Қазақстан Республикасында банктердiң жұмысын доғару туралы ереже жөнiнде

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасы 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қаңтарда N 439 тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Z952444_ заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын iске асыру шаралары туралы" қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасында банктердiң жұмысын доғару туралы ереже айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып бекiтiлсiн және ол 1996 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктiк қадағалау департаментi (Б.К.Жауғаштина) осы

шешiмдi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы
аумақтық бас) басқармаларына жiберiп, оларға Қазақстан
Республикасындағы банктердi доғару туралы ереженi екiншi деңгейдегi
банктерге жеткiзудi мiндеттесiн.
     3. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау банктiк қадағалау
департаментiне (Б.К.Жауғаштина) жүктелсiн.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы
                                   Қазақстан Республикасының
                                   Ұлттық Банкi Басқармасы
                                   1996 жылғы 29 ақпандағы
                                   Бекiткен N 48

            Қазақстан Республикасында банктердiң жұмысын
                           доғару туралы
                               Ереже
<*>

     ЕСКЕРТУ. Ереженің атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі             
              басқармасының 1998.12.31. N 340  

V980714_

  қаулысымен.     

                    1-тарау. Осы ережелер
<*>

     ЕСКЕРТУ. Атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. 
              N 340  

V980714_

  қаулысымен.     



      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес әзiрленген, екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi - банктер) жұмысын доғару шарттарын, негiздерiн және тәртiбiн - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi шешiмi бойынша (мемлекеттiк және мемлекетаралық банктерден басқа) банктердiң қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында оларға қатысты әкiмшiлiк, құқықтық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн күштеп жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12. 31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      2. Жұмысын доғару режимiн белгiлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банкке қарсы қолданатын санкциясы болып табылады және ол Ұлттық Банктен банктi басқарушы бiр жыл мерзiмге дейiнгi уақытша әкiмшiлiгiн немесе уақытша басқарма тағайындауды талап етедi.
      3. Жұмысын доғару кезеңiндегi банктi басқарушы уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарма) осы Ережелерден басқа Ұлттық Банктiң басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн және қолданылып жүрген заңдарды басшылыққа алады. <*> <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының
               1997.12.05. N 64 қаулысымен. V970064_
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12. 31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      4. Банктi уақытша басқарушы әкiмшiлiктiң (уақытша басқарманың) мiндетi-кредиторлар мен депозиторлардың және акционерлердiң мүддесi үшiн банктiң төлем жасау қабiлетiн сақтау немесе қалпына келтiру және орын алған құқық бұзушылықты жойып, банктiң қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту жөнiндегi басқа да шараларды жүзеге асыратын, жұмысқа қабiлеттi басқару тетiгiн құру.

               2-тарау. Банктің жұмысын доғарудың негiздерi,
                            шарттары және тәртiбi <*>
      ЕСКЕРТУ. Атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31.
               N 340 V980714_ қаулысымен.

      5. Қиындықты басынан кешкен банктiң жұмысы мемлекеттiң банк жүйесi мен экономикасы үшiн едәуiр маңызды, өз капиталының жеткiлiктi деңгейiн қалпына келтiретiн және қалыпты қызметiне қайта оралатын нақты мүмкiндiгi бар болған жағдайда ғана доғарылады.
      Ұлттық Банк белгiлейтiн ерекше жағдайларда кез-келген банктің жұмысы оның қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында доғарылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12.31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      6. Банктiң жұмысы Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша төмендегi кез келген негiздер бойынша доғарылады:
      1) меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициентiн жүйелi түрде (үш ай бойы) орындамау; <*> <*>
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" заң күшi бар Жарлығының 48 бапта көзделген реттерде. <*> <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының
               1997.12.05. N 64 қаулысымен. V970064_
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12.31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      7. Жұмысын доғару режимiне қолдану мүмкiндiгiнiң мiндеттi шарты-жарғылық капиталдың мөлшерiнiң өте аз болуы. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының
               1997.12.05. N 64 қаулысымен. V970064_

