Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 74 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 сәуірде № 38504 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мына:

      Тізбеге 1-қосымшаның 4-тармағы 3) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "3) жеке тұлға клиенттің (оның өкілінің) және бенефициар меншік иелерінің дербес деректерін жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді және қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің болуы;";

      Тізбеге 2-қосымшаның 9-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "1) өз функцияларын толық көлемде және банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте банктің барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алуды;";

      Тізбеге 2-қосымшаның 12-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "12. Банк ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.";

      Тізбеге 2-қосымшаның 30-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде банк клиент (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін туралы қаржы мониторингінің басқа субъектілерінен клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін мәліметтерді дереу, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін сұрату бойынша кідіріссіз алады, оларға оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйеден немесе банк клиентті тиісінше тексеру шараларын негізге алатын басқа қаржы мониторингі субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жатады.";

      Тізбеге 2-қосымшаның 39-тармағы бірінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "39. Банк автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалану арқылы ағымдағы шоттары бойынша шығыс операциялары жүргізілетін, бұл ретте клиенттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты төлемдері, коммуналдық төлемдері, салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдері жоқ клиенттерді айқындайды:

      1) клиентке тәуекелдің жоғары деңгейін беру орындылығын айқындау және оған қатысты күшейтілген тиісті тексеру шараларын жүргізу мақсатында ағымдағы шоты бойынша ақша қозғалысына тереңдетілген мониторинг жүргізеді;

      2) клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда Талаптарда және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 48-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес банктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен көзделген іс-шараларды жүргізеді.";

      Тізбеге 3-қосымшаның 8-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "1) өз функцияларын толық көлемде және қордың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте қордың барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;";

      Тізбеге 3-қосымшаның 11-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "11. Қор КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін қордың ішкі бақылау талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.";

      Тізбеге 3-қосымшаның 26-тармағы үшінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Қор КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде қор клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттерін тиісінше тексеру шараларына қор сүйенетін басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрату бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе қаржы мониторингінің басқа субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.";

      Тізбеге 4-қосымшаның 8-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "1) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;";

      Тізбеге 4-қосымшаның 11-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "11. Ұйым ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ұйымның ішкі бақылау талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.";

      Тізбеге 4-қосымшаның 27-тармағы үшінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйымдар клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттерін тиісінше тексеру шараларына ұйым сүйенетін басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент (оның өкілін) және бенефициарлық меншік туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрату бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе қаржылық мониторингтің басқа субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.";

      Тізбеге 5-қосымшаның 9-тармағы 2) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "2) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;";

      Тізбеге 5-қосымшаның 12-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "12. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі бақылау ережелерінің талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.";

      Тізбеге 5-қосымшаның 30-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиент туралы қаржы мониторингінің басқа субъектілерінен клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін ұйым және (немесе) сақтандыру брокері сүйенетін клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру шараларына арналған мәліметтерді дереу, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін сұрату бойынша кідіріссіз алады, оларға оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйеден немесе ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті тиісінше тексеру шараларына сүйенетін басқа қаржылық мониторинг субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жатады.";

      Тізбеге 6-қосымшаның 8-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "1) өз функцияларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қор биржасының барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға рұқсат алу;";

      Тізбеге 6-қосымшаның 10-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "10. Қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін қор биржасының ішкі бақылау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.";

      Тізбеге 6-қосымшаның 23-тармағы үшінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде қор биржасы клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттерді тиісінше тексеру шараларына қор биржасы басшылыққа алатын басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе басқа қаржы мониторингі субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.";

      Тізбеге 7-қосымшаның 8-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "1) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;";

      Тізбеге 7-қосымшаның 24-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйым клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиентті тиісінше тексеру шараларына ұйым басшылыққа алатын басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе басқа қаржылық мониторинг субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.";

      белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 20 сәуірдегі
№ 74 қаулысымен
бекітілген

Қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулыларының тізбесі

      1. "Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17250 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар Қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21434 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 96 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21433 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      5. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 97 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21425 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      6. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы және қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21424 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы және қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптар Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      7. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 29 қазандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21577 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптар Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Тізбеге 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ 140 қаулысымен
бекітілген

Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң) 5-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер және тауар биржаларының клирингтік орталықтары қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілеріне (бұдан әрі – қаржы мониторингі субъектілері) қолданылады.

      2. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттермен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату туралы шешімді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелі дәрежесінің бағасын клиенттердің типтері бойынша, елдік (географиялық) тәуекелді, қызметтер (өнім) және (немесе) оны беру тәсілі тәуекелін ескере отырып, дербес қабылдайды.

      3. Қаржы мониторингі субъектілері мынадай талаптарға сәйкес келетін клиенттермен ғана іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілімен орнатады:

      1) сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға не заңды тұлғаға сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы шет мемлекетте тіркелген нөмір берілген жеке не заңды тұлға;

      2) клиент (оның өкілі) және бенефициар меншік иесі терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылмайды;

      3) клиент (оның өкілі) және бенефициар меншік иесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын белгіленген тұлға немесе ұйым болып табылмайды;

      4) клиент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына және ішкі бақылау қағидаларына сәйкес тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану талап етілетін тәуекел деңгейі берілген тұлға болып табылмайды.

      4. Қаржы мониторингі субъектілері бірмезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілмен орнатады:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтерді Талаптардың 9-тармағына сәйкес тіркеу;

      2) жеке тұлға клиенттің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге, оның ішінде қажет болған кезде үшінші тұлғаларға беруге оның сәйкестендіру құралы арқылы расталған келісімінің болуы;

      3) жеке тұлға клиенттің (оның өкілінің) және бенефициар меншік иелерінің дербес деректерін жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді және қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған цифрлық жүйелердің болуы;

      4) қаржы мониторингі субъектісінде іскерлік қатынастардың мақсаты операцияларды КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында жасау болып табылатыны туралы күдіктің болмауы.

2-тарау. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу

      5. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді тіркеу іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілмен орнатқанға дейін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 6-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілмен орнату үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:

      1) клиенттің қаржы мониторингі субъектісінің қашықтықтан қол жеткізу жүйесіне өзінің жеке не бизнес-сәйкестендіру нөмірін енгізуі;

      2) клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау;

      3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген клиент бойынша мәліметтерді тіркеу.

      7. Клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау үшін мынадай тәсілдер қолданылады:

      1) жеке немесе заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы;

      2) немесе биометриялық аутентификациялау құралдары;

      3) немесе егер жеке тұлғаны қаржы мониторингі субъектісі бұған дейін жеке қатыса отырып сәйкестендірген жағдайда, жеке тұлғаны сәйкестендіру және аутентификациялау кезінде қаржы мониторингі субъектісі ақпарат алмасу туралы келісім жасаған екінші деңгейдегі банк немесе Ұлттық пошта операторы шығарған төлем карточкасының деректемелері (төлем карточкасының нөмірі, қолданылу мерзімі, төлем карточкалары жүйесінің атауы);

      4) немесе мемлекеттік дерекқорлармен салыстырып тексеру арқылы жеке тұлғаның жеке басын растау;

      5) немесе әріптердің, цифрлардың немесе таңбалардың комбинациясын білдіретін бірегей сәйкестендіруші немесе клиентті сәйкестендіру үшін қаржы мониторингі субъектісі белгілеген және онымен келісілген өзге сәйкестендіруші.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінде және Талаптардың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау тәсілдерінің біреуін немесе жиынтығында бірнешеуін қолдануға жол беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау тәсілі банктік шот ашылған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) арқылы пайдаланылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау тәсілі мына жағдайлардың бірінде:

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген клиентті сәйкестендіру және аутентификация тәсілдерінің жиынтығында біреуімен немесе бірнешеуімен;

      өмірді сақтандыру шарттарын, аннуитеттік сақтандыру шарттарын және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда, сақтандыру ұйымдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасқан кезде;

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-тармағына сәйкес клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қабылдаған кезде пайдаланылады.

      Клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау тәсілін таңдауды қаржы мониторингі субъектісі жүзеге асырады.

      8. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнатқан кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысына сәйкес СДАО арқылы клиентті биометриялық аутентификациялауды жүргізумен клиентті екі факторлы сәйкестендіруді қолданады.

      Клиентті биометриялық аутентификациялаудан өткізген кезде екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы клиентпен бейнеконференция сеансының жазбасын не қозғалысты анықтау технологиясын пайдалана отырып, клиенттің алынған шынайы бейнесін, оның ішінде аутсорсинг негізінде клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл, сақтауды қамтамасыз етеді.

      9. Клиентті сәйкестендіруді растайтын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтерді тіркеу:

      1) клиенттің оның Талаптардың 7-тармағында көрсетілген сәйкестендірудің расталған тәсілдерімен сәйкестендіру деректерін;

      2) не қаржы мониторингі субъектісінің Талаптардың 7-тармағында көрсетілген тәсілдермен клиентті аутентификациялау рәсімдерін кейін өткізуі арқылы жүзеге асырылады.

3-тарау. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру

      10. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына және ішкі бақылау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеруді қолжетімді дереккөздерінен алынған деректермен салыстыру арқылы жүргізген кезде қолжетімді дереккөздерінен алынған мәліметтер бар дерекқорлардан алынған ақпарат, үзінді-көшірмелер де растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады.

4-тарау. Іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілімен орнатудан бас тарту, қашықтықтан орнату тәсілімен орнатылған іскерлік қатынастарды бұзу

      12. Қаржылық мониторинг субъектiсі:

      1) клиент Талаптардың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) клиент Талаптардың 4-тармағының 2) тармақшасында және 6-тармағында көрсетілген шарттарды орындалмаған;

      3) қаржы мониторингi субъектiсінде клиенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында операция жүргізуі туралы күдік болған кезде;

      4) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіздер бойынша.

      Қаржылық мониторинг субъектiсі клиентке іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілмен орнатудан бас тартқан кезде клиентті іскерлік қатынастарды келу тәртібімен орнату мүмкіндігі туралы хабардар етеді.

  Тізбеге 2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 22 наурыздағы
№ 18 қаулысымен
бекітілген

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң) 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторына (бұдан әрі – банк) қолданылады.

      2. Егер Талаптарда өзгеше көзделмесе, Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңда, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарында пайдаланылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, банк дербес әзірлеген күдікті операцияны және қаржы мониторингіне жататын клиенттің күдікті қызметін (бұдан әрі бірге – күдікті операция) айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);

      2) біржолғы операция (мәміле) – банктің жеке тұлғаның банктік шотына ақшаны есептеу не қолма-қол ақшаны қабылдауға, банк шотын пайдаланбай қолма-қол ақшасыз төлемге немесе ақша аударымына арналған жабдық (құрылғы) арқылы көрсетілетін қызметтерді берушінің пайдасына төлем жүргізу, айырбастау пунктінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау, осындай клиенттің банктік шотына қол жеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалану, мемлекеттік органдардың пайдасына атқарушылық іс жүргізу шеңберінде берешекті жабдық (құрылғы) арқылы төлеу, айырбастау пункттері арқылы тазартылған құйма алтынды сатып алу бойынша қызметтер көрсетуі, сондай-ақ банктің сәйкестендірілмеген электрондық ақша иелеріне электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу арқылы қызметтер көрсетуі;

      3) клиент – банк қызметін алатын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті – "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлға;

      5) Қазақстан Республикасының резиденті – "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып айқындалған тұлға;

      6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдері – банкті қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру процестеріне қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері немесе өзге де қылмыстық іс-әрекет;

      7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдерін басқару – банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды барынша азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге (өнімдерге), клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

      8) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциясы;

      9) іскерлік қатынастар – клиенттермен банктердің кәсіптік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қарым-қатынас.

      3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында банк ішкі бақылауды:

      1) банктің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) банкті, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      4. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде банктің ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында банктің басқару органы немесе атқарушы органы ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптар қамтылатын ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді және қабылдайды. Банк ішкі бақылау қағидаларын банк қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, банктің мөлшерін, сипаты мен күрделілігін бағалау нәтижелерін ескере отырып орындайды.

      Ішкі бақылау қағидаларында КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалар қамтылады, банк оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және банктің ішкі құжаты не банктің басқару органы немесе атқарушы органдары бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ ішкі жүйесін ұйымдастыру және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Банкте банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен банктің басшы қызметкерлерінің немесе банктің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының деңгейінен төмен емес банктің өзге де басшыларының қатарынан банктегі ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты адам (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері кіретін банк қызметкерлері не бөлімшесі (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше) айқындалады.

      6. Жауапты қызметкерге мынадай талаптар қойылады:

      1) экономика, қаржы, банк және сақтандыру ісі, бизнес және басқару, құқық, бухгалтерлік іс және салық салу салаларында жоғары білімінің болуы;

      2) банктік және (немесе) өзге операцияларды жүзеге асырумен байланысты банк бөлімшесі басшысының лауазымында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілінің не КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс өтілінің не қаржылық қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілінің болуы;

      3) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы бірінші бөлігінің 28) тармақшасына сәйкес мінсіз іскерлік беделінің болуы.

      7. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасында мыналарды қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;

      2) банк қызметкерлерінің, оның ішінде банктің басқару органының және атқарушы органының жауапты қызметкерінің өздеріне белгілі болған, банк қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;

      3) банк кіретін банк конгломератының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша талаптарының сипаттамасы (бар болса);

      4) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында банктің ішкі аудит қызметінің бақылау тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті, соның ішінде банк конгломераты шеңберінде шоғырландырылған негізде басқарушылық есептілікті дайындау және банктің басқару органы мен атқарушы органына ұсыну тәртібі;

      5) банктің жауапты қызметкерінің, басқару органының және (немесе) атқарушы органының немесе банктің басшы қызметкерінің клиенттермен іскерлік қатынастарды белгілеу, жалғастыру не тоқтату туралы, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасасқан шарттарда көзделген жағдайларда және банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операцияларын өткізуді тоқтата тұру не бас тарту туралы шешімдер қабылдау тәртібі;

      6) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі;

      7) бөлімшенің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша функцияларының, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде банктің басқа бөлімшелерімен, филиалдарымен, еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің, сондай-ақ жауапты қызметкердің функцияларының, өкілеттіктерінің, жауапты қызметкердің банктің басқару органымен және атқарушы органымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің сипаттамасы;

      8) Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру тәртібі, оның ішінде қосымша бақылау шараларын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару және оларды барынша азайту жөніндегі рәсімдерді қолдану тәртібі.

      8. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) банктің басқарушы органы немесе атқарушы органы әзірлеген және келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың) болуын, сондай-ақ олардың банкте сақталуын мониторингтеуді қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарларды ұсынуды ұйымдастыру және ұсынуды бақылау;

      3) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлар жіберу қажеттігі туралы шешімдер қабылдау;

      4) банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен банктің басқару органын және (немесе) банктің атқарушы органын анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы хабардар ету;

      5) ішкі бақылау қағидаларының іске асырылу нәтижелері және банктің басқару органына және атқарушы органына анықталған кемшіліктер туралы есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында, оның ішінде банк конгломераты шеңберінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту бойынша ұсынылатын шаралар туралы ақпаратты дайындау;

      6) банктің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартылу тәуекелін бағалау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей сұратылған ақпаратты беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау бойынша үйлестіру.

      9. Жүктелген функцияларды орындау үшін жауапты қызметкерге және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлеріне мынадай өкілеттіктер қоса беріледі, бірақ олармен шектелмейді:

      1) өз функцияларын толық көлемде және банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте банктің барлық үй-жайларына, цифрлық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алуды;

      2) банктің бөлімшелеріне ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуге қатысты нұсқаулар жіберу;

      3) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етуді;

      4) банктің бөлімшелерінен алынатын құжаттардың және файлдардың сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      10. Банктің филиалдарында Талаптардың 8 және 9-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толық немесе ішінара жүктелген қызметкерлер бар болған жағдайда, осындай қызметкерлердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.

      11. Жауапты қызметкердің, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша бөлімше қызметкерлерінің, сондай-ақ Талаптардың 8-тармағында көзделген функциялар жүктелген банк қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің функцияларымен, сондай-ақ банктің операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын функциялармен қоса атқарылмайды.

      12. Банк ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында автоматтандырылған цифрлық жүйелерді пайдаланады.

3-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      13. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері уәкілетті органның талап етуі бойынша "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ұсынылады.

      14. Банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асырған кезде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін ұлттық бағалау бойынша жарияланған ақпаратты ескереді.

      15. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы:

      1) банктің оның құрылымдық бөлімшелері бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру тәртібі;

      2) мыналарға:

      клиенттің тәуекелі деңгейіне, сондай-ақ;

      банк қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттің түрі, ел бойынша тәуекел және қызметтердің/өнімдердің тәуекелі бойынша) ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау әдісі;

      3) клиенттердің тәуекелдерін және банктердің өнімдерінің (қызметтерінің) алдын ала ескерту іс-шараларының тізбесі көзделетін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін тұрақты мониторингтеуді, талдауды және бақылауды жүзеге асыру, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімдері, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерін бақылау тәртібі;

      4) клиенттердің тәуекелдерінің деңгейлерін белгілеу тәртібі, мерзімдері және оларды қайта қарау үшін негіздеме.

      16. Банк кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің түрлері бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, қызметтер (өнім) және (немесе) оны беру тәсілінің тәуекелін ескере отырып, банк қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалауды жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.

      Банк қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау тәуекелдерді анықтауды, клиенттер операцияларын сәйкестендіру рәсімдері мен мониторингін өзгертуді, қызметтер (өнімдер) беру тәртібін өзгертуді, операциялар жүргізуге арналған лимиттерді белгілеуді қызметтер (өнімдер) беру талаптарын өзгертуді, қызметтер (өнімдер) беруден бас тартуды қоса, азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қоса жүреді.

      17. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлері мыналардан тұрады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды тұлғалар, олардың отбасы мүшелері және жақын туыстары;

      2) шетелдік қаржы ұйымдары;

      3) заңды тұлғалар және қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметін айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметінің ерекше түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар (банк белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі талаптарды сақтайтын банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      тұтынушылардан қолма-қол ақша қабылдауды, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы жүзеге асыратын қызметтерді (қаржылық қызметтерді қоспағанда) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірілгендер);

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс онлайн-казино қызметтерін көрсететін не сол қызметтен кірістер алатын тұлғалар;

      туристік қызметтерді, сондай-ақ қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты өзге де қызметтерді көрсететін тұлғалар;

      4) адвокаттар және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қызметке қатысты ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларға қатысатын жағдайларда, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (екінші деңгейдегі банктер белгілеген, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      5) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері (банк белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі талаптарды сақтайтын банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      6) қаржы лизингі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      7) қызметті сақтандыру агенттері ретінде жүзеге асыратын тұлғалар;

      8) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      9) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды өндірумен және (немесе) сатумен байланысты адамдар;

      10) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен, сондай-ақ сатып алумен-сатумен байланысты тұлғалар;

      11) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      12) Талаптардың 19-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      13) ұсынған деректерінің дәйектілігіне күмәндануға негіз бар, клиент;

      14) клиент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда көзделген клиентті тиісінше тексеру рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттер жасағанда;

      15) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар;

      16) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) 741-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 2-1), 2-3), 3), 4), 5-1), 5-2), 5-3), 7), 7-1), 8), 9) тармақшаларында көзделген мақсаттар үшін ашылған ағымдағы шоттарға қызмет көрсету шеңберінде шығарылған төлем карточкаларын, балалардың атына шығарылған қосымша төлем карточкаларын, бір банк шығарған бес және одан көп дебет карточкасын ұстаушылар болып табылатын клиенттер;

      17) Азаматтық кодекстің 741-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 2-1), 2-3), 3), 4), 5-1), 5-2), 5-3), 7), 7-1), 8), 9) тармақшаларында көзделген мақсаттар үшін ашылған ағымдағы шоттарға қызмет көрсету шеңберінде шығарылған төлем карточкаларын, балалардың атына шығарылған қосымша төлем карточкаларын қоспағанда, жиынтығында бірнеше банк шығарған (банкте осындай мәліметтер болған кезде) он және одан көп дебет карточкасын ұстаушылар болып табылатын клиенттер;

      18) банктің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалған есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзиті факторының негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ қаупі жоғары елдердің резиденттері;

      19) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты не тұрақты тұруға рұқсаты жоқ (Қазақстан Республикасының аумағында тұрмайтын) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері;

      20) мынадай шарттардың бірі немесе жиынтығы болған кезде он төрт жастан жиырма бес жасқа дейінгі адамдар санатына жататын клиенттер:

      банктік шот бойынша жеке тұлғалар арасында (P2P) жүйелі түрде ақша аударымдары жүргізіліп отырады және басқа операциялар жоқ;

      банктік шот бойынша абоненттік ұялы байланыс нөмірін толықтыру бойынша ірі сомаларға жүйелі төлемдер жүргізіледі;

      банктік шот бойынша көрсетілген клиент немесе клиенттер санаты (тобы) үшін қалыпты емес операциялар жүргізіледі.

      Осы тармақшаның шеңберінде ірі сомалардың жүйелілігі мен көлемі банктің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.

      21) соңғы 6 (алты) ай ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына жалпы сомасы 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам үш және одан да көп төлем жасаған клиенттер.

      18. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін төмендететін клиенттердің типтеріне мыналар енгізіледі, бірақ олармен шектелмейді:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда, мемлекеттік органдар, сондай-ақ бақылауын мемлекеттік органдар жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингі не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі заңды тұлғалар;

      3) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының резиденттері бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттейтін цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары) және цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары және цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері;

      4) акциялары Қазақстан Республикасы қор биржасының және (немесе) шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдар.

      19. Банк осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерде қызметті жүргізумен, осындай шет мемлекеттер клиенттеріне қызметтерді (өнімдерді) ұсынумен, осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды жүзеге асырумен байланысты елдік (географиялық) тәуекелді басқаруды жүзеге асырады.

      Олармен жасалатын операциялар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін жоғарылататын шет мемлекеттер :

      қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) оларға қатысты қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      "Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 15 қаулысына сәйкес офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      банк басқа факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзит деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқасы) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар) болып табылады.

      БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша мұндай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне сілтемелер қаржы мониторигі жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылады.

      20. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын банк қызметтері (өнімдері), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) банктің ішкі бақылау қағидаларында айқындалатын жаңа және дамып келе жатқан технологиялар сияқты жаңа, сондай-ақ іс жүзінде бар өнімдерге жаңа тетіктер беруді қоса алғанда, жаңа өнімдер және жаңа іскерлік тәжірибе;

      2) клиенттерге дербес банктік қызмет көрсету;

      3) банк шотын пайдаланусыз ақша төлемі және (немесе) аударымы;

      4) сауданы қаржыландыру;

      5) сейфтік операциялар (сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау);

      6 мүлікті сенімгерлік басқару;

      7) халықаралық нарықтарда брокерлік қызмет көрсету;

      8) кастодиандық қызмет көрсету;

      9) егер эмитент банк тиісті электрондық ақша жүйесінің операторы болып табылмайтын жағдайда электрондық ақша;

      10) алдын ала төленген төлем карточкалар;

      11) корпоративтік төлем карточкалары;

      12) чектер, оның ішінде жол чектері;

      13) шетелдік қаржы ұйымдарының шоттары;

      14) қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункттері арқылы сатып алу, сату, айырбастау бойынша операциялар.

      21. Банк қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін Талаптардың 17, 18, 19 және 20-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің факторларына сәйкес бағалау кезінде банк тәуекелдің жиынтық дәрежесіне ықпал етеді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) банктің қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы хабарламаларының саны;

      2) банк қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға клиенттердің шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.

      22. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде банк Талаптардың 17, 18, 19 және 20-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің санаттары мен факторларын, сондай-ақ банк белгілейтін тәуекелдердің өзге де санаттары мен факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу жөнінде шаралар қолданады.

      Клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін банктегі клиент (клиенттер) туралы мәліметтер мен ақпаратқа жүргізілген талдау нәтижелері бойынша банк белгілейді және тәуекел деңгейін айқындаудың кемінде екі деңгейден тұратын шәкілі бойынша бағаланады.

      Талаптардың 17, 18, 19 және 20-тармақтарында көрсетілген тәуекелдер санаттары мен факторларын пайдаланумен тәуекелді бағалау клиенттерге (клиенттер тобына) қатысты операциялардың мониторингі (іскерлік қатынастар) нәтижелері негізінде жүргізіледі.

      Банк клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) операциялар мониторингі нәтижелері туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.

      23. Банктер:

      1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік практика әзірлеуге;

      2) жаңа және сол сияқты қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамушы технологияларды пайдалануға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін айқындайды және бағалайды.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға дейін немесе жаңа (дамушы) технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.

4-тарау. Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасы

      24. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында банк клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру банктің клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын немесе біржолғы операцияны (мәмілені) белгілеу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуінен, жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді алуды және тіркеуді, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда көзделген клиент (оның өкілі) туралы өзге де мәліметтерді алуды және тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және банк арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеуді тұрақты негізде жүргізуден тұрады.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және тиісінше тексеруді банк клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге дереккөздерден, оның ішінде скорингтік модульдегі тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі.

      Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.

      Заңды тұлға-клиенттің, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмән үшін негіздер болған кезде, басқа түрде не оның мүддесінде клиент-заңды тұлға, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын клиент-заңды тұлғаға, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымға бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Егер шаралар қолдану нәтижесінде заңды тұлға-клиенттің, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, жеке дара атқарушы органның не клиент-заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы басшысының, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі болып танылуына жол беріледі бенефициарлық меншік иесінің жеке-дара атқарушы органды не клиент-заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы басшысын, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымды тануына жол беріледі.

      25. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ онымен шектелмейді:

      1) банктің іскерлік қатынастар орнатудан және (немесе) операциялар жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау рәсімін, негіздері мен мерзімдерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау тәртібі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде клиентті тиісінше тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шараларын қолдану рәсімдерінің ерекшеліктері;

      3) шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде сәйкестендіруді жүргізу ерекшеліктері;

      4) банктің қызмет көрсетудегі немесе қызмет көрсетуге қабылдайтын клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелерінің, олардың жұбайларын (зайыптарын) және жақын туыстарын анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      5) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен жүргізілетін операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды қолдану тәртібі;

      6) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес жасалған ТҚ тізбесінде және осы Заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тексеру тәртібі;

      7) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін ТҚ тізбесінен және ЖҚҚТҚ тізбесінен алып тастаған кезде ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды тоқтату тәртібі;

      8) іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;

      9) банк кіретін банк конгломераты белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі талаптарды орындау шеңберінде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтер, сондай-ақ осындай мәліметтерді сақтаудың және құпиялылығын қамтамасыз етудің алмасу ерекшеліктері (болған кезде);

      10) басқа қаржы ұйымдарынан мәліметтер алу, оның ішінде брокер (дилер) өз банктік шоты бойынша олардың пайдасына немесе атынан операциялар жасайтын жеке және заңды тұлғаларды сәйкестендіру арқылы клиенттерді сәйкестендіру ерекшеліктері;

      11) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру тәртібі;

      12) клиент досьесінің нысанына, мазмұнына және жүргізу тәртібіне, мәліметтерді жаңарту кезеңділігін көрсете отырып, досьедегі мәліметтерді жаңартуға қойылатын талаптар;

      13) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, осындай тәуекелді бағалау негіздері;

      14) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған нысан мен тәртіп бойынша клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді банктің сұратуы бойынша алу және ұсыну тәртібі;

      15) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы бірінші бөлігінің 13) тармақшасына сәйкес ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, ойын бизнесі саласында уәкілетті органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қызметі заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушыларға (бұдан әрі – шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылар) тиесілігіне тексеру, шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың пайдасына төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуден бас тарту, сондай-ақ шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушы болып табылатын клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтату тәртібі.

      Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың дәйектілігі тексеріледі.

      Клиенттің өкіліне қатысты мұндай тұлғаның клиенттің атынан және (немесе) мүддесі үшін әрекет ету өкілеттігі қосымша тексеріледі.

      Банк берілген сенімхат негізінде клиенттің атынан әрекет ететін клиенттің өкілі арқылы іскерлік қатынастар орнатқан клиентке қатысты банк шығыс немесе кіріс операцияларын жүргізгенге дейін клиентті қосымша биометриялық аутентификациялауды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) арқылы жүргізеді.

      Клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтан орнату кезінде, клиент ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірін не электрондық банк қызметтеріне қол жеткізу үшін пайдаланылатын ұялы байланыс абоненттік құрылғысын ауыстырған кезде банк СДАО арқылы клиентті биометриялық аутентификациялауды жүргізе отырып, клиентті екі факторлы сәйкестендіру қолданады. Клиентті сәйкестендірудің (аутентификациялаудың) екінші тәсілін банк Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы, қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес дербес айқындайды. Банк клиентті биометриялық аутентификациялауды жүргізу кезінде клиентпен іскерлік қатынастар, оның ішінде аутсорсинг негізінде тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл қозғалысты анықтау технологиясын пайдалана отырып, клиентпен бейнеконференция сеансының жазбасын не клиенттің алынған ағымдағы бейнесін сақтауды қамтамасыз етеді.

      Клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату және (немесе) оған электрондық банк қызметтерін көрсету кезінде банк клиенттің банктік шот (банк шоттары) бойынша, оның ішінде төлем карточкасын (төлем карточкаларын) пайдалана отырып операциялар жүргізуі кезінде Қазақстан Республикасының резиденті – байланыс операторы берген және банктің ішкі қағидаларында айқындалған тәртіпке сәйкес банк сәйкестендірген ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірін пайдалануын бақылауды қамтамасыз етеді.

      Клиент электрондық банктік қызметтерді алу, банк шоты (банк шоттары) бойынша операцияларды жүргізу кезінде, оның ішінде төлем карточкасын (төлем карточкаларын) қолданғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент – байланыс операторы берген ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірін пайдаланған жағдайда, банк банктің мобильді қосымшасында тіркеу кезінде клиенттің биометриялық аутентификациясын жүргізуді қамтамасыз етеді. Банк банктің ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен клиенттің биометриялық деректерін қолдана отырып, клиенттің жеке басын растауды қамтамасыз ететін аутентификация құралдарын пайдалана отырып, банктің мобильді қосымшасында клиентті кейіннен авторизациялауды қамтамасыз етеді. Аутентификацияға байланысты барлық әрекеттер 3 жыл бойы есепке алынуға және сақталуға тиіс.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент байланыс операторы берген ұялы байланыс құрылғыларының абоненттік нөмірлерін пайдаланатын клиенттердің әдеттегіден тыс, күдікті операцияны немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операцияны жүргізуі анықталған кезде СДАО арқылы қайталама биометриялық аутентификация қолданылады.

      Клиенттің СДАО арқылы жүргізілген қайталама биометриялық аутентификация нәтижелері клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап, оның ішінде аутсорсинг негізінде кемінде бес жыл сақталады.

      Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде клиентке электрондық банк қызметтерін көрсету банктің ішкі қағидаларында айқындалған тәртіпке сәйкес банк сәйкестендірген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жүзеге асырылады.

      Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі адамдар санатына жататын клиенттерге қатысты көлемі банктің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалатын ірі сомаларға клиенттің операцияларын электрондық банк қызметтерін алу кезінде ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тексереді.

      Азаматтық кодекстің 741-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 2-1), 2-3), 3), 4), 5-1), 5-2), 5-3), 7), 7-1), 8), 9) тармақшаларында көзделген мақсаттар үшін ашылған ағымдағы шоттарға қызмет көрсету шеңберінде шығарылған төлем карточкаларын, балалардың атына шығарылған қосымша төлем карточкаларын, сондай-ақ банктік қарыздарды беру және өтеу бойынша операциялар ғана жүзеге асырылатын кредиттік карточкаларды қоспағанда, банк клиентке бір дебет карточкасынан артық карточка шығарған кезде:

      1) клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысын мониторингтеуді жүзеге асырады және банктік шоттар бойынша жеке тұлғалар арасындағы жүйелі ақша аударымдарын (P2P), сондай-ақ көрсетілген клиент немесе клиенттер санаты (тобы) үшін қалыпты емес операцияларды анықтаған кезде банктің ішкі құжаттарына сәйкес клиентке тәуекелдің жоғары деңгейін тағайындаудың орындылығын айқындайды;

      2) клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда Талаптарда және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленген банктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен көзделген іс-шараларды жүргізеді.

      Егер банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға банктің клиенттеріне қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, банк осындай тұлғалармен өзара іс-қимыл жасаудың мыналар:

      банктің сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шарттар жасасу рәсімі, сондай-ақ банктің осындай шарттар жасасуға уәкілетті лауазымды тұлғаларының тізбесі;

      банк пен сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар арасындағы шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімі;

      сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалардың сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді банкке беру рәсімі мен мерзімдері;

      банктің сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалардың алынған мәліметтерді банкке беру рәсімін, мерзімдері мен толық болуын қоса алғанда, сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру рәсімі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде банк қабылдайтын шаралар;

      сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, алынған мәліметтерді банкке беру мерзімдерін және толық болуын сақтамаған жағдайда, банктің сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалармен жасалған шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздері, рәсімі және мерзімдері;

      банктің сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті лауазымды тұлғаларының тізбесі;

      банк сәйкестендіру жүргізуді тапсырған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін, алынған мәліметтерді банкке беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, олардың жауапкершілігі туралы ережелері;

      банктің сәйкестендіру жөніндегі талаптарды орындау мақсатында оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау рәсімі қамтылатын қағидаларды әзірлейді.

      Банктің өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша талаптарды енгізуіне жол беріледі.

      Шетелдік қаржы ұйымына шарт негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларын қолдануды тапсырған банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ ықтимал тәуекелдерін ескереді.

      26. Қазақстан Республикасының бейрезидентіне банктік шот ашу және (немесе) төлем карточкасын шығару кезінде банк:

      1) клиенттің Қазақстан Республикасында болу негізділігін растайтын құжаттарын (клиенттің түрі және (немесе) банктік шоттың түрі бойынша қолданылуын ескере отырып, оларға жататын, бірақ олармен шектелмейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өту туралы белгісі бар паспортты, жеке сәйкестендіру нөмірін беру туралы тіркеу куәлігін, уәкілетті мемлекеттік органға берілген, еңбек мигрантына рұқсат беру туралы өтініштің көшірмесін, еңбек шартының немесе оқыту шартының нотариат куәландырған көшірмесін, Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының нотариат куәландырған көшірмесін, жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртектің көшірмесін) тексереді;

      2) нысанын банк айқындайтын және клиенттің Қазақстан Республикасында болуының негізділігі туралы, клиенттің күшейтілген тиісті тексеру шеңберінде өзінің құжаттарымен расталатын мәліметтерді, клиенттің Қазақстан Республикасына келу мақсатын, клиенттің кәсіби қызметін, банктік шотты ашу (төлем карточкасын шығару) мақсатын, жоспарланған халықаралық аударымдардың төлем карточкасын шығару, үшінші тұлға үшін банктік шотқа қолжетімділікті (оның ішінде мобильді қосымша және онлайн-банкинг арқылы) жоспарлы ұсыну кезінде жасалатын операциялардың қаржыландыру көзін, Қазақстан Республикасының басқа банктерінде банктік шоттардың болуы және оларды ашу мақсаттары, клиенттің ұялы байланысының абоненттік құрылғысын IMEI коды (бар болса), клиенттің үшінші тұлғалардың ықпалынсыз өз бетінше банктік шот ашу туралы шешім қабылдағанын растауын қамтитын, бірақ онымен шектелмейтін, клиент толтырған пікіртерімге талдау жүргізеді.

      Электрондық резиденттерге (e-Residency) мемлекеттік қызметтер мен сервистер көрсету кезінде банктік шотты ашу және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төлем карточкасын шығару кезінде банк:

      1) СДАО арқылы биометриялық аутентификацияны жүргізеді;

      2) банк шотын ашу, төлем карточкасын шығару мақсатын, клиенттің кәсіби қызметін, жасалатын операцияларды қаржыландыру көзін, Қазақстан Республикасының банктерінде банк шоттарының болуын және оларды ашу мақсттарын және банк шотын ашу туралы шешімнің үшінші тұлғалардың ықпалынсыз дербес қабылданғаны туралы растау алуды белгілеуді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей клиент бойынша оның сәйкестендірілгенін растайтын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) тармақшаларында көзделген мәліметтерді тіркеуді жүргізеді.

      27. Банк Талаптардың 26-тармағының бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен пікіртерімді талдау немесе Талаптардың 26-тармағының екінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларында көзделген шараларды жүргізу қорытындылары бойынша және Талаптардың 22-тармағына және банктің ішкі құжаттарына сәйкес клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін айқындауды ескере отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекеліне, оның ішінде есірткінің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) оларды тасымалдау факторы негізінде алаяқтық және заңға қайшы оқыс оқиғалар тәуекелдеріне ұшырауын айқындайды.

      Банк ішкі бақылау қағидаларында айқындаған бағалау көрсеткіштеріне сәйкес банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелін берген, алаяқтық және заңға қайшы оқыс оқиғалар тәуекелдеріне ұшырауы туралы күдік бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттерге қатысты:

      іскерлік қатынастарды қашықтықтан немесе өкіл арқылы орнатуға, осындай іскерлік қатынастарды ұзартуға, сондай-ақ төлем карточкасын қашықтықтан және (немесе) өкіл арқылы шығаруға және қайта шығаруға жол берілмейді;

      іскерлік қатынастар орнатқан кезде және клиент ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірін немесе электрондық банктік қызметтерге қол жеткізу үшін пайдаланылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын ауыстырған кезде, клиентті міндетті түрде СДАО арқылы биометриялық аутентификациялауды жүргізе отырып, клиентті екі факторлы сәйкестендіру (аутентификация) қолданылады, кейіннен клиент оларды қолданған кезде онлайн-банкинг немесе мобильді қосымша арқылы биометриялық аутентификациялауды айына кемінде бір рет жүргізіп отырады.

      Азаматтық кодекстің 741-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 2-1), 2-3), 3), 4), 5-1), 5-2), 5-3), 7), 7-1), 8), 9) тармақшаларында көзделген мақсаттар үшін ашылған ағымдағы шоттарға қызмет көрсету шеңберінде шығарылған дебет карточкаларын, балалардың атына шығарылған қосымша төлем карточкаларын қоспағанда, бірден артық төлем карточкасын шығаруға және қайта шығаруға жол берілмейді;

      Азаматтық кодекстің 741-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 2-1), 2-3), 3), 4), 5-1), 5-2), 5-3), 7), 7-1), 8), 9) тармақшаларында көзделген мақсаттар үшін ашылған ағымдағы шоттарға қызмет көрсету шеңберінде шығарылған дебет карточкаларын, балалардың атына шығарылған қосымша төлем карточкаларын қоспағанда, дебет картасына қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 12 (он екі) айдан аспайды;

      банк қатарынан үш ай ішінде төлем карточкасын пайдалана отырып, операцияларды жүзеге асыратын клиенттің банктік шоты бойынша ақшаның қозғалысына клиент пікіртерімінде белгілеген банктік шотты ашу (төлем карточкасын шығару) мақсатына сәйкестігі, сондай-ақ көрсетілген клиент немесе клиенттер санаты (тобы) үшін тән емес өзге де, қалыпты емес операциялар болған жағдайда банктік шот бойынша жеке тұлғалар арасындағы жүйелі ақша аударымдарының болуына (P2P) мониторинг жүргізеді. Ақша аударымдарының жүйелілігін банк өзінің ішкі құжаттарына сәйкес айқындайды. Банктік шот бойынша операциялар сипатының пікіртерімде көрсетілген мәліметтерге сәйкессіздігі анықталған және көрсетілген клиент немесе клиенттер санаты (тобы) үшін тән емес өзге де, қалыпты емес операциялар болмаған жағдайда жеке тұлғалардың арасындағы ақша аударымдарының жүйелілігі (P2P) анықталған кезде клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату орындылығы туралы мәселе банктің уәкілетті органына немесе уәкілетті алқалы органының қарауына шығарылады.

      28. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып банк клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне іскерлік қатынастар орнатқанға дейін сәйкестендіру жүргізеді.

      29. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2 және 3-1-тармақтарының және 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, банк клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді, іскерлік қатынастарды тексереді және операцияларды зерделейді, қажет болған кезде жасалатын операцияларды қаржыландыру көздері туралы мәліметтер алу мен белгілеуді қоса алғанда, клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, сондай-ақ мынадай:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жасаған;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет еткен);

      3) клиент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операцияны (мәмілені) жасаған;

      4) клиент әдеттегіден тыс операция (мәміле) жасаған;

      5) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің дәйектілігіне күмәндануға негіздер болған;

      6) клиент 500 000 (бес жүз мың) теңгеден асатын сомаға не 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан асатын шетел валютасындағы сомаға біржолғы операция (мәміле) жүргізген (жасаған), оның ішінде жеке тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке алу не банк шотын пайдаланбай қолма-қол ақшасыз төлемге немесе ақша аударымына арналған жабдық (құрылғы) арқылы көрсетілетін қызметтерді берушінің пайдасына төлем жүргізу бойынша операцияларды, айырбастау пунктінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау операцияларын жүргізген;

      7) клиенттің 200 000 (екі жүз мың) теңгеден асатын сомаға не осындай клиенттің банктік шотына қол жеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалана отырып операциялар бойынша 200 000 (екі жүз мың) теңге баламасынан асатын шетел валютасындағы сомаға біржолғы операция (мәміле) жүргізген (жасаған);

      8) клиенттің қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы мемлекеттік органдардың пайдасына атқарушылық іс жүргізу шеңберінде берешекті төлеу бойынша операция жүргізген;

      9) сәйкестендірілмеген электрондық ақша иелері-жеке тұлғалар "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану жөніндегі операцияларды жасаған жағдайларда клиент және бенефициарлық меншік иесі туралы алынған мәліметтердің дәйектілігін тексереді және іскерлік қатынастардың немесе біржолғы операцияның (мәміленің) болжамды мақсатын анықтайды.

      Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді көздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мәліметтерді басқа да тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің дұрыстығына күмән келтіру үшін негіз болған кезде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту банк осындай күмәннің болуы туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операциялар жасаған кезінде, егер клиентті сәйкестендіру осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейіне және Талаптарға сәйкес бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту не алу қажеттігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастарды белгілеу кезінде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      30. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру шеңберінде Талаптардың 28 және 29-тармақтарына сәйкес алынған мәліметтер құжатпен тіркеледі және банк клиенттің досьесіне енгізеді (қосады), ол клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және клиентпен іскерлік қатынастар немесе біржолғы операция (мәміле) жүргізу (жасау) тоқтатылған күннен бастап кем дегенде 5 (бес) жыл банкте сақталады.

      Банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде банк клиент (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін туралы қаржы мониторингінің басқа субъектілерінен клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін мәліметтерді дереу, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін сұрату бойынша кідіріссіз алады, оларға оның ішінде ақпарат, цифрлық жүйеден немесе банк клиентті тиісінше тексеру шараларын негізге алатын басқа қаржы мониторингі субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жатады.

      Шетелдік қаржы ұйымы қабылдаған клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенетін Банк осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және шетелдік қаржы ұйымы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының талаптарына ұқсас тиісті тексеру бойынша шаралар қабылдайтынын, сондай-ақ тиісті тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтайтынын белгілейді.

      Банк конгломератының қатысушысы болып табылатын банк қажет болған кезде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 6-1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты осындай банк конгломератының басқа қатысушылары қабылдаған КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенеді.

      Банк ішкі құжаттарға сәйкес досьелер жүргізетін клиенттердің топтары мыналарды қамтиды, бірақ шектелмейді:

      жеке тұлғалар;

      заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым;

      заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік қаржы ұйымдары-респонденттер.

      Банк клиент досьесін ол туралы банк ішкі бақылау қағидаларына сәйкес оған банк берген тәуекел деңгейіне қарай қалыптастырады. Клиентке төмен деңгей берілген жағдайда оған қатысты тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары жүргізіледі және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер тізбесі бекітіледі.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда оған қатысты тиісті тексерудің күшейтілген шаралары жүргізіледі және қосымша мәліметтерге КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағында көзделген мәліметтер жатады (салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер).

      Шетелдік қаржы ұйымы және оның клиенттері корреспонденттік шоттар арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде банк төлем құжатында КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді.

      31. Қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымының Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) тиісінше орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелуі, болуы немесе орналасуы жағдайында Банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасамайды.

      32. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру барысында банк мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚҚ тізбесінде болуына тексеру жүргізеді.

      Банк клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау барысында мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.

      Банктер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:

      1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асыруға;

      2) банктің басшы қызметкерінің осындай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алуға;

      3) мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесі қаражатының және (немесе) өзге мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдауға;

      4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде тұрақты негізде күшейтілген шаралар қабылдауға міндетті.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, банк қосымша осы тармақтың үшінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.

      Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты көші-қон карточкалары туралы мәліметтер алу талап етілмейді.

      Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚҚ тізбесінде болуын (ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (ТҚ тізбесінің және ЖҚҚТҚҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.

