Ескерту: Нұсқамаға толассыз нөмірлеу енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө бұйрығымен .
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережемен "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-1 Заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - Қор) қызметі туралы ақпараттарды ашу және жариялау жөніндегі негізгі талаптар белгіленеді.
2. Ақпараттарды ашу тәртібі
2. Қорлар өзінің қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында - бас басылымдарында, радиода және теледидарда мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Ережеде белгіленген тәртіпке сәйкес ақпарат жариялауға міндетті.
3. Ақпаратты ашудағы мақсат Қор қызметінің айқындығын белгілеу болып табылады.
3-1. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының" 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 451-1 Заңына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары деп оқтын-оқтын баспа басылымдары, радио-және телебағдарламалар, кинодокументалистика, тыңдап-көру жазбалары және тұлғалардың шектелмеген шеңберiне арналған бұқаралық ақпаратты оқтын-оқтын немесе үзбей көпшiлiкке таратудың өзге нысандары танылады. Оқтын-оқтын баспа басылымдары болып газет-журналдар, альманахтар, бюллетендер және тұрақты атауы, ағымдық нөмiрi бар, жарты жылда бiр реттен сирек емес шығарылатын оларға қосымша басылымдар есептеледi.
Ескерту: 2-тарау толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө
бұйрығымен
.
3. Жариялануға жататын ақпараттар
4. Қор жылдық есептi тапсырғаннан кейiн, бiр айдың iшiнде аудиттiң қорытындысын ескере отырып, жыл сайын мыналарды:
1) өз қаражаты бойынша - бухгалтерлiк теңгерiм және қаржы-шаруашылық қызметiнiң есебiн;
2) зейнетақы жинақтары бойынша - жинақталған зейнетақы қаражаты бойынша есеп беру үлгiлерiн.
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө
бұйрығымен
.
5. Мiндеттi түрде жарияланатын қаржылық, статистикалық және өзге есептер жөнiндегi ақпарат өкiлеттi орган белгiлеген бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы тиiс.
Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө
бұйрығымен
.
4. Жарнамалық қызмет
6. Жарияланатын және таратылатын жарнамалар мен ақпараттарда алушының пайдасына инвестициядан түсетін табыс ставкасына және сақтандырылуға кепілдік немесе уәде берілмеуі (бекітілмеуі немесе меңзелмеуі) тиіс.
Ескерту: 6-тармақ толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө
бұйрығымен
.
7. Қордың жарнамасында қызметінің басқа жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің көрсеткіштерімен салыстырылған көрсеткіштерін пайдалануға жол берілмейді.
8. Қорларға олардың оны жариялаған күнгі шындыққа сәйкес келмейтін қызметін жарнамалауға тыйым салынады.
5. Жарнамалық қызметке бақылау жасау
Ескерту: 5-тарау өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө
бұйрығымен
.
9. Қордың жарнама қызметіне бақылауды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi Комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
10. Қор, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияламай тұрып, жарнамалық материалдардың толық мәтiнiн келiсу үшiн, Комитетке ұсынуы тиiс."
Комитет жарнамалық материалдарды алған күннен бастап, 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қарап, жарнамалық өнiмдердiң Нұсқаулық талаптарына сәйкес екендiгi туралы, немесе жiберiлген кемшiлiктердi жою жөнiнде қорытынды бередi.
Қор жарнамалық материалды таратуды тек қана Комитеттiң оң қорытындысын алғаннан кейiн жүргiзуге тиiс.
Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө
бұйрығымен
,
өзгертілді - 2001 жылғы 20 шілдедегі N 73-Ө
бұйрығымен
.
11. Комитет шындыққа сәйкес келмейтін жарнамаға және жарияланымға өзгеріс енгізуді, оны болдырмау үшін тоқтатуды немесе жалған екендігіне түсінік беруді талап етуге құқылы.
Ескерту: 11-тармақ толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 117-ө
бұйрығымен
.
6. Қорытынды ережелер
12. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуге жатады.