Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 1998 жылғы 13 тамыз N 11 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада тіркелді. Тіркеу N 641

Жаңартылған
      Инвестициялық активтерді басқару жөніндегі компаниялардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) нормативтік құқықтық актілерін "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Z980213_ Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңына сәйкестендіру мақсатында Ұлттық комиссия

                         Қаулы етеді:

      1. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың мәселелері бойынша мынадай нормативтік құқықтық актілер бекітілсін (қоса беріліп отыр):
      1) "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидалары";
      2) "Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидалары";
      3) "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың басшы қызметкерлері лауазымына кандидатураларды келісу қағидалары".

      2. Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерді тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберілсін.
      3. Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілсін.
      4. Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркелген сәттен бастап Ұлттық комиссияның мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылған деп танылсын:
      1) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекітілген "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметі туралы ереже" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 09 қыркүйекте 362 V970362_ нөмірмен тіркелген);
      2) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекітілген "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың басшы лауазымдарына үміткерлерді келісу тәртібі туралы ереже" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 09 қыркүйекте 364 нөмірмен V970364_ тіркелген);
      3) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметі туралы ереже" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 16 қыркүйекте 402 нөмірмен V970402_ тіркелген).
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
      1) осы Қаулыны және онымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастығының назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
     Ұлттық комиссияның Төрағасы
     Ұлттық комиссияның мүшелері



                          Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар
                             жөніндегі ұлттық комиссиясының

                        1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен
                                     бекітілген

           Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық
                      қызметті жүзеге асыру
                          Қағидалары

      Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Z970136_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Z970077_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының (бұдан әрі - "Қор" деп аталады) инвестициялық қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

        1-тарау. Инвестиция объектілері және мәмілелер жасасу
                           орындары

      1. Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушы (бұдан әрі "Қордың басқарушысы" деп аталады) ретінде айқындаған ұйым не Қордың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу және Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 11 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 643 V980643_ нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың басшы қызметкерлерi лауазымына кандидатураларды келiсу қағидаларымен бекiтiлгенге ұқсас тәртiпте Қордың басшы қызметкерлерiн Ұлттық комиссиямен келiсу шартымен Ұлттық комиссияның келісімімен Қордың өзі жүзеге асырады. <*>
      Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық
               комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 81
               қаулысымен. V001264_
      2. Қордың зейнетақы активтері төменде аталған қаржы құралдарына зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің (инвестицияның ағымдағы көлемін және Қордың кастодиандағы инвестициялық шотының мәміле жасау күніне ақша қалдығын қоса отырып) мынадай мөлшерлерінде инвестициялана алынады:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған), Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда - 50%-тен , оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссияланған, айналыс мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр жыл қалған бағалы қағаздарға - кемiнде 5 %кем емес; <*>
      1-1) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздар (оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес эмиссияланған), осы бағалы қағаздардың "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның сауда жүйелерiнде айналысқа жiберу және зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға Ұлттық комиссия Директоратының рұқсат ету шартымен, - 5%-тен көп емес; <*>
      2) осы Қағидалардың 3-тармағымен айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына - 10%-тен көп емес;
      3) Осы Қағидалардың 3-1 тармақтарының шарттарына сәйкес айқындалған екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге және осы Қағидалардың 3-1 тармақтарының шарттарына сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктер шығарған депозиттік сертификаттарға және/немесе бағалы қағаздары "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тізіміне "А" санаты бойынша енгізілгендердің - 20%-тен көп емес (осы Қағидалардың 5 және 6-тармағымен белгіленген шектеулермен қоса). <*>
      3-1. Депозиттік сертификаттарына ондағы салымдарға (депозиттерге) Қордың зейнетақы активтері орналастырылатын банкті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерді (өз капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін бірінші топтағы банктерді қоспағанда) халықаралық стандарттарға өткізу туралы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші топқа жатқызу керек не оған аталған нормативтік

құқықтық актілердің талаптары қолданылмау керек.
<*>

     4-1) "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ-ның облигациялары - 5%-тен көп 
емес.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық 
              комиссиясының 1999.05.17. N 32  

V990781_

  қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар   
              жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.06.11. N 35 
               

V990831_

  қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ 1-1)-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар    
              жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.06.24. N 37  

V990850_

      
              қаулысымен.
     Ескерту: 2-тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар   
              жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі
              N 107 қаулысымен.  

V011554_

 
     ЕСКЕРТУ. 4-1)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі              
              Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 8 қазан N 388 
              қаулысымен.  

