Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi төрағасының 1999 жылғы 23 сәуiрдегi N 66 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

БҰЙРЫҚ Әділет Министрлігі тіркеу қызметі Комитеті 2000 жылғы 27 қаңтар N 16 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 18 ақпан өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1062. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі  және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының 2009 жылғы 15 маусымдағы N 105 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.21 № 1359 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 1997 жылғы 1 сәуiрдегі N 3436 U973436_ Жарлығының 4-тармағының 1) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап коэффициенттердi қолдана отырып лауазымдық жалақыларды есептеу үшiн базалық лауазымдық жалақының мөлшерi 2000 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгі кезеңге 4600 теңге деңгейiнде бекiтiлсiн.
      2. Мыналар:
      саяси мемлекеттiк қызметкерлердiң, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының, маслихаттардың тұрақты (тексеру) комиссияларының хатшылары мен төрағаларының лауазымдық жалақысы атқаратын лауазымы мен мемлекеттiк қызмет (жұмыс) стажына байланысты олардың лауазымдық жалақысы мен сауықтыруға арналған жәрдемақыларды есептеу үшiн бекiтiлген тиiстi коэффиценттердi базалық лауазымдық жалақының мөлшерiне көбейту жолымен айқындалады;
      әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшілердiң лауазымдық жалақысы атқаратын лауазымын әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар санатының топтарына жатқызуға және мемлекеттік қызмет стажына байланысты олардың лауазымдық жалақысы мен сауықтыруға арналған жәрдемақыларды есептеу үшін бекiтiлген тиiстi коэффициенттердi базалық лауазымдық жалақының мөлшерiне көбейту жолымен айқындалады деп белгiленсiн.
      3. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі