Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзге асыруға лицензия алуға өтініш беруші үшін және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 152 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4769 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 197 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 25.05.2016 N 18/01 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және 37-бабының 8-тармағына сәйкес және мүгедектердің қоғамдағы тіршілік әрекеті және бірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар жұмыс орындарының жалпы санының 3% мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының жыл сайынғы квотасын белгілесін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Қ. Сатоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Төлепов