"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 210 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 сәуірде № 38546 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33345 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларында:

      4-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімдердің өзгеруі туралы ақпарат ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "цифрлық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында шектеу іс-шаралары енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарияланады.";

      5-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған, оның ішінде батыс, халық тығыз орналасқан және жаңадан құрылған өңірлерден келген жастарды жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқыту үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін көрсете отырып, ЖЖОКБҰ тізбесін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес жүргізілген ЖЖОКБҰ саралау нәтижелерін ескере отырып Республикалық комиссия айқындайды.

      Білім беру гранттары осы Қағидаларда көзделген тәртіппен білім беру грантын беру туралы куәлік бере отырып, оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ҰБТ балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.";

      6-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жоғары білімнің білім беру грантын, оның ішінде батыс, халық тығыз орналасқан және жаңадан құрылған өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына және (немесе) "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді.";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Батыс, халық тығыз орналасқан және жаңадан құрылған өңірлерден келген адамдарға бөлінген жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына және (немесе) "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді.";

      он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімдердің өзгеруі туралы ақпарат ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "цифрлық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында шектеу іс-шаралары енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарияланады.";

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен танылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына және (немесе) цифрлық жүйе арқылы таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы бойынша оқуға қарсы айғақтардың жоқ екені туралы медициналық қорытындыны береді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың қысқартылған оқу мерзімдері көзделетін ұқсас бағыттар бойынша оқуға түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша:

      ұлттық ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсу үшін – кемінде 65 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" саласы бойынша кемінде – 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" салалары бойынша – кемінде 50 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;

      жаңадан құрылған және білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған ұлттық ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсу үшін - кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;

      басқа ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсу үшін – кемінде 50 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл жинаған адамдар жіберіледі.

      Бұл ретте Қазақстан тарихы және ҰБТ-ның екі бейіндік пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл, ал оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық бойынша – кемінде 3 балл жинау қажет.

      Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың қысқартылған оқыту мерзімі көзделетін ұқсас бағыттары бойынша оқуға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.

      Бұл ретте осы тармақта көрсетілген талаптар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін қолданылмайды.

      Конкурсты өткізу кезінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес өткізілетін саралау нәтижелерін ескере отырып, ЖЖОКБҰ белгілеген өту шекті балдары ескеріледі.";

      18-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Грант иегері жоғары білімнің білім беру грантынан бас тартқан және (немесе) оқуға қабылданғанға дейін ЖЖОКБҰ-ға келмей қалған жағдайда, талапкердің куәлігі мен өтініші, сондай-ақ келмейтіндігі туралы ЖЖОКБҰ-ның хабарлама-хаты ҰТО-ның цифрлық жүйесіне ағымдағы жылғы 25 қыркүйекке дейін беріледі.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімдердің өзгеруі туралы ақпарат ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "цифрлық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында шектеу іс-шаралары енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарияланады.";

      21-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау ҰТО цифрлық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 12-18 тамыз аралығында;

      2) күнтізбелік жылғы 12-18 желтоқсан аралығында.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімдердің өзгеруі туралы ақпарат ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "цифрлық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында шектеу іс-шаралары енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарияланады.";

      22-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімдердің өзгеруі туралы ақпарат ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "цифрлық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында шектеу іс-шаралары енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарияланады.";

      23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары, оның ішінде батыс, халық тығыз орналасқан және жаңадан құрылған өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға ҰБТ және (немесе) КТ нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде беріледі.";

      26-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімнің өзгеруі туралы ЖАО ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "цифрлық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он жетінші, он сегізінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық төртінші, және қырық бесінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек