1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік ақшалар есебінен жасайтын азаматтық-құқықтық мәмілелелірн тіркеудің және төлеудің, және оларды Қазынашылықтың аумақтық органдары есепке алуының тәртібі туралы Ережелер (бұдан әрі - Ережелер) бекітілсін.
2. Қазынашылық департаменті Ережелердің заңда белгіленген тәртіппен
тіркелуін қамтамасыз етсін және оны барлық мемлекеттік мекемелердің назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданғанға дейін әрекет етеді. 4. Осы бұйрықтың атқарылуы үшін бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.Р. Әбілғазинге жүктелсін. Министр Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 ж. 26 ақпан N 76 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік ақшалар есебінен жасайтын азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеудің және төлеудің, және оларды Қазынашылықтың аумақтық органдары есепке алуының тәртібі туралы Ережелер
Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік ақшалар есебінен жасайтын азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеудің және төлеудің, және оларды Қазынашылықтың (бұдан әрі - Ережелер) аумақтық органдары есепке алуының тәртібі туралы осы Ережелер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің K941000_ (жалпы бөлім) 44-бабының 1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мекемелердің несиелік берешектерінің өсуін болдырмау жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1336 P981336_ қаулысының 7 тармағына сәйкес әзірленді.
Ережелер бюджеттік ақшалардың есебінен жасалатын азаматтыққұқықтық мәмілелер саласында мемлекеттік органдармен Қазынашылық органдары арасындағы қатынастарды реттейді.
1. Мемлекеттік бюджеттік есебінен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатып алу үшін азаматтық-құқықтық шарт жасасатын мемлекеттік мекемелер 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық жылдың бірінші тоқсанынан аспайтын мерзімге жасасуға міндетті.
Қаржылық жылдың бір тоқсанынан астам мерзімге жасалған шарттар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен немесе тиісті қаржылық органмен (республикалық бағдарламалардың әкімшілері болып табылатын мемлекеттік мекемелер арқылы) келіскеннен кейін ғана Қазынашылықтың аумақтық органдарында тіркеледі. Соңғылары бір қаржылық жылдан астам мерзімге жасалатын шарттардың сомасын кезекті қаржылық жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді болжамдаған кезде ескереді.
Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік бюджеттің есебінен жасайтын, бірақ қазынашылықтың аумақтық органдарында тіркеуден өтпеген шарттары бюджеттік қаражаттармен қамтамасыз етілмейді және, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 155-бабының 1-тармағына сәйкес, іске асырылмаған деп есептеледі.
Мемлекеттік мекемелердің сметалық жоспарлардың немесе бөлінген лимиттердің көлемінен тыс, қарызға алған тауарлары (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бюджеттік ақшалар есебінен төлеуге жатпайды. Сметадан тыс сатып алулар үшін мемлекеттік мекемелердің басшылары жауап береді.
2. Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік ақшалардың есебінен жасасатын азаматтық құқықтық шарттарын тіркеу Қазынашылықтың қызмет көрсететін аумақтық органында жүзеге асырылады, ол үшін мемлекеттік мекемелер мынадай жағдайды қамтитын шартты тапсырады:
- Шарт оны қазынашылықтың аумақтық органдарында тіркеген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндеттілікке айналады (егер шартта немесе заңдарда шарттың күшіне енуінің неғұрлым кешірек мерзімі көрсетілмесе).
Шарттарды қазынашылықтың аумақтық органдары тіркеген кезде мемлекеттік мекеме жасасқан шарт сомасының оның жылдық (бюджеттік) мақсаттарына, немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығыстарды бюджеттік ақшалармен олардың қамтамасыз етілген дәрежесі бойынша топтарға бөлуіне байланысты, оларға бөлінген бюджеттік ақшалардың сәйкес келуіне тексеру жүргізіледі.