      8. Банктiң жұмысын доғару туралы шешiм қабылданған күннен бастап және сол мерзiм бойы:
      1) банк акционерлерiнiң оны басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатылады; <*>
      2) банк органдарының және оның басшы қызметкерлерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылады; <*>
      3) банктi басқару жөнiндегi барлық өкiлдiк уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқармаға) көшедi; <*>
      4) уақытша әкiмшiлiктiң (банктiң уақытша басқармасының) рұқсатынсыз және келiсiмiнсiз банктiң атынан және оның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер заңсыз деп танылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12.31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      9. Ұлттық Банктiң банктердi қадағалау Департаментi қажеттi негiздер мен шарттар бар болса, банктiң маңыздылығын бағалағанда төмендегi критерийлердi ескере отырып, қорытынды жасайды:
      1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың және халықтың тартылған депозиттерiнiң сомасы - банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық банктердiң клиенттерiнiң тартылған депозиттерiнiң кем дегенде 1% сомасы; <*> <*>
      2) банк болып табылмайтын заңды тұлғаларға мен халыққа берген кредиттерiнiң сомасын екiншi деңгейдегi барлық банктердiң берген кредиттерiнiң сомасынан 1%-тен кем болмауы; <*> <*>
      3) лоро-шоттары бойынша қалдықтардың сомасының барлық банктердiң лоро-шоттарындағы қалдықтардың сомасынан 1%-тен кем болмауы; <*>
      Осыған орай банктiң маңыздылығының куәсi жоғарыда аталған критерийлердiң тым болмағанда бiреуiнiң бұлжытпай орындалуы болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының
               1997.12.05. N 64 қаулысымен. V970064_
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12.31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      10. Осы қорытындының негiзiнде банкiлердi қадағалау Департаментi ұсыныс дайындайды және Ұлттық Банк Басқармасының қарауына банктiң жұмысын доғару туралы мәселе қояды.
      Ұсыныста:
      1) жұмысын доғару жүзеге асырудың негiздерi; <*>
      2) банктiң меншiктi капиталын лайықты деңгейге дейiнгi ұлғайту көздерi көрсетiлген қаржылық сауықтыру жоспары; <*>
      3) осы Ережелердiң 5-7 және 9 тармақтарына сай жұмысын доғарудың қажеттiгiн негiздеу жазылуға тиiс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12.31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      11. Банктiң жұмысын доғару туралы шешiмдi банкiлердi қадағалау Департаментiнiң ұсынысы бойынша Ұлттық Банк Басқармасы қабылдайды, шешiм Басқарма қаулысының үлгiсiнде ресiмделедi және ол төмендегiлердi қамтуға тиiс: <*>
      1) банктiң атауы және тұрған орны; <*> <*>
      2) банктiң жұмысын доғару туралы шешiмнiң негiздемесi; <*>
      3) жұмысын доғару күшiнiң жүре бастауы және мерзiмi; <*>
      4) банк қызметiне қойылатын шектеулердiң тiзбесi; <*>
      5) уақытша әкiмшiлiктiң (басшысы көрсетiлген) қызметкерлерiнiң құрамы немесе уақытша басқарманың аты-жөнi; <*>
      6) банктiң жұмысын доғару режимiнде жүрген басшы қызметкерлерiне арналған жұмысы туралы есептi табысы жөнiндегi декларацияны, меншiгiнiң бар екендiгi мен көлемi туралы мәлiметтердi дайындау және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (банктiң уақытша басқармасына) тапсыру туралы жазбаша бұйрық; <*>
      7) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқармаға) берiлетiн кепiлдеме. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының
               1997.12.05. N 64 қаулысымен. V970064_
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12.31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      12. Жұмысын доғару режимiн белгiлеу туралы шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде Ұлттық Банк басқармасы негiзгi iс-шаралардың мүмкiн болатын нұсқаларын (жобасын) қарайды және оларды өткiзу жөнiнде рекомендация бередi.
      13. Жұмысын доғару режимiн белгiлеу және банкiнiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқармасын) тағайындау туралы шешiм банк органдары мен оның акционерлерiнiң назарына жеткiзiледi.
      Ұлттық Банк Басқармасының банктiң жұмысын доғару туралы Қаулысын Ұлттық Банк кем дегенде екi республикалық газетке банктiң қаржысы есебiнен жариялайды.
      14. Банктiң жұмысын доғару банктiң өзiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      15. Ұлттық Банк Басқармасының банктiк жұмысын доғаруды белгiлеу туралы шешiмi (оның тиiсiнше куәландырылған көшiрмелерi түрiнде) банк басшылығына басқаша тапсырылатын жағдайларды айтпағанда, қолхат арқылы тапсырылады. Оны тапсыру үшiн банктiң тиiстi лауазымды адамдары Ұлттық Банкке немесе Ұлттық Банктiң банк орналасқан жердегi облыстық (аумақтық) басқармасына шақырылады.
      Қажет болса, жоғарыда аталған шешiмдi банк басшыларына тiкелей банктiң өзiнде Ұлттық Банктiң немесе оның облыстық (аумақтық) басқармасының өкiлеттi лауазымды адамдары тапсыра алады.
      Осы орайда банктiң басшылығы уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарманың) басшылығына қабылдап алу тапсыру актiсi бойынша: мөрлердi, мөртаңбаларды, бланктердi, құндылықтарды, үй-жайлардың, сейфтердiң кiлттерiн, сондай-ақ банктiң басқа да мүлiктерi мен құжаттарын тапсыруға мiндеттi. Бұған қоса бiрiншi кезектегi iс-шаралар санына мына төмендегiлер енгiзiледi:
      1) банктiк шоттардағы қалдықтарды (соның iшiнде банктiң кассаларындағы ақшаларды); <*> <*>
      2) банктiң қаржылық жағдайына төмендегi негiзгi бағыттар бойынша талдау жасау; <*>
      - капиталдың бiрдейлiгi;
      - активтердi талдау (өтiмдiлiк, қарыз портфелi);
      - қызмет түрлерi бойынша кiрiстер мен шығыстарды талдау;
      3) баланстың негiзгi жабдықтары мен баптарына түгендеу жасау; <*>
      4) мерзiмi өтiп кеткен қарыз берешегiн өндiрiп алу жөнiнде шаралар қолдану, материалды сотқа дайындау; <*>
      5) басқарманың ыңғайлы құрылымын және банк қызметкерлерiнiң санын анықтау; <*>
      6) Ұлттық Банктiң басшылығына банктiң iс жүзiндегi қаржылық күйi, басшылықтың бiлiктiлiгi және банктi қаржылық жағынан сауықтыру мен жұмыс сапасын арттырудың мүмкiндiгi жөнiндегi ұсыныстар туралы ақпаратты тапсыру. <*>
      7) Ұлттық Банкке және корреспондент банктерге банктегi банк шоттары бойынша операция жасау үшiн құжаттарға қол қою құқы бар лауазымды адамдардың қолдарының үлгiсi бар жаңа карточка тапсыру (мұндай жағдайда уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарушы) тағайындалғанға дейiн тапсырылған карточканың күшi жойылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының
               1997.12.05. N 64 қаулысымен. V970064_
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгертілді және 7)-тармақшамен толықтырылды - ҚР
               Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340 V980714_
               қаулысымен.

      16. Банктiң жұмысын доғару туралы өтiнiштi Ұлттық Банк жалпы белгiленген тәртiпте қарайды және ол жұмысын доғару жөнiнде шешiм қабылдауға дербес негiз болып табылмайды.
      Өтiнiшке:
      1) банктiң жоғарғы органының жұмысын доғару жөнiнде Ұлттық Банктiң алдында өтiнiш беру туралы шешiмi; <*>
      2) осы Ереженiң 5-7 және 9-тармақтарын ескере отырып жасалған банк жұмысын доғарудың қажеттiгi туралы негiздеме; <*>
      3) банктi қаржылық жағынан сауықтырудың акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен, банктi капитализациялаудың нақты көздерi көрсетiлген толық жоспары; <*>
      4) банктiң акционерлерiнiң немесе бөтен инвесторлардың банктiң капиталына жарғылық салмақ болған ықыласын растайтын құжаттар; <*> <*>
      5) соңғы есеп берген күннiң балансы қоса тiркелуге тиiс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының
               1997.12.05. N 64 қаулысымен. V970064_
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12.31. N 340 V980714_ қаулысымен.

            3-тарау. Жұмысын доғару кезеңiнде банкке белгiленетiн
                     ерекше жұмыс режимi. Жұмысты уақытша доғарудың
                     өкiлеттiктерi <*>
      ЕСКЕРТУ. Атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12.31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      17. Банк жұмысын доғару мерзiмi кезiнде уақытша әкiмшiлiктiң (банктiң уақытша басқармасының) қызметiне Ұлттық банк бақылау жасайды, ол:
      1) уақытша әкiмшiлiкке (банктiң уақытша басқармасына) банк жұмысын доғару кезiндегi iс-шаралардың негiзгi бағыттары туралы ақыл-кеңес беруге (негiзгi iс-шаралардың жоспарын ұсынуға); <*>
      2) уақытша әкiмшiлiкке (банктiң уақытша басқармасына) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқау беруге; <*>
      3) уақытша әкiмшiлiктен (банктiң уақытша басқармасынан) оның және банктiң қызметi туралы кез келген ақпараттың ұсынылуын талап етуге; <*>
      4) уақытша әкiмшiлiктiң (банктiң уақытша басқармасының) атқарған жұмысы туралы есебiн тыңдауға; <*>
      5) жұмысын доғару мерзiмiн ұзартуға; <*>
      6) банктiң жұмысын доғаруды аяқтау туралы шешiм қабылдауға құқылы. <*>
      ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12.31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      18. Жұмысын доғарудың күшi басталғаннан бастап және соның мерзiмiнде уақытша әкiмшiлiк (банктiң уақытша басқармасы):
      1) жұмысын доғару жоспарын бекiтудi қоса алғанда, банк қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiнше шешiм қабылдауға; <*>
      2) қажет болса жұмысын доғару кезеңiнде қабылданған депозиттер бойынша банктiң мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара тоқтатуға; <*>
      3) қажет болса банк жасасқан, банктiң қаражаттары салуын көздейтiн шарттардың күшiн жоюға немесе оларға ставкаларды, тарифтер мен қолданылу мерзiмдерiн өзгертудi қоса алғанда өз тарапынан өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге; <*>
      4) банктiң атынан кез келген құжаттар мен шарттарға қол қоюға; <*>
      5) банктiң атынан және соның мүддесi үшiн талап-арыз беруге; <*>
      6) жұмыстан босату, қызметiн төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, банк қызметкерлерiнiң мiндеттерiн бөлудi қоса алғанда, бұйрық беруге құқылы. <*>
      7) уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарушы) енгiзiлген күннен бастап қажет болған жағдайда бiржақты тәртiппен депозиттер бойынша есептелетiн сыйақы (мүдде) ставкалары оларды есептеу тоқтатылғанға дейiн өзгертілсiн. <*>
      Уақытша әкiмшiлiк (банктiң уақытша басқармасы) уақытша әкiмшiлiктiң қызметi кезiндегi банктiң өкiлеттiктерi тоқтатылған органдарына жүктелген басқа да мiндеттердi орындайды.
      ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгертілді және 7)-тармақшамен толықтырылды - ҚР
               Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340 V980714_
               қаулысымен.

      19. Уақытша әкiмшiлiк ұжымдық орган болып табылады, оны жұмысын доғару режимiндегi банктiң атынан iс-қимыл жасайтын басшы басқарады.
      Уақытша әкiмшiлiктiң шешiмдерi дауыстардың қарапайым көпшiлiгiмен қабылданады. Дауыстар тең болғанда, оның басшысының дауысы шешушi болып табылады.
      20. Уақытша әкiмшiлiктiң басшысы:
      1) банктi басқарады, Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң шаруашылықтың басшысына (заңды тұлғаға) берген құқықтарға ие және мiндеттердi орындайды; <*>
      2) банктiң (соның iшiнде оның филиалдарының) қызметкерлерiн басшылық қызметке тағайындайды, жұмысқа алады және еңбек заңдарына сәйкес қызметкерлердi жұмыстан босатады; <*>
      3) жұмысын доғару мiндеттерiн орындауға қажеттi шеңберде банктiң мүлкiне иелiк ету жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктiң шешiмiн орындайды; <*>
      4) банк жұмысын доғарудың бекiтiлген жоспарын нақтылау жөнiнде ұсыныс енгiзуге құқылы және оның орындалуын ұйымдастырады; <*>
      5) қажет болса, сырттан аудит немесе Ұлттық Банктiң тиiстi бөлiмшелерiн тарта отырып, банк қызметiн кешендi тексерудi және уақытша әкiмшiлiктiң күшiмен қаржылық есеп жүргiзудi банкiнiң iс жүзiндегi жағдайымен салыстыра тексерудi жүзеге асырады; <*>
      6) банк заңдарында көзделген басқа да мiндеттердi атқарады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12.31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      21. <*> <*>
      ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының
               1997.12.05. N 64 қаулысымен. V970064_
      ЕСКЕРТУ. 21-тармақ алынып тасталды, 22-38-тармақтар 21-37-тармақтар
               деп саналады - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31.
               N 340 V980714_ қаулысымен.

      21. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша басқармасы) Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде жұмысын доғару жоспарына сәйкес қажеттi iс-шаралар өткiзуге және атқарылған жұмыс туралы Ұлттық Банкке есеп тапсыруға тиiс.
      22. Уақытша әкiмшiлiктi (банктiң уақытша басқармасын) Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар жарлығының 20-бабында белгiленген, ең аз талаптарына сәйкес келетiн банк қызметкерлерiнiң iшiнен немесе оның қызметкерлерi емес адамдардан тағайындайды. Осы банкке акционер, қызметкер немесе осы банктiң депозиторы ретiнде қатынасы бар адам уақытша әкiмшiлiктiң басшысы бола алмайды.
      23. Уақытша әкiмшiлiктiң (банктiң уақытша басқармасының) басшысының және мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ еңбекақы төлеу шарттары туралы Ұлттық Банк пен банктiк уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша басқармасының) жасасатын жеке шарттарында белгiленедi. Уақытша әкiмшiлiктiң (тағайындалған уақытша басқарманың) құрамына енгiзiлетiн Ұлттық Банк қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеудiң шарттары мен тәртiбi туралы мәселенi әрбiр адаммен Ұлттық Банк Басқармасы жеке шешедi. Қажет болса, келiсiм-шартқа қолданылып жүрген заңның нормаларына қайшы келмейтiн басқа да шарттар енгiзуге болады (N 1 Қосымша).
      24. Еңбекақысын, көлiк және басқа да шығындарды қоса алғанда, уақытша әкiмшiлiктi ұстауға кететiн шығындар тиiстi банктiң басқару шығындарына жатады және соның есебiнен жүзеге асырылады.
      25. Ұлттық Банк кез келген сәтте уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн (банктiң уақытша басқармасын) ауыстыруға құқылы.

             4-тарау. Банк мүлкiн басқару рәсiмi <*>
      ЕСКЕРТУ. Атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12.31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      26. Жұмысын доғару режимiндегi банктiң балансқа енгiзiлген немесе енгiзiлмеген барлық мүлкi түгенделуге тиiс. Балансқа енгiзiлмеген мүлiк түгендеу ведомостында көрсетiлуге және соңынан балансқа енгiзiлуге тиiс.
      27. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарма) мамандардың көмегiмен (қажет жағдайда солардың қатысуымен) банктiң мүлiктерiнiң тiзбесiн жасауға, 1994 жылғы 16 желтоқсандағы N 194 "Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерi бар Ережелерiне" сәйкес олардың құндылығын анықтауға тиiс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 28-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының
               1997.12.05. N 64 қаулысымен. V970064_

