2. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Z970155_ Заңының 23-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - "лауазымды адам") нотариаттық іс-әрекеттер жасауға және уәкілетті лауазымды адамы осы іс-әрекеттерді жасауға құқық алу үшін аттестациядан өтеді.
3. Лауазымды адамдарды аттестациядан персоналдық құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін аумақтық аттестация комиссиясы (бұдан әрі - "аттестациялық комиссия") өткізеді.
Аттестациялық комиссияның құрамына лауазымы және келісім бойынша:
1) аумақтық әділет органының бастығы - комиссия төрағасы;
2) аумақтық әділет органы қызметіне сәйкес маман - комиссия хатшысы;
3) облыс Әкімі аппараты заң қызметінің өкілі;
4) судья;
5) нотариус кіреді.
4. Лауазымды адамдарды аттестациялау үшін сұрақтар тізбесінің жобасын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазады және бекітеді.
Сұрақтар тізбесі Әділет министрлігінен аумақтық әділет органдарына аттестация басталардан кем дегенде 30 күн бұрын жіберіледі.
Аттестацияның сұрақтар тізбесі аумақтық әділет органдарының қол қоюымен аттестация басталардан кем дегенде 15 күн бұрын барлық аттестациядан өтуші лауазымды адамдарға тапсырылады.
5. Аттестацияны өткізу мерзімін аумақтық әділет органы белгілейді.
Аттестацияланушы лауазымды адам аттестацияның басталуы мен орнымен аттестация басталардан үш күн бұрын таныстырылуы тиіс.
6. Аумақтық аттестация комиссиясының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыздандыру аумақтық әділет органына жүктеледі.
7. Лауазымды адамдарды аттестациялау әңгімелесу жолымен аттестацияланушының қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
8. Аттестация аумақтық әділет органына 15 күн ішінде аттестацияланушыға тиісті аудан Әкімі енгізген ұсынысының негізінде өткізіледі.
Ұсынысқа қоса беріледі:
1) Аттестацияланушының өзі толтырған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
2) білімі туралы құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
3) аттестацияланушының өзі жазған өмірбаяны;
4) 3х4 см көлемдегі фотосуреті.
9. Егер аттестация мәжілісіне комиссия мүшелерінің жартысынан көбірек қатысса, аттестациялық комиссия шешім қабылдауға құқылы.
10. Аттестациялық комиссияның мәжілісінде хаттама жүргізіледі. Хаттамада мәжілістің уақыты мен өтетін жері, комиссия құрамы, аттестацияланушының тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы, қабылданған шешім және аттестациялық комиссиясының кепілдемесі көрсетіледі.
11. Аттестациялық комиссияның шешімі хаттамадан бөлек рәсімделеді және кепілдемелік сипатта болады.
Комиссия шешімі басым дауыспен қабылданады және ол келесі қорытындылардың біреуінен тұрады:
- аттестацияланушыға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беру;
- аттестацияланушыға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын бермеу.
Комиссия мүшелерінің ешқайсысының дауыс беруге қалыс қалуға құқығы жоқ.
Дауыс санының теңдігі кезінде, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
12. Аттестациялық комиссиясының шешімі мен хаттамасына төрағалық етуші мен барлық қатысушы комиссия мүшелері қол қояды.
13. Аттестация нәтижелері аттестацияланушыға сол күні хабарланады. Комиссия шешімі аттестацияланушыға оның өтініші бойынша берілуі мүмкін.
14. Аттестацияланушыға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беру туралы шешім жергілікті атқарушы органның уәкілетті лауазымды адамын белгіленген тәртіп пен мерзімдерде, бірақ кем дегенде екі жылдан аспайтын мерзімде кезекті аттестациядан өткізуге дейін нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өкілеттік беретін жалғыз құжат болып табылады. Орта-арнаулы және жоғары заң білімі бар адамдар оларға тиісті аудан әкімінің ұсынысымен шақырғанға дейін нотариаттық іс-әрекеттер жасайды.
Аттестациялық комиссияның шешімі, хаттамасы және басқа да деректер
аумақтық әділет органының сақтауында, ал көшірмесі жергілікті атқарушы органның сақтауында жатады. 15. Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға құқық алмаған лауазымды адам мұндай іс-әрекеттер жасауға жіберілмейді. 16. Лауазымды адамға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беруден бас тарту туралы аттестациялық комиссияның шешімі жөнінде белгіленген заң тәртібімен шағымдануға болады. Аттестациялық комиссияның ШЕШІМІ 1. Аттестацияланушының тегі, аты, әкесінің аты _______________________ 2. Туған жылы, айы, күні және туған жері _____________________________ 3. Білімі және мамандығы ____________________________________________ ______________________________________________________________________ (оқу орнының атауы, қашан бітірді және дипломы бойынша мамандығы) 4. Жалпы еңбек стажы _________________________________________________ 5. Лауазымды адамның селода (поселке) нотариаттық қызмет атқаруға тағайындалған күні________________________________________________ 6. Дауысқа салу нәтижелері ___________________________________________ 7. Қабылдау үшін __________, қарсы болған _____________ дауыстар саны 8. Комиссия шешімі ___________________________________________________ ______________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 9. Комиссияның кепілдемесі __________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Комиссия төрағасы ____________________________ Комиссия хатшысы _____________________________ Комиссия мүшелері ____________________________ _________________________________________________________________ Аттестация өткен күн __________________________ Комиссия шешімімен таныстым __________________________________________ (аттестацияланушының қолы мен күні) оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.