Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2012 жылғы 12 қазандағы № 691 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының  1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                               Қ. Әбсаттаров

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникациялар   
министрінің міндетін атқарушының
2012 жылғы 12 қазандағы    
№ 691 бұйрығына қосымша    

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1995 жылғы 26 қазандағы № 210 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 566567572 болып тіркелген).
      2. «Қазақстан Республикасының Ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарында iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының өтуi туралы Нұсқау» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 605 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 445 болып тіркелген).
      3. «Қазақстан Республикасы су қоймаларында шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін белгілейтін құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1998 жылғы 10 тамыздағы № 172 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 591608617 болып тіркелген).
      4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1995 жылғы 26 қазандағы N 210 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің  2005 жылғы 4 мамырдағы № 167-І бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3660 болып тіркелген, 2005 жылғы 15 қыркүйекте № 169 «Юридическая газета» газетінде жарияланған).