Ескерту. Ереженiң барлық мәтiнi бойынша ауыстырылатын сөздердiң септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне сәйкес "шығыстар сметасы", "сметасын", "сметасының" деген сөздер "қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын, "жергiлiктi атқарушы органның бухгалтериясы" деген сөздер "әкiм аппаратының бухгалтериясы" деген сөздермен ауыстырыл - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
Ескерту: Тақырыбындағы және мәтініндегі "парламент" деген сөздің алдынан "партиялық тізімдер негізінде сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2004 жылғы 14 шілдедегі N 26
бұйрығымен
.
Қазақстан Республикасы Президентінің, партиялық
тізімдер негізінде сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын қоспағанда, Парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару
органдары мүшелерінің сайлауын мемлекеттік
қаржыландырудың
Ережесі
Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы
" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және Президенттің, партиялық тізімдер негізінде сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын қоспағанда, Парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырудың тәртібін белгілейді. <*>
Ескерту. Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен
,
2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
,
2004 жылғы 14 шілдедегі N 26
бұйрығымен
.
1. Сайлауды мемлекеттік қаржыландыру
1. Сайлауды мемлекеттік қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі - Қазынашылық комитеті) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына республикалық бюджет шығыстарын қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджет қаражатын пайдалануға рұқсаттар беруi арқылы жүзеге асырады. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен
,
2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен
,
алынып тасталды - 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
4. <*>
Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
5. Бекітілген сметалардың шегінде сайлау комиссияларына арналған бюджет қаражатының басқарушылары тиісті сайлау комиссияларының өкілдері болып табылады. Сайлауды қаржыландыру үшін берілген бюджеттік қаражатты пайдалану тиісті облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің "Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің шығыстары" 120-бюджеттік шотынан аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары жүргізеді. <*>
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
6. Сайлауды жүргізген уақытта тиісті облыстардың, қалалар немесе аудандардың әкімдері Қазынашылықтың аумақтық органдарына қойылатын қолдың және мөрдің үлгісімен бірге құжат тапсырады. Бұл ретте бірінші қол қою құқығы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына беріледі. Екінші қол қою құқығы тиісті әкім аппаратының бас бухгалтеріне (қаржы қызметінің басшысына) тиесілі. Құжат әкімдіктің елтаңбалы мөрін, сайлау туралы тиісті мәслихат шешімінің нөмірі мен күнін, көрсете отырып ресімделуі керек. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттіктері 001 "Сайлау өткізуді ұйымдастыру" бағдарламасының 100 "Сайлау өткізу" кіші бағдарламасы бойынша әкім аппаратының бюджеттік шотынан қаражатты жұмсауға өкілеттіктері сайлаулар, қайта дауыс беру және қайта сайлау өткізу мерзіміне және олар аяқталғаннан кейін отыз банктік күн бойына ғана белгіленеді.<*>
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
,
2004 жылғы 14 шілдедегі N 26
бұйрығымен
.
7. Сайлау комиссияларының төрағалары ақшалай қаражатты басқарады және қаржы мәселелері бойынша қаржылық құжаттардың сайлау комиссиялары шешімдерімен сәйкес келуі үшін жауап береді.
8. <*>
Ескерту. 8-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен
,
1999 жылғы 27 желтоқсан N 697
бұйрығымен
.
Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
9. <*>
Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
10. Республикалық бюджет қаражаты есебінен шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша сайлауды өткізуге арналған мына шығыстар төленеді:
1. Сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі:
- сайлау комиссиясының босаған мүшелерінің жалақысы;
- жалақы үшін есептелетін қаражат;
- техникалық қамтамасыз ету (компьютерлер, ұйымдастыру техникасын сатып алу, жабдықты жалға алу және техникалық қызмет көрсету);
- көлік шығыстары;
- іс-сапар шығыстары;
- БАҚ-дағы жарияланымдар;
- байланыс қызметі, почта-телеграф шығыстары;
- еңбек шарттары негізінде штаттан тыс қызметкерлер орындайтын
жұмыстар;
- полиграфиялық шығыстар;
- семинарлар өткізу;
- үй-жайды жалға алу;
- кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәміздер үшін материалдар сатып алу;
- дауыс беруге арналған жәшіктер мен кабиналар жасауға арналған шығыстар;
2. Кандидаттардың партиялық тізім бойынша сайлауға түсетін кандидаттарды қоспағанда ақпарат құралдарында сөз сөйлеуі; <*>
3. Кандидаттардың партиялық тізім бойынша сайлауға түсетін кандидаттарды қоспағанда сайлау алдындағы жариялау шараларын жүргізуі және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруы; <*>
4. Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мөлшерде партия тізімі бойынша сайлауға түсетін кандидаттарды қоспағанда кандидаттардың көлік шығындары (темір жол, әуе және автомобиль көлігінің қызметіне ақы төлеуге, көлікті жалдауға, жанар-жағар май материалдарын сатып алуға арналған шығыстарды қоса алғанда); <*><*>
Ескерту. 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен
,
1999 жылғы 27 желтоқсан N 697
бұйрығымен
,
2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
,
2004 жылғы 14 шілдедегі N 26
бұйрығымен
.
11. Бюджеттік шоттардан қаражат жұмсау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша мынадай тәртіппен жүргізіледі: <*>
- учаскелік сайлау комиссиялары қаржыландыру жоспарлары шегінде учаскелік сайлау комиссиялары төрағаларының жауапкершілігіне ақшалай қаражат бөлінеді және орындалған жұмыстар мен сайлау учаскелеріне сатып алынған материалдық құндылықтар үшін шоттар төленеді. Пайдаланылмаған есепті сомалардың қалдығын учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары сайлау аяқталғаннан кейін үш күндік мерзімде тапсырады шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтіруге арналған әкім аппаратының бюджеттік шотына есептеу үшін мемлекеттік мекеменің кассасына;
- аумақтық және округтік сайлау комиссияларының шығыстарын округтік сайлау комиссияларының төрағалары бекітеді және олар тапсырған шоттар бойынша Орталық сайлау комиссиясы бекіткен сметалар шегінде төленеді. Сайлау комиссиясының шығыстары үшін қолма-қол ақшаларды беру осы комиссия төрағасының өкімі бойынша жүргізіледі. Аванстық есепті алған соң әкiм аппаратының бухгалтериясы растау құжаттары ресімделуінің дұрыстығын тексереді және оларды бекіту үшін осы комиссияның төрағасына тапсырады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен
,
2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
12. Сайлау науқанына бөлінген республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды сайлау комиссиялары, Қазынашылық комитетімен, оның аумақтық органдарымен әкiм аппаратының бухгалтериясы жүзеге асырады. <*>
Кандидаттардың сайлау компанияларына бөлінген республикалық бюджеттің қаражатын жұмсауын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Шығыстардың мақсатты жұмсалуы және сайлау комиссияларының шешімдерімен сәйкес келуі үшін тиісті сайлау комиссияларының төрағалары жауап береді.
Ескерту. 12-тармақ өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен
,
2004 жылғы 14 шілдедегі N 26
бұйрығымен
.
13. Кандидатураның алып тасталуына немесе кандидатты ұсыну туралы шешімнің өзгеруіне байланысты, сондай-ақ сайлау науқанын жүргізу үшін республикалық бюджеттің қаражатына келтірілген шығыстардың бір бөлігін кандидаттың, оны ұсынған мәслихаттың немесе қоғамдық бірлестіктің есебіне жатқызу туралы сайлау комиссиясының шешіміне байланысты, егер республикалық бюджеттен жұмсалған шығыстар мен қаражатты қайтару бір қаржылық жылда жүргізілсе, соңғылар тиісті аппараттардың қалалар немесе аудандар әкімдерінің сайлауды өткізу жөніндегі кассалық шығыстарды қалпына келтіруге арналған бюджеттік шоттарына қаражат аударады. Республикалық бюджеттен шығыстарды жұмсау - бір жылы, ал қаражатты қайтару келесі жылы жүргізілген жағдайда, бұл қаражатты кандидат "Республикалық бюджетке өзге де салықтық емес түсімдер" 205109 коды бойынша республикалық бюджеттің кірісіне аударады. Бұл ретте мұндай шешімді: Президент сайлауы жағдайында - Орталық сайлау комиссиясы, Мәжіліс депутаттары сайлауы жағдайында - округтік сайлау комиссиялары қабылдайды. <*>
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
3. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
Ескерту. 3-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305 бұйрығымен .
14. Президенттің, партиялық тізімдер негізінде сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын қоспағанда, парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын өткізуге арналған бюджеттік қаражаттың атқарылуы жөніндегі бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық Департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30
бұйрығымен
бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы N 217
бұйрығымен
бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
,
2004 жылғы 14 шілдедегі N 26
бұйрығымен
.
15. <*>
Ескерту. 15-тармақ екінші абзацпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 27 желтоқсан N 697
бұйрығымен
.
Ескерту. 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
16-18. <*>
Ескерту. 16-18-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
4. Бос лимиттердің қалдықтарын қайтарып алу
19. <*>
Ескерту. 19-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен
,
1999 жылғы 27 желтоқсан N 697
бұйрығымен
,
алынып тасталды - 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
20. <*>
Ескерту. 20-тармақ екінші абзацпен толықтырылды, алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 27 желтоқсан N 697
бұйрығымен
,
2002 жылғы 1 шілдедегі N 305 бұйрығымен.
21-23. <*>
Ескерту. 21-23-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.
24. <*>
Ескерту. 24-тармақ өзгертілді, алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
бұйрығымен
,
2002 жылғы 1 шілдедегі N 305
бұйрығымен
.