Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өз бетімен жүзу кемелерінің және жер снарядтарының командалық құрамын дипломдау жөніндегі біліктілік комиссиялар туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН 1995 жылғы 26 қазан N 210 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 4 тамыз N 566 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2012 жылғы 12 қазандағы № 691 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2012.10.12 № 691 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Флот жұмысының мемлекеттік реттелуін қамтамасыз ету, кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттылықты болдырмау мәселелерін шешуде бірыңғайлықты орнату мақсатымен
                               БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген құжаттар бекітілсін:
      - "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелердегі команда құрамын дипломдау туралы Ереже".
      - "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелер мен жерснарядтарындағы команда құрамын дипломдау жөніндегі біліктілік комиссиялар туралы Ереже".
      - "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауіпсіздігінің Бас инспекциясының қызметкерлерімен кемелерге бақылау жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулық".
      2. Су көлігінің Департаменті жаңа үлгідегі Дипломдар мен Біліктілік бланкілерінің қажетті санын әзірлесін. 1997 жылғы 1 сәуірге дейін Дипломдар мен Біліктілік куәліктерге айырбастау жүргізсін.
      3. 1987 жылғы 27 қаңтарда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы өзен флотының Бас басқармасының бастығының N 16 бұйрығымен бекітілген "Қазақ КСР-нің ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелердегі команда құрамын дипломдау туралы Ереже" және 1994 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі Департаментінің директорымен бекітілген "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелер мен жер снарядтарындағы команда құрамын дипломдау жөніндегі білікті комиссиялар туралы Ереженің" күші жойылды деп есептелсін.
      4. Заң актілерін әзірлеу, жоғарғы кеңеспен байланыс және заң жұмыстарының Басқармасы жоғарыда аталған құжаттарды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген  тәртіппен тіркесін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Су көлігі Департаментінің директоры П.Д.Коваленкоға жүктелсін.
 
      Министр

                                        Қазақстан Республикасының
                               Көлік және коммуникациялар министрінің
                                       1995 жылғы 26 қазандағы N 210
                                          бұйрығымен бекітілген
 
        Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында
   пайдаланылатын өз бетімен жүзу кемелерінің және жер
   снарядтарының командалық құрамын дипломдау жөніндегі
               біліктілік комиссиялар туралы
                           ЕРЕЖЕ

