Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындарына қабылдау Ережесі

Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің бұйрығымен бекітілген 1998 жылғы 7 мамыр N 140 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 611. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрлігінің 1999.06.18. N 316 бұйрығымен. ~V990860

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау

министрлiгiнiң, Бiлiм комитетi бекiткен, Қазақстан Республикасы 
мемлекеттiк колледждерi мен жоғары оқу орындарына қабылдаудың Бiрыңғай 
ережесiне сәйкес 
                       бұйырамын:

     1. Бекiтiлсiн: 
     1.1. Қазақстан Республикасы Iшкiiсмин жоғары оқу орындарына қабылдау 
ережесi (1 қосымша). 
     1.2. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң колледждерiне қабылдау 
ережесi (2 қосымша).
<*>
 
     Ескерту: 1.2-тармақшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрлігінің
              1999 жылғы 22 мамырдағы N 265 бұйрығымен.  

V990859_

 
     2. IIББ, IIБ, КIIБ және оқу орындарының бастықтарына:
     2.1. Аталған бұйрықты жеке құрамға оқыту ұйымдастырылсын.
     2.2. Оқуға үмiткерлердiң назарына жеткiзiлсiн.
     3. Жоғары оқу орындарының бастықтары түсу емтихандарын және Iшкiiсмин 
оқу орындарына қабылдауды қатаң осы бұйрықтың талабына сәйкес 
ұйымдастырсын.
     4. ҚР Iшкiiсмин 1996 жылғы 16 наурыздағы N 106-шы және 1997 жылғы 22 
сәуiрдегi N 105-шi Қазақстан Республикасы Iшкiiсмин оқу орындарына 
қабылдау және түсу емтихандарын ұйымдастыруға қатысты бұйрықтарының 
тармақтары күшiн жойды деп саналсын.



      Қазақстан Республикасының
      Iшкi iстер министрi 
      

                                           ҚР Iшкiiсминнiң
                                           1998 жылғы 7 мамырдағы
                                           N 140 бұйрығына
                                           N 1 қосымша


              Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң
                 жоғары оқу орындарына қабылдау
                            Ережесi
     1. Iшкiiсминiнiң жоғары оқу орындарына түсушiлер түсу емтиханын 
мемлекеттiк тiлде немесе ресми қолданылып жүрген тiлде тапсырады.
     2. Түсу емтихандары жалпы бiлiм беретiн орта мектептердiң оқу 
бағдарламасының көлемiнде өткiзiледi.
     3. ҚР Iшкiiсминiнiң Жоғары оқу орындарына түсетiндер белгiленген 
нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығынан сынақ тапсырады және 4 
пән бойынша тесттiк сынақтан өтедi.
     Тесттiк сынақ өткiзу үшiн мына пәндер белгiленсiн:
     N 0216 "Құқық тану" мамандығы бойынша 
     - қазақ немесе орыс тiлi;
     - Қазақстан тарихы;
     - Жалпы тарих;
     - Математика.


      N 3602 "Автоматика, телемеханика және байланыс", N 1701 "Өрт қауiпсiздiгi", N 0713 "Кәсiпорындардағы экономика және менеджмент", N 3004 "Жол қозғалысын ұйымдастыру" мамандықтары бойынша:
      - қазақ немесе орыс тiлi;
      - Қазақстан тарихы;
      - математика;
      - физика;
      Оқу орындарының қабылдау комиссиясы қызметтен қол үзбей оқитын түсу емтихандарының тiзiмiн белгiлейдi.
      Тест сұрақтарының саны әр пән бойынша - 30, олардың жалпы саны барлық пән бойынша 120 болуы тиiс. Дұрыс жауап бiр баллмен бағаланады.
      Кешендi тест тапсыруға пәндердiң тiзiмiне қарай, барлық пән үшiн 2,5-3 сағат берiледi. Тест тапсыру уақытын ЖОО (Жоғары оқу орны) қабылдау комиссиясы анықтайды. Уақыттың көбi қосымша есептеудi, айырып-қосуды қажет ететiн тестке берiледi. Пәндердiң саны аз болса, тест тапсыру уақыты пәндердiң пропорционалды санымен анықталады.
      4. Жоғары оқу орындарының күндiзгi оқыту факультеттерiнде түсу емтихандарын өткiзу мерзiмi - тамыздың 1-нен 15-не дейiнгi кезең.
      Жоғары оқу орындарының сырттай оқыту факультеттерiнде 5 маусымнан 10 қазанға дейiн әрбiр ағынға 10 күннен.
      Түсу емтихандарының нақты тапсыру мерзiмiн жоғары оқу орнының бастығы шешедi.
      5. Оқу орнына күндiзгi оқу бойынша қабылдаудың нәтижесi туралы есеп беру сол ағымдағы жылдың 20 тамызына дейiн Кадр және Тәрбие жұмысы департаментiнiң Оқу орындары басқармасына, ал сырттай оқыту бойынша 20 қазанға дейiн тапсырылады.
      6. Қабылдау комиссиясы IIББ, IIБ, КIIБ бөлген қабылдау орындарын ескере отырып, түсу емтихандарының нәтижелерi, медициналық куәландыру мәлiметтерiнiң конкурстық негiзiнде қабылдайды.
      7. Тиiстi мамандықтарға ағымдағы оқу жылының Республикалық пән олимпиадаларының бiрiншi, екiншi дипломымен марапатталған немесе үшiншi дәрежемен марапатталған мектеп бiтiрушiлерi түсу емтихандарынсыз қабылданады. Мамандықтың сәйкестiгiн әрбiр абитуриент бойынша дәлелдi шешiм қабылдап, оған жеткiзетiн ЖОО-ның қабылдау комиссиясы анықтайды. Абитуриент республикалық олимпиада жеңiмпазы болып саналатын пәннiң мамандыққа сәйкестiгiнiң басқа да белгiлерiмен қатар, сол мамандық үшiн белгiленген пәннiң профилi бойынша да анықталады.
      Олимпиада пәнi таңдалған мамандыққа сәйкес келмесе абитуриент жалпы негiзде қабылданады.
      8. Жалпы бiлiм беретiн орта мектептi, орта арнаулы немесе кәсiби-техникалық оқу орнын мектептiң негiзгi сатысы базасында үздiк бiтiргендер кешендi тесттiң барлық пәндерi бойынша тесттен өтедi. "Бес" бағасына сәйкес, профильдiк пән бойынша қажеттi балл жинаған бұл адамдар қабылдануға жатады. Тiптi болмаса жалпы конкурсқа қатысады.
      Арнаулы орта оқу орнын мектептiң жоғарғы сатысы негiзiнде үздiк дипломмен бiтiрген адамдарға жоғарыда көрсетiлген тәртiп тек тиiстi мамандыққа түскенде ғана қатысты.
      9. Дұрыс жауаптардың кодтары кешендi тест өткiзiлгеннен кейiн iлiнуi тиiс. Кешендi тест өткiзiлгеннен кейiн сол тәулiктiң iшiнде оқу орнының бастығы бекiткен тест нәтижесi iлiнiп тұруы тиiс.
