Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың басшы лауазымдарына үмiткерлердi келiсу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1997 жылғы 29 тамыз N 133 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 10 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 364. Күші жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998.08.13. N 11 ~V980641 қаулысымен.

      1. Жалпы ережелер
      1.1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Z970136_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Z970077_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Мемлекеттiк зейнетақы жинақтау қорының (бұдан әрi - МЗЖҚ) инвестициялық қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
 
      2. Инвестициялық қызметтiң негiзгi принциптерi
 
      2.1. МЗЖҚ:
      - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарына, осы

 

Ереженiң 2.3-тармағымен айқындалған тiзiм бойынша халықаралық қаржы

ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялауды;

     - банктiк депозиттiк сертификатқа және Қазақстан Республикасының

ұлттық Банкi айқындаған тiзбе бойынша екiншi деңгейдегi мемлекеттiк

банктердегi депозитке қаражаттар орналастыруды жүзеге асырады.

     2.2. МЗЖҚ зейнетақы активтерiн, оларды орналастыру сәтiне зейнетақы

активтерiнiң жалпы көлемiнiң мынадай мөлшерлерiнде орналастыруды

қамтамасыз етедi:

     - Қазақстан Республикасының

     мемлекеттiк қысқа мерзiмдi

     бағалы қағаздары (1 жылға

     дейiнгi айналыс мерзiмiмен)         - 25%-тен кем емес

     - Қазақстан Республикасының

     мемлекеттiк орта мерзiмдi

     және ұзақ мерзiмдi бағалы

     қағаздары (1 және одан да

     көп жылғы айналыс мерзiмiмен)       - 25%-тен кем емес

     - осы Ереженiң 2.3-тармағымен

     айқындалған тiзiм бойынша

     халықаралық қаржы ұйымдарының

     бағалы қағаздары                    - 10%-тен көп емес

     - банктiк депозиттiк серти.

     фикаттар және Қазақстан Респуб.

     ликасының Ұлттық Банкi айқын.

     даған тiзбе бойынша екiншi

     деңгейдегi мемлекеттiк

     банктердегi депозиттер              - 40%-тен көп емес.


     2.3. МЗЖҚ мынадай халықаралық қаржы ұйымдарының шығарған бағалы

қағаздарымен жасалған мәмiлелер бойынша инвестор болуға құқықты:

     - Халықаралық қайта құру және даму банкi (Бүкiләлемдiк банк);

     - Еуропалық қайта құру және даму банкi;

     - Америкааралық даму банкi;

     - Халықаралық есеп айырысу банкi;

     - Азия даму банкi;

     - Африка даму банкi;

     - Халықаралық қаржы корпорациясы;

     - Ислам даму банкi.


 
       2.4. МЗЖҚ өзiнiң қаражаттарын осы Ереженiң 2.5 және 2.6-тармақтарының талаптарын орындау шартымен осы Ереженiң 2.2-тармағында көрсетiлген активтерге кез-келген мөлшерде орналастырады.
      2.5. МЗЖҚ мемлекеттiк бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауды тек қана бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында бастапқы дилерлер арқылы жүзеге асырады.
      2.6. МЗЖҚ депозиттерге және екiншi деңгейдегi мемлекеттiк банктердiң банктiк депозиттiк сертификаттарына инвестициялық салымды депозиттiң және екiншi деңгейдегi мемлекеттiк банктердiң депозиттiк сертификаттарының осы түрi бойынша қалыптасқан ставкалардың орташа деңгейiнен төмен емес ставкалар бойынша жүзеге асырады.
 