      1. Дипломдау жөніндегі біліктілік комиссия Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының учаскелік инспекцияларында мынадай құраммен құрылады:
      Төраға - аға инспектор-капитан (учаске басшысы) немесе Жоғарғы Ертіс кеме қатынасы қауіпсіздігі бассейндік инспекциясы бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Су көлігі Департаменті директорының өкімімен бекітіледі.
      Комиссия мүшелері: жоғары білікті тәжірибелі мамандар:
      - кеме жүргізушілер, механиктер, электромеханиктер, кеме иелерінің басшы қызметтері мен бөлімдерінің ішінен жер қазушылар;
      - капитан, командирлер мен механик-тәлімгерлер;
      - топ механиктері және электромеханиктер;
      - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің жанындағы Теңіз және Өзен Регистрінің өкілдері.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының бас инспекторымен келісу арқылы тиісті мамандықтарға тұлғаларды дипломдау үшін комиссия мүшелері қосылады.
      Комиссия хатшысы комиссияның барлық іс-қағаздарын жүргізумен айналысатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының қызметкері болып табылады. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде қауіпсіздігі бас инспекциясының бас инспекторының немесе Жоғарғы Ертіс бассейндік кеме қатынасы қауіпсіздігі инспекциясы бастығының бұйрықтарымен рәсімделеді.
      2. Дипломдау жөніндегі даулы мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясында орталық білікті комиссия міндет атқарады, ол Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі Департаменті директорының өкімімен тағайындалады. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің жанындағы Теңіз және Регистрінің, негізгі кеме иелерінің өкілдері мен тәжірибелі мамандар кіруі тиіс.
      Дипломдау жөніндегі орталық біліктілік комиссияның шешімі хаттама мен рәсімделеді және қорытынды болып табылады.
      3. Біліктілік комиссиялар "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзу кемелерінің және жер снарядтарының командалық құрамын дипломдау туралы Ережені" дипломдалушының жұмыс орнына, кеменің ведомостволық қатыстылығы мен меншіктік нысанына қарамай басшылыққа алады.
      4. Біліктілік комиссияға қажетті құжаттарды және диплом алуға үміттенген лауазым қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қанағаттандыратын өзге құжаттарды ұсынушы барлық азаматтар дипломдалуға жіберіледі.
      5. Дипломдау жөніндегі біліктілік комиссияға мынадай құжаттар ұсынылады:
      - өтініш;
      - кәсіпорындармен жіберілетін тұлғалар үшін - дипломдау туралы кепілдеме;
      - арнаулы оқу орнын немесе курстарды бітіргені туралы диплом көшірмесі (біліктілік куәліктер және т.б.);
      - мамандығы бойынша жұмыс өтілі туралы еңбек кітапшасының көшірмесі (шағын өлшемді кемелерді жүргізушілер - айлық өтілден өткені туралы анықтама);
      - жұмыс орнынан сипаттама (қажет жағдайда капитан-тәлімгердің пікірі);
      - кемелерді немесе механизмдерді басқаруға жарамдылығын растайтын медициналық куәландыру анықтамасы;
      - мөлшері 3х4 2 сурет;
      - кемелерді (механизмдерді) басқаруға бұрын алынған дипломдары немесе куәліктерінің түпнұсқасы (жеке ұсынылады).
      6. Комиссияның әрбір мәжілісі хаттамамен ресімделеді, онда кеменің қуаты мен түрі, сондай-ақ дипломдалушы пайдаланылуы мүмкін лауазымдар көрсетіле диплом беру туралы қабылданған шешім жазылады.
      7. Жұмыс дипломдарын (біліктілік куәлік) беру диплом беру журналында тіркеледі.
      8. Комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданған болып есептеледі. Осы шешімге келіспеген комиссия мүшелері орталық біліктілік комиссияға жүгінуі мүмкін.
      9. Біліктілік комиссия қажетті құжаттарды беру бойына Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі департаментімен 3 және 4 топтағы капитандарды бекіту және дипломдарды беру (1 Қосымша) жүзеге асырылады.
      10. Дипломдау кезінде ойдағыдай білімін танытпаған тұлғалар қайтадан емтихан тапсыруға кемінде екі айдан кейін ғана жіберіледі. Комиссия шешімімен бұл мерзім созылуы мүмкін.
      11. Диплом беруге қарсылық алған үміткер орталық біліктілік комиссияға шағымдана алады, ол бір айдың ішінде талап қоюды қарап, қабылданған шешімді өтініш етушіге хабарлауы тиіс.
      Орталық біліктілік комиссияның шешімі соңғы болып табылады.
      Дипломдалу кезінде диплом бланкілері, біліктілік куәліктер, сондай-ақ басқа бланкілер қолданылып жүрген бағаларға сәйкес диплом алуға үміткермен төленеді.
      12. Комиссия жұмысы кезінде мемлекетке, сондай-ақ емтихандаушыға қатысты материалдық және моралдық шығын келтіруге соқтырған қателіктер үшін төраға мен біліктілік комиссияның мүшелері жеке жауапқа тартылады.
      13. Диплом (біліктілік куәлік) жойылған немесе жарамсыз болған жағдайда, иесі диплом берген комиссияның төрағасының атына жоғалу немесе жарамсыз болған себептерді баяндап өтініш береді. Сонымен қатар диплом иесі өз есебінен жергілікті газетке жоғалған құжаттың күшін жойғандығын жариялауы тиіс. Жария болған күннен бастап алты айдың ішінде диплом табылмаса, комиссия өтініш етушіге көшірме береді. Көшірме алғанға дейін өтініш етуші комиссиядан жоғалған құжатты уақытша ауыстыратын анықтама алады.
      14. Дипломдау туралы іс-қағаздар мен құжаттарды сақтау кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі учаскелік инспекциясына жүктеледі. Диплом бланкілері (біліктілік куәліктер) қатаң есептегі бланкілер ретінде сақталады және есептеледі. Берілетін диплом нөмірлері жәй бөлшек ретінде жазылады: алымында беру журналы бойынша осы жылға рет нөмірі, ал бөлімінде - беру жылының соңғы екі саны. 15. Дипломдарды (біліктілік комиссия) есептеу, беру журналдары, дипломдау бойынша құжаттар тікпелері байланады, нөмірленеді, учаске басшысының қолымен, мөрмен бекітіледі және тұрақты сақталады. Бүлінген бланкілер актіге жазылады және жойылады.