      Банк жеке тұлғаны (заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым басшысын, құрылтайшыларды (қатысушыларды) бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      азаматтығы;

      туған күні және жері;

      заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы;

      жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) оның негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге де құжаттың деректемелері;

      қызмет түрі (жеке кәсіпкерлер үшін);

      жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).

      Банк заңды тұлға-клиентті (заңды тұлға клиентінің, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшыларын (қатысушыларын) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      атауы, ұйымның тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар бар болса);

      тіркелген немесе орналасқан жерінің мекенжайы;

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда);

      қызмет түрі;

      басшы (құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер;

      бенефициарлық меншік иелері туралы деректер.

      Банк клиентті-заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымды идентификаттау кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым шет мемлекетте (аумақта) тіркелген атауы, нөмірі (бар болса);

      негізгі қызметті жүргізу орны;

      қызмет сипаты;

      басқарудағы (меншіктегі) мүліктің құрамы (құрылымы немесе функциясы ұқсас трасттар мен заңды тұлға құрмай өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).

      33. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту кезеңділігі және (немесе) қосымша мәліметтерді алу қажеттілігі клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейі және (немесе) клиент пайдаланатын банк қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі ескеріле отырып белгіленеді.

      Тәуекел деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Талаптардың 17-тармағының 16), 17), 19), және 20) тармақшаларында көрсетілген клиенттер (олардың өкілдері) туралы мәліметтерді жаңарту кемінде бір тоқсанда бір рет жүзеге асырылады.

      Өзіне қатысты қызметі есірткілердің заңсыз өндірілуін, айналымын және (немесе) транзитін қаржыландыруға байланысты деп болжауға негіз бар клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді жаңарту кемінде жарты жылда бір рет жүзеге асырылады.

5-тарау. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы

      34. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру бойынша, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды анықтау және жіберу жөніндегі талаптарын іске асыру мақсатында банк клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      35. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы төмендегілерден тұрады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган анықтаған, сондай-ақ банк дербес түрде әзірлеген күдікті операцияларды анықтау белгілерінің негізінде жасалған күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;

      2) клиенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологиялары, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалардан тұратын операцияларын анықтау рәсімі;

      3) Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту және (немесе) қосымша мәліметтер алу бойынша банк бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында міндеттерді бөлу;

      4) шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасында беру бойынша банк бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында міндеттерді бөлу;

      5) жауапты қызметкердің клиент операциясының біліктілігі туралы шешім қабылдау тәртібі, негіздемелері және мерзімі;

      6) әдеттегіден тыс операцияларды (мәмілелерді) зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар (соның ішінде операция сомасы) туралы мәліметтерді белгілеу (соның ішінде белгілеу тәсілдері) және сақтау тәртібі;

      7) тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және зерделеу тәртібі;

      8) клиент жүйелі түрде және (немесе) елеулі көлемде әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда клиентке және оның операцияларына қатысты шаралар қабылдау тәртібі және қабылданатын шаралардың сипаты;

      9) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарлар ұсыну тәртібі;

      10) банктің уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарына шекті және күдікті операцияның анықталғандығы туралы хабарлау (қажет болған кезде) тәртібі.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган анықтаған күдікті операциялардың белгілерін анықтау мақсатында, банк қызметінің ауқымы мен негізгі бағыттарын, оның клиенттері қызметінің сипаты, ауқымы мен негізгі бағыттарын, клиенттер мен олардың операцияларымен байланысты тәуекелдер деңгейін ескере отырып, банк ішкі бақылау қағидаларында дербес түрде бағалау критерийлерін (жүйелілік, тұрақтылық, мәнділік, маңыздылық, асыра алаңдаушылық, негізсіз асығыстық, кішігірім кезең, үлкен көлем, адамдар тобы) анықтайды.

      36. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасының аясында банк барлық шекті, әдеттегіден тыс, күдікті операциялар мен КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалардан тұратын операциялардың мақсаттары мен негіздемелерін, сондай-ақ қажет болатын жағдайда қаржыландыру көзін анықтауға бағытталған іс-шараларды жүргізеді.

      Банк клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу нәтижелерін банк қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау, сондай-ақ клиенттердің тәуекелдер деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 30-тармағында көзделген клиент досьесіне енгізіледі және (немесе) банкте клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі бойы және операция жасалғаннан кейін және біржолғы операция (мәміле) жасалғаннан кейін кемінде бес жыл сақталады.

      37. Клиент операцияларын зерделеу жиілігін банк клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын банк қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, клиенттің қаржы мониторингі жасалуы тиіс операция (операциялар) жасауын (жасауға әрекеттерін), сондай-ақ банктегі қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологиялары, схемалары мен тәсілдерін ескере отырып анықтайды.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған кезде банк клиенттің белгілі бір уақыт кезеңінде, бірақ кем дегенде соңғы айда жүргізетін (жүргізген) операцияларын зерделейді.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабы 4-тармағында көрсетілген негіздерден басқа, банк тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиентке қолма-қол ақшаны біржолғы беру операциясын, оның ішінде банк банктің ішкі бақылау қағидаларында дербес түрде анықтаған сомаға банктік шотты (шоттарды) пайдалану арқылы жасалған операциясын қосымша түрде зерделейді. Уәкілетті орган тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиентке қолма-қол ақшаны біржолғы беру операциясының сомасын қайта қарау қажеттілігі туралы нұсқау жіберген жағдайда, банк нұсқауға сәйкес лимиттер белгілейді.

      38. Банк қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу бойынша операцияларды (бұдан әрі – конверсиялық операцияларды) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті конверсиялық операциялар арқылы заңды айналымға тарту мәніне мониторинг және зерделеу рәсімі арқылы тексереді. Мониторинг және зерделеу рәсіміне банктің бір клиенті жиынтығы жеке тұлғалар үшін 3 (үш) миллион АҚШ долларынан, заңды тұлғалар үшін – 10 (он) миллион АҚШ долларынан асатын сомада шетел валютасын бір операциялық күні сатып алу түрінде жүргізілетін конверсиялық операциялар жатады.

      Егер валюталық шарт талаптарында осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келген операциялар жасау көзделсе валюталық шартты (келісімшартты) есептік тіркеу кезеңінде Заңды тұлғалардың конверсиялық операцияларына алдын ала мониторинг және зерделеу жүргізуге рұқсат етіледі.

      Егер клиент конверсиялық операциялар бойынша алдын ала мониторингтен және зерделеуден өтпесе, онда клиент конверсиялық операциялар жасаған кезде және клиент осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шекті күн ішінде бір мезгілде қол жеткізген кезде, шетел валютасын сатып алуға арналған келесі өтінімдер конверсиялық операция жасалатын күнге дейін кемінде 1 жұмыс күні бұрын қабылданады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талаптар клиенттердің бағалы қағаздар сатып алу бойынша мәмілелер шеңберінде берілген шетел валютасын сатып алуға, клиенттердің ағымдағы қарыздарын қайта қаржыландыруға, сондай-ақ оған қатысты тиісті тексеру рәсімінен өткен бейрезиденттің операцияларына арналған олардың өтінімдеріне қолданылмайды.

      Конверсиялық операция мониторингі және зерделеу рәсіміне қолжетімді дереккөздерден мына шаралар кіреді, бірақ бұлармен шектелмейді:

      операцияны қаржыландыру үшін ақшаның шыққан көзін, оның ішінде қаржылық есептілікті талдау арқылы зерделеу;

      бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру;

      заңды тұлғаның іскерлік мәртебесін тексеру, қызметіне талдау жасау, қызметті жүзеге асыруға лицензияның, рұқсаттың болуын тексеру;

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 13-бабының 1-тармағына сәйкес іскерлік қатынастар орнатудан бас тартылған (іскерлік қатынастар тоқтатылғанға тең) клиенттің банк тізімінде болуын және (немесе) болмауын тексеру.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелі жоғары елдерді және офшор аймақтары тізбесіне енгізілген елдерді ескере отырып клиентте операциялардың болуын және (немесе) болмауын тексеру;

      ашық қолжетімді дереккөздердегі осы бөліктің үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген клиенттің контрагенті туралы ақпаратты тексеру;

      клиент жасаған операцияны ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен ашық экономикалық мәні немесе анық көрінетін заңды мақсаты жоқ белгілердің болу-болмауына тексеру.

      Уәкілетті орган күдікті конверсиялық операциялар мониторингі және зерделеу рәсімдерін сақтау мақсатында клиентті тиісінше тексеру талаптарын қайта қарау қажеттілігін негіздей отырып нұсқау жіберген жағдайда, банк клиентті нұсқауды ескере отырып тиісінше тексерудің қосымша шараларын әзірлейді және қолданады.

      39. Банк автоматтандырылған цифрлық жүйені пайдалану арқылы ағымдағы шоттары бойынша шығыс операциялары жүргізілетін, бұл ретте клиенттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты төлемдері, коммуналдық төлемдері, салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдері жоқ клиенттерді айқындайды:

      1) клиентке тәуекелдің жоғары деңгейін беру орындылығын айқындау және оған қатысты күшейтілген тиісті тексеру шараларын жүргізу мақсатында ағымдағы шоты бойынша ақша қозғалысына тереңдетілген мониторинг жүргізеді;

      2) клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда Талаптарда және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 48-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес банктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен көзделген іс-шараларды жүргізеді.

      Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 741-бабының екінші бөлігінің 1), 2), 2-1), 2-3), 3), 4), 5-1), 5-2), 5-3), 7), 7-1), 8), 9) тармақшаларында көзделген мақсаттар үшін және (немесе) тұрғын үй-құрылыс жинақ банктерінде ашылған ағымдағы шоттарға қатысты қолданылмайды.

      40. Операцияны шекті ретінде жіктеудің заңды болуы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттен тыс, күдікті операцияны немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың үлгілеріне, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды анықтаған кезде, аталған операцияны анықтаған банк қызметкері мұндай операция туралы жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімшеге) банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде хабарлама жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаларды, сондай-ақ оларды зерттеу нәтижелерін банк операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл сақтайды.

6-тарау. Банктің қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      41. Банк қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы заңнаманың, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы ішкі бақылау қағидаларының және банктің өзге де ішкі құжаттарының талаптарын орындау үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыруы банктің қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты болып табылады.

      42. Оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабының 8-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында дайындау және оқыту бойынша қаржы мониторингі субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

  Тізбеге 3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 12 қазандағы
№ 95 қаулысымен
бекітілген

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң) 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес әзірленді.

      2. Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – қор) дербес әзірлеген күдікті операцияны және қаржы мониторингіне жататын клиенттің күдікті қызметін (бұдан әрі бірге – күдікті операция) айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);

      2) клиент – қордың қызметтерін алатын жеке тұлға, заңды тұлға;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын қаржыландыру тәуекелдері – қорды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын қаржыландыру процестеріне қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдерін басқару – қордың КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды барынша азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

      5) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржылық мониторингке жататын операциясы;

      6) іскерлік қатынастар – клиенттермен қорлардың кәсіптік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қарым-қатынас.

      3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) мақсатында қор ішкі бақылауды:

      1) қордың КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) қордың ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) қорды, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      4. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде қордың басқару немесе атқарушы органы қордың ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптар кіретін ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді және қабылдайды.

      Қор ішкі бақылау қағидаларын қор қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, мөлшерін, сипаты мен күрделілігін бағалау нәтижелерін ескере отырып орындайды.

      Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалардан тұрады, қор оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және олар қордың ішкі құжаты не қордың басқару органы немесе атқарушы органы бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Қорда қордың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қордағы ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуы және сақталуы үшін жауапты, қордың басшы қызметкерлерінің немесе қордың тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының деңгейінен төмен емес қордың өзге басшыларының қатарынан экономика, қаржы, банк және сақтандыру ісі, бизнес және басқару, құқық, бухгалтерлік іс және салық салу салаларында жоғары білімі, қордың қызметін ұсынуға байланысты бөлімше басшысының лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі не КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі не қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мінсіз іскерлік беделі бар лауазымды тұлға (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері кіретін қор бөлімшесінің (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше) қызметкерлері айқындалады.

      6. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;

      2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен жүргізілетін операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды қолдану тәртібі;

      3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес жасалған ТҚ тізбесінде және осы Заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тексеру тәртібі;

      4) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін ТҚ тізбесінен және ЖҚҚТҚ тізбесінен алып тастаған кезде ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды тоқтату тәртібі;

      5) қор қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің, қордың басқару органының және атқарушы органының өздеріне белгілі болған, қор қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;

      6) қорды (қордың бас ұйымын) бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі талаптарды сипаттау (бар болса);

      7) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында қордың ішкі аудит қызметінің ішкі бақылау тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті дайындау және қордың басқару органы мен атқарушы органына ұсыну, оның ішінде қаржылық топ (бар болса) шеңберінде шоғырландырылған негізде ұсыну тәртібі;

      8) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі;

      9) бөлімшенің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ бойынша функцияларының, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде қордың басқа бөлімшелерімен, филиалдарымен, еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің, сондай-ақ жауапты қызметкердің функцияларының, өкілеттіктерінің, жауапты қызметкердің қордың басқару органымен және атқарушы органымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің сипаттамасы;

      10) қордың Қазақстан Республикасында және сол сияқты одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру тәртібі, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару және оларды төмендету жөнінде қосымша шаралар мен рәсімдер қолдану тәртібі.

      7. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) әзірленген және қордың басқару органымен немесе атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың), сондай-ақ қорда олардың сақталуына мониторингтің болуын қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес уәкілетті органға хабарлар ұсынуды ұйымдастыру және олардың ұсынылуын бақылау;

      3) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және қордың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға хабарлар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      4) уәкілетті органды анықталған клиенттер мен нысаналы қаржылық санкциялар қолдану бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар ету;

      5) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) шарттарда көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттердің операциялар жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау не келісу;

      6) қордың басқару органына және (немесе) атқарушы органына КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) қордың ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сұратулар жіберу;

      7) қордың басқару органын анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы қордың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабардар ету;

      8) қордың басқару органына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында, оның ішінде қаржылық топ шеңберінде (бар болса) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару жүйесін жақсарту бойынша ұсынылатын шаралар мен ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты дайындау;

      9) қордың КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартылу тәуекелін бағалау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға сұратылып отырған ақпарат беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау бойынша жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей үйлестіру.

      8. Жауапты қызметкерге және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлеріне жүктелген функцияларды орындау үшін мынадай:

      1) өз функцияларын толық көлемде және қордың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте қордың барлық үй-жайларына, цифрлық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;

      2) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

      3) қордың бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету өкілеттіктер беріледі, бірақ олармен шектелмейді.

      9. Қордың филиалдарында Талаптардың 7 және 8-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толығымен немесе ішінара жүктелген қызметкерлер бар болса осындай қызметкерлердің қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.

      10. Жауапты қызметкердің, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің, сондай-ақ қордың Талаптардың 7-тармағында көзделген функциялар жүктелген қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің функцияларымен, сондай-ақ қордың операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің функцияларымен қоса атқарылмайды.

      11. Қор КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін қордың ішкі бақылау талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған цифрлық жүйелерді пайдаланады.

