Ескерту. Кіріспе өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі
қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен. V990830_
1. Сайлауды мемлекеттік қаржыландыру
1. Сайлауды мемлекеттік қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі - Қазынашылық комитеті) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бюджеттік қаражатын жұмсауға арналған лимиттерді қазыналық рұқсаттармен ашу арқылы жүзеге асырады. <*>
Ескерту. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық
комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен. V990830_
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Орталық сайлау коммиссиясы) кезекті сайлауды белгілеген кезде Қаржы министрлігінің Бюджет департаментіне тиісті есептеу деректерін бере отырып, осы сайлауды қаржыландыруды ашу қажеттігі туралы хат жолдайды.
3. Орталық сайлау комиссиясы тиісті сайлау бойынша шығыстардың сметасын бергеннен кейін Бюджет департаменті белгіленген сметаның шегінде бюджеттік өтінімді ресімдейді, соның негізінде Қазынашылық комитеті "Сайлау өткізу" 30 бағдарламасы және "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу" 30, "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын өткізу" 31, "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын өткізу" 32, "Мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу" 33, "Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын өткізу" 34 кіші бағдарламалары бойынша Орталық сайлау комиссиясына белгілі бір сайлауды өткізуге арналған өтінімнің көлемінде бюджеттік қаражатты жұмсау үшін қазыналық рұқсат (1-нысан) береді.
Орталық сайлау комиссиясы қазынашылық рұқсаттары негізінде облыстардың, Астана қ. және Алматы қ. әкімдері үшін министрлікаралық (ведомствоаралық) рұқсат (2-нысан) жазып береді.
Облыстардың, Астана қ. және Алматы қ. әкімдері министрлікаралық (ведомствоаралық) рұқсаттармен бөлінетін лимиттердің шегінде лимиттердің төмен тұрған басқарушысының өзіне және қалалар мен аудандар әкімдеріне арналған рұқсаттарын (2-а нысан) ресімдейді. <*>
Ескерту. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық
комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен. V990830_
4. Президенттің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу үшін тиісті әкімдердің шешімдерімен аумақтық - облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының) сайлау комиссиялары құрылады.
5. Бекітілген сметалардың шегінде сайлау комиссияларына арналған лимиттердің басқарушылары тиісті сайлау комиссияларының өкілдері болып табылады. Сайлауды қаржыландыру үшін берілген бюджеттік қаражатты пайдалану тиісті облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің "Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің шығыстары" 120-бюджеттік шотынан аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары жүргізеді.
6. Сайлауды жүргізген уақытта тиісті облыстардың, қалалар немесе аудандардың әкімдері Қазынашылықтың аумақтық органдарына қойылатын қолдың және мөрдің үлгісімен бірге құжат тапсырады. Бұл ретте бірінші қол қою құқығы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына беріледі. Екінші қол қою құқығы тиісті әкімдіктің бас бухгалтеріне тиесілі. Құжат әкімдіктің елтаңбалы мөрін, әкімнің аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы шешімінің нөмірі мен күнін, аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттік мерзімін көрсете отырып ресімделуі керек. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының әкімнің 120-бюджеттік шотынан "Сайлау өткізу" 30 бағдарламасы және тиісті кіші бағдарламалар бойынша қаражатты жұмсау жөніндегі өкілеттігі сайлау өткізілетін мерзімге және ол біткеннен кейінгі жиырма күн бойына ғана белгіленеді.
7. Сайлау комиссияларының төрағалары ақшалай қаражатты басқарады және қаржы мәселелері бойынша қаржылық құжаттардың сайлау комиссиялары шешімдерімен сәйкес келуі үшін жауап береді.
8. Қазақстан Республикасының Президентіне немесе Парламент депутаттығына кандидаттың әрқайсысы тіркелгенге дейін және оның Конституция мен Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының оған қоятын талаптарына сәйкестігі тексерілген соң өз қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының депозиттік шотына сайлау жарнасын аударады.
