Қазақстан Республикасының Шағын көлемдi кемелер жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 10 ақпандағы N 88

      Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң қайта ұйымдастырылуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының шағын көлемдi кемелер жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы оның функциялары мен өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiк инспекциясына беру арқылы бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, екi ай мерзiм iшiнде Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы Үкiметке ұсыныс енгiзсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi