Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру Қағидалары

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 1998 жылғы 13 тамыз N 11 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада тіркелді. Тіркеу N 642

Жаңартылған
      Инвестициялық активтерді басқару жөніндегі компаниялардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) нормативтік құқықтық актілерін "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Z980213_ Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкестендіру мақсатында Ұлттық комиссия қаулы етеді:
      1. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың мәселелері бойынша мынадай нормативтік құқықтық актілер бекітілсін (қоса беріліп отыр):
      1) "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидалары";
      2) "Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидалары";
      3) "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың басшы қызметкерлері лауазымына кандидатураларды келісу қағидалары".
      2. Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерді тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберілсін.
      3. Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілсін.
      4. Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркелген сәттен бастап Ұлттық комиссияның мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылған деп танылсын:
      1) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекітілген "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметі туралы ереже" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 09 қыркүйекте 362 V970362_ нөмірмен тіркелген);
      2) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекітілген "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың басшы лауазымдарына үміткерлерді келісу тәртібі туралы ереже" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 09 қыркүйекте 364 нөмірмен V970364_ тіркелген);
      3) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметі туралы ереже" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 16 қыркүйекте 402 нөмірмен V970402_ тіркелген).
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
      1) осы Қаулыны және онымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастығының назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
     Ұлттық комиссияның Төрағасы
     Ұлттық комиссияның мүшелері


                                              Қазақстан Республикасы       

Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген


                Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың
                          инвестициялық қызметті жүзеге асыру
                                     Қағидалары <*>
      Ескерту: Қағиданың барлық мәтіні бойынша түрлі септіктердегі
              "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссияның Директораты" деген
              сөздер тиісті септіктегі "уәкілетті орган" деген сөздермен
              ауыстырылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
              басқармасының 2002 жылғы 5 сәуір N 121 қаулысымен. V021839_

      Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Z970136_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Z970077_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың (бұдан әрі - "Компаниялар" деп аталады) инвестициялық қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

        1-тарау. Инвестиция объектілері және мәмілелер жасасу
                           орындары

      1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға бағалы қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган берген лицензия бар болған кезде, Компания мемлекеттік емес зейнетақы жинақтау қорларымен (бұдан әрі "Қорлар" деп аталады) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөнінде келісімдер жасауға құқылы. <*>
      Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - Қазақстан Республикасының
               Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 5 сәуір N 121
               қаулысымен. V021839_
      2. Компания оның инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке Қордың зейнетақы активтерін төменде аталған қаржы құралдарына зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің (инвестицияның ағымдағы көлемін және Қордың кастодиандағы инвестициялық шотының мәміле жасау күніне ақша қалдығын қоса отырып) мынадай мөлшерлерінде орналастыруға құқылы:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған), Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда - 40%-тен кем емес, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссияланған, айналыс мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр жыл қалған бағалы қағаздарға - кемiнде 5 %; <*>
      1-1) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздар (оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес эмиссияланған), осы бағалы қағаздардың "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның сауда жүйелерiнде айналысқа жiберу және зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға уәкілетті органының рұқсат ету шартымен, - 5%-тен көп емес; <*>
      2) осы Қағидалардың 3-тармағымен айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына - 10%-тен көп емес;
      3) осы Қағидалардың 3-1 тармақтарының шарттарына сәйкес айқындалған екінші деңгейдегі банктердегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі, сондай-ақ салымдарға (депозиттерге) және осы Қағидалардың 3-1 тармақтарының шарттарына сәйкес депозиттерге келетін екінші деңгейдегі банктер шығарған депозиттік сертификаттарға және/немесе бағалы қағаздары "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тізіміне "А" санаты бойынша енгізілгендердің - 10%-тен көп емес (осы Қағидалардың 5 және 6-тармағымен белгіленген шектеулермен қоса); <*> <*> <*>
      3-1) шетелдік эмитенттердің осы Қағидалардың 3-2-тармағының 1)-3) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік емес бағалы қағаздары және шетелдік мемлекеттердің осы Қағидалардың 3-3-тармағының талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздары - 10%-тен көп емес және шетелдік эмитенттердің осы Қағидалардың 3-2-тармағының 3-1)-3-3) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік емес бағалы қағаздарына - 10%-тен көп емес; <*>
      3-2) Қазақстан Республикасы ұйымдарының "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тiзiмiне енгiзiлген ипотекалық облигацияларына 5 %-дан аспайтын;
      4) ипотекалық облигациялармен қатар, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тiзiмiне "А" санаты бойынша енгізiлген, Қазақстан Республикасы ұйымдарының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарына, сондай-ақ қатысушылары "акционерлерi" тек қана Қазақстан Республикасының SPV ("Special Purpose Vеhiсlеs"/"Арнайы кәсiпорындар") деп аталатын