V011660_

 
     3. Мына халықаралық қаржы құралдары эмиссияланған бағалы қағаздарды 
Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алуға болады:
     1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
     2) Еуропа қайта құру даму банкі;
     3) Америкааралық даму банкі;
     4) Халықаралық есеп айырысу банкі;
     5) Азия даму банкі;
     6) Африка даму банкі;
     7) Халықаралық қаржы корпорациясы;
     8) Ислам даму банкі;
    


      4. Қордың зейнетақы активтері есебінен бастапқы рынокта мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер Қордың басқарушысы (оның мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы Бастапқы дилер мәртебесі бар болса) арқылы не жасасқан келісімдердің негізінде осындай мәртебесі бар ұйымдар арқылы жасалады.
      Қордың зейнетақы активтері есебінен қайталама рынокта мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер тек қана Қордың басқарушысы (оның бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар болса) арқылы не жасасқан келісімдердің негізінде осындай мәртебесі бар ұйымдар арқылы жасалады.
      5. Қордың зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі бір банктің депозиттік сертификаттарына (депозиттерге) екiншi деңгейдегi бiр банктiң салымдарына (депозиттерiне) инвестициялаудың мөлшері зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға арналған пруденциялық нормативтермен белгіленген шектеулерге сәйкес болу керек. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық
               комиссиясының 1999.06.11. N 35 V990831_ қаулысымен.
      Ескерту: 5-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық
               комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107
               қаулысымен. V011554_

      6. Қордың зейнетақы және өз активтерi орналастырылатын екiншi деңгейдегi банктегi салым (депозит) (екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификатты) бойынша алынған сыйақының (мүдденiң) жылдық ставкасы салымның (депозиттiң) мерзiмiне ұқсас инвестициялау кезеңiндегi салым (депозит, депозиттiк сертификат) бойынша номинацияланған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша жуықтатылған кiрiстiлiк ставкасынан төмен болмауы тиiс. Аталған жуықтату кiрiстiлiгiн Ұлттық комиссия: <*>
      1) Қазақстан Республикасының ұлттық валютада номинацияланған мемлекеттiк бағалы қағаздарына қатысты - зейнетақы және өз активтерiн салымға (депозитке, депозиттiк сертификатқа)орналастыру алдындағы күннен бiр апта бұрын кезеңде; <*>
      2) Қазақстан Республикасының шетелдiк валютада номинацияланған мемлекеттiк бағалы қағаздарына қатысты зейнетақы және өз активтерiн салымға (депозитке, депозиттiк сертификатқа) орналастыру алдындағы күннен бiр ай бұрын кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-да өткiзiлген сауда-саттықтың нәтижесi бойынша қалыптасқан бағалардың негізiнде логарифмдiк жуықтату әдiсiмен айқындайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық
               комиссиясының 1999.06.11. N 35 V990831_ қаулысымен.
      Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі
               N 81 қаулысымен. V001264_
      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық
               комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107
               қаулысымен. V011554_
      6-1. Қазақстан Республикасының ұлттық және шетелдiк валютадағы мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген жуықтатылған кiрiстiлiктi Ұлттық комиссия апта сайын аптаның бiрiншi жұмыс күнi алматы уақытымен 18.00. және 21.00 аралығында "кiрiстiлiктiң қисық сызығы" түрiнде Интернет желiсiнде "Активтердi бағалау" бөлiмiндегi ("Кiрiстiк қисығы" бөлiмшесi) www.nsс.кz мекен-жайы бойынша жариялайды және жаңартады. <*>
      Ескерту: 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі
               Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі
               N 81 қаулысымен. V001264_
      6-2. Қордың зейнетақы және өз активтерiн екiншi деңгейдегi банктегi депозитке салымға (депозитке)(екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификатқа) орналастыру мерзiмi бiр жылдан аспауы керек. Осы мерзiм аяқталғанға дейiн депозиттiң сомасы және ол бойынша сыйақының (мүдденiң) сомасы Қордың инвестициялық шотына есепке алыну керек, ал салымның (депозиттiң) сертификатты Қор (Қордың басқарушысы) өтеуге ұсынуы (осы екiншi деңгейдегi банктiң депозиттiк сертификаттарын шығарудың, айналысының және өтеудiң шарттарына сәйкес)" немесе есептелген сомаларды Қордың инвестициялық шотына есепке алумен сатуы тиiс. <*>
      Ескерту: 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі
               Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі
               N 81 қаулысымен. V001264_
      Ескерту: 6-2-тармақ өзгертілді және толықтырылды- ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107
               қаулысымен. V011554_