3-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      12. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында қор КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша ұсынылады

      13. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қордың КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін оның құрылымдық бөлімшелері бөлінісінде басқаруды ұйымдастыру тәртібі;

      2) клиент тәуекелінің деңгейіне;

      қор қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттің типі, елдік тәуекел және қызметтер/өнімдер тәуекелі бойынша) ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) алдын алу іс-шараларының тізбесін, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылауды көздейтін клиенттердің тәуекелдеріне және қор өнімдерінің (қызметтерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін тұрақты мониторингтеуді, талдауды және бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

      4) клиенттердің тәуекел деңгейлерін қайта қарау үшін беру тәртібі, мерзімдері мен негіздері.

      14. Қор жыл сайынғы негізде кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің типі бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, қызмет (өнім) және (немесе) оны ұсыну тәсілінің тәуекелін ескере отырып, қор қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалауды жүзеге асырады.

      Қор қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингтеу рәсімдерін өзгертуді, операцияларды жүргізуге лимиттерді белгілеуді, қызметтерді ұсыну шарттарын өзгертуді, қызметтерді ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.

      15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды адам, олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      2) қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын ұйымдар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      тұтынушылардан қолма-қол ақшаны, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы қабылдауды жүзеге асыратын қызметтерді (қаржылық қызметтерден басқа) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірілген өкілдері);

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн-казино қызметін көрсететін не одан кіріс алатын тұлғалар;

      туристік қызметтерді, сондай-ақ қолма-қол ақшаның қарқынды айналымына байланысты өзге де қызметтерді ұсынатын тұлғалар;

      3) инвестициялық портфельді басқарушы брокер-дилерлер (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      4) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      5) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар;

      6) қаржы лизингі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      7) сақтандыру агенттері ретінде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      8) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      9) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды өндірумен және (немесе) сатумен байланысты адамдар;

      10) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен, сондай-ақ сатып алумен-сатумен байланысты тұлғалар;

      11) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      12) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      13) сенімхат бойынша олардың өкілдері атынан әрекет ететін зейнетақы төлемдерін алушылар.

      16. Қор осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерден клиенттерге қызмет көрсетуге және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

      Мыналар өздерімен жасалатын операциялар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін ұлғайтатын шет мемлекеттер болып табылады:

      1) уәкілетті орган КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      2) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) "Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 15 қаулысына сәйкес офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      4) қор факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзит деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар) болып табылады.

      17. Қордың КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын қызметтері, сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) дербес компьютерлер, телефондар, электрондық терминалдар арқылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсету;

      2) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметтер;

      3) операция сомасы 10 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын не 10 000 000 теңгеге баламалы немесе одан асатын шетел валютасындағы сомаға тең және өзінің сипаты бойынша бұл операция қорға ерікті зейнетақы жарналарын енгізуге, аударуға, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен қордан зейнетақы төлемдерін қолма-қол нысанда жүзеге асыруға жатады;

      4) қолданыстағы, сондай-ақ енгізілетін өнімдер үшін жаңа және дамушы технологияларды пайдалана отырып беру тетіктерін қамтитын жаңа өнімдер мен іскерлік тәжірибелер.

      18. Қор қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау кезінде Талаптардың 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекелдер санаттарына және факторларына сәйкес мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, қор тәуекелдің қорытынды дәрежесіне әсер ететін қосымша мәліметтерді ескереді:

      1) қордың уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны;

      2) қордың уәкілетті органға клиенттердің шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.

      19. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде қор Талаптардың 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын, сондай-ақ қор белгілейтін өзге де санаттар мен тәуекелдер факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      Қор клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қорда бар клиент (клиенттер) туралы мәліметтер мен ақпаратты талдау нәтижелері бойынша белгілейді және кемінде екі деңгейден тұратын қор әзірлеген тәуекел деңгейін айқындау шкаласы бойынша бағаланады.

      Қор клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай жүзеге асырады).

      20. Талаптардың 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекел санаттары мен факторларын пайдалана отырып, тәуекелді бағалау клиенттерге (клиенттер топтарына) қатысты операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелері негізінде жүргізіледі.

      Тәуекелді бағалау бұрын жүргізілмеген және (немесе) іскерлік қатынастар бұрын орнатылмаған клиенттер (клиенттер топтары) бойынша қор іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін алынған деректер негізінде тәуекелді бастапқы бағалауды жүргізеді.

      21. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру кезінде қор КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін ұлттық бағалау бойынша жарияланған ақпаратты ескереді.

      22. Қор:

      1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер және жаңа іскерлік практика әзірлеуге;

      2) жаңа, сол сияқты қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамушы технологияларды пайдалануға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін айқындайды және бағалайды.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға дейін немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.

4-тарау. Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасы

      23. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында қор клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру қордың зейнетақы жарналары салымшысы (оның өкілі), зейнетақы төлемдерін алушы (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және олардың анықтығын тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ зейнетақы жарналары салымшысы, зейнетақы төлемдерін алушы және олардың өкілдері туралы Талаптарда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуінен тұрады.

      Бенефициарлық меншік иесін анықтау жөніндегі іс-шараларды қор зейнетақы жарналарының салымшысына қатысты, ал ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезінде осындай зейнетақы төлемдерін алушыға да қатысты жүргізеді.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және тиісінше тексеруді қор клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге дереккөздерден, оның ішінде скорингтік модульдегі тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі. Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.

      Заңды тұлға-клиенттің жарғылық капиталына қатысу үлесінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды есептемегенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмән келтіру үшін негіздер болған жағдайда, заңды тұлға-клиентке өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесіне клиент-заңды тұлға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайды жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып танылуына жол беріледі.

      Егер шаралар қабылдау нәтижесінде заңды тұлға-клиенттің бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, бенефициарлық меншік иесі ретінде жеке дара атқарушы органды не заңды тұлға-клиенттің алқалы атқарушы органының басшысын тануға рұқсат етіледі.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес қор тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиентке қатысты клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады не оларға қатысты тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.

      24. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2, 3-1-тармақтарының және 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қор:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жасаған;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет жасаған);

      3) клиент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операция (мәміле) жасаған;

      4) клиент ерекше операция (мәміле) жасаған;

      5) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің анықтығына күмән келтіру үшін негіздер болған жағдайларда клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді алу мен тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы алынған мәліметтердің анықтығына тексеру жүргізеді.

      Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің дәйектілігіне күмән келтіру үшін негіз болған жағдайда, клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту қаржы мониторингі субъектісі мұндай күмәннің болуы туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операциялар жасау кезінде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3, 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейіне және Талаптарға сәйкес бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту не алу қажеттігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастарды белгілеу кезінде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      25. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 6-бабының талаптарын ескерумен қор клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін іскерлік қатынастар орнатқанға дейін сәйкестендіру жүргізеді.

      26. Талаптардың 24 және 25-тармақтарына сәйкес алынған мәліметтерді қор клиенттің досьесіне енгізеді, ол қорда клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақталады.

      Қор ішкі құжаттарға сәйкес досье жүргізетін клиенттердің топтары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жеке тұлғалар;

      2) заңды тұлғалар.

      Қор КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде қор клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттерін тиісінше тексеру шараларына қор сүйенетін басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрату бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, цифрлық жүйелерден немесе қаржы мониторингінің басқа субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.

      Шетелдік қаржы ұйымы қабылдаған клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенетін қор осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және шетелдік қаржы ұйымы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының талаптарына ұқсас тиісінше тексеру шараларын қолданатынын, сондай-ақ тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтайтынын белгілейді.

      Қаржы тобының қатысушысы болып табылатын қор қажет болған жағдайда КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-1-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда осындай топтың басқа қатысушылары тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенеді.

      27. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде қор ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚҚ тізбесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің болуына тексеру жүргізеді.

      Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚҚ тізбесінде болуын (ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (ТҚ тізбесінің және ЖҚҚТҚҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.

      Қор клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің лауазымды тұлғаларға және олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.

      Қор КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:

      1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;

      2) қордың басшы қызметкерлерінің осындай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қарым-қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;

      3) осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің қаражат көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;

      4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде күшейтілген шараларды тұрақты негізде қабылдайды.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты қор КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қосымша қолданады.

      Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты көші-қон карточкалары туралы мәліметтер талап етілмейді.

      Қор жеке тұлғаны (заңды тұлғаның басшысын, құрылтайшыларын (қатысушыларын), бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      азаматтығы;

      туған күні мен жері;

      бенефициарлық меншік иесінің мекенжайын қоспағанда, заңды мекенжайы;

      жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге құжаттың деректемелері,

      жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда);

      қызмет түрі (дара кәсіпкерлер үшін).

      Қор заңды тұлға-клиентті (заңды тұлға-клиенттің құрылтайшыларын (қатысушыларын) сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      атауы;

      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі және тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар болған кезде);

      орналасқан және тіркелген жері;

      бизнес сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір;

      басшы (заңды тұлға-клиенттің атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер

      қызмет сипаты;

      бенефициарлық меншік иесі туралы деректер.

      28. Клиент (оның өкілі) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында ұсынылатын құжаттар олардың түпнұсқалығына тексеріледі.

      29. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қордың іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау рәсімін, негіздері мен мерзімдерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау тәртібі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде тиісті тексерудің жеңілдетілген және күшейтілген шаралары;

      3) қордың клиенттер (олардың өкілдері) арасынан қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жария лауазымды тұлғаларды, олардың жұбайларын (зайыптарын) және жақын туыстарын анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      4) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру тәртібі;

      5) іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;

      6) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша (бар болса) талаптарды орындау аясында сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу, сондай-ақ осындай мәліметтерді сақтау және құпиялылығын қамтамасыз ету ерекшеліктері;

      7) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау ерекшеліктері;

      8) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру тәртібі;

      9) клиенттің досьесін жүргізу нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптар, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартулар;

      10) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, мұндай тәуекелді бағалау негіздері;

      11) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша және тәртіпте клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді қордың сұрау салуы бойынша алу және ұсыну тәртібі.

      Егер қор КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға клиенттерге қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, қор мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді, олар мыналарды:

      қордың сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ мұндай шарттар жасасуға уәкілетті қордың лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      қор мен сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар арасындағы шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді қорға беру рәсімі мен мерзімдерін;

      қорға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қор қабылдайтын шараларды қоса алғанда, сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды қордың жүзеге асыру рәсімін;

      сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, алынған мәліметтерді қорға беру мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, қордың сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздерін, рәсімін және мерзімдерін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті қордың лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      қор сәйкестендіру жүргізуді тапсырған тұлғалардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін, алынған мәліметтерді қорға беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, жауапкершілігі туралы ережелерді;

      қордың сәйкестендіру талаптарын орындау мақсатында оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша клиентті (оның өкілін) және бенефициар меншік иесін сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау рәсімін қамтиды.

      Қорға өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша талаптарды енгізуіне рұқсат етіледі.

      Шетелдік қаржы ұйымы шартының негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларын қолдануды тапсырған қор КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ ықтимал тәуекелдерін ескереді.

      30. Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді көздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мекенжайға баруды қоса алғанда, мәліметтерді басқа да тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      31. Қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатумен күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болған немесе болған жағдайда, қор КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасамайды.

5-тарау. Клиенттер операцияларының мониторингі және оны зерделеу бағдарламасы

      32. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру бойынша, сондай-ақ шекті және күдікті операцияларды анықтау және уәкілетті органға жіберу бойынша талаптарды іске асыру мақсатында қор клиенттер операцияларының мониторингі және оны зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      33. Клиенттер операцияларының мониторингі және оны зерделеу бағдарламасы аясында қор клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді алу және (немесе) жаңарту бойынша, сондай-ақ клиенттерді зерделеу және шекті, күрделі, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

      Қор клиенттер операцияларының мониторингін және оларды зерделеу нәтижелерін қор қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне бейімділігі дәрежесін жыл сайын бағалау, сондай-ақ клиенттер тәуекелдерінің деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттер операцияларының мониторингі және оны зерттеп-зерделеу бағдарламасы аясында алынған мәліметтер Талаптардың 26 тармағында көзделген клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) клиенттермен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі бойында және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл қорда сақталады.

      34. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді алу және (немесе) жаңарту кезеңділігін қор клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын қор қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне бейімділігі дәрежесін ескерумен белгілейді.

      Тәуекел деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      35. Клиенттің операцияларын зерделеу дәрежесін қор клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін ескере отырып, сондай-ақ қордың қолда бар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ сценарийлерін (схемаларын) және (немесе) күрделі, ерекше, күдікті операциялардың белгілерін ескере отырып айқындайды.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда қор клиент белгілі бір уақыт кезеңінде, бірақ кемінде соңғы айда жүргізетін (жүргізген) операцияларды зерделейді.

      36. Клиенттер операцияларының мониторингі және оны зерделеу бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, күдікті операцияларды анықтау белгілерінің негізінде жасалған, сондай-ақ қор дербес әзірлеген күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;

      2) қор бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту және (немесе) қосымша мәліметтер алу бойынша міндеттерді Талаптарда көзделген жағдайларда бөлу;

      3) қор бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында шекті, күрделі, әдеттегіден тыс, күдікті операцияларды анықтау бойынша міндеттерді бөлу және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында беру;

      4) жауапты қызметкердің клиент операциясының біліктілігі туралы шешім қабылдау тәртібі, негіздері және мерзімі;

      5) күрделі, әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар (оның ішінде, операцияның сомасы) туралы мәліметтерді тіркеу (оның ішінде тіркеу тәсілдері) тәртібі;

      6) клиент жүйелі түрде және (немесе) айтарлықтай көлемде әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда клиентке және оның операцияларына қатысты шаралар қабылдау тәртібі және қабылданатын шаралардың сипаты;

      7) уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарлар беру тәртібі;

      8) шекті және күдікті операцияның анықталғаны туралы қордың басқару органын, атқарушы органын және қордың лауазымды адамдарын хабардар ету (қажет болған кезде) тәртібі.

      37. Операцияны шекті ретінде жіктеудің заңдылығы бөлігінде күмән туындаған, сондай-ақ әдеттегіден тыс немесе күдікті операция анықталған жағдайда, көрсетілген операцияны анықтаған қор қызметкері қордың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте, нысанда және мерзімде жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімшеге) мұндай операция туралы хабарлама жолдайды.

      Бір хабарламада бірнеше операция туралы ақпарат болады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламалар, сондай-ақ оларды зерделеу нәтижелерін қор клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.

6-тарау. Қор қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      38. Қор қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты қор қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы ішкі бақылау қағидаларының және өзге де ішкі құжаттардың талаптарын орындау үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыруы болып табылады.

      39. Оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабының 8-тармағында көрсетілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында даярлау және оқыту бойынша қаржы мониторингі субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

  Тізбеге 4-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 12 қазандағы
№ 96 қаулысымен
бекітілген

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң) 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес әзірленді.

      Талаптар екінші деңгейдегі банктерді, Ұлттық пошта операторын және қор биржасын қоспағанда, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және орталық депозитарийге (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.

