1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 17 наурызда 707 V980707_ нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларының 24 тармағына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1) тармақша "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе Ұлттық Банкi шығарған" деген сөздермен толықтырылсын; "эмисссияланған" деген сөзден кейiн (осы тармақша Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 06 көкектегi N 28 қаулысымен толықтырылған) деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұнды 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдар шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздары, оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес эмиссияланған (осы тармақша Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 06 көкектегi N 28 қаулысымен енгiзiлген);".
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген сәттен бастап күшiне енгізiлетiндігі белгіленсiн.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны олардың мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қаржы министрлiгінiң назарына жеткiзсiн;
2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізгеннен кейін) бағалы қағаздармен
сауда-саттық ұйымдастырушы қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін; 3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын. Ұлттық комиссияның Төрағасы Комиссияның мүшелері Оқығандар: Омарбекова А. Қасымбеков Б.