Толық емес мерзiмдiк декларациялау туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Кеден комитетi 1996 жылғы 31 қазандағы N 222-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 12 желтоқсанда N 232 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен. ~V011442

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасы кәсiпорындарының сыртқы экономикалық қызметiне қолайлы жағдайлар жасау, сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға жәрдемдесу, кедендiк ресiмдеудi жетiлдiру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлықтың 153, 201, 202-баптарына сәйкес бұйырамын:
      1. Толық емес мерзiмдiк декларацияларды пайдалана отырып, қоса

 

тiркелiп отырған Тауарларды кедендiк ресiмдеу тәртiбi бекiтiлсiн.

     2. Кеден басқармалары мен кедендердiң бастықтары осы Бұйрықтың

мазмұнын тиiстi кеден органдарының қызметi аймағында орналасқан

декларанттар және өзге де мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдарға жеткiзсiн.

     3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Кеден комитетi Төрағасының

Бiрiншi орынбасары В.Д.Кирдановқа жүктелсiн.


     Төраға


                                               Қазақстан Республикасы

                                                  Кеден комитетiнiң

                                               1996 жылғы 31 қазандағы

                                                  N 222-п бұйрығымен

                                                      Бекiтiлген


           Толық емес мерзiмдiк декларацияларды пайдалана

              отырып, тауарларды кедендiк ресiмдеудiң

                            ТӘРТIБI



 
       1. Үздiксiз жұмыс айналымы бар және тәулiк бойы жүк тиейтiн, тұрақты және ырғақты жұмысының Қазақстан Республикасы экономикасы үшiн ерекше маңызы зор, СЭҚ-қа адал қатысушы iрi өндiрiстiк кәсiпорындардың жүйелi түрде әкететiн тауарларына қатысты ТМД-ны пайдалана отырып, тауарларды кедендiк ресiмдеудiң жүргiзiлуi мүмкiн.
      2. ТМД-ны беруге жазбаша рұқсатты қызметi аймағында кәсiпорын орналасқан кеден органының бастығы кәсiпорынның дәлелдi өтiнiшiнiң, сондай-ақ атқарушы өкiметтiң арыздары негiзiнде бередi.
      Рұқсатты алған соң кәсiпорын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң технологиялық нобайын жасайды, оны кеден органының бастығы бекiтедi.
      3. ТМД-ны пайдалану жолымен тауарларды декларациялауды декларацияланатын тауарлардың иесi болып табылатын өндiрушi кәсiпорын ғана жүргiзе алады.
      4. ТМД-ны пайдалану жолымен декларациялауға кәсiпорынның негiзгi өнiмдерi болып табылатын тауарлары жатады.
      Кәсiпорынның бiр күнтiзбелiк жылдан аспайтын белгiлi бiр мерзiм iшiнде жөнелтiлiмдер немесе құрамдардың мөлшерiне қарамастан сыртқы саудалық бiр шарт бойынша жөнелтетiн тауарлары бiр топтама ретiнде декларацияланады.
      5. Декларант кемiнде он бес күнде және жоспарланып отырған тауарларды алғашқы рет тиеуге дейiнгi он күн iшiнде кеден органына:
      - ТМД-ны;
      - мәлiмделiнген кеден режимiне сәйкес кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүргiзуге қажеттi өзге де құжаттар мен мәлiметтердi ұсынады.
      ТМД төмендегi ерекшелiктер:
      - вагондар мен тауар-көлiк құжаттарының нөмiрлерi көрсетiлмей тауарлардың жоспарланатын мөлшерiнiң көрсетiлуi;
      - кедендiк жүк декларациясында мәлiмделiнуге жататын және тауардың санына байланысты өзге де мәлiметтердiң шамамен көрсетiлуi ескерiлiп, қолданылып жүрген кедендiк жүк декларацияларын толтыру тәртiбiне сәйкес толтырылады.
      6. Тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде декларант ТМД-ны толтырады және ол кеден органына үш данадан (шекарадағы кеден органына жiберiлуге жататын төртiншi парақсыз) берiледi. Тасымалдау құжаттарын кедендiк ресiмдеу кезiнде кедендiк декларация нөмiрiнен кейiн "ДЕТ" - декларациялаудың ерекше тәртiбi көрсетiледi.
