Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 03.07.2013 № 206 және ҚР Қаржы министрінің 03.07.2013 № 308 бірлескен бұйрығымен.
Негізгі ережелер
1. Шарт жасалған аумақты геологиялық зерттеу және геологиялық ақпараттарды иелікке алу үшін, бірыңғай тәртіпті осы ереже белгілейді (регламенттейді).
2. Тарихи шығындар - мемлекеттің өткен жиынтық шығындары, олар іздеу және кен орындарын барлау, ашылған кен орындарын жайластыру және пайдалану үшін жасалған шығын орнын толтыруға байланысты.
3. Тарихи шығындарды анықтау (құжаттарды дайындау) шарт жасалған аумақ бойынша Аумақтық жер қойнауын, қорғау және пайдалану басқармасы (бұдан былай "Аймақтық басқарма") геологиялық зерттеулерді түгендеу негізінде жасайды.
4. Тарихи шығындарды есептеу құжаттары "Қазмемжерқойнауы" Минералдық қор басқармасының "Геоақпарат" Басқармасының тексерісінен өтеді, содан кейін Аумақтық басқармасының бірінші басшысымен бекітіледі.
Құжаттар мазмұны
5. Шарт жасалған аумақ бойынша Аумақтық басқарма лицензиядан өткізілген пайдалы қазындылармен қоса, жалпы таратылғандардан басқа, барлық геологиялық шикізаттарды түгендеуден өткізеді.
6. Шарт жасалған аумақ бойынша түгендеу мәліметтері геологиялық зерделеу дәрежесін және геологиялық барлау деректі шығындарын көрсетуі парыз. Түгендеу мәліметтері бойынша, тарихи шығындары геологиялық, зерделеу картограммасы және түгендеу тізімі негізінде есептеледі.
7. Зерделеу картограммасында масштаб бойынша 1:1000000 - 1:200000 (шарт жасалған аумақтық алаңына тәуелді) көрсетілуі керек:
- Шарт жасалған аумақтық нұсқасы және бұрыштама нүктелерінің географикалық үйлесімдері;
- шарт жасалған аумақтың бұрын жасалған геологиялық зерттеулерінің нұсқалары.
Шарт жасалған аумақта көрсетілуі керек:
- Мемлекеттік қор комиссиясының (МҚК) немесе Аумақтық қор комиссиясының (АҚК) балансында тұрған барланған объектілер;
- жұмыс істейтін кәсіпорындарының тау бөлшектері, бұрын лицензияландырылған алаңдардың және кен орындарының нұсқалары;
- іс-әрекет жасайтын жобалардың нұсқасы.
8. Түгендеу тізіміне Шарт жасалған аумақта өткізілген барлық геологиялық барлау жұмыстары енгізіледі (қосымша N 1).
Тарихи шығындарының мөлшерімен
геологиялық ақпараттарының бағасын анықтау тәртібі
9. Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" 17.01.1996 ж. N 2828 Жарлығымен келесі Лицензияларды беру көзделген: Z100291, Z070214 қараңыз
- Барлау Лицензиясы;
- Шығару (өндіру) Лицензиясы;
- Бірлескен Барлау және Шығару Лицензиясы.
10. Бұрын жасалған геологиялық зерттеулердің бағасын тарихи шығындарға жатқызу Лицензияның түріне, геологиялық зерттеулердің стадиясына, шарт жасалған аумақтың алаңына байланысты және әрбір нақты жағдайда жеке қаралады.
11. Түрі анықталған пайдалы қазындыларды Барлау Лицензиясы бар болса, тарихи шығындарына мынандай шығындар кіреді:
- аумақтық геологиялық-геофизикалық зерттеулер Шарт жасалған аумақтың алаңына үйлесімді болу керек;
- Лицензияда мәлімделген пайдалы қазындыларды зерделеуге қатынасты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және басқа да зерттеулердің нәтижесі.
