Ескерту: Барлық мәтіні бойынша "Көлік инспекциясының", "облыстар Көлік инспекцияларының", "Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының", "Қазақстан Республикасының Бас көлік инспекторының", "Даярлығы жоғары көлік инспекторлары", "Облыстық Көлік инспекциясы", "облыстық көлік инспекциясының", "Облыс көлік инспекциясының Облыс көлік инспекциясы", "Облыстың көлік инспекциясымен", "Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының", "Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясы бастығының орынбасарымен", "Облыстың көлік инспекциясында", "Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының бастығымен", "Облыстың көлік инспекциясында", "Көлік инспекциясының", "Көлік инспекторымен", "Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясының" деген сөздерді тиісінше "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдарының", "Комитеттің аумақтық органдарының", "Комитеттің", "Комитеттің аумақтық органы бастығының", "Комитеттің аумақтық органдары бастығының орынбасарлары", "Комитеттің аумақтық органдары", "Комитеттің аумақтық органдарының", "Комитеттің аумақтық органының Комитеттің аумақтық органы", "Комитеттің аумақтық органымен", "Комитеттің аумақтық органының бастығымен", "Комитеттің аумақтық органының", "Комитеттің аумақтық органдарында", "Комитет төрағасымен немесе оның орынбасарымен", "Комитеттің аумақтық органында", "Комитеттің аумақтық органының", "Комитеттің аумақтық органының қызметкерімен", "Комитеттің аумақтық органы" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 24 маусымдағы N 220-І бұйрығымен (бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шағын өлшемді кемелер жөніндегі инспекциясының міндеттері мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетіне тапсыруын қарастыратын "Қазақстан Республикасының Шағын өлшемді кемелері жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10.02. N 88 Қаулысының негізінде бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы су қоймаларында, ішкі теңіз және аумақтық суларда шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін белгілейтін мына ережелер мен нұсқаулықтар бекітілсін:
- шағын өлшемді кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) тіркеу, есепке алу мен техникалық қадағалау және кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау Ережелері;
- шағын өлшемді кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану Ережелері;
- шағын өлшемді кемелерді тіркеу тәртібі туралы нұсқаулық;
- техникалық қадағалау бойынша нұсқаулық;
- Комитеттің қадағалауындағы шағын өлшемді кемелердің, олардың база-тұрақтарының, өткелдердің күйін бағалау бойынша нұсқаулық;
- Комитеттің қадағалауындағы шағын өлшемді кемелермен апаттық оқиғаларды есепке алу бойынша нұсқаулық;
- кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау бойынша нұсқаулық;
- Комитеттің кемелерін пайдалану бойынша нұсқаулық;
- шағын өлшемді кемелерді жүргізушілерді әзірлеу бойынша курстарды тіркеу және кемелер жүргізушілерді оқытуда бақылау-әдістемелік қадағалауды жүргізу бойынша нұсқаулық.
Көлік инспекциясы (С.Ш.Есенов) және заңгерлік жұмыс бөлімі (О.Е. Ахметжанов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін нормативтік құқықтық актілерді белгіленген тәртіпте ұсынсын.
Министрдің м.а.
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрінің бұйрығымен
Бекітілген
1998 ж. 10 тамыз N 172
Шағын өлшемді кемені жүргізу құқығына кеме
жүргізушілерді аттестаттау бойынша нұсқаулық
1.1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне басшылық құжат болып табылады және шағын өлшемді кемені жүргізу құқығына емтихандарды қабылдау және куәліктер беру тәртібін анықтайды.
1.2. Емтихандарды қабылдау Комитеттің аумақтық органдарының емтихандық комиссияларымен жүргізіледі.
Комиссия өз жұмысында Көліккоммині бұйрығымен және осы Нұсқаулықпен бекітілген Комитеттің қадағалауындағы кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) тіркеу, есепке алу және техникалық қадағалау және кеме жүргізушілерді осы кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау Ережелерін басшылық етеді.
1.3. Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына емтихандарды қабылдау шағын өлшемді кемелерді жүргізушілерді әзірлеу бойынша оқулық бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.
1.4. Емтихан тапсырған тұлғаларға шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік және оған ескертулер талоны беріледі.
2. Емтихандық комиссияларды ұйымдастыру
2.1. Әрбір облыс үшін емтихандық комиссияның құрамы және олардың жұмыс тәртібі Комитеттің аумақтық органы бастығының бұйрығымен анықталады.
Комитеттің аумақтық органдары бастығының орынбасарлары комиссиялардың төрағалары тағайындалады.
Комитеттің аумақтық органдары комиссиясының құрамы комиссияның әрбір мәжілісі емтихан алушылармен қамтамасыз етілетіндей жинақталуы тиіс.