Егер кандидат сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайланса немесе кандидат дауыс беру қорытындысы бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (дауыс берушілердің) кемінде жеті процент дауысын алған болса, енгізілген сайлау жарнасы кандидатқа қайтарылады. <*> <*>
Ескерту. 8-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық
комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен. V990830_
Ескерту. 8-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі
қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 27 желтоқсан N 697
бұйрығымен. V991032_
9. Сайлауды мемлекеттік емес қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттарға және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатына кандидаттарға арнаулы уақытша шоттар ашудың және жүргізудің тәртібіне сәйкес және оларға қызмет көрсетудің
"Қазақстан Халықтық Банкі" ААҚ әзірлеген және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен келісілген ретімен атқарылады. 2. Бюджеттік қаражатты жұмсау 10. Республикалық бюджет қаражаты есебінен шығыстардың экономикалық сыныптамасының "Өзге де ағымдағы шығыстар" 159 ерекшелігі бойынша сайлауды өткізуге арналған мына шығыстар төленеді: 1. Сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі: - сайлау комиссиясының босаған мүшелерінің жалақысы; - жалақы үшін есептелетін қаражат; - техникалық қамтамасыз ету (компьютерлер, ұйымдастыру техникасын сатып алу); - көлік шығыстары; - іс-сапар шығыстары; - БАҚ-дағы жарияланымдар; - байланыс қызметі, почта-телеграф шығыстары; - еңбек шарттары негізінде штаттан тыс қызметкерлер орындайтын техникалық жұмыстар; - полиграфиялық шығыстар; - семинарлар өткізу; - үй-жайды жалға алу; - кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәміздер үшін материалдар сатып алу; - дауыс беруге арналған жәшіктер мен кабиналар жасауға арналған шығыстар;
2. Кандидаттардың партиялық тізім бойынша сайлауға түсетін кандидаттарды қоспағанда мемлекеттік ақпарат құралдарында сөз сөйлеуі; <*>
3. Кандидаттардың партиялық тізім бойынша сайлауға түсетін кандидаттарды қоспағанда сайлау алдындағы жариялау шараларын жүргізуі және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруы; <*>
4. Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мөлшерде партия тізімі бойынша сайлауға түсетін кандидаттарды қоспағанда кандидаттардың көлік шығындары (темір жол, әуе және автомобиль көлігінің қызметіне ақы төлеуге, көлікті жалдауға, жанар-жағар май материалдарын сатып алуға арналған шығыстарды қоса алғанда); <*> <*>
5. Кандидаттардың партиялық тізім бойынша сайлауға түсетін кандидаттарды қоспағанда жалақысын өтеу. <*>
Ескерту. 10-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық
комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен. V990830_
Ескерту. 10-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі
қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 27 желтоқсан N 697
бұйрығымен. V991032_
11. Бюджеттік шоттардан қаражат жұмсау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша мынадай тәртіппен жүргізіледі: <*>
- учаскелік сайлау комиссиялары шығыстарының сметалары шегінде учаскелік сайлау комиссиялары төрағаларының жауапкершілігіне ақшалай қаражат бөлінеді және орындалған жұмыстар мен сайлау учаскелеріне сатып алынған материалдық құндылықтар үшін шоттар төленеді. Пайдаланылмаған есепті сомалардың қалдығын учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары сайлау аяқталғаннан кейін үш күндік мерзімде тапсырады және шығыстардың экономикалық сыныптамасының "Өзге де ағымдағы шығыстар" 159 ерекшелігі бойынша әкімнің бюджеттік шотына кассалық шығыстарды қалпына келтіру үшін есептеледі;
- аумақтық және округтік сайлау комиссияларының шығыстарын округтік сайлау комиссияларының төрағалары бекітеді және олар тапсырған шоттар бойынша Орталық сайлау комиссиясы бекіткен сметалар шегінде төленеді. Сайлау комиссиясының шығыстары үшін қолма-қол ақшаларды беру осы комиссия төрағасының өкімі бойынша жүргізіледі. Аванстық есепті алған соң жергілікті атқару органының бухгалтериясы растау құжаттары ресімделуінің дұрыстығын тексереді және оларды бекіту үшін осы комиссияның төрағасына тапсырады.