ұйымдары болып табылатын шетелдiк ұйымдар шығарған мемлекеттiк емес 
эмиссиялық бағалы қағаздарға - 45 %-дан кем емес (осы Қағидалардың 
5-тармағында белгіленген шектеулермен қоса); 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық
              комиссиясының 1998.12.14. N 18  

V980661_

  қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ: 2-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар   
              жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999.06.11. N 34  

V990832_

      
              қаулысымен.
     Ескерту. 2-тармақ 1-1)-тармақшамен толықтырылды - ҚР БҚҰК-ның
              1999.06.24. N 36  

V990848_

  қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ: 2-тармақтың 3) тармақшасы толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар  
              жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999.08.08. N 38  

V990899_

      
              қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ: 2-тармақ 3) тармақшасы өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар       
              жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 57 
              қаулысымен.  

V001051_

 
     Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі           
              Ұлттық  комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі
              N 81 қаулысымен.  

V001264_

 
     Ескерту: 2-тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар   
              жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі
              N 107 қаулысымен.  

V011554_

 
     Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - Қазақстан Республикасының 
              Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 5 сәуір N 121          
              қаулысымен.  

V021839_

 
     3. Мына халықаралық қаржы құралдары эмиссияланған бағалы қағаздарды 
сатып алуға Компания құқылы: 
     1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
     2) Еуропа қайта құру және даму банкі;
     3) Америкааралық даму банкі;
     4) Халықаралық есеп айырысу банкі;
     5) Азия даму банкі;
     6) Африка даму банкі;
     7) Халықаралық қаржы корпорациясы;
     8) Ислам даму банкі.


      3-1. Депозиттік сертификаттарына (ондағы депозиттік сертификаттарға) Компанияның инвестициялық басқаруындағы қордың зейнетақы активтері орналастырылатын екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерді (өз капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін бірінші топтағы банктерді қоспағанда) халықаралық стандарттарға өткізу туралы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші топқа жатқызу керек не оған аталған нормативтік құқықтық актілердің талаптары қолданылмау керек. <*> <*>
      ЕСКЕРТУ: 3-1-тармақтармен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999.06.11. N 34 V990832_
               қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ: 3-1-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық
               комиссиясының 1999.08.08. N 38 V990899_ қаулысымен.
      Ескерту: 3-1-тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі
               N 107 қаулысымен. V011554_
      3-2. Компания шетелдік эмитенттердің мынадай мемлекеттік емес бағалы қағаздарын сатып алуға құқылы:
      1) "АА"-дан ("Standart & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Аа2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздарды;
      2) борыштық бағалы қағаздарының "АА"-дан ("Standart & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Аа2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес эмитенттердің акцияларын;
      3) "АА"-дан ("Standart & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Аа2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы эмитенттердің бағалы қағаздарын осы бағалы қағаздарды зейнетақы активтері есебінен сатып алуға уәкілетті органның рұқсат етуі шартымен;
      4) "А"-дан ("Standart & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздарды;
      5) борыштық бағалы қағаздарының "А"-дан ("Standart & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес эмитенттердің акцияларын;
      6) "А"-дан ("Standart & Poor's" және "Fitch IBCA" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы эмитенттердің бағалы қағаздарын осы бағалы қағаздарды зейнетақы активтері

есебінен сатып алуға уәкілетті органның рұқсат етуі шартымен. 
<*>

     ЕСКЕРТУ: 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар      
              жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999.06.11. N 34  

V990832_

      
              қаулысымен.     
     Ескерту. 3-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР БҚҰК-ның 1999.06.24. N 36    
               

V990848_

  қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ: 3-2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық  
              комиссиясының 1999.08.08. N 38  

V990899_

  қаулысымен.
     Ескерту: 3-2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі         
              Ұлттық  комиссиясының 2000 жылғы 15 қарашадағы
              N 91 қаулысымен.  

V001343_

 
     Ескерту: 3-2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар 
              жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі
              N 107 қаулысымен.  

V011554_

 
     Ескерту: 3-2-тармақ жаңа редакцияда  - Қазақстан Республикасының 
              Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 5 сәуір N 121          
              қаулысымен.  

V021839_

 


      3-3. Компания шетелдiк мемлекеттердiң несиелiк рейтингтiң халықаралық шкаласы бойынша "Аа"-дан ("Standart & Poor's және Ғitсh" жiктемесi бойынша) немесе "Аа2"-дан ("Мооdу's" жiктемесi бойынша) төмен емес рейтингтiк бағалауы бар бағалы қағаздарын сатып алуға құқылы. <*>
      Ескерту: 3-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі
               N 107 қаулысымен. V011554_
      4. Компанияның бастапқы рыноктағы мемлекеттік бағалы қағаздармен (олар орналастырылған кезде) мәмілелері жасасқан келісімдердің негізінде Бастапқы дилерлер - ұйымдар арқылы жасалады не мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында Бастапқы дилер міндетін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен жасасқан келісім бар болса Компания дербес түрде өзі жасайды.
      Компаниялардың бастапқы рыноктағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін (олар орналастырылған кезде) Компаниялар дербес түрде өздері жасайды.
      Компаниялардың қайталама рыноктағы мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелері бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар арқылы, осы ұйымдармен жасасқан келісімдердің негізінде не Компаниялардың бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногына тікелей рұқсаты бар болса дербес түрде тек қана бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасалады.
      5. Компанияның бір эмитенттің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарына инвестициясының мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) және екінші деңгейдегі бір банктегі депозиттер (екінші деңгейдегі бір банктің депозиттік сертификаттарына) компанияға арналған пруденциялық нормативтермен белгіленген шектеулерге сәйкес болу керек. <*> <*>
      Компания "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тiзiмiне енгiзiлген мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды бастапқы рынокта (оларды орналастыру кезiнде) сатып алуға құқылы емес, егер "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ы осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұрған жағдайда. <*>
      ЕСКЕРТУ: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық
               комиссиясының 1999.06.11. N 34 V990832_ қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық
               комиссиясының 1999.08.08. N 38 V990899_ қаулысымен.
      Ескерту: 5-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі
               N 107 қаулысымен. V011554_
      6. Компанияның өз активтерi және оның инвестициялық басқаруындағы Қорлардың зейнетақы активтерi орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi немесе екiншi деңгейдегі банктегi салым (депозит) (екiншi деңгейдегі банктiң депозиттiк сертификатты) бойынша алынған сыйақының (мүдденiң) салымның (депозиттiң) мерзiмiне ұқсас инвестициялау кезеңiндегі салым (депозит, депозиттiк сертификат) бойынша ұлттық немесе шетелдiк валютаға (депозиттiң (депозиттiк сертификаттың) ставкасының валютасына қатысты) номинацияланған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша жуықтатылған кiрiстiлiк ставкасынан төмен болмауы тиiс. Аталған жуықтату кiрiстiлігін уәкілетті орган: <*>
      1) Қазақстан Республикасының ұлттық валютада номинацияланған мемлекеттiк бағалы қағаздарына қатысты - зейнетақы және өз активтерiн салымға (депозитке, депозиттiк сертификатқа) орналастыру алдындағы күннен бiр апта бұрын кезеңде;
      2) Қазақстан Республикасының шетелдiк валютада номинацияланған мемлекеттiк бағалы қағаздарына қатысты зейнетақы және өз активтерiн салымға (депозитке, депозиттiк сертификатқа) орналастыру алдындағы күннен бiр ай бұрын кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-да өткiзiлген сауда-саттықтың нәтижесi бойынша қалыптасқан бағалардың негiзiнде логарифмдiк жуықтату әдiсiмен айқындайды. <*>
      Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі
               N 81 қаулысымен. V001264_
      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық
               комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107
               қаулысымен. V011554_
      6-1. Қазақстан Республикасының ұлттық және шетелдiк валютадағы мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген кiрiстiлiк жуықтатуды уәкілетті орган апта сайын аптаның бiрiншi жұмыс күнi алматы уақытымен 18.00. және 21.00 аралығында "кiрiстiлiктiң қисық сызығы" түрiнде Интернет желiсiнде "Активтердi бағалау" бөлiмiндегi ("Кiрiстiлiк қисығы" бөлiмшесi) www.nsс.кz мекен-жайы бойынша жариялайды және жаңартады. <*>
      Ескерту: 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі
               N 81 қаулысымен. V001264_
      6-2. Компанияның өз активтерiн және оның инвестициялық басқаруындағы Қорлардың зейнетақы активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi немесе екiншi деңгейдегi банктегi салымға (депозитке) (екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификатқа) орналастыру мерзiмi үш айдан аспауы керек. Осы мерзiм аяқталғанға дейiн салымның (депозиттiң) сомасы және ол бойынша сыйақының (мүдденiң) сомасы Қордың инвестициялық шотына есепке алыну керек, ал депозиттiк сертификатты Компания өтеуге ұсынуы (осы екiншi деңгейдегі банктiң депозиттiк сертификаттарын шығарудың, айналысының және өтеудiң шарттарына сәйкес) немесе есептелген сомаларды Қордың инвестициялық шотына есепке алумен сатуы тиiс. <*>
      Ескерту: 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі
               N 81 қаулысымен. V001264_
      Ескерту: 6-2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық
               комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107
               қаулысымен. V011554_