                                              N 1 Қосымша

                          Диплом үлгісі
                            (сипаттау)

      1. Диплом кітабының өлшемі 105х140 мм, ішіне 1 парақ сыйысады. Диплом парағындағы жазулар мен бағанға бөлулер қара сиямен жазылады.
      2. Диплом қабы көк түсті лидерин картоннан жасалған. Онда алтын түсті мынадай жазулар бар:
      а) жоғары бөлігінде - Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген;
      б) оның астында қазақ және орыс тілдерінде мынадай батыңқы жазулар бар:

           ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР
                            МИНИСТРЛІГІ

      в) төменде ірі әріппен - батыңқы жазу

                          ДИПЛОМ

      3. Сырт қабының іш жағында:
      а) жоғары бөлігінде - Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген;
      б) оның астында қазақ және орыс тілдерінде:

                      ДИПЛОМ N ______

      ___________________________________________________________
                 фамилиясы, аты, әкесінің аты

      ___________________________________________________________
      __________________________________________________ берілді.

      в) төменгі бөлігінде сол жағында сурет орны, оң жағында қазақ және орыс тілдерінде:

                     Ішкі суларда өз бетімен
                        жүзетін кемелердің
                        командалық құрамын
                         дипломдау туралы
                          Ереженің

      4. Дипломның бірінші бетінде қазақ және орыс тілдерінде жазылған: ______________________________________________ жанындағы
               білікті комиссия қаулысының негізінде
      ____________________________________________________________

                        ХАТТАМА N _____
                      "__"___________ 19 ж.

      М.О.

      Азамат _____________________________________________________
      ____________________________________________________________
                   лауазым (лауазымдарды) алуға құқығы бар

      ____________________________________________________________
      кемелер тобы

      Комиссия төрағасы,
      Су көлігі департаментінің
      директоры

      М.О.

      5. Дипломның екінші бетінде қазақ және орыс тілдерінде мыналар жазылған:

      лауазым (лауазымдарды) алуға құқығы бар______________________

      _____________________________________________________________
      кемелер тобы

                          ХАТТАМА N _____
                      "__"___________ 19 ж.

                                          Комиссия төрағасы,
      М.О.                           Су көлігі департаментінің
                                             директоры

      лауазым (лауазымдарды) алуға құқығы бар______________________

      _____________________________________________________________
      кемелер тобы

                          ХАТТАМА N _____
                       "__"___________ 19 ж.

                                          Комиссия төрағасы,
      М.О.                           Су көлігі департаментінің
                                             директоры

      6. Екінші қабының ішкі жағында қазақ және орыс тілдерінде:

      лауазым (лауазымдарды) алуға құқығы бар_____________________

      ____________________________________________________________
      кемелер тобы

                              ХАТТАМА N _____
                            "__"___________ 19 ж.

                                       Комиссия төрағасы,
      М.О.                        Су көлігі департаментінің
                                          директоры 

      лауазым (лауазымдарды) алуға құқығы бар ____________________

      ____________________________________________________________
      кемелер тобы

                               ХАТТАМА N _____
                           "__"___________ 19 ж.

                                       Комиссия төрағасы,
      М.О.                        Су көлігі департаментінің
                                          директоры