Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру тәртiбi туралы Ереже

Бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 450. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 14 наурыздағы N 31 бұйрығымен.

Күшін жойған
      Ескерту. Ереженің атауы өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің
               2000 жылғы 4 қазандағы N 78 V001280_ бұйрығымен.
      1. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру тәртiбi туралы ереже (әрi қарай - Ереже) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар (әрi қарай - адвокаттың лицензиясы) беру тәртiбiн, шарттары мен мерзiмдерiн белгiлейдi. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің
               2000 жылғы 4 қазандағы N 78 V001280_ бұйрығымен.
      2. 1997 жылғы 5 желтоқсандағы "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 сәуiрдегi өзгертулерi мен толықтырулары бар 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 P951127_ қаулысымен бекiтiлген Жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төлеу тәртiбi туралы ереже Ереженiң құқықтық негiзi болып табылады.
      3. Адвокаттарға (әрi қарай - Лицензиат) лицензияларды берудi Бiлiктiлiк әдiлет алқасы ұсынымының негiзiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
      4. Адвокаттың лицензиясы жоғары заңгерлiк бiлiмi, заңгерлiк мамандық бойынша кемiнде екi жыл стажы бар, Бiлiктiлiк әдiлет алқасында бiлiктiлiк емтиханын тапсырған, адвокаттық қызметпен айналысуды қалаған және лицензиялық алым төлеген Қазақстан Республикасының азаматына берiледi.
      5. Лицензиат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде бір жолғы лицензиялық алым енгізеді. <*>
      Лицензиялық алым бiлiктiлiк емтиханын жақсы тапсыру жағдайында лицензия алғанға дейiн енгiзiледi.
      Лицензиар төленген алым сомаларының бюджетке аударылу дұрыстығы,

толықтығы және уақытында жасалуы үшiн жауап бередi.
     Ескерту. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 1999.02.24.
              N 17  

V990703_

  бұйрығымен.
     Ескерту. 5-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 1999.07.09.
              N 396  

V990841_

  бұйрығымен.
     6. Бiлiктiлiк емтиханын тапсыруға жiберу туралы өтiнiш сонымен бiрге 
лицензия беру туралы өтiнiш болып табылады.
     Өтiнiшке:
     1) бiлiктiлiк емтиханын тапсыру нәтижелерi және ұсыным беру туралы 
Әдiлет бiлiктiлiк алқасының шешiмi;
     2) лицензиялық алым төлеу туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының 
көшiрмесi қоса берiледi. 
<*>

     Ескерту. 6-тармақ екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет   
              министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 
               

V001280_

  бұйрығымен.
     7. Бiлiктiлiк емтиханын тапсыру нәтижелерi бойынша он күн аралығында 
Лицензиар:
     - адвокаттың лицензиясын беру туралы;
     - адвокаттың лицензиясын беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
     8. Лицензияның лицензия беру туралы шешiмi Қазақстан Республикасы 
Әдiлет министрiнiң бұйрығы түрiнде ресiмделедi.
     9. Лицензия беруден, егер адвокаттық қызметпен айналысу құқығына 
лицензиялық алым берiлмеген жағдайда, бас тартылады. 
<*>

     Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет                 
              министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 
               

V001280_

  бұйрығымен.
     10. 
<*>

     Ескерту. 10-тармақ алынып тасталынды - ҚР Әділет министрлігінің 
              2000 жылғы 4 қазандағы N 78  

V001280_

  бұйрығымен.
     11. Лицензия беруден бас тарту кезiнде өтiнiш иесiне лицензия беру 
үшiн белгiленген мерзiмде дәлелденген жазбаша түрде жауап берiледi.
     Бас тарту туралы шешiм сот тәртiбiмен шағымдана алады. 
<*>

     Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет                
              министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 
               

V001280_

  бұйрығымен.
     12. 
<*>

     13. 
<*>

     Ескерту. 12, 13-тармақтар алынып тасталынды - ҚР Әділет               
              министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 
               

V001280_

  бұйрығымен.


      14. Адвокаттың лицензиясы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша берiледi және Лицензиар жүргiзетiн Адвокаттар лицензияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.
      15. Лицензияны жоғалту кезiнде Лицензиатқа ол жайлы өтiнiш беру

күнiнен бастап 10 күн iшiнде оның дубликаты берiледi.
     Мұнда Лицензиат осы Ереженiң 5-тармағында көзделген мөлшерде 
лицензияны қайта беру үшiн лицензиялық алым алады.
<*>

     Ескерту. 15-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің
              2000 жылғы 4 қазандағы N 78  

V001280_

  бұйрығымен.
     16. Адвокаттың лицензиясын алған және адвокаттық қызметпен айналысуды 
қалған адам өз таңдауы бойынша адвокаттар алқасының мүшелiгiне кiруге және 
1997 жылғы 5 желтоқсандағы "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан 
Республикасы Заңымен реттелетiн адвокаттық қызмет шеңберiнде кәсiби 
негiзде заңгерлiк көмек көрсетуге мiндеттi.
     17. Лицензия басты, тұрақты болып табылады және ол Қазақстан 
Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.