      28. Жұмысын доғару режимiндегi банктiң мүлкi уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарма) белгiлеген тәртiппен және шарттар бойынша, соның iшiнде бәсекелес ұсыныстарды қарау жолымен сатылады.
      29. Мүлiктi нақты ұсыныстар бойынша сатқанда, уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарма) хабарландыруды кем дегенде екi республикалық газетте жариялауға тиiс. Хабарландыруда сатылатын мүлiктiң тiзбесi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң өкiлiнiң (уақытша басқарманың) аты-жөнi, ұсыныстар тапсыруға болатын тұрған орны, телефон және факс нөмiрi, сондай-ақ қай күнге дейiн осы ұсыныстар қабылданатыны болуға

тиiс. Егер мүлiктi сатуды тиiсiнше өткiзуге қажет болып жатса,
көрсетiлген уақыт әлдеқайда кештеу мерзiмге ауыстырылуы мүмкiн.
<*>

     Уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарма) ұсыныстарды қанағаттандыру
туралы шешiм қабылдауға және жеңген сатып алушыға жазбаша түрде
хабар беруге тиiс.
     ЕСКЕРТУ. 30-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының
              1997.12.05. N 64 қаулысымен.  

V970064_

 

     30. Мүлiк:
     1) мүлiктiң ең жоғарғы таза бағасы алынатындай;
<*>

     2) сатудан болатын шығын аз болатындай;
<*>

     3) сатып алушылардың бәсекесi бiрқалыпты сақталатындай етiп
сатылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 30-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 
              1998.12.31. N 340  

V980714_

  қаулысымен.                    
     
                    5-тарау. Жұмысын доғаруды тоқтату
<*>

     ЕСКЕРТУ. Атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 
              1998.12.31. N 340  

V980714_

  қаулысымен.                    

     31. Банк жұмысын доғару төмендегi негiздер бойынша тоқтатылады:
     1) Ұлттық Банктiң шешiмiмен белгiленген жұмысын тоқтату
мерзiмiнiң өтуi;
<*>

      2) Жұмысын доғаруды мерзiмiнен бұрын, оның iшiнде банктi сауықтыру мүмкiндiгiн растайтын мәлiметтердiң күмәндiлiгi анықталған жағдайда аяқтау туралы Ұлттық Банктiң шешiм қабылдауы. <*>
      ЕСКЕРТУ. 31-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12.31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      32. Банк жұмысын доғаруды (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын доғаруды) оның қаржылық жағдайын сауықтыруға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату) осы банкке қатысты Ұлттық Банк немесе уақытша әкiмшiлiк (банктiң уақытша басқармасы) белгiлеген барлық шектеулердi жоюға апарып соғады. Осы орайда құрылтайшы құжаттарға жұмысын доғару мерзiмiнiң iшiнде енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар, банктiң басқару органдары мен қызметкерлер құрамы күшiнде қалады.
      33. Банк жұмысын доғару, оның қаржылық жағдайын сауықтырмаған және жұмыс сапасын жақсартпаған жағдайда, Ұлттық Банк банкке банк заңдарында көзделген санкциялар қолданылуына құқылы. <*>
      ЕСКЕРТУ. 34-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының
               1997.12.05. N 64 қаулысымен. V970064_

                        6-тарау. Қорытынды ережелер <*>
      ЕСКЕРТУ. Атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31.

               N 340 V980714_ қаулысымен.

      34. Жұмысын доғару режимi кезiнде банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн белгiленген тәртiппен және мерзiмде есеп тапсырады.
      35. Ұлттық Банктiң банк жұмысын доғару жөнiндегi шешiмiн бұздыру туралы банк акционерлерi он күн мерзiм iшiнде сот тәртiбiмен шағым бере алады. Аталған шешiмдi бұздыру жөнiнде шағым беру банктiң жұмысын доғаруды тоқтата алмайды.
      36. Банкке келтiрiлген зиян үшiн уақытша әкiмшiлiктiң басшысы мен мүшелерi (уақытша басқарма) қолданылып жүрген заңның белгiлеуi бойынша жауапты болады. Осы орайда жауапты әкiмшiлiктiң басшысына және мүшелерiне (уақытша басқармаға) қалыпты өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылатын зиян үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
      37. Осы Ережелерде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормаларына сәйкес шешiлуге тиiс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 37-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.12.31. N 340 V980714_ қаулысымен.

      Төраға