1. "Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет туралы" ереженi бекiтiлсiн.
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы ереженi тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы атқарушы аппаратының рынокты реттеу басқармасына жүктелсiн.
4. Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген сәттен бастап күшiне енедi.
5. Барлық брокерлiк және дилерлiк компаниялар өздерiнiң қызметтерiн осы ережеге оны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеген сәттен бастап үш ай iшiнде сәйкестендiрсiн.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы "___"_________ N ___ қаулысымен бекiтiлген
Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк
қызмет туралы ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) K941000_ , "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Z970077_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 марттағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтердi жүзеге асырудың шарттарын және тәртiбiн белгiлейдi.
I. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ережеде мынадай айқындамалар пайдаланылады:
Андеррайтер - брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және белгiлi бiр сыйақы немесе жеңiлдiк үшiн андеррайтингтiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға;
Андеррайтингтiк қызмет - бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдарын эмитентпен жасасқан келiсiмнiң негiзiнде орналастыру жөнiндегi брокер-дилердiң мақсатты қызметi;
Андеррайтингтiк шарт - эмитент пен андеррайтердiң басқарушысының арасында жасалған, бағалы қағаздарды орналастырудың шарттары мен тәртiбiн айқындайтын келiсiм;
Брокер-дилер - бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын және БҚҰК тиiстi лицензиясы бар заңды тұлға;
Брокерлiк қызмет көрсетуге арналған келiсiм - қызмет көрсету үшiн брокер-дилердiң және оның клиентiнiң арасында жасалған келiсiм;
Инвестициялық шешiм - бағалы қағаздар портфелiнiң құрылымын қалыптастыру және өзгерту жөнiндегi шаралар туралы шешiм;
Клиенттiң тапсырмасы - бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау үшiн брокер-дилерге клиент берген құжат;
Комиссиялық табыстар - брокерлiк қызмет көрсету келiсiмiн белгiленген, брокер-дилердiң ақшалай сыйақысы;
Мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауды жүзеге асыру кезiнде туындайтын, брокер-дилердiң және оның клиентiнiң мүдделерiнiң қарама-қайшылығы орын алатын жағдаят;
Жеке шот - бағалы қағаздарды және ақшаларды есепке алу және клиенттi бiрдейлендiру жүзеге асырылатын өзара байланысты жазбалар мен құжаттардың жиынтығы;
Трейдер - брокер-дилердiң оның атынан немесе клиенттiң атынан және тапсырмасы бойынша бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауды тiкелей жүзеге асыратын бiлiктi маманы;
Андеррайтер басқарушы - эмиссиялық синдикатты ұйымдастыруға, эмиссиясы дайындауға және эмитент және эмиссиялық синдикат арасындағы шартты жасауға, бағалы қағаздарды эмиссиялық синдикаттың орналастыруына жауапты андеррайтер;
Эмиссиялық синдикат - тәуекелдердi азайту мақсатында және бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға ықпал жасайтын, андеррайтерлердiң уақытша құрылған тобы;
Эмиссиялық келiсiм-шарт - андеррайтерлердiң арасында жасалған негiзiнде эмиссиялық синдикат құрылатын келiсiм.
1.2. Брокер-дилердiң және оның клиентiнiң арасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi жүзеге асыру процесiнде туындайтын барлық қатынастар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен, осы Ережемен және брокерлiк қызмет көрсетуге брокер-дилер және оның клиентiнiң арасында жасалған келiсiммен реттеледi.
1.3. Брокер-дилердiң өздерiнiң қызметтерiн жүзеге асыруларының ерекшелiктерi бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымның (бұдан әрi - ӨРҰ) ережелерiмен немесе БҚҰК келiсiмi бойынша бағалы қағаздармен саудаластықтарды ұйымдастырушылар (СҰ) белгiлеуi мүмкiн.
1.4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес БҚҰК белгiлеген тәртiпте БҚҰК немесе ӨРҰ берген бiлiктiлiк куәлiктерi бар болғанда брокер-дилердiң мамандары клиенттерiнiң бағалы қағаздармен операциялар жасауды және оларды есепке алуды жүзеге асыруға құқылы.
1.5. Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген, мынадай санаттарға лицензия беру көзделетiн тәртiпте лицензиялауға жатады:
а) бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет (1 санатты лицензия);
клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк (II санатты лицензия).
Брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленген өкiлеттiк шектерiнде БҚҰК және ӨРҰ немесе СҰ жүзеге асырады.
II. Брокер-дилердiң функциялары, құқықтары және мiндеттерi
2.1. Брокер-дилер мынадай функцияларды жүзеге асырады:
а) өз есебінен және клиенттердiң есебiнен өз атынан және клиенттiң атынан бағалы қағаздармен мәмiлелер жасайды және клиенттердiң бағалы қағаздарымен жасалған мәмiлелердi құжаттарды түрде ресiмдейдi;
б) оның клиенттерiнiң инвестициялық шешiмдер қабылдаулары үшiн қажеттi ақпаратты және ұсыныстамаларды дайындауды және берудi жүзеге асырады;
в) клиентпен келiсiм бойынша өзге де консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсетедi.
2.2. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу кезiнде брокер-дилер:
а) клиентпен жасасқан келiсiмнiң шарттарымен оған берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде әрекет жасауға;
б) клиенттiң ақшаларды бағалы қағаздарға инвестициялау мақсаттарын, егер олар клиенттiң коммерциялық құпиясын құрамаса, анықтауға және өзiнiң қызметiн осы мақсаттарға сәйкес жүзеге асыруға;
в) клиенттiк тапсырмаларды клиенттерге аса қолайлы бағалар бойынша атқаруға;
г) клиенттерге әрбiр жасалған мәмiле және ол бойынша мiндеттемелердiң орындалысы туралы растамаларды брокерлiк қызмет көрсету шартымен белгiленген тәртiпте жiберуге;
д) клиенттердiң бағалы қағаздарымен мәмiлелердi төлеуге кепiлдiк бермейтiн мәмiлелердi жасауға тапсырыстарды қабылдаудан бас тартуға, бағалы қағаздарды иеленуге және оларды мәмiле ұйымдасқан рынокта жасалған кезде клиенттiң тапсырмасын берген сәттен бастап үш банктiк күн iшiнде немесе ұйымдаспаған рынокта клиенттiң мүддесi үшiн жасалған келiсiммен белгiленген мерзiмде брокер-дилердiң қарамағына беруге мiндеттi.
2.3. Брокер-дилердiң бағалы қағаздармен мәмiлелердi жасауға, егер аталған мәмiлелердi жасау оның клиенттерiнiң брокерлiк қызмет көрсетуге жасалған келiсiмде көрсетiлген мүдделерiне қайшы келсе, құқығы жоқ.
2.4. Брокер-дилер брокер-дилердiң мүдделерiнiң клиенттердiң мүдделерiмен қақтығысының туындаған фактiлерi, сондай-ақ оның қаржылық жай-күйiнiң төмендеуi мен оның себептерi немесе уәкiлеттi органдардың қолданған жазалары туралы осындайлар туындағаннан кейiн үш күн iшiнде клиенттерге хабарлауға мiндеттi. Аталған ескертпелердi брокерлiк қызмет көрсету келiсiмiмен белгiленген брокер-дилер тәртiпте жүргiзедi.
Брокер-дилердiң қаржылық тұрақтылығының Қазақстан Республикасының талаптарына сәйкес келмеуi қаржылық жай-күйiнiң төмендеуi деп танылады.
2.5. Кездейсоқ жағдаяттардың салдарынан бағалы қағаздардың рыноктiк бағасы өзгерген жағдайда, егер керiсiнше дәлелсiз болса, клиентке келтiрiлген залалдар үшiн брокер-дилерге жауапкершiлiк жүктелмейдi.
Брокер-дилердiң заңсыз немесе сауатсыз әрекеттерiнiң нәтижесiнде клиентке келтiрiлген материалдық залалдар үшiн брокер-дилерге материалдық жауапкершiлiкте жүктеледi.
2.6. Қаржылық және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қызметтi жүзеге асыру процесiнде алынған клиенттер туралы өзге де ақпараттардың құпиялығын, Қазақстан Республикасының заңдарында және ӨРҰ немесе СҰ ережелерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, брокер-дилер сақтауға мiндеттi.
2.7. Брокер-дилер өзiнiң қызметi туралы, клиенттерi және бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер туралы ақпараттарды кемiнде бес жыл, оның iшiнде қағаз түрiндегi таратқыштарда үш жыл, сақтауды жүзеге асырады.
III. Бағалы қағаздармен сауда жасау ережелерi
3.1. Брокер-дилерге тиесiлi бағалы қағаздар және ақшалар оның клиенттерiнiң бағалы қағаздарынан және ақшаларынан бөлек, орталық депозитарийдегi брокер-дилердiң арнаулы шоттарында немесе тiркеушiде және тиiсiнше екiншi деңгейдегi банктерде сақталады.
Клиенттiң ақшаларын немесе бағалы қағаздарын алғаннан кейiн, брокер-дилер оларды аталған шоттарға шұғыл түрде салу керек.
Егер ӨРҰ, орталық депозитарийдiң немесе тiркеушiлердiң ережелерiмен өзгеше белгiленбесе, брокер-дилердiң бiр шотында оның барлық клиенттерiнiң бағалы қағаздарды немесе ақшалары салынады.
3.2. Брокер-дилер клиенттiң қаражатын осы клиенттiң мүддесiне орай комиссиялық және мәмiлелердi жүзеге асыруға байланысты өзге де төлемдердi төлеу үшiн пайдалануға құқылы және аталған қаражатты басқа клиенттердiң мәмiлелерi және басқа операциялар бойынша пайдалануға, егер бұл арнаулы түрде брокерлiк қызмет көрсету келiсiмiнде көрсетiлмесе, құқығы жоқ.
3.3. Брокер-дилердiң клиенттерiне тиесiлi қаражат тұтқындалуға немесе қолданылып жүрген заңдармен көзделген жағдайлардан басқа, үшiншi тұлғалардың алып қоюына жатпайды.
3.4. Клиенттiң тапсырмасы бойынша мәмiлелер жасауды жүзеге асыратын брокер-дилер бiр мәмiледе брокер немесе дилер ретiнде болуға құқылы.
3.4.1. Брокер ретiнде қызметтi жүзеге асыру кезiнде брокер-дилер бағалы қағаздарды өз есебiнен сатады немесе сатып алады.
Брокер-дилерлердiң ұйымдасқан рынокта брокер ретiнде қызметтi жүзеге асыруларына қойылатын талаптар бағалы қағаздармен саудаластықты ұйымдастырушылардың ережелерiмен белгiленедi.
3.4.2. Брокер-дилер клиенттiң бағалы қағаздарымен мәмiлелердi мынадай жолмен жасайды:
а) рыноктiк клиенттiк тапсырманы-клиент үшiн бағалы қағаздарды рыноктiк баға бойынша шұғыл түрде сатып алуды немесе сатуды жүзеге асыруды орындайды;
б) шектiк клиенттiк тапсырманы-клиент үшiн бағалы қағаздарды тапсырмада айқындалғандағыдан төмен (немесе оған тең) баға бойынша сатып алуды немесе бағалы қағаздарды тапсырмада айқындалғандағыдан жоғары (немесе оған тең) баға бойынша сатуды жүзеге асыруды орындайды;
в) шартты клиенттiк тапсырманы-алдыңғы тапсырманы орындағаннан кейiн клиенттердiң активтерiмен iс-әрекеттердi жүзеге асыруды орындайды.
3.4.3. ӨРҰ және СҰ ережелерiмен клиенттердiң тапсырмаларының өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.
3.5. Брокер-дилер клиенттердiң тапсырмаларын орындау үшiн аса көп күш жұмсауға, сондай-ақ мүдделер қақтығысы туындағанда клиенттiң мүдделерiнiң басымдылық принципiн сақтауға мiндеттi.
3.6. Брокер-дилер қандай да болмасын бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өзгеше түрде сатып алу немесе сату жөнiндегi ұсыныстарға қатысты нақты емес мәлiметтер, бағалы қағаздардың бағалары және саны бар, сондай-ақ осындай ақпараттың көзi ретiндегi ақпаратты жариялауға құқылы емес.
3.7. Брокер-дилердiң мәмiлелер жасауына сенiм бiлдiруге тек брокерлiк-дилерге жол берiледi. Сенiм бiлдiруге, егер ол брокерлiк қызмет көрсету шартында көрсетiлсе не брокер-дилер кездейсоқ жағдаяттарға байланысты өзiнiң клиентiнiң мүдделерiн қорғау үшiн жазбаша ескертумен және соңғысының келiсiмiмен қоса тиiстi құжаттарға тiркей отырып, осыған сүйенуге мәжбүр болса, жол берiледi.
Сенiм бiлдiру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3.8. Брокерлiк қызмет көрсету шартында көзделген жағдайларда, клиент брокер-дилерге инвестициялық шешiмдер қабылдауға құқық беруi мүмкiн.
Клиенттiң инвестициялық шешiмдер қабылдауына ұсыныстамалар жасау және клиенттiң активтерiне қатысты брокер-дилердiң дербес түрде инвестициялық шешiмдер қабылдау тәртiбiн брокер-дилер айқындайды және:
а) брокер-дилердiң инвестициялық шешiмдер қабылдауға және клиенттiң инвестициялық шешiмдер қабылдауы үшiн ұсыныстамалар жасауға, сондай-ақ аталған әрекеттердi құжатты түрде бекiтуге жауапты тұлғаларының тiзбесi;
б) талдау негiзiнде инвестициялық шешiм қабылданған немесе ұсыныстама жасалған ақпараттар көздерiн тiркеудiң тәртiбi болу керек.
Инвестициялық шешiмдi дербес түрде қабылдауды брокер-дилер клиенттердiң брокер-дилердiң өз капиталының 50%-нен аспайтын активтерiне қатысты жүзеге асырады, керiсiнше жағдайда брокер-дилердiң аталған қызметi бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру лицензиясының негiзiнде, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.
IV. Есепке алу жүйесiн ұйымдастыру
4.1. Брокер-дилерде:
а) бағалы қағаздармен операцияларды тiкелей жүзеге асыру;
б) клиенттердiң бағалы қағаздарының және ақшаларының қозғалысын есепке алу;
в) клиенттерiнiң алдында, бағалы қағаздар бойынша табыс алуға және басқа да құқықтарға байланысты брокер-дилердiң мiндеттерiн атқару;
г) клиенттердiң жеке шоттарымен жүргiзiлетiн операциялар;
д) бухгалтерлiк есепке алу, қажеттi қаржылық есеп берудi және брокер-дилердiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген қаржылық тұрақтылық нормативтерiн есептеудi даярлау;
е) брокер-дилерлердiң өздерiнiң iшкi ережелерiн, ӨРҰ және СҰ ережелерiн және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауларына бақылау жасау мiндеттерiне енгiзiлетiн тұлғалар айқындалу керек.
4.1.а және 4.1.б тармақшаларында көрсетiлген функцияларды бiр ғана тұлғалар орындай алмайды.
4.2. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзудi және олармен жасалған мәмiлелердi есепке алуды жүзеге асыру жөнiндегi функциялар еңбек келiсiмнiң негiзiнде брокер-дилер жұмысқа қабылдаған тұлғаларға жүктелмейдi.
4.3. Брокер-дилердегi есепке алуды ұйымдастыруға жауапкершiлiк оның бiрiншi басшысына және бас бухгалтерге жүктеледi.
V. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзудегi
құжаттар айналысын жүргiзу тәртiбi
5.1. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу кезiнде брокер-дилер мынадай құжаттар мен ақпараттарды әзiрлеудi және тiркеудi жүзеге асырады:
а) брокерлiк қызмет көрсетуге келiсiмдi;
б) клиенттiк тапсырманы;
в) клиенттерден қабылданған тапсырмалардың журналы;
г) трейдерге тапсырманы;
д) бағалы қағаздардың ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған рыноктарында брокерлiк қызмет көрсету келiсiмiн және клиенттiк тапсырманы орындау үшiн жасалған брокер-дилердiң келiсiмiн.
5.2. Брокер-дилер клиенттiң бағалы қағаздарымен операциялар жүргiзудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес клиентпен брокерлiк қызмет көрсетуге жасасқан келiсiмнiң негiзiнде жүзеге асырады.
5.2.1. Брокерлiк қызмет көрсетуге келiсiм клиентпен ақшамен және бағалы қағаздармен кез-келген операцияларды жүргiзуге дейiн, сондай-ақ брокер-дилердiң қызметiн жүзеге асыруының iшкi ережелерiмен клиент танысқаннан кейiн жасалады.