3. Шартпен бір мезгілде мемлекеттік мекеме шартты тіркеу үшін қазынашылықтың аумақтық органдарына Өтініш (N 1 қосымша) береді, ол осы мемлекеттік мекеменің өтініштерді тіркеу журналында (N 2 қосымша) алдын ала тіркеледі. Журналда жыл сайын жазбалар басталғанға дейін барлық беттері нөмірленеді. Журнал жыл аяқталғанда онда бос парақтар болған жағдайда келесі жыл осындай өтініштерді жазу үшін пайдаланылуы мүмкін. Жазбаларды журналда өтініштердің тіркелуі үшін жауапты деп тағайындалған тұлға, өтініштердің жасалуына қарай, рет тәртібімен жүргізеді. Жазбалар олардың ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз ететін құралдармен жүргізілуі тиіс. Журналдағы қателер дұрыс емес мәтінді сызып, оның үстінен дұрыс мәтінді жазу жолымен түзетіледі. Қатенің түзетілгені "түзетілді" деген жазумен көрсетілуі және түзетудің уақыты көрсетіле отырып, Өтінішке қол қойған тұлғалардың қолымен куәландырылуы тиіс. Журналға жазбалардың уақытында енгізілуі, Журналда және Өтініштерде орын алған деректердің тиянақтылығы үшін оларды тіркеу үшін жауапты тұлға жауап береді.
Шартты тіркеуге арналған Өтініш мынадай деректемелерді қамтуы тиіс:
- қазынашылықтың аумақтық органының атауы;
- мемлекеттік мекеменің 7 таңбадан тұратын атауы және коды (алғашқы үш таңба - министрліктің коды, қалған төрт таңба - мемлекеттік мекеменің коды);
- өтініштің нөмірі және оның толтырылған уақыты;
- шарттың нөмірі;
- шарттың атауы;
- бюджеттік сыныптаманың коды көрсетілген шарттың теңгемен жалпы сомасы (жылдық және ағымдағы шарттарды жасасқан кезде "Шарттың сомасы _ _______ теңге" және "Ағымдағы жылға арналған сома_______теңге" жолдары бойынша көрсетілетін сомалар бірдей етіп қойылады; ұзақ жылдарға арналған шарттың жағдайында "Шарттың сомасы _________ теңге" жолы бойынша шарттың жалпы сомасы; "Ағымдағы жылға арналған сома______ теңге" жолы бойынша - ағымдағы қаржылық жылға арналған сома көрсетіледі);
- міндеттеменің түрі (жылдық, ағымдағы - Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының экономикалық сыныптамасының құрылымына қарай).
4. Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы Өтініш деректемелерінің АРМ-қазнадағы шартқа енгізілуін қамтамасыз етеді. Өтініштің деректемелерін шарттың тіркеуіне енгізген кезде мемлекеттік мекеменің коды, бюджеттік сыныптаманың коды болуы үшін, бюджеттік сыныптама кодының міндеттемелердің түріне сәйкес келуі үшін бағдарламалық бақылау жүзеге асырылады.
5. Өтініштің деректемелері енгізіліп, бақылаудан өткізілген соң Өтініш бекітіледі. Өтініш міндеттеменің түріне, шығыстардың тиісті ерекшелігіне мынадай Ережелер сақталған жағдайда бекітіледі:
- егер бұл жылдық міндеттеме болса, онда тиісті ерекшеліктер бойынша қабылданған міндеттемелердің сомасы осы ерекшелік бойынша бір жылға арналған жоспарлы көрсеткіштің қалдығынан аспауы тиіс. Ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша бақылау ағымдағы жылға арналған сома бойынша жүзеге асырылады;
- егер бұл ағымдағы міндеттеме болса, онда тиісті ерекшелік бойынша қабылданған міндеттемелердің сомасы атқарылмаған ағымдағы міндеттемелердің сомасы кемітілген лимиттің бос қалдығынан аспауы тиіс.
6. Шартты тіркеуге арналған Өтінішті бекіткен кезде міндеттемеге 10 таңбадан тұратын бірегей нөмір өз-өзінен беріледі, алғашқы үш таңба - министрліктің кодын, келесі 4 таңба - мекеменің кодын, қалған 3 таңба - міндеттеменің нөмірін білдіреді. Шарттың бірнеше ерекшеліктер бойынша жасалуы мүмкін және тиісінше сонша міндеттеме қабылданады, бұл ретте олардың әрқайсысына ретімен бөлек нөмір беріледі.
7. Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы міндеттеменің есепке қабылданғанын растау мақсатында мемлекеттік мекемеге шарттың тіркелгені туралы (N 3 қосымша), Өтініш бекітіліп және міндеттемеге нөмір берілген соң басылып шыққан Анықтаманы, міндеттеменің берілген нөмірін және шартты тіркеуге арналған Өтініштің нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік мекемеге тапсырады. Республикалық бюджеттік есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің шарттарын тіркеген кезде N 030-нысан (жергілікті бюджеттердің шоты үшін - N 130нысан) беріледі. Шарттың тіркелгені туралы Анықтама екі данада ресімделеді, оның біреуін Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы куәландырады және мемлекеттік мекемеге беріледі, екіншісі Қазынашылықтың органында қалады. Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы Анықтамамен бірге мемлекеттік мекемеге оның тіркелгені туралы белгісі бар шартты қайтарады. Мемлекеттік мекемеге берілгенге дейін N 030 (N 130) нысанды Анықтаманы қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы алынған міндеттемелер жөніндегі Анықтамаларды тіркеу журналында (N 4 қосымша) тіркейді. N 030 нысанды Анықтаманы тіркеу үшін - N 1 Журнал, N 130 нысанды Анықтама үшін - N 2 Журнал қолданылады. Журналда жыл сайын жазбалар басталғанға дейін барлық беттер нөмірленеді. Журналда жазбаларды Анықтамалардың тіркелуі үшін тағайындалған жауапты тұлға, Анықтамалардың берілуіне қарай, рет тәртібімен жүргізеді. Жазбалар олардың ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін құралдармен жүргізілуі тиіс. Журналда қателіктер дұрыс емес мәтінді сызып тастау және сызылған мәтіннің үстінен дұрыс мәтінді жазу жолымен түзетіледі. Қатені түзету "түзетілді" деген жазумен көрсетулуі және түзетудің жасалған күні көрсетіле отырып, Анықтамаға қол қойған тұлғалардың қолымен расталуы тиіс. Журналған жазбалардың уақытында енгізілуі, мемлекеттік мекемелерге Анықтамалар берілуі үшін, журналдағы және Анықтамалардағы жазылған деректердің тиянақтылығы үшін Анықтамаларды тіркеген тұлға жауап береді.
8. Міндеттемелер есепке қабылданған соң:
- егер бұл жылдық міндеттеме болса, бір жылға арналған жоспарлы рұқсаттың қалдығынан;
- егер бұл ағымдағы міндеттеме болса, ағымдағы рұқсаттың лимиттері қалдығынан-алынған міндеттемелердің сомаларын сақтап қою жүргізіледі.
9. Шығыстардың бірінші тобы бойынша міндеттемелер - жылдық бюджеттік мақсаттардан, екіншісі бойынша - бюджеттік қаражаттардың ай сайын бөлінген лимиттерінен аспайды. Шығыстардың үшінші тобы - олар бойынша өтінімдер шарттара мен ресімдер жасалмаған шығыстар.
10. Шарт бойынша қолма-қол емес тәртіппен төлеген кезде мемлекеттік мекемелер төлем құжаттарының "Төлемнің мақсаты" шеңберінде төлем жүзеге асырылатын міндеттемелердің нөмірін, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурстардың қорытындылары туралы шарттың нөмірі мен уақытын міндетті түрде көрсетеді.
Қолма-қол ақшаларды пайдалануға Бюджеттік ұйымдарда кассалық операцияларды жүргізудің 1997 жылғы 8 қыркүйектегі N 298 уақытша тәртібінде белгіленген шығыстардың арнаулы экономикалық сыныптамасы бойынша, осы ерекшеліктер бойынша, осы ерекшеліктер бойынша белгіленген лимиттер шегінде төлем нысандарын (қолма-қол есеп айырысу үшін) көрсете отырып жасалған шарт бойынша төлемді жүзеге асыру үшін рұқсат етіледі.
11. Шарттың бағасы бұзылған, өзгерген немесе оның тараптарының реквизиттері, немесе шартты өзгертудің басқа да Ережелері бұзылған жағдайда, мемлекеттік мекеме мұндай шартты қазынашылықтың аумақтық органында қайта тіркетуі тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік мекеме Шартқа өзгеріс енгізу үшін қазынашылықтың аумақтық органына Өтінім береді (N 5-қосымша). Өтінім N 030 (130) нысанындағы анықтаманың деректеріне сүйеніп, шарт келісімдері қайта өзгерген жағдайда - соңғы N 030 (130) нысандағы анықтама (N 6 қосымша) негізінде толтырылады. Өтінімде шарттың жаңа сомасы, сондай-ақ түзетілген міндеттемелердің нөмірі көрсетіледі. Шартқа өзгерістер енгізуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме сондай-ақ Өтінімдерді тіркеу журналында да тіркеуі тиіс (N 2-қосымша).