               2-тарау. Шектеулер және тыйым салулар

      7. Компания өзінің қызметін жүзеге асыру кезінде оның инвестициялық басқаруына зейнетақы активтері қабылдаған Қорлардың мүддесіне ғана әрекет етуге міндеті.
      8. Қолданылып жүрген заңдармен жасауға (орындауға) тыйым салынған өзге де мәмілелер мен әрекеттерден басқа:
      1) оның инвестициялық басқаруына қабылданған зейнетақы активтерін кез келген тәсілмен өз мүддесіне және Қордан басқа, өзге тұлғалардың мүдделерінде пайдалануға, оның ішінде бір ұлттық біріздендіру нөміріндегі және бір күндегі бағалы қағаздарды өз активтері есебінен сату (сатып алу) және оның басқаруына қабылданған зейнетақы активтері есебінен сатып алу (сату) туралы инвестициялық шешім қабылдауға; <*>
      2) мазмұнында жариялау күніне нақтылыққа сәйкес келмейтін мәліметтер бар өзінің қызметі туралы жарнаманы немесе ақпаратты жариялауға;
      3) мазмұнында зейнетақы активтері бойынша жобаланған инвестициялық кіріс туралы мәліметтер бар өзінің қызметі туралы жарнаманы немесе ақпаратты жариялауға;
      4) мазмұнында Компания қызметінің нәтижелерін басқа Компаниялардың ұқсас көрсеткіштерімен салыстыру (барлық Компаниялардың бір кезеңдегі қызметтері нәтижелерінің орташа мәндерін салыстыруды қоспағанда) бар өзінің қызметі туралы жарнаманы немесе ақпаратты жариялауға Компанияға тыйым салынады.
      ЕСКЕРТУ: 8-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық
               комиссиясының 1999.06.11. N 34 V990832_ қаулысымен.
      9. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасымен белгіленген тыйым салулар бұзылған жағдайда уәкілетті орган Компаниядан Компанияның қызметі туралы жарнамаға немесе ақпаратқа өзгерістер енгізуді, жарнаманы тоқтатуды немесе Компанияның қызметі туралы жарнаманың немесе ақпараттың жалғандығы туралы жариялауды талап етуге құқылы. Осындай талап ету уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаса уәкілетті орган Компанияның қызметі туралы жарнаманың немесе ақпараттың мазмұнындағы мәліметтердің нақтылыққа сәйкессіздігі туралы хабарды жариялауға құқылы.
      10. Компанияға және оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне:
      1) қызмет көрсетілетін Қорлар және инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтері туралы ақпаратты қызмет көрсетілетін Қорларға қатысты бәсекелестік мақсатында және әділетсіз кіріс (үшінші тұлғаға белгісіз ақпаратты иелену арқылы кіріс) алу мақсатында пайдалануға;
      2) инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтері есебінен жасалған мәмілелер туралы нақты емес ақпаратты таратуға;
      3) қызмет көрсетілетін Қорлар және инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтері туралы, осы Қорлардың қызмет және коммерциялық құпияларын құрайтын ақпаратты таратуға;
      4) қызмет көрсетілетін Қорлар және инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтері туралы, осы Қорлардың қызмет және коммерциялық құпияларын құрамайтын ақпаратты ашық жарияланғанға дейін таратуға тыйым салынады.
      Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тыйым салулар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес уәкілетті органның ақпарат беруіне қолданылмайды.