5.2.3. Қолданылып жүрген заңдарда көзделген шарттардан басқа,
брокерлiк қызмет көрсету келiсiмiнде: а) келiсiм тараптарының реквизиттерi; б) келiсiмнiң нысанасы: брокерлiк қызмет көрсету, оның iшiнде бағалы қағаздарды нақтылы ұстау жөнiндегi қызмет көрсету (егер брокер-дилер нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметтi жүзеге асыра алса); в) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi; г) келiсiмнiң күшiне енуiнiң және оны қолдануды тоқтатудың тәртiбi мен шарттары; д) келiсiмге өзгерiстер енгiзудiң тәртiбi; е) тараптардың арасындағы есеп айырысудың тәртiбi, оның iшiнде келiсiмдi қолдануды тоқтату кезiндегi; ж) клиенттiк тапсырманы брокерге берудiң нысаны; з) тараптардың арасындағы қатынастарға қатысты дауларды шешудiң тәртiбi;
и) көрсетiлген қызметтер және бағалы қағаздармен жүргiзiлген операциялар үшiн комиссиялық табыстардың тәртiбi мен мөлшерi, оның iшiнде клиентте брокер-дилердiң қызметiн төлеу үшiн ақшасы болмаған кезде;
к) брокер-дилердiң және клиенттiң арасындағы ақпараттар берудiң
тәртiбi; л) клиенттiң уәкiлеттi тұлғаларының бағалы қағаздармен операциялар жүзеге асыруларының тәртiбi; м) бiрнеше меншiк иелерi болған кезде операциялар жүргiзудiң тәртiбi болу керек. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау жөнiндегi қызмет көрсету кезiнде келiсiмде сондай-ақ клиентке оның шоттарының жай-күйлерi туралы ақпараттар берудiң шарттары мен тәртiбi көзделу керек. 5.2.4. Келiсiмдi қолданудың мерзiмi тараптардың келiсiмдерi бойынша айқындалады. 5.2.5. Келiсiмдi қолдану: а) тараптардың екi жақты бiрдей келiсiмдерi бойынша; б) бiр тараптың ықыласы бойынша екiншi тарапты ескерте отырып, кемiнде 30 күндi құрайтын мерзiмде; в) брокер-дилердiң лицензиясы тоқтатыла тұрғанда немесе оның қайтарып алғанда; г) бiр жақты тәртiппен келiсiмнiң шарттары орындалмағанда тоқтатылады.
Келiсiм тоқтатылғанда брокер-дилер клиентке оған тиесiлi бағалы
қағаздарды және ақшаларды, егер брокерлiк қызмет көрсету келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, бес банктiк күннен аспайтын мерзiмде қайтару жөнiндегi шаралар қабылдауға мiндеттi. 5.3. Клиенттiң бағалы қағаздарымен операциялар жүргiзудi жүйелi клиенттiк тапсырма негiзiнде брокер-дилер жүзеге асырады. 5.3.1. Клиенттiк тапсырмада мынадай ақпарат болады: а) клиенттiк тапсырманың нөмiрi (барлық клиенттiк тапсырмаларды нөмiрлеу алмаспайды); б) тапсырысты алған күн және дәл уақыт; в) клиенттiң толық аты немесе оның жеке шотының нөмiрi; г) тапсырманың 3.4.2 және 3.4.3 тармақтарға сәйкес түрi; д) мәмiленiң түрi - бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату; е) бағалы қағаздардың түрi және толық атауы; ж) тапсырысты қолданудың ұзақтылығы; з) бағалы қағаздарды төлеудiң және жеткiзудiң тәртiбi; и) бағалы қағаздардың саны; к) мәмiленiң жорамалданған бағасы; л) бағалы қағаздардың рыноктiк бағасы көтерiлгенде клиенттiң оның төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi туралы мәлiметтер; м) клиенттiң қолы, заңды тұлғалар үшiн - қосымша - мөр таңбасы; н) брокер-дилердiң тапсырманы қабылдаған маманы туралы ақпарат; о) брокер-дилер тарабынан осы мәмiленi жүргiзу туралы ұсыныстаманың болғандығы туралы ақпарат;
п) сату үшiн клиенттер ұсынған бағалы қағаздарды иелену туралы, тиiстi түрде ресiмделген құжаттармен куәландырылған ақпарат;
р) ӨРҰ, СҰ және брокер-дилердiң ережелерiмен белгiленген өзге ақпарат.
5.3.2. Клиенттiк тапсырма брокер-дилерге жазбаша немесе кейiннен құжаттардың түпнұсқасын бере отырып, электрондық және факсимальды байланыс арқылы берiле алынады.
5.3.3. Клиенттiк тапсырманы брокер-дилер, егер брокерлiк қызмет көрсету келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, келiп түсу ретiмен орындайды.
5.4. Брокер-дилер клиенттiк тапсырманың қабылданғанын бiр банктiк күн iшiнде ӨРҰ және СҰ, сондай-ақ брокерлiк қызмет көрсету келiсiммен белгiленген тәртiпте растау керек.
5.5. Клиенттiк тапсырманың көшiрмесi брокер-дилердiң бағалы қағаздармен жүргiзiлген операцияларды есепке алуды тiкелей жүзеге асыратын бөлiмшесiне берiлу керек.
5.6. Клиенттiк тапсырмалардың келiп түсуi клиенттiк тапсырмалардың
хронологиялық ретпен жүргiзiлетiн журналында көрсетiлу керек. 5.7. Брокер-дилер клиентке жалғыз өзi қызмет көрсеткен жағдайда, брокерлiк қызмет көрсету келiсiмi және клиенттiк тапсырма қолданылып жүрген заңдармен көзделген шарттардан басқа 5.2.3 және 5.3.1 тармақшалардағы көрсетiлген ережелер болатын келiсiм-тапсырмаға ауыстырылуы мүмкiн. 5.8. Клиенттiк тапсырманы атқаруды ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған рыноктарда брокер-дилерден алынған тапсырманың негiзiнде трейдер жүзеге асырады. Осы тапсырмада: а) трейдерге тапсырманың ағымдағы нөмiрi; б) тапсырманы трейдердiң атқаруына берудiң күнi және уақыты; в) тапсырманың түрi; г) трейдер туралы мәлiмет; д) бағалы қағаздардың атауы; е) бағалы қағаздардың саны; ж) брокер-дилердiң мәмiлеге брокер немесе дилер ретiнде қатысуы туралы мәлiмет; з) тапсырманың атқарылуы туралы есептi алудың күнi мен уақыты көрсетiлу керек.
Брокер-дилер брокер ретiнде бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауды жүзеге асыру кезiнде трейдерге берiлетiн тапсырмада қосымша:
а) клиенттiң тапсырмасын брокер-дилердiң алған күнi, нөмiрi және уақыты;
б) осы мәмiле бойынша брокер-дилердiң клиентке берген ұсыныстамасы туралы мәлiмет болу керек.
Тапсырманы трейдерге берудiң шарттары мен тәртiбi, қосымша ақпарат және трейдерге беретiн тапсырманың нысаны ӨРҰ және СҰ, сондай-ақ брокер-дилердiң iшкi ережелерiмен белгiленуi мүмкiн.
5.9. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi трейдерге берiлетiн тапсырманың негiзiнде трейдер немесе ұйымдаспаған рыноктағы брокер-дилердiң уәкiлеттi тұлғасы жасайды.
5.9.1. Ұйымдаспаған рынокта бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларды жүзеге асыру кезiнде брокер-дилердiң жасаған келiсiмiнде қолданылып жүрген заңдарда көзделген ережелерден басқа:
а) брокер-дилердiң және мәмiленiң контрагентiнiң толық ресми атауы және мекен-жайы;
б) мәмiленi жасаған тұлға және оның өкiлеттiгiн растайтын құжаттар туралы мәлiметтер;
в) бағалы қағаздардың түрi және құны;
г) тараптардың арасындағы есеп айырысудың тәртiбi және есеп айырысудың сомасы, мәмiленi жүзеге асыру кезiндегi шығындарды жабудың тәртiбi;
д) брокер-дилердiң дилер немесе брокер ретiнде қатысуы туралы ақпарат;
е) мәмiле жасалған күн және уақыт болу керек.
Брокер-дилер брокер ретiнде бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларды жүзеге асыру кезiнде келiсiмде клиент туралы қосымша мәлiмет болу керек. Келiсiм немесе оның көшiрмесi клиентке немесе оның уәкiлеттi тұлғасына берiлу керек және оның көшiрмесi клиент туралы жалпы ақпаратпен бiрге брокер-дилерде сақталу керек.
5.9.2. Бағалы қағаздармен саудаластықтарды ұйымдастырушылардың
ережелерiнде бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi растайтын өзге де құжаттар көзделуi мүмкiн. 5.9.3. Мәмiлеге байланысты құжаттарды трейдер брокер-дилерге мәмiле жасалған күнi беру керек. 5.10. Бағалы қағаздармен мәмiле жасалғаннан кейiн клиенттiк тапсырманың бос қалған жолдары былайша толтырылуы керек: а) мәмiленiң жасалған күнi және нақты уақыты; б) мәмiленiң жасалған орны; в) мәмiле бойынша мiндеттеме атқару қажеттi болатын күн; г) бағалы қағаздардың құны және саны; д) мәмiленiң контрагентi туралы мәлiмет. VI. Бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларды есепке алуды жүзеге асырудың тәртiбi 6.1. Бағалы қағаздармен жүргiзiлген операцияларды есепке алуға мыналар кiредi: а) клиенттердiң жеке шоттарымен операциялар жүргiзу кезiндегi құжаттар айналысы; б) жасалған мәмiлелердiң журналы; в) атқарылған мәмiлелердiң журналы; г) бағалы қағаздардың қозғалысын есепке алу; д) ақша қозғалысын есепке алу; е) клиенттерге тиесiлi бағалы қағаздар бойынша табыстардың түсуiн есепке алу журналы; ж) клиенттердiң шағымдарын есепке алу журналы; з) есептердi беру журналы. 6.2. Жеке шоттармен жүргiзiлетiн операцияларға: а) бағалы қағаздардың жаңа иеленушiлерiне шот ашу; б) бағалы қағаздарды меншiктеу құқықтарының өтуiне байланысты жазбалар енгiзу; в) шоттардың реквизиттерiн өзгертетiн және бағалы қағаздарды меншiктеу құқықтарының өтуiне байланысты емес техникалық операциялар; г) ақпараттық операциялар; д) бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн ауқымды операциялар жатады.
6.2-тармақтың б)-д) тармақшаларында көрсетiлген жеке шоттармен операциялар жүргiзу бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокер-дилерлер жүзеге асырады.
6.2.1. Брокер-дилер әрбiр клиентке жеке шот ашады. Клиенттiң жеке шотына:
а) клиенттiң толық атауы;
б) әрбiр клиент үшiн жеке болып табылатын шоттың нөмiрi;
в) заңды тұлғалар үшiн - толық атауы, заңды және пошталық мекен-жайы, ОКПО коды; жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке басын куәландыратын құжаттың мәлiметтерi, мекен-жайы; Қазақстан Республикасының резидентi еместер үшiн - Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық келiсiмдерге сәйкес клиенттi бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн мәлiметтер мен құжаттардың тiзбесi;
г) банктiк реквизиттер;
д) бiр бағалы қағаздың бiрнеше меншiк иесi болған жағдайда барлық меншiк иелерiнiң және уәкiлеттi тұлғалардың жоғарыда аталған барлық мәлiметтерi, сондай-ақ мүлiкке үлестi бөлу және осы үлестi өзге тұлғаларға беру шарттары туралы мәлiметтер;
е) нақтылы ұстау туралы мәлiметтер;
ж) клиенттiң тәуекел деңгейiн көрсететiн, клиенттiң тосатын табыстылығы және инвестициялауды әртараптандыру нормалары туралы мәлiметтер бар инвестициялаудың мақсаттары;
з) инвестициялаудың объектiлерi;
и) жеке тұлғалар үшiн - клиенттiң және оның уәкiлеттi өкiлiнiң қолдарының нотариалды куәландырылған үлгiлерi, заңды тұлғалар үшiн басшысының, бас бухгалтердiң қолдарының үлгiлерi және мөр таңбасы;
к) уәкiлеттi тұлғалардың құқықтары туралы мәлiметтер;
л) бағалы қағаздарға жүк арту күшiнде осы бағалы қағаздарға қатысты белгiлi бiр құқықтарды иеленген тұлғаны көрсете отырып, бағалы қағаздарға мiндеттемелермен жүк арту туралы мәлiметтер;
м) клиенттердiң бағалы қағаздар бойынша табыстар алуы және бағалы қағаздарға байланысты өзге де құқықтарды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелер енгiзiлу керек.
6.2.2. Брокер-дилер жеке шоттармен жүргiзiлген барлық операцияларды:
а) өзгерiстердi енгiзу күнi;
б) операцияның түрi және операцияның реттiк нөмiрi;
в) осы операция жүргiзiлетiн шоттардың нөмiрлерi және бағалы қағаздар туралы мәлiметтер болатын арнаулы журналда тiркеудi жүзеге асырады.
6.2.3. Бағалы қағаздардың ұстаушыларына ақпарат берудi брокер-дилер сұрау салу негiзiнде, брокерлiк қызмет көрсету келiсiмiмен белгiленген тәртiпте жүргiзедi.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органға брокер-дилердiң ақпарат беруi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыратын брокер-дилердiң тiркеушiге немесе орталық депозитарийге ақпарат беруi аталған ұйымдардың сұрауы негiзiнде талап етiлген ақпараттың көлемiн көрсете отырып, сұрауды алған сәттен бастап бес күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.
Брокер-дилер акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзуге немесе бағалы қағаздар бойынша табыстар төлеуге арналған қажеттi ақпаратты әзiрлеудi және берудi тегiн жүзеге асырады. Өзге жағдайларда ақпарат беру жөнiндегi қызмет көрсетудiң тәртiбi қосымша келiсiмдермен белгiленедi.
Клиент туралы мәлiметтердi брокер-дилер тiркеушi немесе орталық депозитарий үшiн клиенттiң алдын ала келiсiмi болғанда есеп беруге енгiзедi.
6.2.4. Брокер-дилер ауқымды операциялардың нәтижелерi жөнiндегi жазбаға өзгерiстердi эмитенттiң ауқымды операцияны жүргiзу туралы өкiмiнiң көшiрмесiнiң және тiркеушiнiң немесе орталық депозитарийдiң тиiстi өкiмiнiң негiзiнде енгiзедi. Бағалы қағаздар эмиссиясының құрылымы өзгерген кезде аталған ұйымдар брокер-дилерге осы әрекеттi бекiту туралы БҚҰК құжатының көшiрмесiн қосымша ұсынулары қажет.
6.3. Клиенттiң тапсырмаларының және трейдерлерден алынған құжаттардың негiзiнде брокер-дилер жасалған мәмiлелер журналына ақпарат енгiзедi.
Жазбалар журналға мәмiле жасалған күнi енгiзiледi және мыналар:
а) клиенттiк тапсырманың нөмiрi;
б) клиент туралы мәлiмет;
в) мәмiле жасалған күн;
г) мәмiленiң контрагентi туралы мәлiметтер;
д) бағалы қағаздың атауы немесе коды;
е) бағалы қағаздардың саны және құны;
ж) мәмiленiң түрi туралы мәлiметтер сатып алу немесе сату;
з) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркегендiк үшiн тiркеу алымы немесе өзге де төлемдердiң сомасы, комиссиялық сыйақылар және өзге де төлемдер;
и) тараптардың келiсiмге немесе саудаластықтарды ұйымдастырушылардың ережелерiне сәйкес мiндеттемелердi және есеп айырысуды орындау күнi болады.
6.4. Мәмiле жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалысын растайтын құжаттар алынғаннан кейiн мәмiле туралы ақпарат жасалған мәмiлелер журналына енгiзiледi. Осы журналды жүргiзудiң тәртiбi ӨРҰ және брокер-дилердiң ережелерiмен белгiленедi.
6.5. Брокер-дилер клиентке есеп берудiң мынадай түрлерiн беруге
мiндеттi: а) жасалған мәмiле туралы жазбаша ескертпе; б) орындалмаған клиенттiк тапсырмалар туралы есеп; в) ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын жасалатын мерзiмдiк есеп берулер. Ұйымдасқан рыноктарда брокер-дилер сондай-ақ клиентке жасалған мәмiленiң шарттарын беруге және оның осы шарттармен келiсуi туралы растаманы мәмiле жасалған күннен кейiн бiр күннен аспайтын мерзiмде алуға мiндеттi. 6.5.1. Клиенттiң тапсырмасы бойынша бағалы қағаздармен мәмiле жасау жөнiндегi мiндеттемелердi атқарғаннан кейiн брокер-дилер мәмiле бойынша толық есеп айырысқан банктiк күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей клиентке оның орындалысы туралы жазбаша ескертпе беру керек. Жазбаша ескертпеге мыналар: а) брокер-дилер және оның клиентi туралы мәлiметтер; б) бағалы қағаздардың атауы және коды; в) мәмiле жасаған және ол бойынша мiндеттемелер атқарылған күн; г) брокерлiк қызмет көрсету келiсiмi және негiзiнде осы мәмiле жүзеге асырылған клиенттiк тапсырма; д) мәмiленiң түрi - сатып алу немесе сату; е) сатып алынған немесе сатылған бағалы қағаздардың саны; ж) бiр бағалы қағаздың бағасы;
з) клиент төлеген немесе мәмiле бойынша клиентке төленген сома, комиссиялық немесе нақты мәмiленiң атқарылуына байланысты брокер-дилер алуға тиiс төлемдердiң мөлшерi енгiзiлу керек.