      2. Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарында пайдаланылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, ұйымдар дербес әзірлеген, күдікті операциялар мен клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметін (бұдан әрі бірге – күдікті операция) айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс клиенттің операциясы (мәмілесі);

      2) клиент – ұйымдардың қызметтерін алатын жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға және (немесе) заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдері – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру процестеріне ұйымдарды қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері;

      4) тәуекелдерді басқару (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) – ұйымдардың КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды барынша азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

      5) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциясы;

      6) шот – ақша, бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарын қоса алғанда, ұйымдардың клиенттердің активтерін есепке алуды жүзеге асыруды көздейтін ұйымдар мен клиенттер арасындағы іскерлік қатынастарды көрсету тәсілі;

      7) іскерлік қатынастар – клиенттермен ұйымдардың кәсіптік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қарым-қатынас.

      3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) қарсы іс-қимыл мақсатында ұйымдар ішкі бақылауды:

      1) ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) ұйымды, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      4. Ұйымдардың басқару органы немесе атқарушы органы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде ұйымның ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптар қамтылатын ішкі бақылау қағидалары әзірленеді.

      Ұйымдар ішкі бақылау қағидаларын ұйымдар қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, ұйымдардың мөлшерін, сипаты мен күрделілігін бағалау нәтижелерін ескере отырып орындайды.

      Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалардан тұрады, ұйымдар оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және ұйымдардың ішкі құжаттары не ұйымдардың басқару органдары немесе атқарушы органдары бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, ұйымда экономика, қаржы, банк және сақтандыру ісі, бизнес және басқару, құқық, бухгалтерлік іс және салық салу салаларында жоғары білімі, ұйымда кемінде бір жыл жұмыс өтілі не КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі, не қаржы қызметтерін ұсыну және (немесе) реттеу саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес мінсіз іскерлік беделі бар, ұйымдағы ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және олардың сақталуына жауапты ұйымның басшы қызметкерлерінің немесе ұйымның өзге де басшыларының қатарынан ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының деңгейінен төмен емес адам (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері кіретін ұйымның қызметкерлері не бөлімшесі (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) айқындалады.

      6. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;

      2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен жүргізілетін операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды қолдану тәртібі;

      3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес жасалған ТҚ тізбесінде және осы Заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тексеру тәртібі;

      4) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін ТҚ тізбесінен және ЖҚҚТҚ тізбесінен алып тастаған кезде ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды тоқтату тәртібі;

      5) ұйымдар қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкерлердің, ұйымдардың басқару органдарының және атқарушы органдарының өздеріне белгілі болған, ұйымдардың қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;

      6) ұйымдарды бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі талаптарды сипаттау (бар болса);

      7) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ұйымдардың ішкі аудит қызметтерінің ішкі бақылау тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті дайындау және ұйымдардың басқару органдары мен атқарушы органдарына ұсыну, оның ішінде топ (болған кезде) шеңберінде шоғырландырылған негізде ұсыну тәртібі;

      8) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі;

      9) бөлімшенің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ бойынша функцияларының, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымдардың басқа бөлімшелерімен, филиалдарымен, еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің, сондай-ақ жауапты қызметкердің функцияларының, өкілеттіктерінің, жауапты қызметкердің ұйымдардың басқару органдарымен және атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің сипаттамасы;

      10) ұйымдардың Қазақстан Республикасында және сол сияқты одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру тәртібі, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бойынша бақылаудың қосымша шараларын және рәсімдерін қолдану және оларды төмендету тәртібі.

      7. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) әзірленген және ұйымдардың басқару органымен немесе атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың), сондай-ақ ұйымдарда олардың сақталуына мониторингтің болуын қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес уәкілетті органға хабарлар ұсынуды ұйымдастыру және олардың ұсынылуын бақылау;

      3) ұйымдардың басқару органдарын және (немесе) атқарушы органдарын ТҚ тізбесінде, ЖҚҚТҚ тізбесінде тұрған анықталған клиенттер және нысаналы қаржы санкцияларын қолдану жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар ету;

      4) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және ұйымдардың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға хабарлар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      5) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасасқан шарттарда көзделген жағдайларда және ұйымдардың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операциялар жүргізуді тоқтата тұруы не бас тартуы туралы шешімдер қабылдау не ұйымдардың басқару және (немесе) атқарушы органдарымен келісу;

      6) ұйымдардың басқару органдарына және (немесе) атқарушы органдарына КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) ұйымдардың ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сұратулар жіберу;

      7) ұйымдардың басқару органдарын және лауазымды тұлғаларын анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы ұйымдардың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабардар ету;

      8) ұйымдардың басқару органдарына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында, оның ішінде қаржылық топ шеңберінде (болған жағдайда), ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылып отырған шаралар туралы ақпаратты дайындау және ұйымдардың басқару органдарымен және (немесе) атқарушы органдарымен келісу;

      9) ұйымдардың КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартылу тәуекелін бағалау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау бойынша ұйымдар бөлімшелерінің өзара іс-қимылының ішкі тәртібін жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей үйлестіру.

      8. Жауапты қызметкерге және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлеріне жүктелген функцияларды орындау үшін мынадай:

      1) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның барлық үй-жайларына, цифрлық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;

      2) ұйымның бөлімшелеріне операциялар жүргізуге қатысты нұсқаулар беру;

      3) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

      4) ұйымның бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету өкілеттіктері беріледі, бірақ олармен шектелмейді.

      9. Ұйымның филиалдарында Талаптардың 7 және 8-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толығымен немесе ішінара жүктелген қызметкерлер бар болса, осындай қызметкерлердің қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.

      10. Жауапты қызметкердің, сондай-ақ ұйымның Талаптардың 7-тармағында көзделген функциялар жүктелген қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің функцияларымен, сондай-ақ ұйымның бизнес-бөлімшелері жүзеге асыратын функцияларымен қоса атқарылмайды.

      11. Ұйым ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ұйымның ішкі бақылау талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған цифрлық жүйелерді пайдаланады.

3-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      12. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында ұйымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерді бағалау) бағдарламасын әзірлейді.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша ұсынылады.

      13. Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерді басқару бағдарламасын іске асыру кезінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.

      14. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерді басқару бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру тәртібі;

      2) тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттердің типі бойынша, елдік (географиялық) тәуекелді және көрсетілетін қызмет/өнімдер тәуекелі) ескере отырып, мыналарға:

      клиенттің тәуекел деңгейіне;

      ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) клиенттің тәуекелдеріне және ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне алдын алу іс-шараларының тізбесін, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімін, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылауды көздейтін жүйелі мониторингтеуді, талдауды және бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

      4) клиенттер тәуекелдерінің деңгейін тағайындау тәртібі, мерзімдері және қайта қарауға арналған негіздер.

      15. Ұйым жыл сайынғы негізде кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің типі бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, қызмет және (немесе) оны ұсыну тәсілінің тәуекелін ескере отырып, ұйым қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалауды жүзеге асырады.

      Ұйым қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингтеу рәсімдерін өзгертуді, операцияларды жүргізуге лимиттерді белгілеуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсыну шарттарын өзгертуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.

      16. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне мыналар енгізіледі, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды тұлғалар, олардың отбасы мүшелері және олардың жақын туыстары;

      2) шетелдік қаржы ұйымдары;

      3) заңды тұлғалар және қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметін айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметінің ерекше түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар (банк белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі талаптарды сақтайтын банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар;

      тұтынушылардан қолма-қол ақша қабылдауды, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырушы қызметтерді (қаржылық қызметтерді қоспағанда) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірген);

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс онлайн-казино қызметін көрсететін не онлайн-казино қызметінен түсетін кірістерді алатын тұлғалар;

      туристік қызметтерді, сондай-ақ қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты өзге де қызметтерді көрсететін тұлғалар;

      4) қаржы лизингі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      5) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар;

      6) кредиттік серіктестіктер;

      7) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      8) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды өндірумен және (немесе) сатумен байланысты адамдар;

      9) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен, сондай-ақ сатып алумен-сатумен байланысты тұлғалар;

      10) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      11) Талаптардың 18-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.

      17. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін төмендететін клиенттердің типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ оларды бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар;

      3) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының резиденттері - бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттейтін цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары) және цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары және цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері.

      18. Ұйым осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерде қызмет жүргізуге, осындай шет мемлекеттерден клиенттерге қызмет көрсетуге, осындай шет мемлекеттердің қатысуымен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

      Операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін ұлғайтатын шет мемлекеттер:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар;

      2) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) "Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 15 қаулысына сәйкес офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      4) ұйым басқа факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзит деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар) болып табылады.

      19. Ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын қызметтері (өнімдері, операциялары), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) дербес компьютерлер, телефондар, электрондық терминалдар арқылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсету;

      2) халықаралық нарықтарда дербес брокерлік қызмет көрсету;

      3) активтерді сенімгерлік басқару;

      4) номиналды ұстаушыдағы қаржы ұйымдарының, инвестициялық пай қорларының шоттары;

      5) кастодиандардың, брокерлердің орталық депозитарийдегі шоттары;

      6) шетелдік қаржы ұйымдарының ұйымдағы шоттары;

      7) ұйымның ішкі бақылау ережелерінде айқындалатын қолданыстағы, сондай-ақ енгізілетін өнімдер үшін жаңа және дамушы технологияларды пайдалана отырып, ақпарат беру тетіктерін қамтитын жаңа өнімдер және іскерлік тәжірибелер.

      20. Ұйым қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін Талаптардың 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің факторларына сәйкес бағалау кезінде ұйым тәуекелдің жиынтық дәрежесіне ықпал ететін мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін қосымша мәліметтерді ескереді:

      1) ұйым уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны;

      2) ұйымның уәкілетті органға клиенттердің шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.

      21. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру аясында ұйым Талаптардың 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің санаттары мен факторларын, сондай-ақ ұйым белгілейтін өзге де санаттар мен факторларды ескерумен клиенттерді жіктеу бойынша шаралар қабылдайды.

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін ұйымның қолында бар клиент (клиенттер) туралы мәліметтер мен ақпараттардың талдауының нәтижелері бойынша белгілейді және ұйым әзірлеген тәуекел деңгейін айқындаудың кемінде екі деңгейден тұратын шкаласы бойынша бағалайды.

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.

      22. Талаптардың 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің санаттары мен факторларын пайдаланумен тәуекелді бағалау операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингі нәтижелерінің негізінде клиенттерге (клиенттер тобына) қатысты жүргізіледі.

      Ұйым оларға қатысты тәуекелдерді бағалау бұрын жүргізілмеген және (немесе) олармен іскерлік қатынастар бұрын орнатылмаған клиенттер (клиенттер тобы) бойынша іскерлік қатынастар бұрын орнатылғанға дейін алынған деректердің негізінде бастапқы тәуекелді бағалау жүргізеді.

      23. Ұйымдар:

      1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер және жаңа іскерлік практика әзірлеуге;

      2) жаңа, сол сияқты қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамушы технологияларды пайдалануға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін айқындайды және бағалайды.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға дейін немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.

4-тарау. Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасы

      24. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында ұйымдар клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру ұйымның клиенті (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және олардың анықтығын тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ клиент (оның өкілі) туралы Талаптарда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуінен тұрады.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және тиісінше тексеруді ұйымдар клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге дереккөздерден, оның ішінде скорингтік модульдегі тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі. Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.

      Клиент-заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндану үшін негіздер болған кезде клиент-заңды тұлғаға өзге түрде заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымға бақылауды жүзеге асыратын не клиент-заңды тұлға, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым мүддесіне орай ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Егер тиісті тексеру бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде заңды тұлға-клиенттің заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, заңды тұлға құрмай-ақ жеке-дара атқарушы органның не клиент-заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы басшысының не шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі болып танылуына жол беріледі.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес ұйым тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиентке қатысты клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады не оларға қатысты тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.

      25. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 2, 3-1-тармақтарының және 7-бабының 1-тармағының талаптарын ескере отырып, ұйымдар:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жасаған;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет жасаған);

      3) клиент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операция (мәміле) жасаған;

      4) клиент ерекше операция (мәміле) жасаған;

      5) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің анықтығына күмән келтіру үшін негіздер болған жағдайларда клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді алу мен тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы алынған мәліметтердің анықтығына тексеру жүргізеді.

      Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің анықтығына күмәндануға негіздер болған жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту қаржы мониторингі субъектісі осындай күмәннің болуы туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операциялар жасау кезінде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3, 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейіне және Талаптарға сәйкес бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту не алу қажеттігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастарды белгілеу кезінде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      26. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, ұйым іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне сәйкестендіру жүргізеді.

      27. Талаптардың 24-тармағына сәйкес алынған мәліметтерді ұйымдар клиенттің досьесіне енгізеді, ол ұйымда клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақталады.

      Ұйымдар ішкі құжаттарға сәйкес досье жүргізетін Клиенттердің топтары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жеке тұлғалар;

      2) заңды тұлғалар;

      3) заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдар.

      Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйымдар клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттерін тиісінше тексеру шараларына ұйым сүйенетін басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент (оның өкілін) және бенефициарлық меншік туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрату бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, цифрлық жүйелерден немесе қаржы мониторингінің басқа субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.

      Егер ұйымдар шетелдік қаржы ұйымы қабылдаған клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенсе, ұйымдар осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және шетелдік қаржы ұйымы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының талаптарына ұқсас, тиісті тексеру шараларын қолданатынын, сондай-ақ тиісті тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қарым-қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтайтынын белгілейді.

      Қаржы тобының қатысушылары болып табылатын ұйымдар қажет болған кезде, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты осындай топтың басқа қатысушылары қабылдаған, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенеді.

      28. Клиент қолма-қол ақшасыз төлем немесе ақша аударымын жүзеге асырған не оның пайдасына қолма-қол ақшасыз төлем немесе ақша аударымы түскен кезде орталық депозитарий төлем құжатында немесе КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ туралы заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген клиент туралы мәліметтердің болуын және қаржы ұйымына және төлем (аударым) қатысушысына ақшаның берілуін бақылайды.

      29. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде ұйымдар мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына тексеру жүргізеді.

      Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (ТҚ тізбенің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.

      Ұйымдар клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайлары мен жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.

      Ұйымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:

      1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;

      2) ұйымның басшы қызметкерлерінің мұндай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;

      3) мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақша және (немесе) өзге де мүліктің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;

      4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша тұрақты негізде күшейтілген шаралар қабылдайды.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты ұйымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.

      Көші-қон карточкалары туралы мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты алу талап етілмейді.

      Ұйымдар жеке тұлғаны (заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым басшысын, құрылтайшыларын (қатысушыларын) бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      азаматтығы;

      туған күні және жері;

      заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы;

      жеке басты куәландыратын құжаттың және (немесе) оның негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге де құжаттың деректемелері;

      жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда);

      қызмет түрі (дара кәсіпкерлер үшін).

      Ұйымдар заңды тұлға-клиентті (клиент-заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары)) сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      атауы;

      заңды тұлғаның тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар бар болса);

      орналасқан немесе тіркелген мекенжайы;

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент-заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір;

      басшы (құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға-клиенттің және заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым-клиенттің атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға) қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер;

      қызмет сипаты;

      бенефициарлық меншік иелері туралы деректер.

      Ұйымдар клиентті-заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымды сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның шет мемлекетте (аумағында) тіркелген атауы, нөмірі (бар болса),

      орналасқан мекенжайы;

      негізгі қызметті жүргізу орны;

      қызмет сипаты;

      басқаруындағы (меншігіндегі) мүліктің құрамы (ұқсас құрылымы немесе функциясы бар трасттар мен заңды тұлға құрмай өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).

