Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi жөнiндегi ақпаратты ашу және жариялау туралы Нұсқаулығын бекiту туралы" 1998 жылғ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 20 шілдедегі N 73-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2001 жылғы 13 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1625. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 149 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына  сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi жөнiндегi ақпаратты ашу және жариялау жұмыстарын жетiлдiру мақсатымен, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi жөнiндегi ақпаратты ашу және жариялау туралы Нұсқаулығын бекiту туралы" 1998 жылғы 9 наурыздағы N 30-Ө бұйрығына , төмендегi өзгерту енгiзiлсiн:
      Аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi жөнiндегi ақпаратты ашу және жариялау туралы Нұсқаулығының екiншi азат жолының 10 тармағындағы "30" деген саны "15" деп өзгертiлсiн.
     2. Заң бөлiмi (Қамали Қ.Қ.) осы бұйрықтың Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өтiуiн қамтамасыз етсiн.   

     Төраға