендiгi жайында статистика органдарына, сонымен қатар мемлекеттің қатысы бар заңды тұлғаға қатысты реестрұстаушыға хабарлайды (3 қосымша).
      ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Әділет
               министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000
               жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұрығымен. V001062_
      25. 3аңды тұлғаның мекен-жайын бiр облыстан екiншi облысқа (Астана және Алматы қалалары) ауыстыруына байланысты құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзген жағдайда тiркеушi орган:
      құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы қайта толтырылған куәлiктi беру және бұрынғы куәлiктi жою туралы бұйрық шығарады;
      Регистрге, сол сияқты электронды банкке заңды тұлға туралы мәлiметтердi енгiзедi;
      жаңа мекен-жайы, жаңа тiркелген нөмiрi және заңды тұлғаның жаңа тiркелген (қайта тiркелген) күнi көрсетiлген заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы белгiлi үлгiдегi куәлiктi бередi;
      заңды тұлғаның бұрынғы мекен-жайы бойынша тiркеушi органнан оның құжаттарын сұратып алады;
      iске бұрынғы куәлiктiң түпнұсқасын, статистика карточкасының көшiрмесiн, сол сияқты жаңа ұсынылған құжаттарды тiгедi;
      он күн iшiнде статистика органдарына (6 қосымша), сол сияқты реестрұстаушыға (мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаға қатысты) (3 қосымша) заңды тұлғаның мекен-жайының өзгергенi туралы хабарлайды;
      бұйрық көшiрмесiн заңды тұлғаның бұрынғы мекен-жайындағы тiркеушi органға жiбередi. Алынған бұйрық көшiрмесi негiзiнде тiркеушi орган Регистрге заңды тұлға қызметiн тоқтатқаны туралы жазбаны және электронды банкке деректердi енгiзу арқылы Регистрден бұрын тiркелген заңды тұлға туралы мәлiметтi жояды. Бұрынғы мекен-жайдағы тiркеушi орган заңды тұлғаның бұл облыс аумағында қызметiн тоқтатқаны туралы статистика органдарына 10 күн iшiнде хабарлайды (7 қосымша).
      ЕСКЕРТУ. 25-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Әділет
               министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000
               жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұрығымен. V001062_
      25-1. Заңды тұлғаның тұрған жерi бiр облыстың (Астана және Алматы қалаларының) аумағы iшiнде өзгерген жағдайда тiркеушi орган:
      құрылтай құжаттарға енгiзiлген өзгерiстердi тiркеу, қайта дайындалған мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк беру және бұрынғы куәлiктiң күшiн жою туралы бұйрық шығарады;
      Регистрге, сонымен қатар электронды деректер банкiсiне заңды тұлғаның тұрған жерiнiң өзгергенi жөнiндегi мәлiметтердi енгiзедi;
      заңды тұлғаның жаңа тұрған жерi, бұрынғы тiркеу нөмiрi мен тiркелген күнi көрсетiлген мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк бередi. Тiркеушi органның тиiстi мөртаңбалары мен мөрi қойылғаннан кейiн құрылтай құжаттың түпнұсқасы өкiлеттi тұлғаға берiледi;
      бұрынғы куәлiктiң түпнұсқасы мен тапсырылған өзге де құжаттарды заңды тұлғаның тiркеу материалдарына тiгедi;
      10 күн iшiнде статистика органдарын (6-қосымша), сонымен қатар реестрұстаушыны (мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалар бойынша) (3-қосымша) заңды тұлғаның тұрған жерiнiң өзгергенi туралы хабардар етедi.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 25-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы
               Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының
               2000 жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұрығымен. V001062_
 
