Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету бойынша қызметтер үшін ақы алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 30 сәуірде N 746 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 тамыздағы N 300  қаулысымен.

      Қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Заң күші бар Жарлығы  негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi филиалдарының екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кассалық қызмет көрсеткенi үшiн ақы алуы туралы ережелер бекiтiлсiн және 1999 жылғы 1 мамырдан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 тамыздағы N 300  қаулысымен.
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 тамыздағы N 300  қаулысымен.

      4. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi филиалдарының екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға кассалық қызмет көрсеткенi үшiн ақы алуы туралы ережелердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн;
      2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кассалық қызмет көрсеткені үшін ақы алуы туралы ережелерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелері мен филиалдарына жіберсін, оларға жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерді екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберуді міндеттесін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З. Нәлібаевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 20 сәуірдегі
N 82 қаулысымен   
Бекітілген     

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
филиалдарының екінші деңгейдегі банктерге және банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға кассалық қызмет көрсеткені үшін ақы алуы туралы
Ережелер

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық банк) екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрi - банктер) кассалық қызмет көрсету жөнiндегi шығынының орнын толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары жасалған шарттардың талаптарына сәйкес және Ұлттық Банк бекiткен тарифтер негiзiнде банктерге ақылы кассалық қызмет көрсетедi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер Ұлттық Банктiң филиалдарында банктерге кассалық қызмет көрсетiлгенi үшiн ақы алу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Ұлттық Банктiң тарифтерiне енгiзiлген жұмсалған шығын құрамына қолма-қол ақшаны қайта есептеу, қалыпқа келтiру және орау бойынша шығыстар кiредi.
      3. Ұлттық Банктiң кассалық қызмет көрсету тарифтерiнде қолма-қол ақшаны жасауға, Ұлттық Банктiң филиалдары арасында тасымалдауға, ескiрген ақша белгiлерiн айналымнан шығаруға және оларды жоюға жұмсалған шығынның орнын толтыру көзделмеген.

      2. Ұлттық Банк филиалдарының қолма-қол ақшаны қабылдау жөніндегі
         операцияларының есебін жүргізу тәртібі

      4. Ұлттық Банк филиалдарының банктерден қолма-қол ақша қабылдауы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүргiзіледi.
      5. Ұлттық Банк филиалының кiрiс кассасының қызметкерлерi қолма-қол ақшаны қабылдаған сайын қолма-қол ақшаның банктерден қабылданғаны жөнiнде анықтама жасайды (бұдан әрi - ақша қабылдау туралы анықтама) (N 1 қосымша), оған қолма-қол ақшаны қабылдап болғаннан кейiн ақшаны қабылдап алған касса қызметкерi және өткiзген банк өкiлi қол қояды. Қабылдау жөнiндегi анықтама Ұлттық Банк филиалының касса меңгерушiсiне тапсырылады және ол оны одан әрi жинақтау үшiн жеке iс қағазында сақтайды.

3. Ұлттық Банк филиалдарының қолма-қол ақшаны беру
жөніндегі операцияларының есебін жүргізу тәртібі

      6. Ұлттық Банк филиалдарының қолма-қол ақша беруi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Банктерге берiлген қолма-қол ақшаға Ұлттық Банк филиалының шығыс кассасының қызметкерлерi қолма-қол ақшаның берiлгендiгi жөнiнде анықтама жазады (бұдан әрi - ақша беру туралы анықтама) (N 2 қосымша), онда берiлген ақшаның саны және сомасы көрсетiледi. Ақшаны бергеннен кейін ақша берген касса қызметкері және ақшаны қабылдап алған банк өкілі ақша беру туралы анықтамаға қол қояды. Ақша беру туралы анықтама Ұлттық Банк филиалының касса меңгерушiсiне берiледi және ол оны одан әрi жинақтау үшiн жеке iс қағазында сақтап қояды.

4. Ұлттық Банк филиалдарының банктерге кассалық қызмет көрсету
туралы есебін жасау тәртібі

      8. Ұлттық Банк филиалының касса меңгерушiсi ай сайын осы Ережелердiң 3-қосымшасында көрсетiлген нысанда Ұлттық Банк филиалдарының қолма-қол ақша қабылдау және беру туралы анықтамалары негiзiнде "Ұлттық Банк филиалдарының банктерге кассалық қызмет көрсетуi туралы" есебiн (бұдан әрi - кассалық қызмет көрсету туралы есеп) жасайды.
      9. Кассалық қызмет көрсету туралы есептi әр банк жеке жасайды және есеп берiлiп отырған айдан кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей өздерiнде бар байланыс құралдары арқылы электронды жазбада Ұлттық Банктiң есептеу жұмысы бөлiмшесiне бередi. Есептiң қағазға түсiрілген бiр данасына касса меңгерушiсi мен филиалдың басшысы қол қойып, Ұлттық Банктiң филиалында сақтауға тиiс.
      10. Ұлттық Банктiң есептеу жұмысы бөлiмшесi:
      1) ай сайын Ұлттық Банк филиалдарының банктерге кассалық қызмет көрсетуi туралы есебi негiзiнде банктер шеңберiндегi мәлiметтердiң жиынтығын жасайды (бұдан әрi - Банктер бойынша жиынтық);
      2) есеп берiп отырған айдан кейiнгi айдың онынан кешiктiрмей Банктер бойынша жиынтықты бiр данада қағазға түсiрiп және магнит таспада Ұлттық Банктiң қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу жөнiндегi бөлiмшесiне бередi.