Ескерту. 11-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық
комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен. V990830_
12. Сайлау науқанына бөлінген республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды сайлау комиссиялары, Қазынашылық комитетімен, оның аумақтық органдарымен жергілікті атқару органдарының бухгалтериясы жүзеге асырады. <*>
Сайлау компанияларына бөлінген республикалық бюджет қаржысын кандидаттардың жұмсауына бақылау сайлау комиссияларының республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Санақ комитетімен жүзеге асырылады. <*>
Шығыстардың мақсатты жұмсалуы және сайлау комиссияларының шешімдерімен сәйкес келуі үшін тиісті сайлау комиссияларының төрағалары жауап береді.
Ескерту. 11-тармақ өзгертілді және жаңа азат жолмен толықтырылды - ҚР
Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы
14 маусымдағы N 285 бұйрығымен. V990830_
13. Кандидатураның алып тасталуына немесе кандидатты ұсыну туралы шешімнің өзгеруіне байланысты, сондай-ақ сайлау науқанын жүргізу үшін республикалық бюджеттің қаражатына келтірілген шығыстардың бір бөлігін кандидаттың, оны ұсынған мәслихаттың немесе қоғамдық бірлестіктің есебіне жатқызу туралы сайлау комиссиясының шешіміне байланысты, егер республикалық бюджеттен жұмсалған шығыстар мен қаражатты қайтару бір қаржылық жылда жүргізілсе, соңғылар тиісті қалалар немесе аудандар әкімдерінің сайлауды өткізу жөніндегі кассалық шығыстарды қалпына келтіруге арналған бюджеттік шоттарына қаражат аударады. Республикалық бюджеттен шығыстарды жұмсау - бір жылы, ал қаражатты қайтару келесі жылы жүргізілген жағдайда, бұл қаражатты кандидат "Өзге де салықтық емес түсімдер" 205109 коды бойынша республикалық бюджеттің кірісіне аударады. Бұл ретте мұндай шешімді: Президент сайлауы жағдайында - Орталық сайлау комиссиясы, Мәжіліс депутаттары сайлауы жағдайында - округтік сайлау комиссиялары қабылдайды.
3. Бухгалтерлік есеп
14. Сайлауды өткізуге арналған бюджеттік қаражаттың атқарылуы жөніндегі бухгалтерлік есепті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 ж. 27 қаңтардағы N 30 бұйрығымен бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес жергілікті атқару органының бухгалтериясы жүргізеді.
15. Орталық сайлау комиссиясының бюджеттік шотына қаржылардың түсуі "Ұйымдардың шығыстары үшін, ведомстволық ұйымдарға аудару үшін және басқа да шаралар үшін ашылған лимиттер" 090-шы, "Жол үстінде ашылған лимиттер" 091-ші қосалқы шоттарының дебеті және "Ұйымдардың шығыстары және басқа да шаралар үшін бюджеттен қаржыландыру" 230-ші қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. Сайлауды өткізу жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар тиісті қосалқы шоттардың ерекшеліктері мен кредиттері топтамасындағы "Ұйымдарды ұстау және басқа да шаралар үшін бюджет бойынша шығыстар" 200-ші қосалқы шотының дебеті бойынша есептеледі. Сайлау аяқталған соң іс жүзіндегі шығыстар есептен шығарылады және 200 қосалқы шоттың кредиті мен 230 қосалқы шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі.
233 "Орталық сайлау комиссиясы бухгалтерлік есепте 233 "Басқа республикалық бюджеттің әкімшілігіне бөлінген лимиттердің есебінен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарын бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының дебеті бойынша және 090 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге және басқа да шараларға аудару үшін мемлекеттік мекемелердің шығыстарына арналған ашық лимиттер" кредиті бойынша басқа республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне 2-б-н. министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат бойынша бөлiнген лимиттердi көрсетедi. Орталық сайлау комиссиясынан 2-б-н. министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат бойынша бюджеттiк қаражатты жұмсауға арналған лимиттер алған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi" 092 "Басқа республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң шығыстарына арналған ашық лимиттер" қосалқы шотының дебетi бойынша және 233 қосалқы шотының кредитi бойынша бухгалтерлiк есепте көрсетедi; тауарлар мен қызмет көрсетулерге аударылған сомаға 178 "Өзге де дебиторлармен және кредиторлармен есептемелер" қосалқы шотының дебетi бойынша және 092 қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi; жүргiзілген шығыстар сомасына 201 "Басқа республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бөлiнген лимиттердiң есебiнен мемлекеттiк мекеменi ұстауға арналған бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шотынының дебетi бойынша және 092, 178 "Өзге де дебиторлармен және кредиторлармен есептемелер", 180 "Жұмысшылармен және қызметшiлермен есептемелер" қосалқы шотының және басқа да қосалқы шоттардың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Жыл аяқталғаннан кейiн Орталық сайлау комиссиясынан 2-б-н. бойынша лимиттер алған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жүргiзiлген шығыстарды қорытынды айналымдармен есептен шығарады және 233 қосалқы шотының дебетi, 201 қосалқы шотының кредитi бойынша бухгалтерлiк жазбамен көрсетедi. <*>
Ескерту. 15-тармақ екінші абзацпен толықтырылды - ҚР
Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы
27 желтоқсан N 697 бұйрығымен. V991032_
16. Жергілікті атқару органдарының бюджеттік шоттарына қаржы түскен кезде бұл қаражаттың есебі "Ұйымдардың шығыстары үшін, ведомстволық ұйымдарға аудару үшін және басқа да шаралар үшін ашылған лимиттер" 090-шы, "Жол үстінде ашылған лимиттер" 091-ші қосалқы шоттарының дебеті және "Басқа бюджеттердің есебінен қаржыландыру" 232-ші, "Басқа бюджеттердің есебінен қаржыландыру жөніндегі есептемелер" 142-ші қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. Сайлауды өткізу жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар тиісті қосалқы шоттардың ерекшеліктері мен кредиттері бойынша бөлініп, "Басқа бюджеттердің есебінен жұмсалатын шығыстар" 202-ші қосалқы шотының дебеті бойынша есептеледі. Сайлау аяқталған соң іс жүзіндегі шығыстар есептен шығарылады және 202 қосалқы шоттың кредиті мен 232, 142-ші қосалқы шоттардың дебеті бойынша көрсетіледі.
17. Мұндай есепте 090 және 091-ші қосалқы шоттары бойынша "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу", "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын өткізу", "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын өткізу", "Мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу", "Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын өткізу" жекелеген дербес шоттары ашылады.
18. Облыстар, Астана қ. мен Алматы қ., қалалар мен аудандар жергілікті өзін өзі басқару органдарының бас бухгалтерлері сайлау өткізілетін кезеңде бақылауды және бухгалтерлік есептің шоттарында жүзеге асырылып жатқан барлық шаруашылық операцияларының уақытында көрсетілуін және бухгалтерлік есептердің белгіленген мерзімдерде жасалуын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Бос лимиттердің қалдықтарын қайтарып алу
19. Кезекті сайлау аяқталғаннан кейін "Сайлау өткізу" 30 бағдарламасы және тиісті кіші бағдарламалар бойынша бос лимиттердің қалдықтары сайлау аяқталғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясынан - 30 күннен кешіктірмей, облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің бюджеттік шоттарынан - 40 күннен кешіктірмей қайтарып алынады.