             2-тарау. Шектеулер және тыйым салулар

      7. Қорға (Қордың Басқарушысына) оларға заң бойынша жасауға (орындауға) тыйым салынған мәмiлелердi және әрекеттердi жасауға (орындауға), сондай-ақ:
      1) бағалы қағаздар рыногындағы мәмiлелердi қоспағанда аффилиирленген тұлғалармен зейнетақы активтерiнiң есебiнен мәмiлелер жасауға;
      2) кез келген тәсiлдермен займдар беруге;
      3) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды оларды қайтадан сатып алу мiндеттемесiнiң шарттарымен сатуға;
      4) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
      5) Қорға (Қордың Басқарушысына) тиесiлі және Қордың зейнетақы активтерiнiң құрамына кiрмейтiн бағалы қағаздарды сату туралы ("қысқартылған сату") шарттарды, сондай-ақ эмиссиялық болып табылмайтын бағалы қағаздарды сатып алуға шарттар жасауға;
      6) кез келген түрдегі кепiлгерлiктердi және кепiлдемелердi беруге, зейнетақы активтерiмен кепiлдiк мәмiлелердi жасауға;
      7) зейнетақы активтерiн кез келген тәсiлмен өзiнiң мүддесiнде және Қордың салымшыларын (зейнетақы салымдарын алушылар) қоспағанда өзге тұлғалардың мүддесiнде пайдалануға, оның iшiнде бiр ұлттық (халықаралық) бiрiздендiру нөмiр бар бағалы қағаздарды бiр күнi меншiктi активтерiнiң есебiнен сату (сатып алу) және инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алу (сату) туралы инвестициялық шешiм қабылдауға;
      8) мазмұнында зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша кепiлдiктер мен уәделер бар ақпаратты жариялауға тыйым салынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі ұлттық комиссиясының 27.06.2000 ж. N 75
               V001210_ қаулысымен.
      7-1. Қордың қызметiн жарнамалауды олар Қордың құрылтай құжаттарына не оның жоғарғы органының немесе басқару органының шешiмiне сәйкес жүзеге асыру керек. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі ұлттық комиссиясының 27.06.2000 ж. N 75
               V001210_ қаулысымен.

             3-тарау. Инвестициялаудың шарттары

      8. Қордың кастодиандағы инвестициялық шотына келіп түсетін зейнетақы активтері ағымдағы аударылымдар шегеріле отырып он жұмыс күні ішінде толық көлемде инвестициялауға жатады.
      Егер Қордың кастодиандағы инвестициялық шотындағы ақша қалдығы Ұлттық комиссия белгілеген мөлшерден аз болса, не егер Ұлттық Комиссия қаржы құралдарының рыногындағы жағдаяттарға сүйене отырып Қордың (Қор Басқарушысының) зейнетақы активтерін инвестициялау мерзімін ұзарту туралы дәлелді өтінімін қанағаттандырса, Қордың (Қор Басқарушысының) осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттарды орындамауына болады. Өзге жағдайларда осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттарды бұзған әр күн үшін Қор немесе Қордың басқарушысы (олардың арасында Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару туралы жасасқан келісімнің шарттарына сәйкес) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналым мерзімі үш айлық мемлекеттік қазыналық міндеттемелердің кірістілік деңгейіне (бір күн есебімен) сүйене отырып айқындалған, заң бұзушылықтың алдындағы осы бағалы қағаздарды орналастыру жөніндегі соңғы аукционда қалыптасқан өсімді төлейді (орналастырудың орташа бағасы бойынша). Аталған өсім Қордың зейнетақы активтерін өсіруге жұмсалады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық
               комиссиясының 1999.06.11. N 35 V990831_ қаулысымен.
      8-1. Осы Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген өтінішті Ұлттық комиссия осы Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес айқындалған мерзім ішінде алу керек. Егер, осы мерзімнің аяқталуына кемінде екі жұмыс күні қалса, өтініште оның кешіктіріліп ұсынылу себептері болу керек. <*>

      ЕСКЕРТУ. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі   
               ұлттық комиссиясының 1999.06.11. N 35  

V990831_

  қаулысымен.
     9. Егер қандай да болмасын жағдаяттардың нәтижесінде Қордың зейнетақы 
активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымының 
осы Қағидалардың 2-ші және 6-тармақтармен белгіленген шарттарға сәйкес 
келуі тоқтаса, Қор (Қордың басқарушысы) осындай сәйкессіздікті ұлғайтатын 
инвестициялық қызметті шұғыл түрде тоқтатуға және оны жою жөніндегі 
қолайлы және қажетті барлық шараларды қабылдауға міндетті.
<*>

      ЕСКЕРТУ. 9-тармақпен өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі       
               ұлттық комиссиясының 1999.06.11. N 35  

V990831_

  қаулысымен.
     

       4-тарау. Қордың және оның басқарушысының ісі

     10. Қолданылып жүрген заңдармен белгіленген салықтарды, қолданылып 
жүрген заңдармен белгіленген басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі 
Қордың өз активтерін инвестициялаудан түскен кірісі Қордың қарамағында 
қалады. 
     11.
<*>

     12.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 11 және 12-тармақтар алып тасталды - ҚР Бағалы қағаздар    
              жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.05.17. N 32  

V990781_

      
              қаулысымен.
     13. Алынған комиссиялық сыйақылар сомасынан Қордың зейнетақы 
активтерін инвестициялау бойынша Қор басқарушысының шығыстары асып кеткен 
жағдайда айырма оның өз қаражаттары есебінен жабылады.
     
     Ұлттық комиссиясының Төрағасы
     
     Оқығандар:     
          Багарова Ж.А.
          Икебаева А.Ж.