12. Пайдалы қазындыларды Шығару лицензиясы бар болса, тарихи шығындарына мынандай шығындар кіреді:
- лицензияланған алаңынан еркін берілген кен орны үшін іздеу-бағалау жұмыстарының аумағымен шектелген аумақтың зерттеулері;
- лицензияда мәлімделген пайдалы қазындыларды іздеу және іздеу-бағалау жұмыстары;
- кен орнын алдын-ала барлау;
- кен орнын мұқият (егжей-тегжейлі) барлау;
- флангтарды (бүйірлерді) және терең горизонттарды жетілдіре барлау;
- технологиялық зерттеулер;
- орын жағдайынан еркін берілген кен орнында рудасы жоқ өнеркәсіп алаңдарын зерттеу;
- берілген орнындағы кәсіпорын сумен жабдықтау үшін жасалған гидрогеологиялық зерттеулер;
- кен орнын зерделеумен байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік- әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және басқа да зерттеулердің нәтижесі.
Егерде Лицензияда кен орнының бір бөлігін зерттеу-зерделеу жұмыстары ескерілсе, онда жоғарыда аталған шығындар кен орнының қорына сайма-сай есепке енгізіледі.
13. Бірлескен Барлау және Шығару Лицензиясы бар болса онда екі нұсқа (түрі) болуы мүмкін:
- Лицензияға енгізілген баланс қоры бар аумақтың шегіне орналасқан кен орнын Барлау және Шығару үшін Лицензия берілген. Бұл жағдайда Шығару Лицензиясы үшін геологиялық зерттеулердің тарихи шығындары кен орнының шегінде анықталады, ал қалған алаң - Барлау Лицензиясы үшін анықталады;
- коммерциялық объект ашу көзделіп отырған аумақ шегіне Барлау және Шығару Лицензиясы берілген. Бұл жағдайда тарихи шығындар Барлау Лицензиясы үшін есептеледі.
14. Шарт жасалған аумақтағы тарихи шығындардан деректі шығындар түгел шығарылып, түгендеу тізімінен жұмыс анықтамасына (қосымша N 2) жазылып алынады.
Қалған жұмыстардың шығындары әрбір есеп бойынша осы Ереженің 9-13 п.п. келісімдеріне сәйкес анықталып, түгендеу тізімінен анықтамаға (қосымша N 3) апарылады. Бұл анықтама тарихи шығындарының негізгі есебін шығаруға жатады.
Лицензияланған алаңға жататын тарихи шығындар, жұмыс жүргізілген жылдар бойынша (1961 жылға дейін жасалған жұмыстар, 1961-1990 ж.ж. бойы жасалған жұмыстар, бұдан былай әрбір келесі жыл сайын), жұмыс түрлері бойынша (қосымша N 4) жинақталады.
15. Геологиялық зерттеулерінің тарихи шығындарын ағымдағы кезең бағасына қайта есептеуі "Геологиялық зерттеулерінің өткен жылдардың шығындарын ағымдағы кезең бағасына қайта есептеу, тәртібі туралы әдістемелік нұсқауына" сәйкес жасалу керек (қосымша N 5).
16. Лицензия алушының мемлекеттен иелікке алынатын геологиялық ақпаратының (Лицензия шартына сәйкес) бағасы, тарихи шығындары құрамының бір бөлігі болып саналады. Геологиялық ақпараттарының бағасы тарихи шығындары жиынтығының бір бөлігі болып анықталады. Ақпараттар өзгешелігіне байланысты бұл бөлік тарихи шығындары бағасының төмендегі шектелген проценттеріне қатынасты болып белгіленеді.
a) аумақтық геологиялық ақпарат - 1,5 % дейін;
b) геологиялық іздеу ақпараты - 3,0 % дейін;
c) іздеу-бағалау және барлау геологиялық ақпарат - 5,0 % дейін.
Геологиялық ақпараттарды иелікке алу және
тарихи шығындарының орнын толтыру тәртібі
17. Жер қойнауын пайдалану Лицензиясы шартына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар, оны алғаннан кейін бір айдың ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғат ресурстары министрлігінің геология, жер қойнауын қорғау және пайдалану комитетімен геологиялық ақпараттарды иелікке алу үшін келісім жасауға міндетті.
18. Тарихи шығындарды есептеп беру туралы жер қойнауын пайдаланушыдан тапсырыс түскеннен кейін 30 күн ішінде сәйкес келетін Аумақ басқармасы тарихи шығындардың қажет мөлшерін анықтап Келісім жасайды.
19. Геологиялық ақпараттар бағасын төлеу тәртібі (16 п. тарихи шығындар сомасының нұсқалаған проценттерімен шектелген) келісім жасаған тараптармен анықталады.
20. Тарихи шығындар сомасының қалдығын (геологиялық ақпараттардың сомасын төлегеннен кейін) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеу арқылы қайтарады. Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығына сәйкес тарихи шығындар сомасының қалдығын қайтару тәртібі жер қойнауын пайдалану шартымен белгіленеді.
қосымша N 1
"Бекітемін"
Сәйкесті аумақтың басқармасының бастығы қолы ________________
мөр
Кен орнында (алаңда) өткізілген
геологиялық-барлау жұмыстарының
ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСЫ
Кен орнының (алаңының)
үйлесімдері (координаттары)
Лицензия алушы Лицензия N (пайдалы қазындылар) _____________________________________________________________________ | Реттер | Нұсқа N | Жұмыстар атауы, | Географиялық | | NN | түгендеу | масштабы, өткізген | үйлесімдер, | | | нөмірі | жылдар, орындаушы | алаң, шаршы км. | | | | ұйым, есептің авторы | | |__________|____________|_________________________|___________________| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |__________|____________|_________________________|___________________| | 1 | 2 | 3 | 4 | |__________|____________|_________________________|___________________| _____________________________________________ Геологиялық | Орындалған | жұмыстардың | жұмыстардың көлемі | негізгі нәтижелері | және оларға жұмсалған | | шығындар | _____________________|_______________________| | көлемдер | қаржы | | | шығындары | | | мың. руб., | | | мың. теңге | _____________________|__________|____________| 5 | 6 | 7 | _____________________|__________|____________| қосымша N 2 Лицензияланған алаңда __________________ өткізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы, бірақ мәлімделген алаң бойынша тарихи шығындардың есебінен толық шығарылғаны жөнінде АНЫҚТАМА ____________________________________________________________________ | Реттер | Картограммадағы | Қаржы шығындары | Шығару себебі | | NN | нұсқа нөмірі | | | | | түгендеу нөмірі | | | |__________|___________________|___________________|_________________| | 1 | 2 | 3 | 4 | |__________|___________________|___________________|_________________| Орындаушы қолы қосымша N 3 Лицензияланған алаңның тарихи шығындарға жатқызылған геологиялық барлау жұмыстарға жұмсалған шығындардың бір бөлігін есептеу туралы АНЫҚТАМА ________________________________________________________________________ | Реттер | Картограммадағы | Жалпы | Лицензияланған | Жалпы | | | нұсқа нөмірлері, | алаңы | учаскесінің | алаңның | | | есептің нөмірі | 2 | 2 | (%) | | | | км | алаңы, км , | проценті | | | | | немесе жұмыстың | немесе | | | | | физикалық | физикалық | | | | | көлемінің | көлемінің | | | | | проценті | (%) | | | | | | проценті | |__________|____________________|_________|__________________|___________| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |__________|____________________|_________|__________________|___________| _______________________________________ Жалпы | Лицензияланған | Жалпы | шығындар | учаскесіне | жылы | мың. руб., | тиесілі | | | шығындар | | | мың руб., | | | мың теңге | | | | | | | | | | | ____________|________________|_________| 6 | 7 | 8 | ____________|________________|_________| Орындаушы қолы қосымша N 4 "Бекітемін"
Сәйкесті аумақтың
басқармасының бастығы қолы ________________
мөр
Алаңда геологиялық барлау
жұмыстарының тарихи шығындарын Есептеу ___________________________________________________________________________ (кен орындары, аумақ, аудан) Лицензия алушы __________________________________ Лицензия N ____________ Алаңда жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының түгендеу тізімі ___________________________________________________________________________ (кен орындары, аумақ, аудан) құрастырылған ____________________________________________________________ (аумақтық басқармасының аталуы) Тарихи шығындарды есептегенде, түгендеу тізімінде көрсетілген (қосымша N 1) геологиялық барлау жұмыстарынан N 2 қосымшаға сәйкес жұмыстар шығарылған. Лицензияланған объектіге жатқызылған басқа жұмыстар лицензияланған алаңға сайма-сай енгізіледі (қосымша N 3). Лицензияланған алаңға енгізілген геологиялық барлау жұмыстарының тарихи шығындары құрайды: _________________________________________________________________________ | | мың руб. | Есептеу формуласы | мың теңге | | | |1.01.1997ж. |_______________________|______________|_____________________|____________ | 1 | 2 | 3 | 4 |_______________________|______________|_____________________|___________ а) қатты пайдалы қазындылармен суға ГБЖ _________________________________________________________________________ |1. 1961 ж. дейінгі |Өткен жылдар |*1,45*0,002*И :10 = | | бағада | шығындары | 96 | | | (ӨЖШ) | | |_______________________|______________|_____________________|____________ |2. 1961-90 ж.ж. | (ӨЖШ) |х1,45х0,002х И = | | бағасында | | 96 | |_______________________|______________|_____________________|____________ |3. 1991 ж. бағасында | (ӨЖШ) |х0,002х И = | | | | 96 | |_______________________|______________|_____________________|____________ |4. 1992 ж. бағасында | (ӨЖШ) |х0,002х И х И = | | | | 92 96 | |_______________________|______________|_____________________|____________ |5. 1993 ж. бағасында | (ӨЖШ) |х0,002х И х И = | | | | 93 96 | |_______________________|______________|_____________________|____________ | мың теңге |________________________________________________________________________ |6. 1993 ж. бағасында | (ӨЖШ) |:И х И = | | | | 93 96 | |_______________________|______________|_____________________|____________ |7. 1994 ж. бағасында | (ӨЖШ) |:И х И = | | | | 94 96 | |_______________________|______________|_____________________|___________ |8. 1995 ж. бағасында | (ӨЖШ) |:И х И = | | | | 95 96 | |_______________________|______________|_____________________|___________ |9. 1996 ж. бағасында | (ӨЖШ) |х1,0 = | |_______________________|______________|_____________________|___________ ә) Мұнай және газ ГБЖ (терең бұрғылау) : (а.п. ұқсас); б) Ғылыми-зерттеу жұмыстары : (а.п. ұқсас); в) Географиялық жұмыстары : (а.п. ұқсас). 1.01.1997 ж. бағасында жиыны (қорытындысы) Геологиялық барлау жұмыстарының тарихи шығындары АҚШ долларымен санағанда, 1.01.1997 ж. АҚШ 1 долларының курсы (бағамы) = 73,3 теңге құрайды:_________________________________________________________________ (теңгені АҚШ долларына аударғанда) Алаңдағы геологиялық барлау жұмыстарының тарихи шығындары ___________________________________________________________________________ (кен орындары, аумақ, аудан) АҚШ __________________________ мың долларын құрайды. Лицензия алушыға жүктелген геологиялық барлау жұмыстарының тарихи шығындары ____________________________ мың АҚШ долларын құрайды. Орындаушы қолы қосымша N 5 Геологиялық зерттеулердің өткен жылдардағы шығындарын ағымдағы кезең бағаларына қайта есептеу тәртібі туралы Әдістемелік нұсқау 1. Жалпы ережелері
1.1. Геологиялық зерттеулердің өткен жылдардағы шығындарын ағымдағы кезең бағаларына қайта есептеу тәртібін осы ереже регламенттейді.
1.2. Шарт жасалған аумақтағы барлық геологиялық зерттеулерді түгендеу арқылы шығындардың есебін Аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану Басқармасы (АЖҚК және ПБ) және МҚББ "Геоақпарат" Басқармасы жасайды.
1.3. Шарт жасалған аумақтағы шығындардың сомасы түгендеу негізінде деректі шығындардың ақшалай түрімен анықталады және (эксперттік) сараптық тексерістен өткеннен кейін Аумақтық Басқармасымен немесе МҚББ "Қазмемжерқойнауымен" бекітіледі.
1.4. Лицензияланған объектінің геологиялық-геофизикалық зерттеулерді түгендеу арқылы мемлекетпен оны зерделеуге жұмсалған физикалық және қаржы шығындары, зерделеу картограммасы және түгендеу тізімі анықталады.
1.5. Деректі шығындар, жасалған ГБЖ есебіне қосымша болып жалғасатын шығынға жазу анықтамасы негізінде қабылданады.
2. Геологиялық зерттеулердің өткен жылдардағы шығындарын ағымдағы кезең бағаларына қайта есептеу тәртібі.
2.1. Геологиялық-барлау жұмыстарының бағасын өзгертетін индекстері шығындарды қайта санау үшін негіз болады, олар бұрын (1992 ж. бастап) Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің бұйрығымен бекітілген (қосымша N 1). Мұнай және газ скважиналарының құрылыс сметаларын қайта есептеу жөнінде әдістемелік нұсқауға толықтыру негізінде геологиялық барлау жұмыстарының бағасын өзгертетін индексі 1,45 (1991 ж. 1990 ж. бағасында)(қосымша N 6). ССРО Геология министрлігінің орынбасары В.И. Толкачевпен 22.11.90 ж. және ССРО Геология министрлігінің 25.12.90 ж. N 357 - Д хатымен бекітілген.
2.2. 1961 - 1990 жылдардың бағасына келтіру үшін 1961 жылға дейінгі шығындарды қайта есептеу үшін, шығындар он есе азайтылады (1961 ж. Ақша реформасы).
2.3. "Ұлттық валютаны енгізу шартына байланысты бағалардың өсуіне шек қою туралы ерекше шаралар жөнінде" 12.11.1993 ж. N 1121 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Қаулысының 3 пунктіне сәйкес шығындарды теңгеге қайта есептеу үшін 1961 - 1990 ж.ж. шығын рубльде 0,002 коэффициентке көбейтіледі.
2.4. Жүргізілген геологиялық-барлау және басқа жұмыстарының 1961 ж. дейінгі шығындарын 1996 ж. бағаға (теңге) қайта есептеу төмендегі формуламен жасалады:
ӨЖШ х 1,45 х 0,002 х И
96
А = -----------------------------
б 10
А - Ағымдағы жылдың бағасы,
б ӨЖШ - Өткен жылдар шығыны; 1,45 - Геологиялық барлау жұмысының бағасын өзгертетін индекс, 1991 ж. 1990 ж. бағасына; 0,002 - теңгеге аударатын коэффициент; И - Геологиялық барлау жұмысының бағасын өзгертетін индекс, 96 1996 ж. 1991 ж. бағасына 1961 жылдан 1990 жылға дейін шығындарды 1996 жылдың бағасына қайта есептеу төмендегі формуламен жасалады: А = ӨЖШ х 1,45 х 0,002 х И б 96 1991 жылдың шығындарын 1996 жылдың бағасына қайта есептеу төмендегі формуламен жасалады: А = ӨЖШ х 0,002 х И б 96 1992 жылдың шығындарын 1996 жылдың бағасына қайта есептеу төмендегі формуламен жасалады: А = ӨЖШ х 0,002 : И х И б (92-95) 96 мұнда: И - жылдарға шағылатын геологиялық барлау жұмыстарының (92-95) бағасын өзгертетін индекстер (ұлттық валюта енгізілгеннен кейін 0,002 коэффициенті қолданылмайды). Мысал 1. Геологиялық барлау жұмыстарын өткізу үшін 1961 жылға дейін жасалған шығындар 10 мың рубль құрады, ал 1996 жылдың бағасымен олар құрайды: А = 10 х 1,45 х 0,002 х 17496 : 10 = 50,74 мың теңге б
Мысал 2. Геологиялық барлау жұмыстарының 1993 жылға шығыны 100 мың теңге құраса, ал 1996 жылдың бағасымен олар құрайды:
А = 100 : 251,1 х 17496 = 6956,66 мың теңге
б
2.5. Геологиялық барлау жұмыстарын салалар бойынша қайта есептеу үшін қатты пайдалы қазындыларға және суға, мұнай мен газға жасайтын ГЗЖ және геофизикалық жұмыстарының және басқа геологиялық барлау жұмыстарының N 1 қосымшаға сәйкес геологиялық барлау жұмыстарының және басқа жұмыс түрлерінің бағасын өзгертетін жаңадан шыққан индекстерді бекіту шарасымен толықтырылып отыратын геологиялық барлау жұмыстарының бағасын өзгертетін индексін қолдану керек.