12. Ережелер өзгертілген жағдайда немесе міндеттеменің атқарылуын оның толық атқарылғанына дейін аяқтауды талап ететін әлдеқандай жағдаяттың әсерінен, Шартқа өзгерістер енгізуге арналған Өтінімде атқарылған міндеттеменің сомасына тең міндеттеме сомасы көрсетіледі.
13. Шартқа өзгерістер енгізуге арналған Өтінім бекітілгеннен кейін міндеттемеге жаңа нөмір беріледі және N 030 (130) нысандағы келісімге өзгеріс енгізу туралы анықтама (N 6 қосымша) беріліп, ол қазынашылықтың аумақтық органында тіркелуі тиіс.
14. Шарт бойынша міндеттемелерді мемлекеттік мекемелердің атқаруы Қаржылық міндеттемелерге бақылау жасау ведомосты (N 7 қосымша) бойынша тексеріледі. Ведомосты қазынашылықтың аумақтық органдары әрбір қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме бойынша оның жеті таңбалы кодын және бюджеттік сыныптама коды бойынша атауларын: мемлекеттік бағынысты мекемелер үшін N 033 нысан бойынша, жергілікті бағыныстағы мекемелер үшін N 133 нысан бойынша көрсете отырып қалыптастырады. Ведомость бюджеттік сыныптаманың бір жолғы берілген коды бойынша немесе бюджеттік сыныптаманың міндеттемелері бар бірнеше коды бойынша қалыптасуы мүмкін.
15. Қазынашылықтың мемлекеттік органы қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме қаражаттарының жұмсалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін жауапты атқарушы алынған міндеттемелерді ескере отырып Бөлінген лимиттердің және кассалық шығыстардың қозғалысы ведомостын (N 8, 9-қосымшалар) қалыптастырады. "Қамтамасыз етілмеген лимиттер" бағанында ағымдағы кезеңде қайта қаржыландырылмаған міндеттемелердің сомалары көрсетіледі. Республикалық бюджет есебінен ұсталатын бір мекемені қаржыландыру және тиісінше жұмсау туралы ақпаратты - N 032-А нысанды ведомость бойынша (N 8-қосымша), барлық қызмет көрсететін мекемелер бойынша - N 032-Б нысанды ведомость бойынша (N 9 қосымша) (жергілікті бюджет мекемелері бойынша - тиісінше N N 032-А және 032-Б нысандары бойынша) алуға болады. Міндеттемелердің қолма-қол ақшаға бақылау жасамай қаражаттарды жұмсауы Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын экономикалық сыныптаудың құрылымдық ерекшеліктерімен белгіленген жекелеген ерекшеліктер бойынша жүзеге асырылады. Қалған жағдайларда міндеттемелер алмайынша шығыстарға рұқсат етілмейді.
16. Мақсатсыз пайдаланылған бюджеттік қаражаттардың сомасын қайтарып алу мемлекеттік мекемелердің қабылдаған міндеттемелерін орындауға жұмсалмаған бюджеттік мақсаттардың есебінен жүргізіледі. Жылдық бюджеттік мақсаттардың қалдықтарына қайтарылып алынған сомалар арқылы жағдайда жоғары тұрған ұйымдар бюджеттік мақсаттар сомаларын реттеу бойынша шаралар қабылдауы тиіс.
17. Шарт бойынша толық сомада қабылданған міндеттемелер төлегеннен кейін, егер шартта немесе заңда басқадай көзделмесе, міндеттеме атқарылған болып саналады.
18. Қазынашылықтың аумақтық органдарында тіркелген, бірақ ағымдағы жылы аяқталмаған азаматтық-құқықтық шарт келесі қаржы жылында қайта тіркеуге жатады.
Қаржы жылы аяқталған бойда қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысы қабылданған міндеттемелер атқарылмаған жағдайда Атқарылмаған міндеттемелер ведомосты (N 10, 11-қосымша): республикалық бюджет есебінен ұсталатын мекемелер бойынша - N 034-нысан; жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мекемелер бойынша N 134-нысан қалыптастырылады. Көп жылғы атқарылмаған міндеттемелер ведомосты басқа үлгідегі міндеттемелерден бөлек ресімделеді.
Қаржы жылының аяғында Ведомоста көрсетілген N 034 (134)-нысанды барлық міндеттемелер жаңа қаржы жылында да реттелуі тиіс.