      7. Жөнелтiлген тауарлардың нақты мөлшерi ТМД-да мәлiмделiнген мөлшерден асып кете алмайды.
      8. ТМД, көлiк және өзге де құжаттарды ресiмдеудi кеден органы кедендiк жүк декларациясын беру жолымен декларацияланатын тауарларға қатысты қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес жүргiзедi.
      Кедендiк және валюталық бақылау Қазақстан Республикасы Кеден Комитетiнiң қалыпты актiлерiне сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды атқаруға қажеттi шағын көлемде жүзеге асырылады.
      9. Мәлiмделiнген топтаманы жөнелткеннен кейiнгi 10 күннен кешiктiрiлмей декларант кеден органына жетiспейтiн мәлiметтердi, сондай-ақ түзетiлген мәлiметтердi (тауарлардың нақты жөнелтiлген мөлшерiне байланысты ТМД-да мәлiмделiнген мәлiметтер өзгерген жағдайда) ұсынады.
      Аталған мәлiметтер даналарының саны КЖД даналары санына сай келетiн кеден декларациясының бланкiсiнде жазбаша түрде берiледi, оларды декларант кедендiк жүк декларациясында мәлiмделiнетiн мәлiметтердi куәлендiру үшiн белгiленген тәртiппен куәлендiредi және бұл мәлiметтер толық емес декларацияның ажырамас бөлiгi болып табылады. Одан басқа декларант толық емес декларацияның нөмiрiн көрсетедi.
      Кедендiк декларацияны толтыруды декларант кеден органының ТМД-ны қабылдаған күнi қолданылатын ережелерiне сәйкес жүргiзедi. Бұл ретте ТМД-да бұрын мәлiмделiнген және тауарды жөнелту/алу нәтижесiнде өзгермеген мәлiметтер қайталанбайды.
      Қосымша мәлiметтердi қабылдауды кеден органы кедендiк декларацияларға қатысты қолданылатын тәртiппен жүзеге асырады, бұл ретте кеден органының беретiн тiркеу нөмiрi ТМД-ны тiркеу нөмiрiне сәйкес келедi.
      10. Кедендiк жүк декларациясының бланкiсiнде мәлiмделiнген қосымша мәлiметтерден басқа кедендiк және валюталық бақылау мақсаттары үшiн керектi өзге құжаттарды кеден органы талап етуге құқылы, ал оларды декларант ұсынуға мiндеттi.
      11. Кеден төлемдерiн төлеу және декларациялауы ТМД-ны беру жолымен жүзеге асырылатын тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын қолдану аталған декларацияларды кеден органының қабылдаған күнi қолданылатын нормаларға сәйкес жүргiзiледi.
      12. Төленген кеден төлемдерiнiң сомасы өзгерген жағдайда оларды қайтару не болашақтағы кеден төлемдерiнiң есебiне жатқызу жүргiзiледi.
      13. ТМД-да мәлiмделiнген, ТМД-ны беру кезiнде көрсетiлгеннен аз мөлшерде тауарларды нақты әкету жағдайында ТМД-да аталған белгiлi бiр уақыт iшiнде нақты әкетiлмеген осындай тауарлар оларды кәсiпорынның одан әрi жөнелтетiн кезiнде қайта декларациялауға жатады.
      Осындай тауарларға тасымалдау және тауарға iлеспелi құжаттар кеден органына қосымша мәлiметтермен және осы кеден органының пайдаланған кеден мөрлерiн, жай мөртаңбалары мен басқа да теңдестiру құралдарын жоққа шығару үшiн әкетiлмеуiнiң себептерiн түсiндiрумен бiрге ұсынылады.
      14. ТМД-ны пайдалануға мүдделi кәсiпорын керек кезiнде кеден органын күзетiлетiн қызметтiк жайлармен, байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, есептеу техникасымен, толық емес мерзiмдiк декларацияларды пайдалана отырып, кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық өнiмдермен қамтамасыз етуi тиiс.
      15. Декларациялауы ТМД-ны беру жолымен жүзеге асырылатын тауарларды декларациялауға, жөнелтуге қатысы бар кәсiпорынның, онда тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн адамдардың кедендiк ережелердi және ТМД-ны қолдана отырып, кедендiк ресiмдеу тәртiбiн бұзған жағдайында кеден органының бастығы кәсiпорынды ТМД-ны пайдалану құқысынан айырады.