Ескерту: Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240 қаулысымен .
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Қазақстан Республикасының
Заңын
іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
1. Қазақстан Республикасында банктердiң жұмысын доғару туралы ереже айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып бекiтiлсiн және ол 1996 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Банктiк қадағалау департаментi (Б.К.Жауғаштина) осы шешiмдi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармаларына жiберiп, оларға Қазақстан Республикасындағы банктердi доғару туралы ереженi екiншi деңгейдегi банктерге жеткiзудi мiндеттесiн.
3. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау банктiк қадағалау департаментiне (Б.К.Жауғаштина) жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасы
1996 жылғы 29 ақпандағы
N 48 қаулысымен бекіткен
Қазақстан Республикасында банктердiң жұмысын
доғару туралы
Ереже
Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340 қаулысымен .
1-тарау. Осы ережелер
Ескерту: Атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340 қаулысымен .
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі
туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы заң), "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы"
Заңдарына
және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - "банктер") жұмысын доғару шарттарын, негіздерін және тәртібін - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) шешімі бойынша (мемлекеттік және мемлекетаралық банктерден басқа) банктердің қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында оларға қатысты әкімшілік, құқықтық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа іс-шаралар мен рәсімдер кешенін күштеп жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12. 31. N 340
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
2. Жұмысын доғару режимiн белгiлеу уәкілетті орган банкке қарсы қолданатын санкциясы болып табылады және ол Ұлттық Банктен банктi басқарушы бiр жыл мерзiмге дейiнгi уақытша әкiмшiлiгiн немесе уақытша басқарма тағайындауды талап етедi.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
Ескерту: Ереженің мәтіні бойынша "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкке" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
3. Жұмысын доғару кезеңiндегi банктi басқарушы уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарма) осы Ережелерден басқа уәкілетті органның басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн және қолданылып жүрген заңдарды басшылыққа алады.
Ескерту: 3-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының 1997.12.05. N 431
қаулысымен
,
1998.12. 31. N 340
қаулысымен
.
4. Банкті уақытша басқарушы әкімшіліктің (уақытша басқарманың) міндеті өз міндеттемелерін уақтылы және толық орындау үшін банктің қабілеттілігін сақтау немесе қалпына келтіру, жұмыстағы кемшіліктерді және Қазақстан Республикасы заңдары мен банктің ішкі құжаттарының жөнсіздіктерін жою, сонымен қатар банктің қаржылық жағдайын сауықтыру, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың банк ұсынған құқықтары мен заң мүдделерін қорғау және банктегі тәуекелдер мен ішкі бақылауды басқару жүйесін жақсарту мақсатындағы өзге іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
2-тарау. Банктің жұмысын доғарудың негiздерi,
шарттары және тәртiбi
Ескерту: Атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340 қаулысымен .
5. Өз капиталының жеткiлiктi деңгейiн қалпына келтiретiн және өтімділікке нақты мүмкiндiгi бар болған жағдайда ғана доғарылады.
Ескерту: 5-тармаққа толықтыру мен өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
6. Банктiң жұмысы уәкілетті органның шешiмi бойынша төмендегi кез келген негiздер бойынша доғарылады:
1) меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициентiн жүйелi түрде (үш ай бойы) орындамау;
2) Банктер туралы заңның
48-бабында
көзделген негіздер бойынша.
Ескерту: 6-тармаққа толықтыру мен өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1997.12.05. N 413
қаулысымен
, 1998.12.31. N 340
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
7. <*>
Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді, алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1997.12.05. N 413
қаулысымен
, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
8. Банктiң жұмысын доғару туралы шешiм қабылданған күннен бастап және сол мерзiм бойы:
1) банк акционерлерiнiң оны басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатылады;
2) банк органдарының және оның басшы қызметкерлерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылады;
3) банктi басқару жөнiндегi барлық өкiлдiк уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқармаға) көшедi;
4) уақытша әкiмшiлiктiң (банктiң уақытша басқармасының) рұқсатынсыз және келiсiмiнсiз банктiң атынан және оның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер заңсыз деп танылады.
Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340
қаулысымен
.
9. <*>
Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді, алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1997.12.05. N 413
қаулысымен
, 1998.12.31. N 340
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
10. <*>
Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді, алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
11. Банктің жұмысын доғару туралы уәкілетті органның шешімі Басқарма Қаулысының үлгісінде ресімделеді және ол төмендегілерді қамтуға тиіс:
1) банктiң атауы және тұрған орны;
2) банктiң жұмысын доғару туралы шешiмнiң негiздемесi;
3) жұмысын доғару күшiнiң жүре бастауы және мерзiмi;
4) банк қызметiне қойылатын шектеулердiң тiзбесi;
5) уақытша әкiмшiлiктiң қызметкерлерiнiң құрамы немесе уақытша басқарманың аты-жөнi;
6) банктiң жұмысын доғару режимiнде жүрген басшы қызметкерлерiне арналған жұмысы туралы есептi табысы жөнiндегi декларацияны, меншiгiнiң бар екендiгi мен көлемi туралы мәлiметтердi дайындау және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (банктiң уақытша басқармасына) тапсыру туралы жазбаша бұйрық;
7) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқармаға) берiлетiн кепiлдеме.
Ескерту: 11-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1997.12.05. N 413
қаулысымен
, 1998.12.31. N 340
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
12. Банкке берілген қызметті шектеу тізбесі мыналарды қамтуы мүмкін:
1) банк филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдерінің құқықтарын тоқтата тұру, оның атынан мәмілелерді дербес жасау;
2) бұрын жасалған сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттарының немесе банктің иелігінен мүліктерді алу туралы өзге мәмілелердің, заемдарды беру туралы шарттардың және кредит тәуекелі бар қаржыландырудың басқа түрлерінің орындалуын тоқтата тұру;
3) банк міндеттемелерін, оның ішінде шартты міндеттемелерді орындауды толық немесе ішінара тоқтата тұру.
Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
13. Жұмысын доғару режимiн белгiлеу және банкiнiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқармасын) тағайындау туралы шешiм банк органдары мен оның акционерлерiнiң назарына жеткiзiледi.
Уәкілетті орган Басқармасының банктiң жұмысын доғару туралы Қаулысын уәкілетті орган кем дегенде екi республикалық газетке банктiң қаржысы есебiнен жариялайды.
15. Уәкілетті орган Басқармасының банктiк жұмысын доғаруды белгiлеу туралы шешiмi (оның тиiсiнше куәландырылған көшiрмелерi түрiнде) банк басшылығына басқаша тапсырылатын жағдайларды айтпағанда, қолхат арқылы тапсырылады. Оны тапсыру үшiн банктiң тиiстi лауазымды адамдары уәкілетті органға шақырылады.
Қажет болса, жоғарыда аталған шешiмдi банк басшыларына тiкелей банктiң өзiнде уәкілетті органның өкiлеттi лауазымды адамдары тапсыра алады.
Осы орайда банктiң басшылығы уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарманың) басшылығына қабылдап алу тапсыру актiсi бойынша: мөрлердi, мөртаңбаларды, бланктердi, құндылықтарды, үй-жайлардың, сейфтердiң кiлттерiн, сондай-ақ Банктер туралы заңның
56-бабында
көзделген банктiң басқа да мүлiктерi мен құжаттарын тапсыруға мiндеттi.
Ескерту: 15-тармаққа өзгертулер мен толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1997.12.05. N 413
қаулысымен
, 1998.12.31. N 340
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
16. <*>
Ескерту: 16-тармаққа өзгертулер енгізілді, алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1997.12.05. N 413
қаулысымен
, 1998.12.31. N 340
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
3-тарау. Жұмысын доғару кезеңiнде банкке белгiленетiн
ерекше жұмыс режимi. Жұмысты уақытша доғарудың
өкiлеттiктерi
Ескерту: Атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340 қаулысымен .
17. Банк жұмысын доғару мерзiмi кезiнде уақытша әкiмшiлiктiң (банктiң уақытша басқармасының) қызметiне уәкілетті орган бақылау жасайды, ол:
1) уақытша әкiмшiлiкке (банктiң уақытша басқармасына) банк жұмысын доғару кезiндегi iс-шаралардың негiзгi бағыттары туралы ақыл-кеңес беруге (негiзгi iс-шаралардың жоспарын ұсынуға);
2) уақытша әкiмшiлiкке (банктiң уақытша басқармасына) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқау беруге;
3) уақытша әкiмшiлiктен (банктiң уақытша басқармасынан) оның және банктiң қызметi туралы кез келген ақпараттың ұсынылуын талап етуге;
4) уақытша әкiмшiлiктiң (банктiң уақытша басқармасының) атқарған жұмысы туралы есебiн тыңдауға;
5) жұмысын доғару мерзiмiн ұзартуға;
6) банктiң жұмысын доғаруды аяқтау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Ескерту: 17-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340
қаулысымен
.
18. Жұмысын доғарудың күшi басталғаннан бастап және соның мерзiмiнде уақытша әкiмшiлiк (банктiң уақытша басқармасы):
1) банк жұмысын доғару кезеңіндегі негізгі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі - жұмысты доғару жоспары) бекiтудi қоса алғанда, банк қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiнше шешiм қабылдауға;
2) қажет болса жұмысын доғару кезеңiнде қабылданған депозиттер бойынша банктiң мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара тоқтатуға;
3) қажет болса банк жасасқан, банктiң қаражаттары салуын көздейтiн шарттардың бұзуға немесе оларға ставкаларды, тарифтер мен қолданылу мерзiмдерiн өзгертудi қоса алғанда өз тарапынан өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге;
4) банктiң атынан кез келген құжаттар мен шарттарға қол қоюға;
5) банктiң атынан және соның мүддесi үшiн талап-арыз беруге;
6) жұмыстан босату, қызметiн төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, банк қызметкерлерiнiң мiндеттерiн бөлудi қоса алғанда, бұйрық беруге құқылы;
7) уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарушы) енгiзiлген күннен бастап қажет болған жағдайда бiржақты тәртiппен депозиттер бойынша есептелетiн сыйақы (мүдде) ставкалары оларды есептеу тоқтатылғанға дейiн өзгертілсiн.
Уақытша әкiмшiлiк (банктiң уақытша басқармасы) уақытша әкiмшiлiктiң қызметi кезiндегi банктiң өкiлеттiктерi тоқтатылған органдарына жүктелген басқа да мiндеттердi орындайды.
Ескерту: 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
18-1. Жұмысты доғару жоспары мынадай іс-шараларды іске асыруды көздеуі тиіс:
1) баланспен есептелген банктің барлық активтерін және мүлігін, оның ішінде кепілдік мүлігін түгендеуді және олар жөнінде құқық белгілейтін құжаттарды, баланстық және баланстан тыс шоттардағы нақты қалдықтарды анықтауды жүргізу:
2) басқарудың оңтайлы құрылымын және банк қызметкерлерінің санын анықтау;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, уәкілетті органға және корреспондент банктерге уақытша әкімшілік (уақытша басқарма) мүшелерінің қойылған қолдарының үлгілері мен банктің мөр бедері бар жаңа құжатты беру;
4) банктің, оның қызметіне, оның ішінде ерекше қатынастарымен банкпен байланысты тұлғалармен, бұрын жасаған шарттарының мақсатқа лайықтылығын анықтау және банктің мүдделеріне сәйкес келмейтін шарттарды бұзу жөніндегі шараларды қабылдау;
5) акциялардың жарияланған санын ұлғайту туралы (басқа бағалы қағаздарды шығару туралы) шешімді қабылдау арқылы банкті капиталдандыру жөніндегі шараларды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында оларды орналастыруды және/немесе бес жылдан астам өтеу мерзімі бар реттелген борышты тартуды жүзеге асыру;
6) мерзімі өткен несиелік және дебиторлық берешекті өндіріп алу жөніндегі, банктік заем шартының және банк үшін құнды болып табылмайтын басқа активтер талаптарының құқықтарын басқаға беру жөніндегі жұмысты жүргізу, қаржыландырудың кез келген түрін жүзеге асыруды тоқтату, өтімді активтердің көлемін ұлғайту арқылы активтердің сапасын жақсарту;
7) шығыс операцияларын жүргізуге бақылау белгілеу, тарифтерді, сыйақы ставкаларын, банк операциялары бойынша комиссиялық алымдарды, еңбекақы төлеу шығыстарын, жалпы шаруашылық шығыстары мен аммортизациялық аударымдарды қайта қарау жолымен банктің кірістілігін ұлғайту;
8) банктегі тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және оны жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру.
Ескерту: 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
18-2. Банкті капиталдандыру жөніндегі шаралардың шеңберінде уақытша әкімшілік (уақытша басқарма) инвесторлармен банк шығарған акцияларды, сондай-ақ осы банктің акцияларына айырбасталатын облигацияларды сатып алуға опциондар жасауға құқылы.
Банктің акциялары Банктер туралы
заңның
және Қазақстан Республикасының өзге заңдарының талаптарын есепке ала отырып сатылып алынады.
Банктің иелігінен мүлікті алу жөніндегі мәмілелер уәкілетті органмен келісілу бойынша жүргізіледі.
Ескерту: 18-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
19. Уақытша әкiмшiлiк ұжымдық орган болып табылады, оны жұмысын доғару режимiндегi банктiң атынан iс-қимыл жасайтын басшы басқарады.
Уақытша әкiмшiлiктiң шешiмдерi дауыстардың қарапайым көпшiлiгiмен қабылданады. Дауыстар тең болғанда, оның басшысының дауысы шешушi болып табылады.
20. Уақытша әкiмшiлiктiң басшысы:
1) банктi басқарады, Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң заңды тұлғаға берген құқықтарға ие және мiндеттердi орындайды;
2) банктiң (соның iшiнде оның филиалдарының) қызметкерлерiн басшылық қызметке тағайындайды, жұмысқа алады және еңбек заңдарына сәйкес қызметкерлердi жұмыстан босатады;
3) жұмысын доғару мiндеттерiн орындауға қажеттi шеңберде банктiң мүлкiне иелiк ету жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктiң шешiмiн орындайды;
4) банк жұмысын доғарудың бекiтiлген жоспарын нақтылау жөнiнде ұсыныс енгiзуге құқылы және оның орындалуын ұйымдастырады;
5) қажет болса, сырттан аудит немесе уәкілетті органның тиiстi бөлiмшелерiн тарта отырып, банк қызметiн кешендi немесе арнайы (іріктеп) тексерудi және уақытша әкiмшiлiктiң күшiмен қаржылық есеп жүргiзудi банкiнiң iс жүзiндегi жағдайымен салыстыра тексерудi жүзеге асырады;
6) банк заңдарында көзделген басқа да мiндеттердi атқарады.
Ескерту: 20-тармаққа өзгертулер, толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
21. <*>
Ескерту: 21-тармаққа өзгертулер енгізілді, алынып тасталды
,
22-38-тармақтар 21-37-тармақтар деп саналады
- ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1997.12.05. N 413
қаулысымен
, 1998.12.31. N 340
қаулысымен
.
21. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша басқармасы) уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде жұмысын доғару жоспарына сәйкес қажеттi iс-шаралар өткiзуге және атқарылған жұмыс туралы уәкілетті органға есеп тапсыруға тиiс.
22. Уақытша әкiмшiлiктi (банктiң уақытша басқармасын) уәкілетті орган Банктер туралы заңның
20-бабының
3-5-тармақтарында белгiленген, ең аз талаптарына сәйкес келетiн банк қызметкерлерiнiң iшiнен немесе оның қызметкерлерi емес адамдардан тағайындайды.
Ескерту: 22-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
23. Уақытша әкiмшiлiктiң (банктiң уақытша басқармасының) басшысының және мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ еңбекақы төлеу шарттары туралы уәкілетті орган пен банктiк уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша басқармасының) жасасатын жеке шарттарында белгiленедi. Уақытша әкiмшiлiктiң (тағайындалған уақытша басқарманың) құрамына енгiзiлетiн уәкілетті орган қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеудiң шарттары мен тәртiбi туралы мәселенi әрбiр адаммен уәкілетті орган Басқармасы жеке шешедi. Қажет болса, келiсiм-шартқа қолданылып жүрген заңның нормаларына қайшы келмейтiн басқа да шарттар енгiзуге болады.
Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
24. Еңбекақысын, көлiк және басқа да шығындарды қоса алғанда, уақытша әкiмшiлiктi ұстауға кететiн шығындар тиiстi банктiң басқару шығындарына жатады және соның есебiнен жүзеге асырылады.
25. Уәкілетті орган кез келген сәтте уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн (банктiң уақытша басқармасын) ауыстыруға құқылы.
4-тарау. Банк мүлкiн басқару рәсiмi
Ескерту: Атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340 қаулысымен .