          7. Филиалдар мен өкiлдiктердi қайта тiркеу
 
      26. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi (жалпы бөлiм) 42 бабы 4 тармағына сәйкес филиал (өкiлдiк) атауы өзгерген жағдайда қайта тiркеуден өтуi тиiс.
      27. Филиалдың (өкiлдiктiң) қайта тiркелуi осы Ереженiң 18 және 20 тармақтары қарастыратын тәртiппен филиалға (өкiлдiгiне) қатысты жүзеге асырылады. Филиалға (өкiлдiкке) есептiк қайта тiркеу туралы куәлiк берiледi.
      28. Филиал (өкiлдiк) туралы ережеге қайта тiркеуге әкелiп соқтырмайтын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу осы Ереженiң 22 - 25-1 тармақтарына сәйкес филиалға (өкiлдiкке) қатысты жүзеге асырылады. Филиал (өкiлдiк) тұрған жерiн бiр облыстан басқа облысқа ауыстырған жағдайда қайта дайындалған есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 28-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Әділет
               министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000
               жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұрығымен. V001062_
 
                8. Тiркеу туралы куәлiктің дубликатын беру
 
      29. Заңды тұлғаның, оның филиалдары мен өкiлдiктерiнің өтiнiшi бойынша тiркеушi орган 7 күннiң iшiнде мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң дубликатын бередi.
      Заңды тұлғаның (филиалдың, өкiлдiктiң) мемлекеттiк тiркеуi (қайта тiркеуi) туралы дубликатты беру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметi берiлген тәртіпте және мөлшерде алым алынады.
 
               9. Заңды тұлғаны таратуды тiркеу
 
      30. Заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған заңды тұлғаның мүлкiнiң меншiк иесi немесе өкiлеттi орган таратылатын заңды тұлғаның тұрған жерiндегi тiркеушi органға бұл тарату туралы бiрден хабарлайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 50 бабы 1 тармағы).
      31. Таратуды тiркеу үшiн тiркеушi органға келесi құжаттар:
      белгiленген үлгiдегi таратуды тiркеу туралы арыз (мемлекеттiк үлес қатысы бар ұйымдар реестрұстаушының белгiсi соғылған арызы);
      заңды тұлғаны тарату туралы шешiмнiң (соттың, өкiлеттi органның заңды тұлғаның мүлкiнiң меншiк иесi және т.б.) көшiрмесi;
      құрылтай құжаттары мен статистикалық карточканың түпнұсқалары;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуi немесе қайта тiркеуi туралы куәлiгiнің түпнұсқасы;
      таратуды тiркеу үшiн алымның төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi;
      заңды тұлғаны тарату және несие берушiлердiң тiлектерiн бiлдiру тәртiбi мен мерзiмi туралы деректердің жарияланғанын растайтын құжат. Заңды тұлғаны тарату туралы ақпарат, сондай-ақ несие берушiлердiң тiлектерiн бiлдiру тәртiбi мен мерзiмi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми баспасында жариялануға тиiс;
      заңды тұлғаның мүлкiнiң меншiк иесi немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiткен тарату балансы;
      заңды тұлғаның мөрi немесе заңды тұлғаның мөрiн жоюға қабылдаған iшкi iстер органынан түбiртек (анықтама).
      32. Осы Ереженiң 31 тармағында көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн тiркеушi орган 10 күн iшiнде:
      тарату тәртiбi дұрыс болған жағдайда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң күшiн жою және заңды тұлғаның әрекетiн тоқтатылғаны туралы деректердi Регистрге және электронды деректер банкiне енгiзу туралы бұйрық шығарады. Заңды тұлғаны таратудың белгiленген тәртiбi бұзылған жағдайларда тiркеушi орган таратуда тiркеуден бас тарту туралы бұйрық шығарады;
      Регистрге және электронды деректер банкiне заңды тұлғаның әрекетінің тоқтатылғаны туралы жазба енгiзедi;
      заңды тұлғаның мөрiн жояды және акт (8 қосымша) жасайды (бұл туралы iшкi iстер органынан түбiртек болмаған жағдайда);
      құрылтай құжаттарының, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң және статистикалық карточканың түпнұсқаларын, мөрдi жою туралы актыны, сондай-ақ басқа да ұсынылған құжаттарды әдiлет органының архивiне өткiзедi;
      заңды тұлғаны таратудың аяқталғаны туралы статистика органдарына және реестрұстаушыға (мемлекет қатысуы бар заңды тұлғаларға қатысты) хабарлайды (7 қосымша).
      Ұйымдардың кейбiр түрлерiн (банк және т.б.) тарату заңдар қарастыратын ерекшелiктердi ескере отырып жүзеге асырылады.
      33. Сот банкрот деп таныған заңды тұлғаны таратуды тiркеу банкрот деп тану туралы сот шешiмi және байқау өндiрiсiнiң аяқталғаны туралы сот анықтамасы негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тiркеушi органға таратуды тiркеу туралы арызды тапсыру қажет емес.
 
           10. Филиал мен өкiлдiктi есептен алудың тәртiбi
 
      34. Филиалды (өкiлдiктi) есептен алу үшiн тiркеушi органға:
      филиалды (өкiлдiктi) есептен алу туралы белгiленген үлгiдегi арыз;
      филиалды (өкiлдiктi) қысқарту туралы заңды тұлғаның өкiлеттi органының немесе соттың шешiмi;
      филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы, филиалдың (өкiлдiктiң) ережесi және статистикалық карточкасы;
      филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтатылғанын тiркеу үшiн алымды төлеу туралы түбiртек (төлем тапсырмасының көшiрмесi) тапсырылады.
      35. Тiркеушi орган филиалды (өкiлдiктi) есептен алу туралы арызды алған күннен бастап 10 күннiң iшiнде:
      тапсырылған құжаттардың толықтығы мен тағайындалғанының дұрыстығын тексередi;
      кемшiлiктер болмаған жағдайда филиалды (өкiлдiктi) есептен алу, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы куәлiктiң күшiн жою және Реестр мен электронды деректер банкiсiне филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтағаны жөнiнде мәлiмет енгiзу туралы бұйрық шығарады;
      Реестрге және электронды деректер банкiсiне филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтағаны жөнiнде мәлiмет енгiзедi;
      10 күн iшiнде статистика органдарын филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтағаны жөнiнде хабардар етедi (7-қосымша).
      Тiркеушi орган тапсырылған құжаттарда кемшiлiктер болған жағдайда (құжаттар дұрыс тағайындалмаса, филиалды (өкiлдiктi) қысқарту туралы шешiмдi өкiлеттiлiгi жоқ жақ қабылдаса, осы Ереженiң 34-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуi болмаса және т.б.) филиалды (өкiлдiктi) есептен алудан бас тарту туралы бұйрық шығарады.
      Филиалды (өкiлдiктi) есептен алу үшiн тапсырылған құжаттар тiркеушi органда сақталады.
      ЕСКЕРТУ. 10-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы
               Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының
               2000 жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұрығымен. V001062_
 
             11. Мемлекеттiк тiркеу мерзiмi. Тiркеуден бас тарту
 
      36. Заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуi, филиал мен өкiлдiктiң есептiк тiркеуi қажеттi құжаттарды ұсына отырып арыз берген күннен бастап 15 күннен кешiктiрiлмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн 3 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
      37. Құжаттардың толық емес пакетi ұсынылған, оларды қарастыру барысында анықталған жетiспеушiлiктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысы қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерi қарастыратын басқа да негiздемелер бойынша мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмi үзiледi.
      38. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден), оның филиалы мен өкiлдiгiнiң есептiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тарту оларды құрудың заң қарастыратын тәртiбi бұзылған жағдайда немесе олардың құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес болмаған жағдайларда мүмкiн.
      39. Тiркеуден бас тартқан немесе тiркеу мерзiмiн үзген жағдайларда тiркеушi орган нақты заңның (оның нақты бабының) бұзылғанына сiлтемесi бар бұйрық шығарады. Мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартқан жағдайда мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн төленген алым, мемлекеттiк тiркеуге (қайта тiркеуге) ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
      Мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаны тiркеуден бас тарту кезiнде тiркеушi орган бұл жөнiнде 10 күн iшiнде реестрұстаушыға хабарлайды.
      40. Тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмiнiң үзiлiсi жарияланған жағдайда тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмiнiң үзiлiсiне себеп болған, қолданып жүрген заңға қайшылығы бар құжаттар қайтарылмайды. Қолданып жүрген заңға сәйкес келтiрiлген құжаттар қайта ұсынылғанда тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмi жалғастырылады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк
тiркеу Ережесiне 1 қосымша
 