                  3-тарау. Инвестициялаудың шарттары

      11. Қордың кастодиандағы инвестициялық шотына келіп түсетін зейнетақы активтері ағымдағы аударылымдар шегеріле отырып бес жұмыс күні ішінде Компанияның толық көлемде инвестициялауына жатады.
      Егер Қордың кастодиандағы инвестициялық шотындағы ақша қалдығы Ұлттық комиссия белгілеген мөлшерден аз болса, не егер уәкілетті орган қаржы құралдарының рыногындағы жағдаяттарға сүйене отырып Компанияның зейнетақы активтерін инвестициялау мерзімін ұзарту туралы дәлелді өтінімін қанағаттандырса, Компания осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттарды орындамауға құқылы. Өзге жағдайларда осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттарды бұзған әр күн үшін Компания Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналым мерзімі үш айлық мемлекеттік қазыналық міндеттемелердің кірістілік деңгейіне (бір күн есебімен) сүйене отырып айқындалған, заң бұзушылықтың алдындағы осы бағалы қағаздарды орналастыру жөніндегі соңғы аукционда қалыптасқан өсімді төлейді (орналастырудың орташа бағасы бойынша). Аталған өсім Қордың зейнетақы активтерін өсіруге жұмсалады.
      11-1. Осы Қағидалардың 11-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген өтінішті уәкілетті орган Осы Қағидалардың 11-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес айқындалған мерзім ішінде алу керек. Егер, осы мерзімнің аяқталуына кемінде екі жұмыс күні қалса, өтініште оның кешіктіріліп ұсынылу себептері болу керек. <*>
      ЕСКЕРТУ: 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі
               Ұлттық комиссиясының 1999.06.11. N 34 V990832_ қаулысымен.
      12. Егер қандайда да болмасын жағдаяттардың нәтижесінде Қордың

зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің 
құрылымының осы Қағидалардың 2-ші және 6-тармақтармен белгіленген 
шарттарға сәйкес келуі тоқтаса, Компания осындай сәйкессіздікті ұлғайтатын 
инвестициялық қызметті шұғыл түрде тоқтатуға және оны жою жөніндегі 
қолайлы және қажетті барлық шараларды қабылдауға міндетті.
       4-тарау. Компанияның кірісі
     
     13. Қолданылып жүрген заңдармен белгіленген салықтарды, қолданылып 
жүрген заңдармен белгіленген басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі 
Компанияның өз активтерін инвестициялаудан түскен кірісі Компанияның 
қарамағында қалады.
     14.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 14-тармақ алып тасталды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі 
               ұлттық комиссиясының 1999.05.17. N 32  

V990781_

  қаулысымен.
     15. Алынған комиссиялық сыйақылар сомасынан Компанияның зейнетақы 
активтерін инвестициялау бойынша шығыстары асып кеткен жағдайда айырма 
Компанияның өз қаражаттары есебінен жабылады.
     
     Ұлттық комиссиясының Төрағасы
     
     Оқығандар:     
          Багарова Ж.А.
          Икебаева А.Ж.