Бос лимиттердің қалдықтарын қайтарып алудың реті төмендегідей белгіленеді:
- Қазынашылықтың облыстық, Астана және Алматы қалалық басқармалары кезекті сайлаудың тағайындалу мерзімдерін қадағалап отыруға және олар аяқталған соң жиырма күннің ішінде "Алынған міндеттемелер ескерілген лимиттер мен кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы" 032-А нысанын жұмсаушы ұйымға - облыс әкіміне, соңғысының Орталық сайлау комиссиясына тапсыруы үшін беруге міндетті. Бұл кезде осы сайлау науқанына қаражат жұмсау тоқтатылады;
- Орталық сайлау комиссиясы облыстардың, Астана қ. және Алматы қ. әкімдерінен 032-А нысандарын (Қазынашылықтың облыстық, Астана және Алматы қалалық басқармалары бекіткен) алғаннан кейін лимиттердің бос қалдығын Қазынашылық департаментіне қайтарып алу туралы хат дайындайды;
- Қазынашылық комитеті хаттың және қоса берілген 032-А нысандарының негізінде Орталық сайлау комиссиясына лимиттердің бос қалдығын қайтарып алуға қазыналық рұқсатты ресімдейді;
- Орталық сайлау комиссиясы бос қалдықтарды қайтарып алуға қазыналық рұқсатты алған кезде облыстардың, Астана қ. және Алматы қ. әкімдеріне 2-б нысанымен министрлікаралық (ведомствоаралық) рұқсат жазып береді, ал соңғылары төмен тұрған басқарушының 2-а нысанындағы рұқсатымен аудандар мен қалалар әкімдерінен бос қалдықтарды қайтарып алады.
Бос лимиттің қалдығын қайтарып алу жөніндегі бақылау қазынашылық органдарына жүктеледі. Айрықша жағдайларда Орталық сайлау комиссиясының өтiнiшi негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жазбаша рұқсаты бойынша бюджеттiк шоттардан бюджеттiк қаражатты жұмсау мерзiмiн ұзартуға және лимиттердiң бос қалдықтарын қайтарып алуға рұқсат етiледi. <*> <*>
Ескерту. 19-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық
комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен. V990830_
Ескерту. 19-тармақтың үшінші абзацы толықтырылды - ҚР
Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы
27 желтоқсан N 697 бұйрығымен. V991032_
5. Есеп беру
20. Президенттің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын өткізуге арналған республикалық бюджет қаражатының жұмсалуы туралы бухгалтерлік есептер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 ж. 15 мамырдағы N 217 бұйрығымен бекітілген бюджеттік ұйымдардың жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есептерінің көлемі туралы Нұсқаулыққа сәйкес тапсырылады.
Сайлау жүргiзуге Орталық сайлау комиссиясынан 2-б-н. министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат бойынша бюджеттiк қаражатты жұмсауға лимиттер алған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Орталық сайлау комиссиясының шығыстар сметасының атқарылуының жиынтық балансына енгiзу үшiн оған шығыстар сметасының балансын (N 1 нысан) коды (050300I), мемлекеттiк мекеменiң шығыстары сметасының атқарылуы туралы есептi (N 2 нысан) коды (0603008) және 2-б-н. министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат бойынша пайдаланылған лимиттер туралы мәлiметтердi көрсете отырып түсiндiрме жазбаны ұсынады. <*>
Ескерту. 20-тармақ екінші абзацпен толықтырылды - ҚР
Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы
27 желтоқсан N 697 бұйрығымен. V991032_
21. Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен жергілікті атқару органдарының бас бухгалтерлері лимиттер мен кассалық шығыстар туралы деректерді "Алынған міндеттемелерді ескере отырып, лимиттер мен кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы" (032-А нысаны) бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарымен салыстырады және "Сайлау өткізу" 30 бағдарламасы және "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу" 30, "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын өткізу" 31, "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын өткізу" 32, "Мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу" 33, "Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын өткізу" 34 кіші бағдарламалары бойынша есептер тапсырады. Тапсырылған есептерді тексергеннен кейін қазынашылық оған бақылау мақұлдамасы мен аймақтық
қазынашылықтың бұрыштамасын қояды. 22. Қалалар мен аудандардың әкімдері қазынашылықтың мақұлдамасы мен бұрыштамасы қойылған есептің бір данасын облыстардың әкімдеріне тапсырады. 23. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері түсіндірме жазбамен қоса жиынтық есеп құрады және Орталық сайлау комиссиясына тапсырады. 24. Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өткізуге арналған шығыстар туралы Қазынашылық комитетіне жиынтық есеп береді. <*> Ескерту. 24-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285 бұйрығымен. V990830_ Оқығандар: Умбетова А. Нарбаев Е.