"Қосылған құнға салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 26 маусымдағы N 37 ~V950077 нұсқаулыққа енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің 1996 жылғы 18 қыркүйектегі N 209 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 25 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 21.

Қолданыстағы
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 54-бабына сәйкес, осы бұйрыққа қоса тiркелiп отырған, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген "Қосылған құнға салынатын

салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 25 маусымдағы N 37 
 

V950077_

  Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы туристiк фирмаларының 
қызметiне қосылған құнға салық салу тәртiбi бөлiгiне енгiзiлген өзгертулер 
мен толықтырулар бекiтiлсiн.

     Салық қызметiнiң II дәрежелi
        Мемлекеттiк кеңесшiсi

          "Қосылған құнға салынатын салықты есептеу мен
          төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 26 маусымдағы
     N 37  

V950077_

  нұсқаулыққа өзгертулер мен толықтырулар
                         енгiзу туралы

     1996 жылғы 19 қыркүйек 



      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген "Қосылған құнға салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 26 маусымдағы N 37 нұсқаулыққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiледi:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы мәтiнмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағында сатылған жолдамалардың құнына енгiзiлген, Қазақстан Республикасы туристiк фирмаларының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер шегiнен тыс жерлерде көрсеткен қызметi (тамақтану, қонақ үйлерiнде тұру, экскурсиялық қызмет көрсету және т.б.) қосылған құнға салық салу объектiсi болып табылмайды.
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер шегiнен тыс жерлерде туристердiң болуымен байланысты маршруттар бойынша туристiк жолдамалар өткiзумен шұғылданатын Қазақстан Республикасының туристiк фирмалары бойынша аталған жолдамаларды өткiзуден түскен түсiм қосылған құнға салық салынатын объект болып табылады, оған нөлдiк ставка бойынша салық салынатын жүк пен жолаушыларды тасу құны, сондай-ақ шетелдiк әрiптестердiң Тәуелсiз Мемлекеттiк Достастығынан тыс жерлерде туристерге көрсететiн қызметiнiң құны қосылмайды".
     Салық қызметiнiң II дәрежелi
        Мемлекеттiк кеңесшiсi