      10. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
      11. Кешендi тесттiң апелляциясы баға жарияланғаннан кейiн сол күнi берiлiп қаралуы тиiс. Алынған баға қабылдау комиссиясының дәлелдi шешiмiмен ғана өзгертiледi.
      12. Жоғары оқу орнына қабылдау мамандықтар және тiлдер бөлiмшесi бойынша бөлек жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының ашық жиналысында өтедi.
      Әр мамандық бойынша қабылдау комиссиясы белгiленген дәрежеден профильдiк пәннен орташа деңгейден төмен қосынды балл жинаған адамдар тыңдаушылар қатарына алынбайды. Орташа деңгейдiң қосынды балы 40-50, ал профильдi пән бойынша 9-15 балл шегiнде белгiленедi.
      13. Профильдiк пән бойынша орташа деңгейден төмен емес қосынды балл жинаған әрбiр мамандық бойынша ЖОО-ның қабылдау комиссиясы анықтаған Қазақстан Республикасы Заңдары мен Үкiмет қаулыларына сай оқуға конкурссыз қабылданатындар:
      - жасы 23-ке толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
      - Ауғаныстанда қаза тапқан әскери қызметшiлердiң балалары;
      - Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен жеңiлдiктердi пайдалануға куәлiгi бар запасқа шыққан әскери адамдар;
      - қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң балалары;
      - алыс мал жайылымдарында жұмыс iстейтiндердiң балалары;
      Конкурссыз қабылдануға құқылы талапкер, оны растайтын құжаттарын табыс етуi тиiс. Алыс жайылымдардағы малшылардың балалары облыс әкiмi орынбасарының қолтаңбасы қойылған жолдаманы қоса тапсырады.
      14. Түсу емтиханын қанағаттандырарлық бағаға тапсырған басқа талапкерлердiң барлығы жинаған баллдарына сәйкес жалпы конкурс бойынша қабылданады. Жинаған баллдары тең болғандар арасында мамандыққа бейiмдейтiн пәннен алынған балл шешедi, одан әрi баллдары тең болған жағдайда әуелi мыналар қабылданады:
      - жалпы бiлiм беретiн орта мектептi, арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орнын үздiк бiтiргендер;
      - Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары, iшкi әскерлердiң әскери қызметкерлерi;
      - жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiргенде "Жекелеген пәндердi оқып үйренудегi ерекше табыстары үшiн "мақтау қағазымен" марапатталғандар;
      - соңғы 2 жылдың iшiнде запасқа босатылған әскери қызметшiлер;
      15. Түсу емтихандарын қанағаттанарлық бағаға тапсырған бiрақ конкурс бойынша жоспарлы орынға өтпеген оқуға талапкерлер тиiстi келiсiм жасап, ақылы негiзде оқуға қабылдана алады.
      16. Конкурстан өтпеген талапкерлерге жоғары оқу орны арнаулы орта оқу орындарына конкурсқа қатысу үшiн кешендi тесттiң нәтижесi туралы анықтама бередi.
      17. Оқуға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешiмi колледж бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Жұмыстан қол үзiп оқуға қабылданған адамдарды iссапарға жiберуге және сырттай оқуға түскен адамдарға демалыс, басқа да жеңiлдiктер беруге бұйрықтың көшiрмесi негiз болып табылады.
      18. Конкурстан өтпеген талапкерлер iшкi iстер органдарына, iшкi