Атқарылмаған барлық міндеттемелер мемлекеттік мекемелер ұсынған, N 034 (134)-нысандағы ведомостың деректері бойынша толтырылған Шартқа өзгерістер енгізуге арналған Өтінімнің (N 5-қосымша) негізінде келесі жыл үшін қайта тіркеуге жатады. Мұндай жағдайда Өтінімнің "Міндеттемелер сомасы" бағанына атқарылмаған міндеттемелер сомасына тең сома қойылады. Көп жылғы міндеттемелерді қайта тіркеу кезінде Өтінімде шарт бойынша қалған сома және ағымдағы жылға арналған сома көрсетіледі. Өтінімдегі "Міндеттеме нөмірі" бағанында мұның алдындағы міндеттеменің нөмірі көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндеттемелерді жою туралы шешім қабылдаған жағдайда ол ұсынған Өтінімге міндеттеменің атқарылу сомасына тең сома қойылады.
Әрбір тіркелген Өтінім бойынша N 031 (131)-нысандағы анықтама
беріледі. Мемлекеттік мекемелерді тарату және қайта құру кезінде таратылған (қайта құрылған) мемлекеттік мекеме бұған дейін қабылдаған міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті жоспарлы (бюджеттік) мақсаттар олардың құқықтық мұрагерлеріне тапсырып берілген жағдайда, құқықтық мұрагер Қазынашылықтың қызмет көрсетуші аумақтық органына Шартқа өзгерістер енгізу үшін Өтінім береді. N 1 қосымша _______________________________________________ _______________________________________________ (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы) ________________________________________ (мемлекеттік мекеменің атауы және коды) Шартты тіркеуге арналған N_____ Өтінім ____ ж."___"____________ Шарттың нөмірі _________________ Шарттың атауы ____________________________________________________ Шарттың сомасы ___________________ теңге Ағымдағы жылғы сомасы _________________________ теңге _______________________________________________________________________ | рет | Міндеттеменің | Бюджеттік | Міндеттеменің | | N | түрі | сыныптаманың коды| сомасы | |_____|_______________|__________________|______________________________| | 1 | 2 | 3 | 4 | |_____|_______________|__________________|______________________________| |_____|_______________|__________________|______________________________| Басшы Бас бухгалтер N 2 қосымша Мұқабаның үлгісі _____________________________________ (мемлекеттік мекеменің атауы) өтінімдерді тіркеу Журналы _____ ж.______________ басталды. ______ж._____________ аяқталды. N 3 қосымша N 030 нысан _______________________________________________ (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы) Шартты тіркеу туралы N _____ Анықтама _____ ж. "___"_______ ________________________________________ (мемлекеттік мекеменің атауы және коды) Шартты тіркеуге арналған өтінім N-і ________ Шарттың нөмірі _________________ Шарттың атауы ____________________________________________________ Шарттың сомасы ___________________ теңге Ағымдағы жылғы сомасы _________________________ теңге _______________________________________________________________________ | рет | Міндеттеменің | Міндеттеменің |Бюджеттік | Міндеттеменің | N | түрі | нөмірі |сыныптаманың коды| сомасы |_____|_______________|_______________|_________________|_______________ | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |_____|_______________|_______________|_________________|_______________ |_____|_______________|_______________|_________________|_______________ Қазынашылықтың жауапты атқарушысы Осы үлгі бойынша журналдың барлық парақтары басылсын Қосымша _________________________________________________________________________ |рет|Тіркелген|Шарттың| Шарттың деректері|Шарт |Өтінімнің дерек.|Өтінімді| | N | уақыты | атауы |__________________|бойын.|тері |тіркеуші| | | | |нөмірі|жасалған |ша жа.|________________|тұлғаның| | | | | | уақыты |лпы |нөмірі| толты. |Аты-жөні| | | | | | |сомасы| |рылған | тегі | | | | | | | | | уақыты | |___|_________|_______|______|___________|______|______|_________|________| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |___|_________|_______|______|___________|______|______|_________|________| |___|_________|_______|______|___________|______|______|_________|________| |___|_________|_______|______|___________|______|______|_________|________| N 4 қосымша Мұқабаның үлгісі _____________________________________ (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы) Алынған міндеттемелер жөніндегі анықтамаларды тіркеудің N 1 Журналы _____ ж.