 
              Тiркеуге ұсынатын құжаттардың тiзiмi
 
      1. Акционерлiк қоғам:
тiркеу туралы өтiнiш; жарғы; құрылтай шарты (банктер үшiн); құрылтай жиналысының хаттамасы; тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. 2. Мемлекеттiк кәсiпорын: тiркеу туралы өтiнiш; жарғы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе жергiлiктi атқару органының кәсiпорынды құру туралы шешiмi; тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. 3. Мемлекеттік мекеме: тiркеу туралы өтiнiш; мемлекеттiк мекеменi құру туралы шешiм; ереже (жарғы); тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. 4. Тұрғын үй-құрылыс кооперативi және тұрғын үй кооперативi: тiркеу туралы өтiнiш; жарғы; тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. Ескерту: Тұрғын үй-кұрылыс және тұрғын үй кооперативтерi кооператив мүшелерiнiң фамилиясы, аты, әкесiнің аты, туған жылы, тұрған жерi туралы мәлiметтер бар тiзiмдi ұсынады. 5. Сенiм серiктестiк: тiркеу туралы өтiнiш; егер өз қызметiн Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асырмайтын болса, жарғы; құрылтай шарт; тұрған жерiн растайтын құжат (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен басқа); тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. 6. Yй (пәтер) иелерiнiң кооперативi: тiркеу туралы өтiнiш; кондоминиум объектiсiндегi үй иелерi құрылтай жиналысының хаттамасы; жарғы; кондоминиум объектiсiн тiркеу туралы мемлекеттiк акт; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. 7. Адвокаттар алқасы: тiркеу туралы өтiнiш; адвокаттар алқасының мүшелерiнiң жалпы жиналысымен (конференция) бекiтiлген жарғы; тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. 8. Нотариалдық палата: тiркеу туралы өтiнiш; жарғы; тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. 9. Қоғамдық қор: тiркеу туралы өтiнiш; жарғы; құрылтай шарт (құрылтайшысы бiр адамнан көп болғанда); тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. 10. Қоғамдық бiрлестiк: тiркеу туралы өтiнiш; құрылтай съезiнде (конференцияда, жиналысында) қабылданған жарғы;
      жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) хаттамасы, оған съезд (конференция, жиналыс) төрағасы және хатшы қол қояды;
      тiркелетiн бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiн құру туралы азаматтардың конференцияларының (жиналысының) хаттамалары; а) республикалық бiрлестiк республика облыстарының жартысынан көбiнің хаттамаларын ұсынады; б) аймақтық бiрлестiк республиканың екi немесе бiрнеше облыстарының хаттамаларын ұсынады; тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi, айы, жылы, мекен-жайы, үй және қызмет телефоны, жеке қолтаңбасы көрсетiлген қоғамдық бiрлестiктің бастаушы азаматтарының тiзiмi; тегi, аты, әкесiнiң аты, сайлаулы қызметi, туған жылы, мекен-жайы, үй және қызмет телефоны, қоғамдық бiрлестiктiң басқарушы органы мүшелерiнiң тiзiмi; қоғамдық бiрлестiктiң басқарушы органының тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi; Ескерту: 1. Саяси партияларды тiркегенде қосымша ұсынылады: партия бағдарламасы; тегi, аты, әкесiнің аты, туған жылы, тұрақты мекен-жайы көрсетiлген партия мүшелерiнiң (3000 азаматтан кем емес) тiзiмi. 2. Республикалық немесе аймақтық қоғамдық бiрлестiк тiркеуiнде қоғамдық бiрлестiктердiң филиалдары немесе өкiлдiктерi туралы үлгi ереже ұсынылады. 11. Заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгі: тiркеу туралы өтiнiш; бiрлестiктiң барлық құрылтайшылары қолын қойған және олардың мөрлерiмен куәланған құрылтай шарты; тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. 12. Аудиторлық палата: тiркеу туралы өтiнiш; жиналыс хаттамасы; жарғы; тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. 13. Толық серiктестiк: тiркеу туралы өтiнiш; егер өз қызметiн Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асырмайтын болса, жарғы; құрылтай шарт; тұрған жерiн растайтын құжат (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен басқа); тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. 14. Өндiрiстiк кооператив: тiркеу туралы өтiнiш; егер өз қызметiн Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асырмайтын болса, жарғы; құрылтай шарт (құрылтайшылар қалауы бойынша); тұрған жерiн растайтын құжат (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен басқа); тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. Ескерту: Егер өндiрiстiк кооператив құру барысында құрылтай шарты бекiтiлмесе, онда тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, тұрақты мекен-жайы көрсетiлген өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң тiзiмi тiркеушi органға ұсынылуға тиiс. 15. Тұтыну кооперативi: тiркеу туралы өтiнiш; жарғы; тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
      Ескерту: Тұтыну кооперативi кооператив мүшелерiнiң фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, тұрған жерi (азаматтар үшiн), тұрған жерi туралы, банк реквизитi және мемлекет тiркеу туралы мәлiметтер бар (заңды тұлға үшiн) тiзiмдi ұсынады.
      16. Дiни бiрлестiк:
      тiркеу туралы өтiнiш;
      құрылтай съезiнде (конференцияда, жиналысында) қабылданған жарғы;
      жарғыны қабылдаған жиналыстың (конференцияның, съездiң, құрылтайдың) нөмiрленген, тiгiлген хаттамасы, оған уәкiлеттi тұлға қол қояды; тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi, айы, жылы, мекен-жайы, үй және қызмет телефоны, жеке қолтаңбасы көрсетiлген қоғамдық бiрлестiктiң бастаушы азаматтарының тiзiмi; тегi, аты, әкесiнiң аты, сайлаулы қызметi, туған жылы, мекен-жайы, үй және қызмет телефоны, қоғамдық бiрлестiктің басқарушы органы мүшелерiнiң тiзiмi; тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi; Ескерту: 1.Республика шеңберiнен тыс басқарушы орталығы бар дiни бiрлестiктер қосымша: қазақ немесе орыс тiлiне аударылған, нотариалды куәландырылған шетел орталығының жарғысының көшiрмесi;
      дiни орталық өз елiнiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын қазақ немесе орыс тiлiне аударылған, нотариалды куәландырылған тiзiлiм көшiрмесi немесе басқа құжат ұсынады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететiн дiни бiрлестiктердiң басшыларын шетел дiни орталықтарының тағайындауы республика басқару органдарының келiсiмi бойынша жүзеге асады.
      3. Дiни оқу мекемесi қосымша оқу мекемесiн құру туралы дiни басқарманың (орталықтың) сәйкестi органның шешiмiн және жергiлiктi атқару органында аккредитацияланғанын растайтын құжатты ұсынады.
      4. Дiни басқармалар (орталықтар) негiзiн салған дiни оқу мекемелерiнiң, мешiттерiнiң, монастрлердiң және басқа да дiни бiрлестiктердiң жарғыларын (ережелерiн) осы дiни басқармалар (орталықтар) бекiтедi. Тiркеу үшiн оларды құру туралы дiни басқарманың (орталықтың) сәйкестi органының шешiмi ұсынылады.
      5. Екi және одан да көп облыстардың аумағында қызмет ететiн дiни бiрлестiктердi тiркеу үшiн дiни бiрлестiктердiң филиалдары немесе өкiлдiктерi туралы үлгi ережесi ұсынылады. 17. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк: тiркеу туралы өтiнiш; егер өз қызметiн Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асырмайтын болса, жарғы; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. 18. Қосымша жауапкершілігі бар серiктестiк: тiркеу туралы өтiнiш; егер өз қызметiн Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асырмайтын болса, жарғы; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. Ескерту: Мына жағдайда, егер серiктестiк құрылтайшылары өз қызметiн серiктестiктің Үлгi жарғысы негiзiнде жүзеге асыру жөнiнде шешiм қабылдаған болса, серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде жарғыны ұсыну талап етілмейді. Осы жағдайда арызға барлық құрылтайшылар қол қояды, қолдардың растығы нотариалды куәландырылады. 19. Мекеме: тiркеу туралы өтiнiш; мекеменi құру туралы меншiк иесi шешiмi; ереже (жарғы); құрылтай шарт немесе басқа да келiсiм (құрылтайшысы бiрден көп болған жағдайда); тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. Тiркеуге ұсынатын құжаттардың барлық тiзiмiне Ескертулер:
      1. Заңды тұлғаны тiркеу туралы өтiнiш Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгi белгiлеген нысанда мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде берiледi.
      Өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшының өкілеттi тұлғасы қол қояды.
      2. Жұмыстарының пәнi банк қызметi болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң оны ашуға рұқсаты қажет.
      3. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары тiгiлген әрi нөмiрленген түрде екi данада берiледi.
      4. Шетел қатысуы бар заңды тұлғаларды тiркеу үшiн қосымша мыналар ұсынылады: құрылтайшысы жеке тұлға үшiн - шетелдiң жеке тұлғасы болып табылатындығын растайтын, мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiне аударылған, нотариалды куәландырылған паспорт немесе жеке тұлғаның өзiн куәландыратын басқа құжатты, заңды тұлға үшiн - шетел мемлекетiнiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын, мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аударылған, нотариалды куәландырылған, сауда тiзiмiнен ресми үзiндi немесе басқа құжат ұсынылады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу Ережесіне 2 қосымша Статистика органы __________ ____________________________ Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы Хабарлама _____________________________________________________________________ |N | Заңды тұлға атауы | Тұрған жері (мекен- | Тіркеу нөмірі және | | | | жайы) | тіркеу күні | |__|___________________|_____________________|________________________| | 1| 2 | 3 | 4 | |__|___________________|_____________________|________________________| ___________________ ______________________ басшысы қолы аты-жөні
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу Ережесіне 3 қосымша
 
 
                       Хабарлама
____________________________________________________________________ (тіркеуші органның атауы)
____________________________________________________________________ тіркеу, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыру. ____________________________________________________________________ лар енгізу туралы хабарлайды* "___"_______________199 ж. N_______ арыз негізінде: арыздың реттік нөмірі (таңбаны қарау керек) Толық атауы ________________________________________________________ Қысқаша атауы_______________________________________________________ Тіркеу нөмірі_______________________________________________________ Мемлекеттік тіркеу күні_____________________________________________ Ұйымдастыру-құқықтық нысаны_________________________________________ Бірінші басшысы ___________________________________________________ ( аты-жөні) Заңды тұлғаның тұрған жері__________________________________________ Индекс ___________облысы____________________________________________ Қаласы _____________көшесі _______________________үй N _____________ Телефон _________________факс ______________________________________ ___________________________ _______________ тіркеу органының басшысы қолы * Жазбаның түрі, қайта тіркеудің күні мен негізі, тұрған жерінің, жарғылық капиталдың мөлшері (мемлекет үлесінің мөлшері) өзгеруі, қайта атауда бұрынғы атауы көрсетіледі.
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк
тiркеу Ережесiне 4 қосымша
 
 
             Филиал мен өкiлдiктердi есептiк тiркеуге ұсынатын құжаттардың тiзiмi 1. Қазақстандық заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiктерi: есептiк тiркеу туралы өтiнiш; филиал немесе өкiлдiк туралы заңды тұлға органы бекiткен ереже; филиал немесе өкілдiк басшысына заңды тұлға органынан берiлген сенiмхат; филиал немесе өкiлдiктi ашу туралы заңды тұлға органының шешімінен үзінді; заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшiрмесi; заңды тұлғаның жарғысының (ережесiнiң) көшiрмесi; тұрған жерiн растайтын құжат; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. 2. Шетелдік заңды тұлғаның филиалы мен өкілдіктері: есептiк тiркеу туралы өтiнiш; филиал немесе өкiлдiк туралы заңды тұлға органы бекiткен ереже;
      филиал немесе өкiлдiк басшысына заңды тұлға органынан берiлген нотариалды куәландырылған мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде сенiмхат;
      филиал немесе өкiлдiктi ашу туралы заңды тұлға органының шешiмiнен нотариалды куәландырылған мемлекеттiк немесе орыс тілінде үзiндi;
      Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашып отырған субъектiнiң өз елiнiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын, мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аударылған, нотариалды куәландырылған, сауда тiзiмiнен ресми үзiндi немесе басқа құжат;
      заңды тұлғаны құрылтай құжаттарының мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аударылып нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      тұрған жерiн растайтын құжат;
      тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
 