5. Ұлттық Банк филиалдарының банктерге кассалық қызмет
көрсеткені үшін ақы алу тәртібі

      11. Ұлттық Банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі:
      1) Банктер бойынша жиынтық негізінде кассалық қызмет көрсеткені үшін екінші деңгейдегі банктер шеңберінде белгіленген тарифтер бойына ақы есептейді (бұдан әрі - ақы есебі);
      2) есеп беріліп отырған айдан кейінгі айдың он төртінен кешіктірмей Ұлттық Банктің төлем жүйесі бөлімшесіне ақы есебін береді.
      12. Төлем жүйесі бөлімшесі есеп беріліп отырған айдан кейінгі айдың он бесінде ақы есебі негізінде екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік есепшоттарынан қаражаты есептен шығарады.
      13. Банктердің корреспонденттік есепшоттарында ақша сомасы болмаса немесе жеткілікті болмаса, онда "Ақша төлемі және аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237-1  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес іс-әрекет жасалады.

6. Қорытынды ережелер

      14. Егер Ережелерде көзделген мәліметтерді беру күні жұмыс күні болмаған жағдайда, орындалу күні келесі жұмыс күні болып саналады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 20 сәуірдегі
N 82 қаулысына  
N 1 қосымша   

      Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктер) кассалық қызмет көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарифтері:
      1. Банктерден қолма-қол ақшаны қабылдау - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары қабылдаған қолма-қол ақша сомасынан 0,02%.*
      2. Банктерге қолма-қол ақшаны беру - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары берген қолма-қол ақша сомасынан 0,02%.*
      Ескерту: Ұлттық Банктің филиалының ақша қабылдағаны-өткізгені үшін тариф алынбайды.
      Ұлттық Банктiң филиалы құны 1, 3 және 5, 10, 20, 50 теңгелiк банкноттарды қабылдағаны үшiн тарифтiк ақы алмайды.
      Ескерту: Ескерту өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 381 қаулысымен , өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 14 қаулысымен .

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
филиалдарының екінші деңгейдегі банктерге
және банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарға кассалық қызмет
көрсеткені үшін ақы алуы туралы ережелерге
N 1 қосымша         

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы ______________
                                                    (банктің атауы)
      ___________________________   ______________________________
      (филиалдың атауы)            кіріс құжатының атауы, N, күні  

      ақша қабылдап алғаны жөніндегі ______ ж. "__" _______ N __

Анықтама

___________________________________________________________________
 N !   Нақтылы,   !                        Кіріс
   !    теңге     !________________________________________________
   !              !         Саны             !    Сомасы, теңге
___!______________!__________________________!_____________________
_1_!______2_______!____________3_____________!______4______________
 1.  Банкноттар

                1

                3

                5

               10

               20

               50

              100

              200

              500

             1000

             2000

    Банкнот жиынтығы:

 2.  Тиындар

                1

                5

               10

               20

               50

    Тиын жиынтығы:
___________________________________________________________________

      Қолма-қол ақшаны өткізген банктің қызметкері
                              ______________________   ____________
                                    (қолы)              (аты-жөні)

      Қолма-қол ақшаны қабылдаған касса қызметкері

                              ______________________   ____________
                                    (қолы)              (аты-жөні)

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
филиалдарының екінші деңгейдегі банктерге
және банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарға кассалық қызмет
көрсеткені үшін ақы алуы туралы ережелерге
N 2 қосымша          

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы ______________
                                                   (банктің атауы)

      _____________________________   _____________________________
      (филиалдың атауы)             кіріс құжатының атауы, N, күні

      ақша өткізгені жөніндегі ______ ж. "__" _______ N ________

Анықтама

___________________________________________________________________
 N !   Номиналы,  !                        Кіріс

   !    теңге     !________________________________________________
   !              !         Саны             !    Сомасы, теңге
___!______________!__________________________!_____________________
_1_!______2_______!____________3_____________!_______4_____________
 1.  Банкноттар

                1

                3

                5

               10

               20

               50

              100

              200

              500

             1000

             2000

    Банкнот жиынтығы:

 2.  Тиындар

                1

                5

               10

               20

               50

    Тиын жиынтығы:
___________________________________________________________________

      Қолма-қол ақшаны өткізген банктің қызметкері
                              ______________________   ____________
                                    (қолы)              (аты-жөні)

      Қолма-қол ақшаны берген касса қызметкері
                              ______________________   ____________
                                    (қолы)              (аты-жөні)

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
филиалдарының екінші деңгейдегі банктерге
және банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарға кассалық қызмет
көрсеткені үшін ақы алуы туралы ережелерге
N 3 қосымша         

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы
     ____________________ _____________________________
       (банктің атауы)      (филиалдың атауы)

______ жылғы __________________ айында
кассалық қызмет көрсетуі жөніндегі
Есебі

___________________________________________________________________
 № !   Номиналы,  !         Кіріс            !         Шығыс
 N !    теңге     !__________________________!_____________________
   !              !   саны    !сомасы, теңге !   саны     ! сомасы,
   !              !           !              !            ! теңге
___!______________!___________!______________!____________!________
_1_!______2_______!____3______!_______4______!______5_____!__6_____

 1.  Банкноттар

                1

                3

                5

               10

               20

               50

              100

              200

              500

             1000

             2000

    Банкнот жиынтығы:

 2.  Тиындар

                1

                5

               10

               20

               50

    Тиын жиынтығы:
___________________________________________________________________
 3. Есеп беріліп отырған кезеңде банктің қолма-қол ақша алу  !
    Өтінімде көрсетілген сома, теңге                         !
_____________________________________________________________!_____

      Касса меңгерушісі  ______________________  __________________
                              (қолы)                 (аты-жөні)

      Ұлттық Банк филиалының директоры ______________   ___________
                                         (қолы)         (аты-жөні)

      Ұлттық Банк
      Төрағасы