2.2. Емтихандық комиссияның құрамына Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлері, су көлігі мамандығы бойынша жоғарғы немесе орта техникалық білімі бар білікті мамандар, тәжірибелі кеме жүргізуші-практиктер, сондайақ өз қызмет бабы бойынша су қоймаларында құқық тәртібін жүзеге асырумен айналысатын, су күзеті мен балық қорғау талаптарын сақтауды бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіргізіледі.
2.3. Емтихандық комиссияның сандық құрамы әр жиналысқа жеке, бірақ үш адамнан кем емес, комиссия төрағасымен анықталады.
Хатшы болмағанда оның міндетін төрағаның нұсқауы бойынша комиссияның бір мүшесі орындайды.
2.4. Емтихандық комиссияның құрамы тегі бойынша жиналыс басталар алдында хаттамаға енгізіледі. Хаттамаға енгізілмеген тұлғалар комиссияның жұмысына жіберілмейді.
2.5. Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына емтихандарды тапсыруға кіру үшін Аттестаттау ережелеріне сәйкес құжаттар тапсырылады, емтихан тапсырушыға қолына "Емтихандық парақ" беріледі.
Емтиханды жалпылай қабылдау туралы мәселелерді шешу кезінде белгіленген құжаттарға қосымша Комитеттің аумақтық органының Комитеттің аумақтық органы бастығының атына ұсынысы ресімделеді.
3.1. Әрбір пән бойынша емтихандар белгіленген жүзу ауданы үшін Шағын өлшемді кемелерді жүргізушілерді әзірлеу бағдарламасының көлемінде мәселелер кешенін қамтуы тиіс.
3.2. Емтиханға шығарылатын пәндер бойынша комиссияның мүшелерін таратуды емтихандық комиссияның төрағасы жүргізеді.
3.3. Емтихан тапсырушылардың білімі сынақ жүйесі бойынша жүргізіледі (емтихан тапсырылды - "Сынақтан өтті", емтихан тапсырылмады - "Сынақтан өтпеді").
3.4. "Сынақтан өтпеді" алған тұлғалар Аттестаттау ережелерімен белгіленген тәртіпте қайтара тапсыруға жіберіледі.
3.5. Емтихандар мына бөлімдер бойынша тапсырылады:
Қазақстан Республикасы ішкі кеме жазу жолдары бойынша жүзудің ережелері;
Шағын өлшемді кемелерді пайдалану ережелері;
Шағын өлшемді кемелердің құрылғылары мен үлгілері;
Шағын өлшемді кемені пайдалану теориясы (навигациялық қасиеті және маневрлік элементтер);
Өзендік лоция;
Шағын өлшемді кемелерді жүргізу және маневр жасау;
Шағын өлшемді кемелер үшін ілінетін және стационарлық қозғалтқыштар.
3.6. Емтихандық комиссияның мәжілісі уақытында емтихан тапсырушының тегі, аты және әкесінің аты енгізілетін хаттама жүргізіледі, әрбір емтихан тапсырушы үшін қозғалтқыштың қуаты (желкен ауданы) және жүзу ауданы көрсетілген емтихан тапсырудың нәтижесіне түзетулер, хаттамада өшірулер жіберілмейді.
4. Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына
құжаттарды тапсыру
4.1. Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру емтихандық комиссия қорытындысының негізінде емтихан тапсырылғаннан кейін жүргізіледі.
4.2. Кеме жүргізушіге жүргізуге рұқсат етілген қозғалтқыштың қуаты куәлікте келесі тәртіпте жазылады:
- шағын өлшемді кемені жүргізуге тәжірибелік дағдысы жоқ кеме жүргізушілерге (курстық желіде тәжірибелік жүргізуден басқа) - қозғалтқыштың қуаты 25 а.к. жазылады;
- жеке меншік құқығында шағын өлшемді кемесі жоқ, бірақ шағын өлшемді кемені пайдалану тәжірибесі бар кеме жүргізушіге пайдалану тәжірибесі сол кемеде белгіленген қозғалтқыштың қуаты жазылады;
- жеке меншік құқығында шағын өлшемді кемесі бар кеме жүргізушіге оның кемесінде орнатылған мотордың қуаты көрсетіледі, бірақ курстық желіде тәжірибелік жүргізу жүзеге асырылатын қозғалтқыш қуатынан көп емес;
- қозғалтқыш қуатын көбейту туралы келесі жазулар (егер бұл қажет болса) қадағалаушылықпен анықталатын қуат қатарының шегінде, кемінде бір навигация мерзімінде, жүргізіледі.
Осымен қатар кеме жүргізуші талаптанатын қозғалтқыш қуаты бар кемені жүргізу бойынша білімі мен дағдысын тексеру жүргізіледі;
- осы Нұсқаулықпен қарастырылмаған басқа жағдайларда Комитеттің аумақтық органымен қозғалтқыш қуаты қадағалау шегіне дейінгі кемелерді жүргізуге кеме жүргізушілерді себептермен жіберуге рұқсат беріледі.