Өткен жылдар шығындарын
есептеу тәртібі туралы Әдістемелік нұсқауға Қосымша
Индекстерді есептегенде 1992
жылдан бастап негізгі болып 1991 жыл алынады.
Қазақстан Республикасының Геология жер қойнауын
қорғау және пайдалану комитеті бойынша геологиялық барлау жұмыстарының бағасын өзгерту индекстерінің КЕСТЕСІ _________________________________________________________________________ | | | Қатты | Мұнай |Ғылыми | Геофи.| Тұтас |Рет.| Бұйрықтың N мен |пайдалы | мен |зерттеу |зикалық| алғанда | N | уақыты |қазынды.| газға | жұмыс. | жұмыс.| барлық | | | лармен | (терең | тары | тар |жұмыстар | | | суға | бұрғы. | | | бойынша | | |жасалған| лау) | | |(комитет | | | ГБЖ | ГБЖ | | |бойынша) |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 1 |1991 жыл 1990 жылдың | 1,45 | 1,45 | 1,45 | 1,45| 1,45 | |бағасына | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 2 |МемГеокомитетінің | 4,53 | 4,53 | 2,24 | | | |17.01.92 ж. Уақытша | | | | | | |әдістемелік нұсқаулары | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 3 |01.04.92 жылдан Бұйр. | 11,4 | 11,4 | 6,7 | | | |N 81-П 12.06.92 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 4 |01.10.92 жылдан Бұйр. | 30,12 | 29,23 | 14,48 | | | |N 180-П 09.10.92 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 5 |1992 жылғы орташа | 14,36 | 14,36 | 7,53 | | 13,8 | |салмақты индексі | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 6 |01.01.93 жылдан Бұйр. | 95,68 | 98,26 | 54,33 | | | |N 60-П 09.03.93 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 7 |01.04.93 жылдан Бұйр. | 109,31 | 113,48 | 75,5 | | | |N 90-П 22.04.93 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 8 |01.05.93 жылдан Бұйр. | 165,15 | 191,25 | 87,73 | | | |N 125-П 24.05.93 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 9 |01.10.93 жылдан Бұйр. | 417,7 | 793,4 | 290,46 | | | |N 284-П 26.10.93 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 10 | | 206,3 | 312,1 | 129 | | 251,5 |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 11 |01.01.94 жылдан Бұйр. | 593,7 | 721,2 | 363,1 | 396,5 | | |N 15-П 24.01.94 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 12 |01.02.94 жылдан Бұйр. |1418,5 |1624,9 | 848,5 |1111,5 | | |N 63-П 03.03.94 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 13 |01.05.94 жылдан Бұйр. |3887,6 |4506,6 |1858,6 |2956,3 | | |N 122-П 24.05.94 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 14 |01.07.94 жылдан Бұйр. |6251,9 |6936,9 |2634,2 |4333 | | |N 194-П 04.08.94 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 15 |01.10.94 жылдан Бұйр. |7261,5 |9806,7 |4554 |6062,3 | | |N 271-П 29.11.94 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 16 |1994 жылғы орташа |4430,4 |5403,3 |2349,2 |3402,45|4628,6 | |салмақты индексі | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 17 |01.01.95 жылдан Бұйр. |8782 |15935 |7946 |6961 | | |N 48-П 15.03.95 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 18 |01.03.95 жылдан Бұйр. |9118 |16312 |8419 |7313 | | |N 49-П 15.03.95 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 19 |01.07.95 жылдан Бұйр. |11156 |20392 |11448 |9044 | | |N 170-П 01.08.95 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 20 |1995 жылғы орташа |10081 |18289,2 |9854,7 |8119,8 |13575,6 | |салмақты индексі | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 21 |01.04.96 жылдан Бұйр. |11856 |21350 |13063 |11731 | | |N 72-П 22.04.96 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 22 |01.07.96 жылдан Бұйр. |13415 |26301 |14540 |13427 | | |N 132-П 25.07.96 ж. | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________ | 23 |1996 жылғы орташа |12460,5 |13397,75|11907,25|17496 | | |салмақты индексі | | | | | |____|________________________|________|________|________|_______|________