Әрбiр жазбаша ескертпенiң көшiрмесi клиент туралы ақпаратпен бiрге сақталу керек.
Жазбаша ескертпенiң көшiрмесi брокер-дилердiң бухгалтериясына тапсырылу керек.
Бағалы қағаздардың ұйымдаспаған рыногында аталған жазбаша ескертпе клиентке брокер-дилердiң клиент алдындағы брокерлiк қызмет көрсету келiсiмiне сәйкес мiндеттемелерi орындалғаннан кейiн берiлу керек.
6.5.2. Орындалмаған тапсырмалар туралы есепте орындалмаған тапсырмалардың тiзiлiмi олардың орындалмау себептерi көрсетiлiп болады және брокерлiк қызмет көрсету келiсiмiмен белгiленген тәртiпте берiледi.
6.5.3. Мерзiмдiлiк есептерде соңғы есептi бергеннен кейiнгi мерзiмдегi клиенттiк шоттың жай-күйi туралы мынадай ақпарат болады:
а) клиенттiң шоты бойынша бағалы қағаздармен жүргiзiлген барлық операциялар;
б) төлемдер және шоттағы ақша қалдығы;
в) клиентке тиесiлi бағалы қағаздардың саны және олардың есептi кезеңнiң аяғына рыноктiк құны.
6.5.4. Мерзiмдiлiк есептер клиентке:
а) клиенттiң шоты бойынша операциялар жүргiзген кезде айына кемiнде бiр рет;
б) бағалы қағаздар және ақша бойынша шоттар бойынша қалдықтар болса және клиенттiң шоттарымен операциялар жүргiзiлмегенде - тоқсанына кемiнде бiр рет.
6.6. Брокер-дилердiң қаржылық есеп берулерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6.7. Тiркеушiлердегi немесе нақтылы ұстаушылардағы бағалы қағаздар бойынша құқықтарды өзгертуге әкеп соқтырған бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi брокер-дилер Қазақстан Республикасының заңдарына және тиiстi нақтылы ұстаушының немесе тiркеушiнiң операциялар жүргiзу ережелерiне сәйкес жүргiзедi.
Брокер-дилердегi, тiркеушiдегi немесе орталық депозитарийдегi бағалы қағаздар туралы мәлiметтердiң сәйкессiздiгi анықталған жағдайда, брокер-дилер бұл туралы аталған ұйымдарды жазбаша ескертуге мiндеттi және сәйкессiздiктердi жою жөнiндегi шараларды қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiпте қабылдау керек.
6.8. Брокер-дилер клиентке нақтылы ұстаушы ретiнде қызмет көрсеткен кезде брокер-дилер:
а) клиент туралы мәлiмет;
б) клиенттерге тиесiлi бағалы қағаздар бойынша табыстар алу күнi және сомасы бар, оның клиенттерiне тиесiлi бағалы қағаздар бойынша табыстардың келiп түсу журналын жүргiзу керек.
6.9. Клиенттердiң шағымдары мен талаптары туралы мәлiметтер:
а) клиент туралы мәлiмет;
б) шағым мен талаптың мәнi;
в) брокер-дилер жүзеге асырған әрекеттер бар клиенттiң шағым журналында көрсетiледi.
6.10. Ақшаның және бағалы қағаздардың қозғалысын есепке алуды жүргiзу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады және кiрiс және шығыс ақша төлемдерiн және бағалы қағаздарды берудi көрсетедi.
6.10.1. Ақшаның және бағалы қағаздың кез-келген қозғалысы тиiстi журналдарда көрсетiлу керек.
6.10.2. Ақшаларды және бағалы қағаздарды есепке алу журналдарындағы өзгерiстер брокер-дилердiң немесе оның клиенттерiнiң шоттары бойынша бағалы қағаздардың орталық депозитарийдегi немесе тiркеушiдегi қозғалысын ресiмдейтiн құжаттардың және орталық депозитарийдегi немесе тiркеушiдегi шоттардан берiлетiн үзiндiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
6.11. Бағалы қағаздармен жүргiзген операциялар туралы жазбаларды брокер-дилер әкiмшiлiк-шаруашылық операциялардың өзге түрлерiнен бөлек көрсетедi.
VII. Iшкi бақылау жасауды жүзеге асыру
7.1. Брокер-дилер есепке алу функцияларын тiкелей жүзеге асырмайтын тұлғалардың iшкi бақылау жасауларын қамтамасыз ету керек.
7.2. Брокер-дилер:
а) құжаттарды тiркеу, сақтау және архивке өткiзу, архивпен жұмыс жасауға рұқсат беру және архивтен мәлiметтердi қалпына келтiру;
б) мәлiметтердiң электрондық жүйесiн сақтау;
в) клиенттердiң бағалы қағаздарын және ақшаларын есепке алу жөнiндегi бағдарламалық құралдармен жұмыс жасау кезiнде ақпараттармен жұмыс жасауға қызметкерлерге рұқсат беру;
г) өртке қарсы шаралар және қызметшiлердiң төтенше жағдаяттардағы әрекеттерi;
д) қызметшiлердiң лауазымды нұсқауларын жүзеге асырулары;
е) брокер-дилердiң кәсiби әдеби ережелерiн белгiлеуден және сақтаудан тұратын мәлiметтердiң тұтастығын және ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз ету үшiн iшкi бақылау жасауды жүзеге асыру керек.
