Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1998 жылғы 23 желтоқсан N 19 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 17 наурызда N 707 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 175 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында мемлекет активтерін тиімді басқару мен оларға билік жасауды қамтамасыз ету жөніндегі 1998-1999 жылдарға арналған шаралар туралы" 1998 жылғы 19 маусымдағы N 575 P980575_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 18, 166-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Мемлекет активтерін тиімді басқару мен

 

оларға билік жасауды қамтамасыз ету жөніндегі 1998-1999 жылдарға арналған

шаралар жоспарында:

     реттік нөмірі 1.2-жолдың бірінші абзацындағы "Орындалу мерзімі" деген

бағандағы "тамыз" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;

     реттік нөмірі 2.6-жолдың бірінші абзацындағы "Орындалу мерзімі" деген

бағандағы "тамыз" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі