Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету бойынша қызметтер үшін ақы алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 30 сәуірде N 746 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 тамыздағы N 300  қаулысымен.

      Қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Заң күші бар Жарлығы  негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi филиалдарының екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кассалық қызмет көрсеткенi үшiн ақы алуы туралы ережелер бекiтiлсiн және 1999 жылғы 1 мамырдан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 тамыздағы N 300  қаулысымен.
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 тамыздағы N 300  қаулысымен.
      4. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi филиалдарының екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кассалық қызмет көрсеткенi үшiн ақы алуы туралы ережелердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн;
      2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кассалық қызмет көрсеткені үшін ақы алуы туралы ережелерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелері мен филиалдарына жіберсін, оларға жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерді екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберуді міндеттесін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З. Нәлібаевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 20 сәуірдегі
N 82 қаулысымен   
Бекітілген     

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
филиалдарының екінші деңгейдегі банктерге және банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға кассалық қызмет көрсеткені үшін ақы алуы туралы
Ережелер

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық банк) екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрi - банктер) кассалық қызмет көрсету жөнiндегi шығынының орнын толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары жасалған шарттардың талаптарына сәйкес және Ұлттық Банк бекiткен тарифтер негiзiнде банктерге ақылы кассалық қызмет көрсетедi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер Ұлттық Банктiң филиалдарында банктерге кассалық қызмет көрсетiлгенi үшiн ақы алу тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Ұлттық Банктiң тарифтерiне енгiзiлген жұмсалған шығын құрамына қолма-қол ақшаны қайта есептеу, қалыпқа келтiру және орау бойынша шығыстар кiредi.

      3. Ұлттық Банктiң кассалық қызмет көрсету тарифтерiнде қолма-қол ақшаны жасауға, Ұлттық Банктiң филиалдары арасында тасымалдауға, ескiрген ақша белгiлерiн айналымнан шығаруға және оларды жоюға жұмсалған шығынның орнын толтыру көзделмеген.

2. Ұлттық Банк филиалдарының қолма-қол ақшаны қабылдау жөніндегі
операцияларының есебін жүргізу тәртібі

      4. Ұлттық Банк филиалдарының банктерден қолма-қол ақша қабылдауы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүргiзіледi.

      5. Ұлттық Банк филиалының кiрiс кассасының қызметкерлерi қолма-қол ақшаны қабылдаған сайын қолма-қол ақшаның банктерден қабылданғаны жөнiнде анықтама жасайды (бұдан әрi - ақша қабылдау туралы анықтама) (N 1 қосымша), оған қолма-қол ақшаны қабылдап болғаннан кейiн ақшаны қабылдап алған касса қызметкерi және өткiзген банк өкiлi қол қояды. Қабылдау жөнiндегi анықтама Ұлттық Банк филиалының касса меңгерушiсiне тапсырылады және ол оны одан әрi жинақтау үшiн жеке iс қағазында сақтайды.

3. Ұлттық Банк филиалдарының қолма-қол ақшаны беру
жөніндегі операцияларының есебін жүргізу тәртібі

      6. Ұлттық Банк филиалдарының қолма-қол ақша беруi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Банктерге берiлген қолма-қол ақшаға Ұлттық Банк филиалының шығыс кассасының қызметкерлерi қолма-қол ақшаның берiлгендiгi жөнiнде анықтама жазады (бұдан әрi - ақша беру туралы анықтама) (N 2 қосымша), онда берiлген ақшаның саны және сомасы көрсетiледi. Ақшаны бергеннен кейін ақша берген касса қызметкері және ақшаны қабылдап алған банк өкілі ақша беру туралы анықтамаға қол қояды. Ақша беру туралы анықтама Ұлттық Банк филиалының касса меңгерушiсiне берiледi және ол оны одан әрi жинақтау үшiн жеке iс қағазында сақтап қояды.

4. Ұлттық Банк филиалдарының банктерге кассалық
қызмет көрсету туралы есебін жасау тәртібі

      8. Ұлттық Банк филиалының касса меңгерушiсi ай сайын осы Ережелердiң 3-қосымшасында көрсетiлген нысанда Ұлттық Банк филиалдарының қолма-қол ақша қабылдау және беру туралы анықтамалары негiзiнде "Ұлттық Банк филиалдарының банктерге кассалық қызмет көрсетуi туралы" есебiн (бұдан әрi - кассалық қызмет көрсету туралы есеп) жасайды.

      9. Кассалық қызмет көрсету туралы есептi әр банк жеке жасайды және есеп берiлiп отырған айдан кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей өздерiнде бар байланыс құралдары арқылы электронды жазбада Ұлттық Банктiң қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесiне бередi. Есептiң қағазға түсiрілген бiр данасына касса меңгерушiсi мен филиалдың басшысы қол қойып, Ұлттық Банктiң филиалында сақтауға тиiс.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 455 қаулысымен .

      10. Ұлттық Банктiң қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың тоғызынан кешiктiрмей Ұлттық Банк филиалдарының кассалық қызмет көрсету туралы есептерiнiң негiзiнде Ереженiң 4-қосымшасына сай нысан бойынша банктер бөлiгiнде есептер жиынтығын (бұдан әрi - Банктер бойынша жиынтық) жасайды.
      Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 455 қаулысымен .

5. Ұлттық Банк филиалдарының банктерге кассалық қызмет
көрсеткені үшін ақы алу тәртібі

      11. Ұлттық Банктiң Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi:
      1) онынан кешiктiрмей Банктер бойынша жиынтықтың негiзiнде банктер бөлiгiнде белгiленген тарифтер бойынша кассалық қызмет көрсету бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн ақы төлеу есебiн, банкке ақы төлеу үшiн шот-фактура дайындап, жiбередi;
      2) есептi айдан кейiнгi айдың жиырмасынан кешiктiрмей Ұлттық Банктiң төлем жүйесi бөлiмшесiне банктiк шот шартында белгiленген мерзiмде кассалық қызмет көрсету бойынша қызметке ақы төлемеген банктердiң тiзiмiн (бұдан әрi - Банктердiң тiзiмi) тиiстi шот-фактураларды қоса бере отырып жiбередi.
      Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 455 қаулысымен .

      12. Ұлттық Банктiң төлем жүйесi бөлiмшесi қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесiнен Банктердiң тiзiмiн алғаннан кейiн корреспонденттiк шоттың шартында көрсетiлген талаптарға сәйкес банктердiң корреспонденттiк шоттарынан тиiстi шот-фактурада көрсетiлген мөлшерде ақша алады (есептен шығарады).
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 455 қаулысымен .

      13. <*>
      Ескерту: 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 455 қаулысымен .

6. Қорытынды ережелер

      14. Егер Ережелерде көзделген мәліметтерді беру күні жұмыс күні болмаған жағдайда, орындалу күні келесі жұмыс күні болып саналады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 20 сәуірдегі
N 82 қаулысына  
N 1 қосымша   

      Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктер) кассалық қызмет көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарифтері:
      1. Банктерден қолма-қол ақшаны қабылдау - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары қабылдаған қолма-қол ақша сомасынан 0,02%.*
      2. Банктерге қолма-қол ақшаны беру - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары берген қолма-қол ақша сомасынан 0,02%.*
      Ескерту: Ұлттық Банктің филиалының ақша қабылдағаны-өткізгені үшін тариф алынбайды.
      Ұлттық Банктiң филиалы құны 1, 3 және 5, 10, 20, 50 теңгелiк банкноттарды қабылдағаны үшiн тарифтiк ақы алмайды.
      Ескерту: Ескерту өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 381 қаулысымен , өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 14 қаулысымен .

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкi филиалдарының    
екiншi деңгейдегi банктерге    
және банк операцияларының     
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдарға кассалық қызмет     
көрсеткенi үшiн ақы алу ережесiне
1-қосымша            

      Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 455 қаулысымен .

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi_____________________________
                                            (филиалдың атауы)
филиалының_______________________ _________________________________
            (банктiң атауы)          (кiрiс құжатының атауы)
қолма-қол ақша қабылдап алғаны туралы 200_ жылғы____ _______N______

Анықтама

___________________________________________________________________
N   |       Номиналы, теңге     |              Кiрiс
    |                           |__________________________________
р/с |                           | саны           |    сомасы, теңге
____|___________________________|________________|_________________
  1          2                       3                   4
___________________________________________________________________
1.   Жарамды банкноттар
     100
     200
     500
     1000
     2000
     5000
     10000
___________________________________________________________________
2.   Тозығы жеткен
     банкноттар
     1
     3
     5
     10
     20
     50
     100
     200
     500
     1000
     2000
     5000
     10000
___________________________________________________________________
     Банкноттардың
     жиынтығы:
___________________________________________________________________
3.   Монеталар
     1
     5
     10
     20
     50
     100
___________________________________________________________________
     Монеталардың
     жиынтығы:
___________________________________________________________________
Қолма-қол ақша тапсырған
банк қызметкерi            ______________ _________________________
                              (қолы)           (фамилиясы)
Қолма-қол ақшаны қабылдаған
касса қызметкерi           ______________ _________________________
                              (қолы)           (фамилиясы)

Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi филиалдарының екiншi  
деңгейдегi банктерге және   
банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын   
ұйымдарға кассалық қызмет   
көрсеткенi үшiн ақы алу ережесiне
2-қосымша       

      Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 455 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ______________________
                                               (филиалдың атауы)
филиалының___________________  ____________________________________
            (банктiң атауы)        (шығыс құжатының атауы)
қолма-қол ақша бергенi туралы 200_ жылғы___ _______________N_______

Анықтама

__________________________________________________________________
Номиналы, теңге    |                   Шығыс
                   |______________________________________________
                   |      саны          | сомасы, теңге
___________________|____________________|_________________________
      1                   2                    3
__________________________________________________________________
Банкноттар
100
200
500
1000
2000
5000
10000
__________________________________________________________________
Банкноттардың жиынтығы:
__________________________________________________________________
Монеталар
1
5
10
20
50
100
__________________________________________________________________
Монеталардың жиынтығы:
__________________________________________________________________
Қолма-қол ақша алуға арналған Өтiнiмде
көрсетiлген сома, теңге
__________________________________________________________________

Касса меңгерушiсi      _______________  _____________________
                         (қолы)             (фамилиясы)
Филиал директоры       _______________  _____________________
                         (қолы)             (фамилиясы)

Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi филиалдарының екiншi  
деңгейдегi банктерге және  
банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын   
ұйымдарға кассалық қызмет  
көрсеткенi үшiн ақы алу ережесiне
3-қосымша          

      Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 455 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң______________________
                                              (филиалдың атауы)
филиалының 200_ жылғы "_"________________банктерге кассалық қызмет
көрсетуi туралы

Есебi

____________________________________________________________________
N  |Банк   |Бас  |   Банкноттар              |  Монеталар 
р/с|филиа. |банк.|                           |            
   |лының  |тің  |                           |             
   |атауы  |коды |_________________________  |______________________
   |       |     | Кіріс,        |Шығыс,     | Кіріс,  | Шығыс,
   |       |     | теңге         |теңге      | теңге   | теңге
   |       |     |               |           |         |
   |       |     |______________ |__________ |_________|
   |       |     |1-  |2000-|тоз.|1-  |2000- |         |
   |       |     |1000|10000|ған |1000|10000 |         |
___|_______|_____|___ |_____|____|___ |______|_________|____________
1     2      3     4   5     6    7    8       9         10
____________________________________________________________________
1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

...

   Жиынтығы
___________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы

_________________________________________
N   |Кассалық қызмет көрсетудің жиынтығы
p/c |____________________________________
    |Кіріс    |Шығыс
    |(4 жол + |(7жол +
    |5 жол    |8 жол +
    |+ 6 жол +| +10 жол)
    |9 жол)   |
____|_________|__________________________
1      11         12
_________________________________________
1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

...

    Жиынтығы
________________________________________

      Касса меңгерушісі  ____________ ______________________
                         (қолы)         (фамилиясы)
      Филиал директоры   ____________ ______________________
                          (қолы)         (фамилиясы)

Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi филиалдарының екiншi
деңгейдегi банктерге   
және банк операцияларының 
жекелеген түрлерiн жүзеге 
асыратын ұйымдарға кассалық
қызмет көрсеткенi үшiн ақы
алу ережесiне      
4-қосымша      

      Ескерту: 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 455 қаулысымен .

Банктер бөлiгiнде кассалық қызмет
көрсету туралы есептер жинағы

___________________________________________________________________
N p/c| Банктің | Банктiң атауы |Кiрiс бойынша |Шығыс    |  Жиынтығы
     | кoды    |               |  тариф       |бойынша  |
     |         |               |              |тариф    |
_____|_________|_______________|______________|_________|__________
  1      2             3              4             5         6
___________________________________________________________________
1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

...
Жиынтығы
___________________________________________________________________

      Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу
      бөлiмшесiнiң басшысы            __________ _________________
                                        (қолы)      (фамилиясы)
      Орындаушы                       ________   _________________
                                        (қолы)     (фамилиясы)