      3. МЗЖҚ активтерiн және зейнетақы
         активтерiн бағалау
 
      3.1. МЗЖҚ күн сайын зейнетақы және өз активтерiне соңғы 10 күн iшiндегi, активтердi бағалау күнiн қоса отырып, орташа құны бойынша бағалау жүргiзуге және БҚҰК тиiстi ережесiмен белгiленген тәртiпте БҚҰК-на есеп жiберуге мiндеттi.
      3.2. Бағалы қағаздардың соңғы 10 күн iшiндегi орташа құны, олардың рыноктiк құнына сүйене отырып, қаралатын кезеңнiң әрбiр күнiне саудаластықтарды ұйымдастырушы жариялаған бағалы қағаздардың бағасын кесуге сәйкес айқындалады.
      Бiр саудаластықтарды ұйымдастырушыдағы белгiлi бiр күнге бағалы қағаздың бағасы кесiлген құны оның мәмiлелердiң көлемi және олар жүргiзiлген баға бойынша қалыптасқан орташа құны болып табылады.
      Егер белгiлi бiр күнi бағалы қағаздың бағасы кесiлген құны тек бiр ғана саудаластықтарды ұйымдастырушы жарияласа, осындай бағалы қағаздың құны жарияланған баға кесу негiзiнде айқындалады.
      Белгiлi бiр күнi баға кесу құнын бiр бағалы қағаз бойынша екi немесе одан да көп саудаластықтарды ұйымдастырушылар жариялаған жағдайда, бағалы қағаздың сауда күнiне ағымдағы құны оның орташа құнын есептеу арқылы айқындалады. Осы Ереженiң 2.3-тармағымен айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарының құны Нью-Йорктiң және Лондонның қор биржаларындағы баға кесудiң негiзiнде, активтердiң құнын бағалау күнiнiң алдындағы күнге бағаланады.
      Шетелдiк валютадағы баға кесуге сәйкес жарияланған бағалы қағаздардың құны активтердiң құнын бағалау күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша теңгемен бағалауға жатады.
      3.3. Зейнетақы портфелiне немесе МЗЖҚ өз активтерiне енгiзiлген бағалы қағаз бойынша саудаластықтар 10 жұмыс күнiнен астам болмаған жағдайда, оның құны саудаластықтарды жаңарту күнiне дейiн өзгермейдi.
      3.4. Банктiк депозиттiк сертификаттарға және екiншi деңгейдегi мемлекеттiк банктердегi депозиттерге салынған активтердiң ағымдағы құны депозиттiң мерзiмi аяқталғанға дейiнгi бiр күн iшiнде сыйақы сомасын (мүдденiң) есептеу арқылы айқындалады.
 
      4. Қорытынды ережелер
 
      4.1. МЗЖҚ инвестициялық шотына түскен қаражат, түскен күннен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, ағымдағы шегерулердi алып тастай отырып толық көлемде инвестициялауға жатады. Белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда, әрбiр бес жiберiлген күн үшiн МЗЖҚ өз қаражаты есебiнен зейнетақы активтерiнiң пайдасына өсiм төлейдi. Өсiмнiң мөлшер үш айлық мемлекеттiк облигациялар бойынша, бос жiберiлген күн туындаған күннiң алдындағы күнге белгiленген проценттiк ставкамен (айналыстың бiр күнi есебiнде) айқындалады.
      4.2. Қор рыногында қалыптасқан тұжырымдарға сүйенiп, МЗЖҚ осындай өтiнiштiң заңдылығын растайтын негiздердi ұсына отырып, қаражаттарды инвестициялау мерзiмдерiн ұзарту туралы өтiнiшпен БҚҰК-на жүгiнуге құқылы.
      БҚҰК-ның рұқсаты алынған жағдайда осы Ереженiң 4.1-тармағымен белгiленген өсiм есептелiнбейдi.
      4.3. МЗЖҚ портфелiндегi зейнетақы активтерiнiң қандай да болмасын түрiнiң үлесi осы Ереженiң 2.2-тармағында белгiленген шектерге сәйкес келмеген жағдайда, МЗЖҚ айырмашылықты ұлғайтатын кез келген инвестициялық қызметтi тоқтатуға және сәйкессiздiктi жедел жоюға мiндеттi.
      4.4. Жариялау күнiне шындыққа сәйкес келмейтiн қызметiн МЗЖҚ жарнамалауға тыйым салынады.
      4.5. БҚҰК шындыққа сәйкес келмейтiн жарнамаға өзгерiстер енгiзудi МЗЖҚ талап етуге, оны тоқтатуға немесе оның жалған екенiн жариялауға құқылы.
      Осы талаптар БҚҰК белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда, БҚҰК жарнама мазмұнындағы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға не жарнаманы жариялаған МЗЖҚ есебiнен оларды анықтауға құқылы.
      4.6. Жарнаманы жүзеге асыру кезiнде МЗЖҚ:
      - кiрiстiң кепiлденген (жорамалданған) сомасын (процентiн) көрсетуге;
      - өзiнiң қызметiнiң нәтижелерiн зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қандайда болмасын компанияның қызметiнiң нәтижелерiмен салыстыруға (тек зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi барлық компаниялар қызметiнiң орта мәнiмен салыстыруға жол берiледi);
      - МЗЖҚ қызметiнiң нәтижелерiн салыстыруды белгiлi бiр уақыт аралығына ұқсас салыстырудың стандартты өсуiн көрсетпей жүргiзуге (бiр, үш, бес, он жыл) тыйым салынады.
      4.7. МЗЖҚ оған қатысты БҚҰК-ның әрекеттерi жөнiнде сот тәртiбiмен шағым жасауға құқықты. БҚҰК-ның жазбаша ұйғарымы жөнiнде шағым жасау оның орындалысын тоқтатпайды.