әскерлердiң әскери бөлiмдерiнiң қарамағына iссапармен жiберiлiп, 
қабылданбаған себебi көрсетiлген жеке iстерi қайтарылады.
     19. Оқу орындарында сабақтар ЖОО-ның оқу жоспарында және оқу 
процесiнiң кестесiнде белгiленген мерзiмдерде басталады. Сабаққа себепсiз 
10 күн бойы қатыспаған тыңдаушылар оқудан шығарылады.
     Оқудан шығарылғандардың орнына қабылдау комиссиясы сабақ басталған 
күннен бастап 1 айдың iшiнде конкурстан өтпеген адамдарды қабылдай алады. 
     
     Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң
     Кадр және тәрбие жұмысы департаментi
       Оқу орындарының басқармасы

     
                                           ҚР Iшкiiсминiнiң
                                           1998 жылғы 7 мамырдағы
                                           N 140 бұйрығына
                                           N 2 қосымша
<*>
 
     Ескерту: N 2 қосымшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрлігінің
              1999 жылғы 22 мамырдағы N 265 бұйрығымен.  

V990859_

 

               Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң
                       колледжiне қабылдау
                             Ережесi


      1. Қазақстан Республикасының колледждерiне түсетiндер түсу емтиханын

мемлекеттiк тiлде немесе ресми қолданылатын тiлде тапсырады.
     2. Түсу емтихандары жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң оқу 
бағдарламасының көлемiнде тапсырылады.
     3. ҚР Iшкiiсмин колледжiне түсетiндер белгiленген нормативке сәйкес 
дене шынықтыру дайындығынан сынақ тапсырады және 3 пәннен тест тесттiк 
сынақ өтедi.
     Тесттiк сынақ өткiзу үшiн:
     N 0202 "Құқық қорғау қызметi", N 0216 "Құқық тану" мамандықтары 
бойынша мына пәндер белгiленсiн:
     - қазақ тiлi немесе орыс тiлi;
     - Қазақстан тарихы;
     - жалпы тарих.


      Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы қызметтен қол үзiп оқуға түсу емтихандарының өткiзу түрлерiн және тiзiмiн белгiлейдi.
      Әрбiр пән бойынша тест тапсырмаларының саны 30, ал барлық пән бойынша олардың саны 90 болуға тиiс. Дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады. Арнаулы немесе творчестволық емтихандардан алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы соларға сәйкес баллдардың санына аударады. Талапкердiң жауабы барлық пәннен жинаған баллдардың қосындысы 30 пайыз немесе одан аз болса "2-ге" бағаланады. Барлық пәннен кешендi тест сынағына 2 сағат берiледi.
      4. Колледждiң күндiзгi оқу факультетiне түсу емтиханының мерзiмi - тамыздың 1-нен 15-iне дейiнгi кезеңде белгiленедi.
      Колледждiң сырттай оқу факультетiне - маусымның 5-iнен қазанның 10-на дейiн әр ағынға 10 күн мерзiмде белгiленедi.
      Түсу емтихандарының нақты мерзiмiн ҚР Iшкiiсминiнiң колледж бастығы анықтайды.
      5. Оқу орындарына қабылдау нәтижелерi туралы К және ТЖД-нiң Жоғары оқу орнына есеп беру сол жылдың күндiзгi оқу түрi бойынша 20 тамызға дейiн, ал сырттай оқу түрi бойынша 20 қазанға дейiн тапсырылады.
      Қабылдау комиссиясы оқуға IIББ, IIБ, КIIБ бөлiнген орындарға дәрiгерлiк куәландыру көрсеткiштерiн, түсу емтихандарының нәтижелерiн ескере отырып, конкурстық негiзде қабылдайды.
      6. Жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң негiзгi немесе жоғарғы сатысын немесе жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң негiзгi немесе жоғарғы сатысының базасында кәсiби-техникалық мектептi (лицейдi) үздiк бiтiрген адамдар түсу емтиханынсыз қабылданады.
      Аталған тәртiп алған кәсiбiне сәйкес мамандыққа түскен, жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң негiзгi немесе жоғарғы сатысының базасында кәсiби- техникалық мектептi (лицейдi) үздiк бiтiрген адамдарға да таралады.
      7. Тиiстi мамандықтарға ағымдағы оқу жылын профильдiк пәндер бойынша мектеп оқушыларының Республикалық,облыстық және Алматы қалалық пән олимпиадаларының жеңiмпаздары бiрiншi, екiншi дипломымен немесе үшiншi дәрежесiмен марапатталғандары түсу емтихандарынсыз қабылданады. Олимпиада жеңiмпазы таңдаған мамандыққа олимпиада пәнi сай келмеген жағдайда, кешендi тестке енген пәнге максималды балл қойылады. Басқа пәндер бойынша емтиханнан босатылмайды және жалпы негiзде қабылданады.
