1. Қазақстан Республикасы аумағында кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын шет елдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге, олардың дипломатиялық қызметкерлерiнiң мүшелерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға кеден қоймаларынан шығарылатын тауарларға кедендiк бақылау
туралы нұсқаудың 1997 жылдың 1 тамызынан бастап күшiне енгiзiлсiн. 2. Облыстың кеден басқармаларының бастықтары мен кедендердiң бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi Төрағасының Орынбасары В.Д. Кирдановқа жүктелсiн. Төраға Қазақстан Республикасы аумағында кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге, олардың дипломатиялық қызметкерлерiнiң мүшелерi мен оларға теңестiрiлген адамдарға кеден қоймаларынан шығарылатын тауарларға кедендiк бақылау туралы Нұсқау I. Жалпы ережелер
1.1. Осы Нұсқау тауарларды кедендiк ресiмдеуде реттеу үшiн жасалып отыр және шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер, сонымен қатар солардың дипломатиялық құрамының мүшелерi мен оларға теңестiрiлген адамдар үшiн Кеден қоймалары туралы ереженi қолданудың тәртiбiн (ҚР КҚ 16.10.95 ж. N 147-П бұйрығы) анықтайды.
Дипломатиялық құрамның мүшелерi бөлiнiп ҚР-нан тысқары тұрақты тұратын төмендегiдей жеке тұлғалар:
- ҚР СIМ берген "дипломатиялық карточкалары барлар";
- тiзбелерi тиiстi халықаралық келiсiмдермен уәж етiлген өкiлдiктерде, халықаралық ұйымдарда белгiлi бiр лауазымдарды атқарып отырғандар мен ҚР СIМ берген тиiстi құжаты барлар түсiндiрiледi.
Аталған өкiлдiктер мен адамдардың Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының IХ тарауына сәйкес кеден жеңiлдiктерi бар.
1.2. 1.1-тарауда көрсетiлген мақсаттардағы тауарлар осы Ереженiң талаптары сақталатын жағдайларда ғана кеден қоймаларына орналастырылады, оларда сақталады және кеден төлемдерi төленбей шығарылады.
1.3. 1.1-тарауда көрсетiлген мақсаттарға ашылатын жабық үлгiдегi кеден қоймалары мамандандырылған болып табылады, яғни оларға Қазақстан Республикасы аумағында кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын адамдарға арналған тауарлар орналастырылады.
1.4. Жарлықта көрсетiлген кеден қоймалары мен олардың иелерiне қатысты талаптар кедендiк бақылауы осы Нұсқаумен реттелетiн қоймаларға қолданылады.
II. Тауарларды мамандандырылған кеден қоймаларына орналастыру
2.1. Тауарларды мамандандырылған кеден қоймаларына орналастыру ҚР КҚ 16.10.95 ж. N 147-П бұйрығымен көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
2.2. Мамандандырылған кеден қоймасының құрамына тауарларды көрсетуге (көрмеге қоюға) арналған үй-жайлардың, сондай-ақ Жарлықтың 47-бабында көзделген тауарлармен операцияларды жасауға арналған технологиялық үй-жайлардың кiруi мүмкiн.
2.3. Мамандандырылған кеден қоймасына тауарларды орналастыру процедурасы Кеден қоймалары туралы ереженiң 6-тарауында көзделген процедуралармен сәйкес келедi.
2.4. Көрме үлгiлерi ретiнде орналастырылған тауарлар уақытша әкелудiң кеден режимiмен ресiмделедi не кеден қоймасында жатқан болып есептеледi.
III. Мамандандырылғын кеден қоймасына орналастырылған тауарлармен операциялар
3.1. Мамандандырылғын кеден қоймасына орналастырылған тауарлармен кеден қоймалары үшiн кеден заңдарымен белгiленген барлық операциялардың жүргiзiлуi мүмкiн.