______________ басталды. ______ж._____________ аяқталды. Осы үлгі бойынша журналдың барлық парақтары басылсын Қосымша __________________________________________________________________________ |рет|Тіркелген| Мемлекеттік |Мемлекеттік| Анықтаманың | Шарт |Анықтаманы| | N | уақыты |мекеменің атау| мекеменің | деректері |бойынша|берген тұл. | | | | коды |_____________| жалпы |ғаның аты-| | | | | |нөмірі|уақыты|сомасы |жөні, тегі| |___|_________|______________|___________|______|______|_______|__________| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |___|_________|______________|___________|______|______|________|_________| |___|_________|______________|___________|______|______|________|_________| |___|_________|______________|___________|______|______|________|_________| |___|_________|______________|___________|______|______|________|_________| N 5 қосымша _______________________________________________ _______________________________________________ (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы) ________________________________________ (мемлекеттік мекеменің атауы және коды) Шартқа өзгерістер енгізуге арналған N_____ Өтінім ____ ж."___"____________ Шарттың нөмірі _________________ Шарттың атауы ____________________________________________________ Өзгеріс үшін негіз _______________________________________________ Шарттың сомасы ___________________ теңге Ағымдағы жылғы сомасы _________________________ теңге _______________________________________________________________________ | рет | Міндеттеменің | Міндеттеменің |Бюджеттік | Міндеттеменің | | N | түрі | нөмірі |сыныптаманың коды| сомасы | |_____|_______________|_______________|_________________|_______________ | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |_____|_______________|_______________|_________________|_______________ |_____|_______________|_______________|_________________|_______________ Басшы Бас бухгалтер N 6 қосымша N 031 нысан _______________________________________________ (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы) Шартқа енгізілген өзгерістер туралы N_____ Анықтама ____ ж."___"____________ ________________________________________ (мемлекеттік мекеменің атауы және коды) Өзгеріс үшін өтінімнің N-і ________ Шарттың нөмірі __________ Шарттың атауы ____________________________________________________ Өзгеріс үшін негіз _______________________________________________ Шарттың сомасы ___________________ теңге Ағымдағы жылғы сомасы _________________________ теңге _______________________________________________________________________ | рет | Міндеттеменің | Міндеттеменің |Бюджеттік | Міндеттеменің | | N | түрі | нөмірі |сыныптаманың коды| сомасы | |_____|_______________|_______________|_________________|_______________ | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |_____|_______________|_______________|_________________|_______________ |_____|_______________|_______________|_________________|_______________ Қазынашылықтың жауапты атқарушысы N 7 қосымша N 033 - нысан _______________________________________________ (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы) ________________________________________ бойынша (мемлекеттік мекеменің атауы және коды) қаржылық міндеттемелерге бақылау Ведомосы ____ ж."___"____________ Бюджеттік сыныптаманың коды __________________________________ Бір жылға арналған жоспарлы рұқсат _________________________________ Бөлінген лимиттер ___________________________________________ Міндеттемелерді қабылдауға арналған еркін қалдық ___________________ __________________________________________________________________________ |рет|Шарттың|Міндеттеменің|Міндеттеме.|Міндеттеме.|Міндеттеменің атқарылуы | N | нөмірі| нөмірі |нің түрі |нің сомасы |_______________________| | | | | | |уақыты|төлем тапсы.|со. | | | | | | |рысының N-і |масы |___|_______|_____________|___________|___________|______|____________|___| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |___|_______|_____________|___________|___________|______|____________|___| |___|_______|_____________|___________|___________|______|____________|___| Бюджеттік сыныптаманың коды бойынша жиыны: Мекеме бойынша жиыны: Қазынашылықтың жауапты атқарушысы N 8 қосымша N 032 - А нысаны _______________________________________________ (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы) алынған міндеттемелерді ескере отырып, бөлінген лимиттердің және кассалық шығыстар қозғалысының Ведомосы ________________________________________ (мемлекеттік мекеменің атауы және коды) ____ ж."___"____________ __________________________________________________________________________ |Бюджет.