      8. Дұрыс жауаптардың кодтары кешендi тест өткiзiлгеннен кейiн iлiнуi тиiс. Кешендi тесттен кейiн сол тәулiктiң iшiнде емтихан нәтижелерi талапкерлердiң назарына жеткiзiлуi тиiс.
      9. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
      10. Кешендi тесттiң апелляциясы баға жарияланғаннан кейiн сол күнi берiлiп, қаралуы тиiс. Алынған бағалар қабылдау комиссиясының дәлелдi шешiмiнен кейiн өзгертiлуi мүмкiн.
      11. Iшкiiсмин колледжiне қабылдау бөлек мамандықтар және тiлдер бөлiмшесi бойынша жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының ашық жиналысында өтедi.
      12. Қазақстан Республикасы Заңдары мен Қазақстан Республикасының Үкiмет қаулыларына сәйкес "үштен" кем емес немесе қанағаттанарлық баға алған жағдайда оқуға конкурссыз қабылданатындар:
      - жасы 23-ке толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
      - Ауғанстанда қаза тапқан әскери қызметшiлердiң балалары;
      - Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен жеңiлдiктердi пайдалануға куәлiгi бар запасқа шыққан әскери адамдар;
      - қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң балалары;
      - алыс мал жайылымдарында жұмыс iстейтiндердiң алыс мал жайылымдарындағы участоктарда тұрақты жұмыс (жұмыс уақытының кем дегенде 50%) iстейтiн түйешi, сиыршы, iрi қара мал бағатын малшылардың, күзетшiлердiң,ферма меңгерушiлерi мен бригадирлердiң,механизаторлар мен жүргiзушiлердiң, зоотехниктер мен мал дәрiгерлерi,веттехниктер мен ветеринарлық санитарлардың балалары.
      Конкурссыз қабылдануға құқылы талапкер оны растайтын құжаттарын табыс етуi тиiс. Алыс жайылымдардағы малшылардың балалары облыс әкiмi орынбасарының қолтаңбасы қойылған жолдаманы қоса тапсырады.
      13. Түсу емтиханын қанағаттанарлық бағаға тапсырған басқа талапкерлердiң барлығы жинаған баллдарына сәйкес жалпы конкурс бойынша қабылданады. Жинаған баллдары тең жағдайда әуелi мыналар қабылданады:
      - жалпы бiлiм беретiн орта мектептi, арнаулы орта және кәсiптiк- техникалық оқу орнын үздiк бiтiргендер;
      - Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары, iшкi әскерлердiң әскери қызметкерлерi;
      - жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiргенде "Жекелеген пәндердi оқып-үйренудегi ерекше табыстары үшiн "мақтау қағазымен марапатталғандар;
      - соңғы 2 жылдың iшiнде запасқа босатылған әскери қызметшiлер;
      - практикалық жұмыс стажы бар iшкi iстер органдары қызметкерлерi.
      14.Түсу емтихандарын қанағаттанарлық бағаға тапсырған бiрақ конкурс бойынша жоспарлы орынға өтпеген талапкерлер тиiстi келiсiм жасап, ақылы негiзде оқуға қабылдана алады.
      15. Конкурстан өтпеген талапкерлерге жоғары оқу орны арнаулы орта оқу орындарына конкурсқа қатысу үшiн кешендi тесттiң нәтижесi туралы анықтама бередi.
      16. Оқуға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешiмi колледж бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Жұмыстан қол үзiп оқуға қабылданған адамдарды iссапарға жiберуге және сырттай оқуға түскен адамдарға демалыс, басқа да жеңiлдiктер беруге бұйрықтың көшiрмесi негiз болып табылады.
      17. Конкурстан өтпеген талапкерлер iшкi iстер органдарына, iшкi

әскерлердiң әскери бөлiмдерiнiң қарамағына iссапармен жiберiлiп,
қабылданбаған себебi көрсетiлген жеке iстерi қайтарылады.
     18. Оқу орындарында сабақтар ЖОО-ның оқу жоспарында және оқу 
процесiнiң кестесiнде белгiленген мерзiмдерде басталады.Сабаққа себепсiз 
10 күн бойы қатыспаған курсанттар оқудан шығарылады.
     Оқудан шығарылғандардың орнына қабылдау комиссиясы сабақ басталған 
күннен бастап 1 айдың iшiнде конкурстан өтпеген адамдарды қабылдай алады.


        Қазақстан Республикасы Iшкiiсмин
      Кадр және тәрбие жұмысы департаментi
         Оқу орындарының басқармасы