      Ескерту:
 
      1. Филиал немесе өкілдікті есептік тіркеу туралы өтініш Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі белгілеген нысанда беріледі.
      2. Филиалдың немесе өкілдіктің ашылуы жөнінде шешім және оның басшысына берілетін сенімхат бір құжат түрінде дайындалуы мүмкін. Филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген сенімхат оны сайлау немесе тағайындау тәртібіне сәйкес қоғамдық бірлестіктер және діни бірлестіктердің филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеген кезде берілмеуі мүмкін.
      3. Жұмыстарының мәні банк қызметі болып табылатын филиал немесе өкілдікті есептік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оны ашуға рұқсаты қажет.
      4. Мемлекеттік кәсіпорын филиал құрған жағдайда меншік иесі немесе оның өкілетті органының филиал құруға келісім туралы құжат тапсыру керек.
      5. Филиал немесе өкілдік туралы ереже тігілген әрі нөмірленген түрде екі данада беріледі.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу Ережесіне 5 қосымша
 
Статистика органы _____________
_______________________________
 
 
                Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы Хабарлама _______________________________________________________________ заңды тұлғаның атауы _______________________________________________________________ "________"_____________________ ж. тіркелген (қайта тіркелген) N _________________________________, ОҚЖК коды _______________ "_____"_____________________ ж.___________________________ _____________________________________________________ негізінде "_____"______________ ж. қайта тіркелді. _____________ ________________ ________________________ басшысы қолы аты-жөні Ескерту: 1. Хабарлама статистика органына әр 10 күн сайын жіберіліп отырады. 2. Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу кезінде статистика органына осы нысанда жіберіледі.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу Ережесіне 6 қосымша
 
Статистика органы _____________
_______________________________
 
 
                Заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) тұрған жерінің өзгергені жөніндегі хабарлама Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі Агенттігі __________________________________________________________________ заңды тұлғаның филиал мен өкілдіктің атауы __________________________________________________________________ тіркеуші органның атауы __________________________________________________________________ тіркеу нөмірі, тіркеу күні, ОҚЖК коды тұрған жерінің өзгергендігі туралы хабарлайды. Заңды тұлғаның филиалдың, өкілдіктің жаңа мекен-жайы:_____________ __________________________________________________________________ _____________ ________________ ________________________ басшысы қолы аты-жөні
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу Ережесіне 7 қосымша
 
______________________________
реестрұстаушы ______________________________
 
______________________________
 
 
______________________________
статистика органы
 
 
          Заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің қызметін тоқтатқаны туралы хабарлама ____________________________________________________________ заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) атауы ___________________________________________туралы мәліметтер N______________________________________________ тіркелген Иеленген ОҚЖК коды _________________________________________ "____"_______________________ ж. заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізімінен, филиалдар мен өкілдіктердің реестрінен шығарылды. ________________________________________________ байланысты. қызметтің тоқтатылған негізі "_____"___________ ж. бұл туралы ________ бұйрық шығарылды. _______________ ______________ _______________ басшысы қолы аты-жөні Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу Ережесіне 8 қосымша Акт Заңды тұлғаның филиал мен өкілдіктің мөрін жою туралы _______________ қ. "_____"_______________ 199 ж. Біз, төменде қол қойған комиссия мүшелері:_______________ _________________________________________________________ заңды тұлғаның _________________________________________________________ атауы _________________________________________________________ "____"_______________ жылғы "_____"______________________ N _____ бұйрығымен таратылған заңды тұлғаның мөрін жойылғанын қуаттаймыз. Комиссия мүшелері: 1. _____________________ _____________ аты, жөні қолы 2. _____________________ _____________ аты, жөні қолы