|Бір жылға|Алын.|Бөлінген| Кассалық | Қалпына |Пайда |Лимит | |тік сы.|арналған |ған |лимиттер| шығыс | келтіру |ланыл.|термен| |ныпта. |жоспарлы |мін. | |_________________________ |маған |қамта | |маның | рұқсат |дет. | |міндет.|мін. |міндет.|мін.|лимит.|сыз | |коды | |теме.| |темелер|дет. |темелер|дет.|тердің|етіл. | | | |лер | |бойын. |теме.|бойын. |теме|қалды.|меген | | | | | |ша |лер. |ша |лер.|ғы |міндет| | | | | | |сіз | |сіз | |теме. | | | | | | | | | | |лер | |_______|_________|_____|________|_______|_____|_______|____|______|______| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |_______|_________|_____|________|_______|_____|_______|____|______|___ __| |_______|_________|_____|________|_______|_____|_______|____|______|___ __| |_______|_________|_____|________|_______|_____|_______|____|______|______| |_______|_________|_____|________|_______|_____|_______|____|______|___ __| Мекеме бойынша жиыны: Есепке алулар Қайтарып алулар Қазынашылықтың жауапты атқарушысы Ескерту: Қайтарып алу мен есепке алудың бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша көрсетіледі. N 9 қосымша N 032 - Б нысаны _______________________________________________ (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы) Алынған міндеттемелерді ескере отырып, бөлінген лимиттердің және кассалық шығыстар қозғалысының Ведомосы ________________________________________ (мемлекеттік мекеменің атауы және коды) ____ ж."___"____________ __________________________________________________________________________ |Бюджет.|Бір жылға|Алын.|Бөлінген| Кассалық | Қалпына |Пайда |Лимит | |тік сы.|арналған |ған |лимиттер| шығыс | келтіру |ланыл.|термен| |ныпта. |жоспарлы |мін. | |_________________________ |маған |қамта | |маның | рұқсат |дет. | |міндет.|мін. |міндет.|мін.|лимит.|сыз | |коды | |теме.| |темелер|дет. |темелер|дет.|тердің|етіл. | | | |лер | |бойын. |теме.|бойын. |теме|қалды.|меген | | | | | |ша |лер. |ша |лер.|ғы |міндет| | | | | | |сіз | |сіз | |теме. | | | | | | | | | | |лер | |_______|_________|_____|________|_______|_____|_______|____|______|______| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |_______|_________|_____|________|_______|_____|_______|____|______|___ __| |_______|_________|_____|________|_______|_____|_______|____|______|___ __| |_______|_________|_____|________|_______|_____|_______|____|______|______| |_______|_________|_____|________|_______|_____|_______|____|______|___ __| Қазынашылық бойынша жиыны: Есепке алулар Қайтарып алулар Қазынашылықтың жауапты атқарушысы Ескерту: Қайтарып алу мен есепке алудың сомасы бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша көрсетіледі. N 10 қосымша N 034 нысан _______________________________________________ (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы) ________________________________________ бойынша (мемлекеттік мекеменің атауы және коды) атқарылмаған міндеттемелерді бақылау Ведомосы ____ ж."___"____________ ________________________________________________________________________ |рет|Бюджеттік|Шарттың|Шарт|Ағымдағы |Міндетте.| Атқарылған|Ақарылмаған | | N |сыныпта. | нөмірі|бой.| жылғы |менің |міндеттеме.|міндеттемелер| | |ның коды | |ынша| сома |нөмірі |лердің |дің сомасы | | | | |жал.| | |сомасы | | | | | | пы | | | | | | | | |сома| | | | | |___|_________|_______|____|_________|_________|___________|_____________| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |___|_________|_______|____|_________|_________|___________|_____________| Мекеме бойынша жиыны: Қазынашылықтың жауапты атқарушысы N 11 қосымша N 034 нысан _______________________________________________ (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы) ________________________________________ бойынша (мемлекеттік мекеменің атауы және коды) атқарылмаған міндеттемелерді бақылау Ведомосы ____ ж."___"____________ ________________________________________________________________________ |рет|Бюджеттік|Шарттың|Шарт|Ағымдағы |Міндетте.| Атқарылған|Ақарылмаған | | N |сыныпта. | нөмірі|бой.| жылғы |менің |міндеттеме.|міндеттемелер| | |ның коды | |ынша| сома |нөмірі |лердің |дің сомасы | | | | |жал.| | |сомасы | | | | | | пы | | | | | | | | |сома| | | | | |___|_________|_______|____|_________|_________|___________|_____________| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |___|_________|_______|____|_________|_________|___________|_____________| Қазынашылық бойынша жиыны: Қазынашылықтың жауапты атқарушысы Оқығандар: Умбетова А.М. Икебаева А.Ж.