Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28 N 152 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Z970136_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының 52-бабының 3-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады)
қаулы етеді:
1. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі "Лицензия" деп аталады) алу үшін қажетті шығарылған (төленген) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің 80 миллион теңге немесе акциялардың ең төменгі құны шетелдік валютамен айқындалған жағдайда, оған баламды түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің салық төлеу, бухгалтерлік есеп жүргізу және кедендік төлемдер мақсаттары үшін белгілеген ресми бағамы бойынша 150 миллион теңге болып белгіленсін.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі
Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 58
қаулысымен. V001050_
2. Лицензияның барлық қолданылу мерзімі ішінде зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының мөлшері осы Қаулының 1-тармағында айқындалған өлшемнен кем болмайтындай мөлшерді құру керек екендігі белгіленсін.
3. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның (Лицензия алуға үміткер ұйымның) акцияларын төлеуді оның құрылтайшылары (акционерлері) тек қана ақшалай - теңгемен немесе шетелдік валютаның зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның (Лицензия алуға үміткер ұйымның) Қазақстан Республикасындағы банктегі (банктердегі) шоттарына есептелініп салыну шартымен еркін айналыстағы шетелдік валюталармен жүргізетіндігі белгіленсін.
4. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның (Лицензия алуға үміткер ұйымның) акцияларын төлеу үшін ақша тек қана оның құрылтайшыларының (акционерлерінің) өз капиталының шегінде, олардың акцияларға орналастырылған активтері және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы үлестері шегеріле отырып, енгізілуі мүмкін екендігі белгіленсін.
5. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін. 6. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы: 1) осы Қаулыны (күшіне енгізілгеннен кейін) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың назарына жеткізсін; 2) осы Қаулыны (күшіне енгізілгеннен кейін) Лицензия алуға үміткер ұйымдардың назарына жеткізсін; 3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын. Ұлттық комиссияның Төрағасы Ұлттық комиссияның мүшелері Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.