Аталған ережелердi брокер-дилер және ӨРҰ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiлейдi.
VIII. Брокер-дилердiң андеррайтингтiк қызметi
8.1. Брокер-дилер эмитентпен оның бағалы қағаздарын орналастыру жөнiндегi қызмет көрсетуге жасасқан келiсiмге сәйкес андеррайтингтiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы. Келiсiмде қолданылып жүрген заңдарда көзделген ережелерден басқа, брокер-дилердiң эмитенттен бағалы қағаздар алуының тәртiбi және оларды инвесторларға сату көзделу керек, оның iшiнде:
а) бағалы қағаздарды орналастырудағы жобаланған баға;
б) бағалы қағаздарды орналастыру жөнiндегi брокер-дилердiң мiндеттемелерiн көрсете отырып андеррайтингтiң нысаны;
в) заң кеңесi қызметiн көрсетудi қоса отырып, эмиссиялық синдикаттың құжаттамаларына бақылау жасауды және жүргiзудi жүзеге асырғаны үшiн комиссиялық сыйақы;
г) брокер-дилердiң эмитентке консультациялық қызмет көрсетудегi мiндеттемелерi;
д) бiр бағалы қағазды есептеуден және бағалы қағаздарды бiр андеррайтингке есептеудегi бөлуден алынатын комиссиялық сыйақылар;
е) бағалы қағаздарды бiр бағалы қағазға есептеудегi орналастыруға қатысатын кез-келген брокер-дилерге төленетiн жеңiлдiк;
ж) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысудың шарттары және тәртiбi;
з) андеррайтингтiк келiсiмнiң күшiне енген күнi, оны қолданудың мерзiмдерi және тоқтатудың шарттары.
8.2. Қолданылып жүрген заңмен белгiленген тәртiпте бағалы қағаздардың эмиссиясын тiркегенге дейiн брокер-дилер бағалы қағаздарды орналастыруды жүргiзе алмайды.
8.3. Андеррайтингтiк келiсiмде бағалы қағаздардың шығарылымын және бастапқы орналастыруына қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi андеррайтерлер немесе эмиссиялық синдикат көрсететiн қызметтердiң өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.
8.4. Бағалы қағаздар эмиссиясының аса көп үлесiн орналастыруға қабылдаған андеррайтер басқарушы эмиссиялық синдикатты басқарады және мынадай функцияларды жүзеге асырады:
а) эмиссиялық синдикаттың жұмысын басқару және ұйымдастыру;
б) эмиссиялық синдикаттың құрамын қалыптастыру және жұмысын үйлестiру;
в) андеррайтингтiк келiсiмдi және эмиссиялық келiсiм-шартты әзiрлеу және жасау;
г) эмитентпен және үшiншi тұлғалармен қатынастарда эмиссиялық синдикатты бiлдiру.
8.5. Андеррайтерлер:
а) әуелеттi инвесторларға нақты емес ақпараттар беруге;
б) жүргiзiлген зерделеулер бойынша бұрмаланған және заңсыз есептердi, сондай-ақ эмиссияның нақты емес немесе толық емес ақпараттар бар проспектiсiн эмитенттерге беруге;
в) бағалы қағаздардың эмиссиясы кезiнде эмиссияның қолданылып жүрген заңмен белгiленген тәртiпте тiркелген проспектiсiнен өзгеше проспектiнi пайдалануға және таратуға құқылы емес.
8.6. Андеррайтерлерге немесе эмиссиялық синдикатқа, егер олардың заңсыз әрекеттерiнiң нәтижесiнде эмитентке елеулi залал келген жағдайда, эмитенттiң алдында мүлiктiк жауапкершiлiк жүктеледi.
IХ. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк
қызметтердi жүзеге асыруға бақылау жасау
9.1. Брокер-дилердiң қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыруға:
а) брокер-дилердiң қызметiнiң және қызметiнiң iшкi ережелерiнiң олардың қолданылып жүрген заңдармен қызметтiң осы түрiне қойылатын талаптарға сәйкестiлiгiне тексерiс жасау;
б) брокер-дилердiң лицензияда көрсетiлген қызмет түрiмен шұғылдануына тексерiс жасау;
в) есепке алу, есеп беру және бақылау жасау жай-күйiнiң қойылған талаптарға сәйкестiлiгiне тексерiс жасау кiредi.
9.2. Бақылау жасау БҚҰК және ӨРҰ бастамалары бойынша, олар бекiткен, брокер-дилерлерге жасалатын тексерiстердiң мерзiмдiлiгi және қамту көзделген күнтiзбелiк жұмыс жоспарлары бойынша жүргiзiледi.
9.3. Қолданылып жүрген заңдардың бұзылғандығы туралы ақпарат келiп түскенде жоспардан тыс тексерiстер жүргiзiлуi мүмкiн.
9.4. Тексерiстiң нәтижелерi актiмен ресiмделедi.
9.5. Брокер-дилерлер Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес БҚҰК есептер берулерi керек.
9.6. БҚҰК талап етуi бойынша брокер-дилерлер өзiнiң кәсiби қызметi туралы қажеттi ақпаратты сұрауды алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде беруге мiндеттi. Айрықша жағдайларда БҚҰК брокер-дилердiң ақпарат беру мерзiмiн ұзартуға құқылы.
Егер брокер-дилердiң пiкiрi бойынша БҚҰК жоғарыда аталған ақпаратты беру туралы өкiмiн мерзiмдер және осындай ақпаратты жинауға кететiн шығындарға қатысты орындауға мүмкiн болмаса немесе ол өзiнiң мазмұны бойынша заңсыз болып табылса, брокер-дилер осындай талап жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануға құқығы бар.