26. Жұмысын доғару режимiндегi банктiң балансқа енгiзiлген немесе енгiзiлмеген барлық мүлкi түгенделуге тиiс. Балансқа енгiзiлмеген мүлiк түгендеу ведомостында көрсетiлуге және соңынан балансқа енгiзiлуге тиiс.
27. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарма) мамандардың көмегiмен (қажет жағдайда солардың қатысуымен) банктiң мүлiктерiнiң тiзбесiн жасауға, 1994 жылғы 16 желтоқсандағы N 194 "Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерi бар Ережелерiне" сәйкес олардың құндылығын анықтауға тиiс.
Ескерту: 28-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының 1997.12.05. N 413
қаулысымен
.
28. Жұмысын доғару режимiндегi банктiң мүлкi уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарма) белгiлеген тәртiппен және шарттар бойынша, соның iшiнде бәсекелес ұсыныстарды қарау жолымен сатылады.
29. Мүлiктi нақты ұсыныстар бойынша сатқанда, уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарма) хабарландыруды кем дегенде екi республикалық газетте жариялауға тиiс. Хабарландыруда сатылатын мүлiктiң тiзбесi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң өкiлiнiң (уақытша басқарманың) аты-жөнi, ұсыныстар тапсыруға болатын тұрған орны, телефон және факс нөмiрi, сондай-ақ қай күнге дейiн осы ұсыныстар қабылданатыны болуға тиiс. Егер мүлiктi сатуды тиiсiнше өткiзуге қажет болып жатса, көрсетiлген уақыт әлдеқайда кештеу мерзiмге ауыстырылуы мүмкiн.
Уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарма) ұсыныстарды қанағаттандыру туралы шешiм қабылдауға және жеңген сатып алушыға жазбаша түрде хабар беруге тиiс.
Ескерту: 30-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының 1997.12.05. N 413
қаулысымен
.
30. Мүлiк:
1) мүлiктiң ең жоғарғы таза бағасы алынатындай;
2) сатудан болатын шығын аз болатындай;
3) сатып алушылардың бәсекесi бiрқалыпты сақталатындай етiп сатылады.
Ескерту: 30-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340
қаулысымен
.
5-тарау. Жұмысын доғаруды тоқтату
Ескерту: Атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340 қаулысымен .
31. Банк жұмысын доғару төмендегi негiздер бойынша тоқтатылады:
1) уәкілетті органның шешiмiмен белгiленген жұмысын тоқтату мерзiмiнiң өтуi;
2) жұмысын доғаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы уәкілетті органның шешiм қабылдауы.
Ескерту: 31-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240
қаулысымен
.
32. Банк жұмысын доғаруды (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын доғаруды) оның қаржылық жағдайын сауықтыруға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату) осы банкке қатысты уәкілетті орган немесе уақытша әкiмшiлiк (банктiң уақытша басқармасы) белгiлеген барлық шектеулердi жоюға апарып соғады. Осы орайда құрылтайшы құжаттарға жұмысын доғару мерзiмiнiң iшiнде енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар, банктiң басқару органдары мен қызметкерлер құрамы күшiнде қалады.
33. Банк жұмысын доғару, оның қаржылық жағдайын сауықтырмаған және жұмыс сапасын жақсартпаған жағдайда, уәкілетті орган банкке банк заңдарында көзделген санкциялар қолданылуына құқылы.<*>
Ескерту: 34-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының 1997.12.05. N 413
қаулысымен
.
Ескерту: Атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340 қаулысымен .
34. Жұмысын доғару режимi кезiнде банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн белгiленген тәртiппен және мерзiмде есеп тапсырады.
35. Уәкілетті органның банк жұмысын доғару жөнiндегi шешiмiн бұздыру туралы банк акционерлерi он күн мерзiм iшiнде сот тәртiбiмен шағым бере алады. Аталған шешiмдi бұздыру жөнiнде шағым беру банктiң жұмысын доғаруды тоқтата алмайды.
36. Банкке келтiрiлген зиян үшiн уақытша әкiмшiлiктiң басшысы мен мүшелерi (уақытша басқарма) қолданылып жүрген заңның белгiлеуi бойынша жауапты болады. Осы орайда жауапты әкiмшiлiктiң басшысына және мүшелерiне (уақытша басқармаға) қалыпты өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылатын зиян үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
37. Осы Ережелерде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормаларына сәйкес шешiлуге тиiс.
Ескерту: 37-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 340
қаулысымен
.
Төраға