Кемені жүргізуде кемені жүргізу бойынша білімі мен дағдысын тексеру осы тармаққа сәйкес жүзеге асырылады.
4.3. Желкеннің рұқсат етілген ауданы туралы жазу (5,4 ш.м. бастап) осыған ұқсас тәртіппен жүргізіледі.
4.4. Жүзу ауданы кеме жүргізушілерден ТЖЖ (теңізде жағалаумен жүзу) немесе ІКЖ (ішкі кеме жүзу жолдары) бағдарламасының теңіз немесе өзен пәндері бойынша қабылданған емтихандардың негізінде жазылады.
ТЖ (теңіздік жағалаулық) разряды бойынша кеме жүргізушілерді аттестаттау үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті (шағын өлшемді кемелер бойынша) бастығының орынбасарымен басқарылатын Комитеттің емтихандық комиссиясы құрылады.
Егер кеме жүргізушіден теңіздің жағалау аумағында және ішкі кеме жүзу жолдарында шағын өлшемді кемені жүргізуге пәндер бойынша емтихан қабылданса, онда куәлігінде - ТЖЖ және ІКЖ жазылады.
Егер кеме жүргізуші өзендердің кеме жүзбейтін учаскелерінде және жабық су қоймаларында кемені жүргізуге пәндер бойынша емтиханы тапсырса, куәлікте ауданда қолданылатын жүзу ережелерін (өзен учаскелері үшін - ВВПР, көлдік үшін - ВВПО) көрсетумен географиялық атаулар бойынша жүзу ауданының шектелуі жазылады.
Жүзу ауданын өзгерту кеме жүргізушінің жазбаша арызы бойынша жүргізіледі.
Кеме жүргізуші емтихандық комиссияға алдында алған куәлігін көрсетеді және Аттестаттау ережелерімен белгіленген емтиханды тапсырады.
5. Кеме жүргізушілердің білімін тексеру
5.1. Кеме жүргізушілердің білімін кезекті тексеру емтихандық комиссиялармен 3 жылда бір рет Кеме жүргізушілердің шағын өлшемді кемені жүргізу бойынша білім мен дағдысын растау мақсатымен жүргізіледі.
5.2. Кеме жүргізушілердің білімін кезектен тыс тексеру Аттестаттау ережелерімен белгіленген жағдайларда емтихандық комиссиямен шағын өлшемді кемені жүргізушілерді әзірлеу бағдарламасының толық көлемінде жүргізіледі.
5.3. Білімін тексеруді өтудегі тұлғалар үшін төлем анықтамалыққа сәйкес алынады.
6. Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына емтихандық
құжаттардың, куәліктер бланкілерінің, ескерту
талондарының қозғалысы
6.1. Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік, оның ескерту талоны қатаң есептің бланкілері болып табылады және Комитеттің аумақтық органдарында сақталады.
Ескіш кемелерді жүргізушілердің ескерту талондары қатаң есептің бланкілері болып табылады және Комитеттің аумақтық органдарында сақталады.
Жоғарыда аталған бланкілерді есептен шығару Комитеттің бастығымен бекітілетін белгіленген акті бойынша жасалады.
6.2. Емтихандардың хаттамалары, емтихандық парақтар, медициналық анықтамалар және өтініштер Комитеттің аумақтық органдарында сақталады.
Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті, оның ескерту талонын беру журналы Комитеттің аумақтық органдарында сақталады.
6.3. Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктің, оның ескерту талонының ресімдеуі Комитеттің аумақтық органдарында сақталады.
Куәліктегі және ескерту талонындағы барлық жазулар хаттамалар бекітілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдарының мөрімен бекітіледі.
Ескіш кемені жүргізушіге ескертулер талоны Комитеттің аумақтық органының қызметкерімен кеме жүргізушінің арызының негізінде, онымен шағын өлшемді ескіш кемені пайдалану қауіпсіздігі бойынша кеңесулер өткізгеннен кейін ресімделеді және беріледі.
Ескіш кемені жүргізушіге куәлігіндегі, оның ескерту талонындағы барлық жазулар Комитеттің аумақтық органының мөрімен бекітіледі.
6.4. Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті, оның ескерту талонын, сондай-ақ ескіш кемені жүргізушіге ескертулер талоны жоғалтқан кезде арыз бойынша кеме жүргізушінің білімін тексеру өткізгеннен кейін "Көшірме" белгісімен жаңа құжаттар беріледі.
Ескіш кемені жүргізушіге шағын өлшемді ескіш кемені пайдалану қауіпсіздігі бойынша кеңесулерден кейін ескертудің жаңа талоны беріледі.
6.5. Емтихандық комиссияның жұмыс үдерісінде пайда болатын егес жағдайлар Комитеттің бастығымен шешіледі.