IV. Мамандандырылғын кеден қоймасынан тауарларды
шығару мен кеден төлемдерiн алудың ерекшелiгi
4.1. Мамандандырылғын кеден қоймасынан тауарларды шығаруды кеден органы осы Нұсқаумен белгiленген шығарудың шарттары орындалған жағдайда кеден төлемдерiн алмай-ақ жүргiзедi.
4.2. Тауарларды кеден төлемдерiн алмай-ақ шығаруға Қазақстан Республикасының заңдарымен кейбiр шет ел адамдарына берiлген кеден жеңiлдiктерi негiз болып табылады.
4.3. Мамандандырылғын кеден қоймасынан тауарларды жеңiлдiк шарттарымен шығару осындай жеңiлдіктi пайдаланылатын адамдардың өтiнiштерiне сәйкес жүргiзiледi. Бұл арада шығару қызметкерлерi не олардың отбасы мүшелерi өтiнiштерiн ресiмдеген дипломатиялық, консульдық, басқа да мекемелердiң атына шағын көтерме топтамаларымен жүргiзiледi. Өтiнiштер белгiленген нысан бойынша (Нұсқауға қосымша) жүргiзiледi және тиiстi мекеменiң (елшiлiктiң, консульдықтың, ұйымның) мөрiмен куәлендiрiледi.
4.4. Тауарларды шығару кезiнде өтiнiштердi бiр тапсырысқа жинақтаған тиiстi заңды тұлға еркiн айналымға шығарылатын тауарларды өз бетiнше не делдал (оның iшiнде қойма иесi арқылы) арқылы мәлiмдейдi. Тауарларды шығару кезiнде олардың құнына кiретiн, қоймасында сақтағаны үшiн төлемдер ғана төленедi.
4.5. Мамандандырылған кеден қоймасының иесi тауарларды бақылау мен шығаруды реттеу мақсатында сенiмдi мүдделi адамдармен бiрге тауарларды алу үшiн қызметкерлердi және мамандандырылған тапсырыстарды шығарудың кестелерiн анықтайды.
4.6. Осы Нұсқаудың 1.1-тармағында көрсетiлмеген басқа да адамдар үшiн тауарларды шығару Қазақстан Республикасының аумағында кеден қоймалары үшiн белгiленген кәдiмгi тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн.
V. Мамандандырылған кеден қоймасы арқылы тауарлардың
қозғалысы туралы есеп беру
5.1. Кеден қоймалары үшiн кеден заңдарымен белгiленген есеп беруден басқа мамандандырылған кеден қоймасының иелері өтiнiштер тiркеудi жүргiзедi, шығарылатын тауарларға ерекшелiктер мен шот-фактураларды ресiмдейдi, сенiмдi адамдар мен кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын адамдардың тiзбесiн жүргiзедi.
VI. Мамандандырылған кеден қоймасының иесiне
қойылатын басқа да талаптар
6.1. Мамандандырылған кеден қоймасындағы жұмыс уақытының бақылаушы кеден органының жұмыс уақытынан қысқа болуы мүмкiн емес.
6.2. Тауарларды сақтау мен операциялар жүргiзуге арналған қоймаға бiрлесе анықталған тiзiм бойынша кеден қызметкерлерiнiң, қойма қызметкерлерiнiң ғана кiру құқығы бар.
6.3. Кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын адамдардың тауарларды көрсету мен оларды сатып алғаны үшiн өтiнiштердi ресiмдеу мақсатында қоймаға кiре алады. Кеден жеңiлдіктерiн пайдаланатын адамдарды мамандандырылған кеден қоймасының көрме (көрсету) жайына кiргiзу сол адамның жеңiлдiк пайдаланатын адамдар санатына (ҚР СIМ берген дипкарточка және басқа да құжаттар) жататынын растайтын құжатты сол адам ұсынған соң жүргiзiледi.
6.4. Қоймадан шығарылатын тауарлар үшiн өзара есептесу мәселелерi толығымен қойма иесiне жүктеледi.
VII. Қорытынды ережелер
7.1. Мамандандырылған кеден қоймаларында кедендiк бақылау мен ресiмдеудiң тәртiбiн бұзушылықтар Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес қудаланады.