      30. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың шынайы болуы тұрғысынан тексеріледі.

      31. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымдардың іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау рәсімін, негіздері мен мерзімдерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау тәртібі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары;

      3) ұйымдар клиенттер (олардың өкілдері) арасынан қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын шетелдік жария лауазымды тұлғаларды, олардың жұбайларын және жақын туыстарын анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      4) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру тәртібі;

      5) іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;

      6) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша (бар болса) талаптарды орындау аясында сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу, сондай-ақ осындай мәліметтерді сақтаудың және құпиялылығын қамтамасыз етудің ерекшеліктері;

      7) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында басқа ұйымдармен өзара іс-әрекеттесу ерекшеліктері;

      8) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру тәртібі;

      9) клиенттің досьесін жүргізу нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптар, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартулар;

      10) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, мұндай тәуекелді бағалау негіздері;

      11) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған нысан мен тәртіп бойынша клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұйымдардың сұратуы бойынша алу және ұсыну тәртібі.

      Егер ұйымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, ұйымдар мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді, олар мыналарды:

      ұйымдардың сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ осындай шарттар жасасуға уәкілеттік берілген ұйымдардың лауазымды адамдарының тізбесін;

      сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған ұйымдар мен тұлғалар арасында жасалған шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді ұйымдарға ұсыну рәсімі мен мерзімдерін;

      ұйымдарға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдар қабылдайтын шараларды қоса алғанда, ұйымдардың сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру рәсімін;

      ұйымдардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, алынған мәліметтерді ұйымдарға берудің мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздерін, рәсімі және мерзімдерін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті ұйымдардың лауазымды адамдарының тізбесін;

      ұйымдарға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, ұйымға сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілігі туралы ережелерді;

      клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жөніндегі талаптарды орындау мақсатында ұйымдардың оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдармен өзара іс-қимыл жасау рәсімін қамтиды.

      Ұйымдардың өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша талаптар енгізуіне рұқсат етіледі

      Шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымы клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген тиісінше тексеру шараларын қолдануды тапсырған ұйымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ-ға қатысты ықтимал тәуекелдерді ескереді.

      32. Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді көздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мекенжайға баруды қоса алғанда, мәліметтерді басқа да тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      33. Ұйымдар қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болған немесе орналасқан жағдайда КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасамайды.

5-тарау. Клиенттер операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы

      34. Клиентті тиісінше тексеру, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды анықтау және оларды уәкілетті органға жолдау бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында ұйым клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      35. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы шеңберінде ұйым клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) алу бойынша, cондай-ақ клиенттердің операцияларын зерделеу және шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

      Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу нәтижелерін ұйым қор қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау, сондай-ақ клиенттердің тәуекел деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 27-тармағында көзделген клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) ұйымда клиентпен іскерлік қарым-қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар аяқталған күннен бастап кемінде бес жыл бойы сақталады.

      36. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту кезеңділігін және (немесе) алу қажеттілігін ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйымның көрсететін қызметінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, белгілейді.

      Тәуекел деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) ТҚ тізбесінде болуын тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және аталған тізбеге өзгерістер енгізілуіне (тізбенің жаңартылуы) қарай жүзеге асырылады.

      37. Клиенттің операцияларын зерделеу дәрежесін ұйымдар клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін, сондай-ақ ұйымның қолда бар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ сценарийлерін (схемаларын) және (немесе) күрделі, ерекше, күдікті операциялардың белгілерін ескере отырып айқындайды.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда ұйымдар клиент белгілі бір уақыт кезеңінде, бірақ кемінде соңғы айда жүргізетін (жүргізген) операцияларды зерделейді.

      38. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын қызметінің белгілерін қоспағанда, ұйымдар дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілері негізінде жасалған күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;

      2) ұйым бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптардың 21, 35 және 36-тармақтарында көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу жөніндегі міндеттерді бөлуді;

      3) ұйымдардың бөлімшелері (қызметкерлері) арасында шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру жөніндегі міндеттерді бөлуді;

      4) жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерінің клиент операциясының түрі туралы шешімді қабылдау тәртібін, негізін және мерзімін;

      5) әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы мәліметтерді тіркеу (оның ішінде тіркеу әдістері) және сақтау тәртібін;

      6) клиент әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүйелі және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған жағдайда, клиент пен оның операцияларына қатысты ұйым қабылдайтын шараларды қабылдау тәртібін және сипаттауды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді;

      7) уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарлар беру тәртібі;

      8) шекті және күдікті операцияның анықталғаны туралы ұйымдардың басқару органдарын, атқарушы органдарын және ұйымдардың лауазымды адамдарын хабардар ету (қажет болған кезде) тәртібі.

      39. Операцияны шекті ретінде саралаудың заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттегіден тыс немесе күдікті операция анықталған жағдайда, көрсетілген операцияны анықтаған ұйым қызметкері осындай операция туралы хабарламаны КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімшеге ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде жібереді.

      Бір хабарламада бірнеше операция туралы ақпараттың болуына жол беріледі.

      Ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды зерделеудің нәтижелерін клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.

6-тарау. Ұйым қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      40. Ұйым қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты – ұйым қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы ішкі бақылау қағидаларының және өзге де ішкі құжаттардың талаптарын орындау үшін қажет білім мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

      41. Оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабы 8-тармағында көрсетілген, Қаржы мониторингі субъектілеріне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес жасалады.

  Тізбеге 5-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 12 қазандағы
№ 97 қаулысымен
бекітілген

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң) 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігіне және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына (бұдан әрі – ұйым), сақтандыру брокерлеріне және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына (бұдан әрі – сақтандыру брокері) қолданылады.

      2. Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарында пайдаланылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, ұйым және сақтандыру брокері дербес әзірлеген, күдікті операциялар мен клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметін (бұдан әрі бірге – күдікті операция) айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс клиенттің операциясы (мәмілесі);

      2) бір жолғы операция (мәміле) – жеке тұлғаның ұйымның сақтандыру қызметтерін көрсеткені үшін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу операциясы;

      3) клиент – ұйымдардың және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметтерін алатын жеке тұлға, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым, соның ішінде пайда алушы;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдері – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру процестеріне ұйымдарды қасақана тарту немесе қасақана тартпау тәуекелдері;

      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдерін басқару – ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды барынша азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

      6) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциясы;

      7) іскерлік қатынастар – клиенттермен ұйымдардың және (немесе) сақтандыру брокерлерінің кәсіптік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қарым-қатынас.

      3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) қарсы іс-қимыл мақсатындағы ішкі бақылауды ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокері:

      1) Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      2) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) ұйымды, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      4. Ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы және (немесе) сақтандыру брокері ұйымның ішкі аудит қызметінің (ішкі аудит жүргізуге уәкілетті сақтандыру брокерінің органы) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптарды қамтитын ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді және қабылдайды.

      Ішкі бақылау қағидаларын ұйым және (немесе) сақтандыру брокері ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекеліне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелерін, ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің мөлшерін, сипатын және күрделілігін ескере отырып орындайды.

      Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалардан тұрады, ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокері оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттары не ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органы немесе атқарушы органы бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ұйымның басқару органы (сақтандыру брокерінің уәкілетті органы) ұйымның басшы қызметкерлерінің және (немесе) сақтандыру брокерінің немесе ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің өзге де басшыларының қатарынан экономика, қаржы, банк және сақтандыру ісі, бизнес және басқару, құқық, бухгалтерлік іс және салық салу салаларында жоғары білімі бар, ұйымда және (немесе) сақтандыру брокеріндегі жұмыс өтілі (техникалық немесе қосалқы персонал лауазымындағы жұмыс өтілін қоспағанда) кемінде бір жыл не КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл не қаржылық қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу саласындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл болатын және Сақтандыру қызметі туралы заңға сәйкес мінсіз іскерлік беделі бар, ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының деңгейінен төмен емес тұлғаны тағайындайды, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері кіретін ұйымның қызметкерлері не бөлімшесі (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше) айқындалады.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша заңнама талаптарының сақталуын бақылау еңбек қызметін ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде тұрақты негізде жүзеге асыратын жауапты қызметкерге жүктеледі.

      6. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша заңнама талаптарының сақталуын бақылайтын жауапты қызметкер 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша алған білімдерін растау үшін тестілеуден өтеді.

      7. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау рәсімі;

      2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен жүргізілетін операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды қолдану тәртібі;

      3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес жасалған ТҚ тізбесінде және осы Заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тексеру тәртібі;

      4) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін ТҚ тізбесінен және ЖҚҚТҚ тізбесінен алып тастаған кезде ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды тоқтату тәртібі;

      5) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметкерлерінің, оның ішінде ұйымның басқару органының және атқарушы органының (сақтандыру брокерінің уәкілетті органының) жауапты қызметкерлерінің өздеріне белгілі болған, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;

      6) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері (бар болса) кіретін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша сақтандыру тобы белгілеген талаптардың сипаттамасы;

      7) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі аудит қызметінің ішкі бақылау тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті, оның ішінде сақтандыру тобы шеңберінде шоғырландырылған негізде дайындау және ұйымның басқару органы мен атқарушы органына ұсыну тәртібі;

      8) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі.

      9) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша бөлімше функцияларының сипаттамасы, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымның басқа бөлімшелерімен және (немесе) сақтандыру брокерімен, филиалдарымен, еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің, сондай-ақ жауапты қызметкердің функциялары, өкілеттіктері, жауапты қызметкердің ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органымен және атқарушы органымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің сипаттамасы;

      10) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру тәртібі, оның ішінде қосымша бақылау шараларын қолдану тәртібі және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару және оларды барынша азайту жөніндегі рәсімдері.

      8. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) әзірленген және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың), сондай-ақ ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде олардың сақталуын мониторингтеуді қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес уәкілетті органға хабарламалар ұсынуды және олардың ұсынылуын бақылауды ұйымдастыру;

      3) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға хабарламалар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      4) ұйымның (немесе) сақтандыру брокерінің лауазымды тұлғасын анықталған клиенттер мен нысаналы қаржылық санкцияларын қолдану жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар ету;

      5) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасасқан шарттарда көзделген жағдайларда және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операциялар жүргізуді тоқтата тұруы не бас тартуы туралы шешімдер қабылдау не ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару және (немесе) атқарушы органдарымен келісу;

      6) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органын және (немесе) атқарушы органын хабардар ету;

      7) ұйымның басқару органына (сақтандыру брокерінің уәкілетті органына) есептерді қалыптастыру үшін ұйымның (сақтандыру тобының) және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылып отырған шаралар туралы ақпаратты дайындау және ұйымының және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органдарымен және (немесе) атқарушы органдарымен келісу;

      8) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартылу тәуекелін бағалау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға сұратылатын ақпаратты жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау бойынша үйлестіру.

      9. Жауапты қызметкер және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлері жүктелген функцияларды орындау үшін мыналарды жүзеге асыруға құқылы:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органына және (немесе) атқарушы органына сұрау салулар жіберу;

      2) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің барлық үй-жайларына, цифрлық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;

      3) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің бөлімшелеріне операциялар жүргізуге қатысты нұсқаулар беру;

      4) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

      5) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету.

      10. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің филиалдарында Талаптардың 8 және 9-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толығымен немесе ішінара жүктелген қызметкерлер бар болса осындай қызметкерлердің қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.

      11. Жауапты қызметкердің, ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің Талаптардың 8-тармағында көзделген функциялар жүктелген қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің функцияларымен, сондай-ақ ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің функцияларымен қоса атқарылмайды.

      Сақтандыру брокерінің бірінші басшысы сақтандыру брокерінің жауапты қызметкерінің функцияларын орындай алмайды.

      12. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі бақылау ережелерінің талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған цифрлық жүйелерді пайдаланады.

3-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      13. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ұсынылады.

      14. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін оның құрылымдық бөлімшелері бөлінісінде басқаруды ұйымдастыру рәсімі;

      2) клиент тәуекелінің деңгейіне;

      ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттің типі, елдік тәуекел және қызметтер/өнімдер тәуекелі бойынша) ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) алдын алу іс-шараларының тізбесін, оларды жүргізу рәсімі мен мерзімдерін, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылауды көздейтін клиенттердің тәуекелдеріне және ұйым және (немесе) сақтандыру брокері өнімдерінің (қызметтерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін тұрақты мониторингтеуді, талдауды және бақылауды жүзеге асыру рәсімі;

      4) клиенттердің тәуекел деңгейлерін қайта қарау үшін беру рәсімі, мерзімдері мен негіздері.

      15. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жыл сайынғы негізде кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің типі бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, қызмет (өнім) және (немесе) оны ұсыну тәсілінің тәуекелін ескере отырып, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалауды жүзеге асырады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингтеу рәсімдерін өзгертуді, операцияларды жүргізуге лимиттерді белгілеуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсыну шарттарын өзгертуді, қызметтерді ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.

      16. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне мыналар енгізіледі, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды тұлға, оның жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      2) қайта сақтандыру жөніндегі мәміле сақтандыру брокерінің қатысуынсыз жасалған және мұндай шетелдік қайта сақтанушыларда (цеденттерде) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен мақұлданған рейтингтік агенттіктер берген қаржылық сенімділік рейтингі немесе кредиттік рейтингі болмаған жағдайда, шетелдік қайта сақтанушылар (цеденттер);

      3) шетелдік сақтандыру брокерлері (Қазақстан Республикасында Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын еншілес ұйымы барларды қоспағанда);

      4) заңды тұлғалар және қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметін айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметінің ерекше түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      тұтынушылардан қолма-қол ақша қабылдауды, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырушы қызметтерді (қаржылық қызметтерді қоспағанда) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірген);

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс онлайн-казино қызметін көрсететін не онлайн-казино қызметінен түсетін кірістерді алатын тұлғалар;

      туристік қызметтерді көрсететін тұлғалар;

      5) қаржы лизингі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      6) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      7) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды өндірумен және (немесе) сатумен байланысты адамдар;

      8) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен, сондай-ақ сатып алумен-сатумен байланысты тұлғалар;

      9) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      10) Талаптардың 18-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде және (немесе) ішкі аумақтарда орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      11) ұсынған деректерінің дәйектілігіне күмәндануға негіз бар, клиент;

      12) клиент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда көзделген клиентті тиісінше тексеру рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттер жасағанда;

      14) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар.

      17. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін төмендететін клиенттердің түрлеріне:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан бақыланатын заңды тұлғалар;

      2) мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг не дауыс беруші акцияларының жүз пайызы (қатысу үлесі) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар құрған заңды тұлғалар;

      3) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының резиденттері - бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттейтін цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары) және цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары және цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері;

      4) сақтандыру брокерлері - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар резиденттер, сақтандыру брокерлері - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасында еншілес ұйымы бар бейрезиденттер;

      5) акциялары қор биржасының және (немесе) шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не олардың қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдар;

      7) қаржылық сенімділік рейтингі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен құпталған, рейтингтік агенттіктер берген кредиттік рейтингі бар шетелдік сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары;

      8) бағалы қағаздары (акциялары және (немесе) облигациялары) халықаралық қор биржаларында немесе Қазақстанның қор биржасында бағаланатын не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен құпталған рейтингтік агенттіктер берген кредиттік рейтингі бар заңды тұлғалар;

      9) Мемлекеттік кредиттік бюроның дерекқорында олар туралы ақпарат бар және осы ұйымның тиісті тексеруінен өткен сақтандырушылар кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

      18. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерде қызметті жүргізуге, осындай шет мемлекеттер клиенттеріне қызметтерді (өнімдерді) көрсетуге, осындай шет мемлекеттердің қатысуымен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

      Мыналар өздерімен жасалатын операциялар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін ұлғайтатын шет мемлекеттер болып табылады

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      2) Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) оларға қатысты қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) "Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 15 қаулысына сәйкес офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      4) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері басқа факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзит деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар).

      БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша мұндай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылады.

      19. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын қызметтері (өнімдері, операциялары), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі бақылау қағидаларында айқындалған жаңа және дамушы технологиялар сияқты жаңа, сондай-ақ іс жүзінде бар өнімдерге жаңа тетіктер беруді қоса алғанда, жаңа өнімдер және жаңа іскерлік тәжірибелер;

      2) ерікті жинақтаушы сақтандыру қызметтері;

      3) ерікті жинақтамайтын сақтандыру шарттары бойынша 10 000 000 теңгеден асатын сомаға не шетел валютасында баламасы 10 000 000 теңге сомаға сақтандыру төлемдерін қолма-қол ақшамен жүзеге асыру;

      4) клиенттің күрделі, әдеттегіден тыс ірі не айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасауы.

      20. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін төмендететін қызметтері (өнімдері, операциялары), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) міндетті сақтандыру шарттарын жасау;

      2) зейнетақы аннуитеті шарттарын жасау.

      21. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің (өнімдерінің, операцияларының) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау кезінде Талаптардың 16, 17, 18, 19 және 20-тармақтарында көрсетілген тәуекелдер санаттарына және факторларына сәйкес мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері тәуекелдің қорытынды дәрежесіне әсер ететін қосымша мәліметтерді ескереді:

      1) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарламалардың саны;

      2) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері уәкілетті органға клиенттердің шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.

      22. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері Талаптардың 16, 17, 18, 19 және 20-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын, сондай-ақ ұйым және (немесе) сақтандыру брокері белгілейтін өзге де санаттар мен тәуекелдер факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде бар клиент (клиенттер) туралы мәліметтер мен ақпаратты талдау нәтижелері бойынша белгілейді және ұйым және (немесе) сақтандыру брокері әзірлеген, кемінде екі деңгейден тұратын тәуекел деңгейін айқындау шкаласы бойынша бағаланады.

      Талаптардың 16, 17, 18, 19 және 20-тармақтарында көрсетілген тәуекел санаттары мен факторларын пайдалана отырып, тәуекелді бағалау клиенттерге (клиенттер тобына) қатысты операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелері негізінде жүргізіледі.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің және операцияларды (іскерлік қатынастарды) мониторингтеу нәтижелерінің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.

      23. Ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері:

      1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер және жаңа іскерлік практика әзірлеуге;

      2) жаңа, сол сияқты қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамушы технологияларды пайдалануға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ тәуекелдерін айқындайды және бағалайды.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға дейін немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.

      24. Тәуекелдерді басқару бағдарламасын іске асыру кезінде ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін ұлттық бағалау есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.

4-тарау. Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасы

      25. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 2-2) тармақшаларында көзделген шараларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, өзара сақтандыру қоғамы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары сақтандыру сыйлықақысы төленгенге және (немесе) сақтандыру төлемі жүзеге асырылғанға дейін жүзеге асырады.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және тиісінше тексеруді ұйым және сақтандыру брокері клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге дереккөздерден, оның ішінде скорингтік модульдегі тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі. Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.

      Клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялар шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болған жағдайда, клиент – заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент – заңды тұлға, заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Егер тиісті тексеру бойынша шараларды қабылдау нәтижесінде клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Клиенттің бенефициарлық меншік иесін анықтау жөніндегі іс-шараларды ұйым және (немесе) сақтандыру брокері сақтанушыға қатысты, ал ерікті жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша, оның ішінде өмірді сақтандыру шарттары бойынша пайда алушыға қатысты да жүргізеді.

      Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді дереккөздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мәліметтерді басқа тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      Клиент тәуекелінің деңгейіне байланысты ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жүргізетін іс-шаралар дәрежесі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің оңайлатылған не күшейтілген шараларын қолданудан көрінеді.

      26. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері іскерлік қарым-қатынастар орнатылғанға дейін клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне сәйкестендіру жүргізеді.

      27. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2 және 3-4-тармақтарының және 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді, іскерлік қатынастарды тексереді және операцияларды зерделейді, қажет болған кезде жасалатын операцияларды қаржыландыру көздері туралы мәліметтер алу мен белгілеуді қоса алғанда, клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, сондай-ақ мынадай жағдайларда клиент және бенефициарлық меншік иесі туралы алынған мәліметтердің дәйектілігін тексереді және іскерлік қатынастардың немесе бір реттеу операцияның (мәміленің) болжамды мақсатын анықтайды:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жасағанда;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет еткенде);

      3) клиент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларына, схемаларына мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операцияны (мәмілені) жасағанда;

      4) клиент әдеттегіден тыс операциялар (мәмілелер) жасағанда;

      5) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің дұрыстығына күмәндануға негіздер болғанда.

      6) клиент – жеке тұлға, егер мұндай операцияның сомасы 100 000 (жүз мың) теңгеден не 100 000 (жүз мың) теңгеге балама болатын шетел валютасындағы сомадан асып кетсе, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу жөніндегі операцияны жасағанда.

      Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіз болған кезде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту қаржы мониторингі субъектісі осындай күмәннің бар екендігі туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операциялар жасау кезінде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейіне және талаптарға сәйкес бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту не алу қажеттігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастарды белгілеу кезінде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      28. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар кіреді:

      1) іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау рәсімін, негіздерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау рәсімі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімі, оның ішінде клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану;

      3) шетелдік қайта сақтанушылармен (цеденттермен) іскерлік қатынастар орнату (тәуекелдерді қайта сақтандыруға қабылдау) кезінде сәйкестендіруді жүргізу ерекшеліктері;

      4) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттер (олардың өкілдері) арасынан қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жария лауазымды тұлғаларды, олардың жұбайларын және жақын туыстарын анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      5) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру рәсімі;

      6) іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;

      7) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ және сақтандыру тобы бойынша (бар болса) талаптарды орындау шеңберінде сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу, сондай-ақ осындай мәліметтерді сақтау және құпиялылығын қамтамасыз ету ерекшеліктері;

      8) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында басқа ұйымдармен өзара іс-әрекеттесу ерекшеліктері;

      9) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру рәсімі;

      10) клиенттің досьесін жүргізу нысанына, мазмұнына және рәсіміне қойылатын талаптар, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартулар;

      11) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау рәсімі, мұндай тәуекелді бағалау негіздері;

      12) ұйымның сұратуы бойынша клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша алу және ұсыну тәртібі.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бойынша қосымша шаралар бағдарламасына енгізуіне рұқсат етіледі.

      Егер ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды ұйым клиенттеріне қатысты қолдануды тапсырса, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді, ол мыналарды қамтиды:

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен ұйым және (немесе) сақтандыру брокерлерінің шарт жасау рәсімін, сонымен қатар сондай шарт жасауға уәкілетті ұйымның және (немесе) сақтандыру брокері лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің арасындағы шартқа сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен сәйкестендіру жүргізу кезінде алынған мәліметтерді ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің беру мерзімі мен рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалардан алынған мәліметтерді ұйым және (немесе) сақтандыру брокеріне беру мерзімі мен толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру бойынша талаптарды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің қабылдаған шараларының сақталуын бақылауды ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің жүзеге асыру рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен олар сәйкестендіру бойынша талаптарды, оның ішінде ұйымға және (немесе) сақтандыру брокеріне алынған мәліметтерді беру мерзімі мен толықтығын сақтамаған жағдайда олармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы ұйым және (немесе) сақтандыру брокердің шешім қабылдауының негіздерін, рәсімін және мерзімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      ұйым және (немесе) сақтандыру брокері сәйкестендіру жүргізу тапсырған тұлғалардың олардың сәйкестендіру бойынша талаптарды алынған мәліметтерді ұйымға және (немесе) сақтандыру брокеріне беру рәсімін, мерзімін және толықтығын қоса сақтамағаны үшін жауапкершілігі туралы ереже;

      сәйкестендіру талаптарын орындау мақсатында оларға әдістемелік көмек көрсету мәселесі жөнінде сәйкестендіру жүргізу тапсырылған ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің өзара іс-қимыл рәсімін.

      Ұйым тапсырма шарттарын жасаған сақтандыру агенттерімен клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымы клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген тиісінше тексеру шараларын қолдануды тапсырған ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ-ға қатысты ықтимал тәуекелдерді ескереді.

      29. Тиісінше тексеру шаралары клиент – жеке тұлға сақтандыру шарттары бойынша, егер осындай операция сомасы 100 000 теңгеден не шетел валютасында баламасы 100 000 теңгеден аспайтын сомаға сақтандыру сыйлықақысын төлеу операциясын жасаған кезде, клиент күдікті операцияларды жасаған жағдайларды қоспағанда жүргізілмейді.

      30. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру шеңберінде Талаптардың 26 және 27-тармақтарына сәйкес алынған мәліметтер құжатпен тіркеледі, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттің досьесіне енгізеді, ол клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және клиентпен іскерлік қатынастар немесе бір жолғы операция (мәміле) жасау тоқтатылған күннен бастап кем дегенде бес жыл ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде сақталады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиент туралы қаржы мониторингінің басқа субъектілерінен клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін ұйым және (немесе) сақтандыру брокері сүйенетін клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру шараларына арналған мәліметтерді дереу, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін сұрату бойынша кідіріссіз алады, оларға оның ішінде ақпарат, цифрлық жүйеден немесе ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті тиісінше тексеру шараларына сүйенетін басқа қаржы мониторингі субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жатады.

      Егер ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері шетелдік қаржы ұйымы қабылдаған клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенсе, ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокері осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және осындай қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының талаптарына ұқсас тиісті тексеру бойынша шаралар қабылдайтынын, сондай-ақ тиісті тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтайтынын белгілейді.

      Сақтандыру тобының қатысушылары болып табылатын ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері қажет болған кезде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-1-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты осындай топтың басқа қатысушылары қабылдаған КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенеді.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері ішкі құжаттарға сәйкес досьелер жүргізетін клиенттердің топтары мыналарды қамтиды, бірақ шектелмейді:

      1) жеке тұлғаларды;

      2) заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік қайта сақтанушыларды (цеденттер);

      3) заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымдарды.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиент досьесін ол туралы ұйым және (немесе) сақтандыру брокері ішкі бақылау қағидаларына сәйкес оған ұйым және (немесе) сақтандыру брокері берген тәуекел деңгейіне қарай қалыптастырады. Клиентке төмен деңгей берілген жағдайда оған қатысты тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары жүргізіледі және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер тізбесі бекітіледі.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда қосымша мәліметтерге КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағында көзделген мәліметтер жатады (салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер).

      31. Клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, немесе бенефициарлық меншік иесін анықтау барысында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері мұндай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына тексеру жүргізеді.

      Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты миграциялық карточкалар туралы мәліметтер алу талап етілмейді.

      Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне қарай (ТҚ тізбенің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) жүзеге асырылады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайлары мен жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына (зайыбына) және жақын туыстарына қатысты:

      1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;

      2) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің мұндай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;

      3) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақшасының және (немесе) өзге мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;

      4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі күшейтілген шараларын тұрақты негізде қабылдайды.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша осы тармақтың бесінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жеке тұлғаны (заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым басшысын, бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда); азаматтығы; туған күні және жері; заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы; жеке басты куәландыратын құжаттың және (немесе) оның негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге де құжаттың деректемелері, қызмет түрі (жеке кәсіпкерлер үшін);

      жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері заңды тұлға-клиентті (заңды тұлға клиентінің құрылтайшыларын (қатысушыларын), заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымды) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      атауы;

      заңды тұлғаның тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар бар болса); орналасқан және тіркелген жерінің мекенжайы; бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір; қызмет түрі; басшы (құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға-клиенттің немесе заңды тұлға құрмай клиент-шетелдік құрылым атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер; бенефициарлық меншік иелері туралы деректер.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокерлері заңды тұлға құрмаған клиент-шетелдік құрылымды сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның шет мемлекетте (аумақта) тіркелген атауы, нөмірі (бар болса),

      орналасқан жерінің мекенжайы,

      негізгі қызметті жүргізу орны,

      қызмет сипаты,

      басқарудағы (меншіктегі) мүліктің құрамы (ұқсас құрылымы немесе функциясы бар заңды тұлға құрмай трасттар мен өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).

      32. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың шынайы болуы тұрғысынан тексеріледі.

      33. Ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері басқа қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болған немесе орналасқан жағдайда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасамайды.

      34. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) алу қажеттілігінің кезеңділігі клиент (клиенттер тобы) тәуекелінің деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып белгіленеді.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту кемінде жылына бір рет жүзеге асырылады.

5-тарау. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы

      35. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру бойынша, сондай-ақ қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарламаларды анықтау және уәкілетті органға жіберу бойынша талаптарды іске асыру мақсатында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      36. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасы:

      1) қаржы мониторингіне жататын клиенттің күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ ұйым және (немесе) сақтандыру брокері дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілерінің негізінде жасалған күдікті операциялар белгілерінің тізбесін;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес сипаттамалары бар клиенттің операцияларын анықтау рәсімін;

      3) ұйым бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу жөніндегі міндеттерді бөлуді;

      4) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасында қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында беру жөніндегі міндеттерді бөлу;

      5) жауапты қызметкерінің клиент операциясының түрі туралы шешімді қабылдау тәртібін, негіздемесін және мерзімін;

      6) күрделі, ерекше емес операцияларды зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді тіркеу (оның ішінде тіркеу тәсілдері) және сақтау рәсімін;

      7) клиент ерекше, күдікті операцияларды немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды жүйелі және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған жағдайда, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентке және оның операцияларына қатысты қабылдайтын шараларды қабылдау және сипаттау рәсімін;

      8) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды ұсыну тәртібін;

      9) басқару органын, атқарушы органды және ұйымдардың және (немесе) сақтандыру брокерлерінің лауазымды тұлғаларын (қажеттілігіне қарай) шекті және (немесе) күдікті операцияның анықталғаны туралы хабардар ету тәртібін қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

      37. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы шеңберінде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері барлық шекті, әдеттегіден тыс, күдікті операциялар мен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялардың мақсаттары мен негіздерін, сондай-ақ қажет болған жағдайда қаржыландыру көзін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

      Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу нәтижелерін ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау, сондай-ақ клиенттердің тәуекел деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 30-тармағында көзделген клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде клиентпен іскерлік қарым-қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар аяқталған не біржолғы операцияларды (мәмілелерді) жасағаннан кейін кемінде бес жыл бойы сақталады.

      38. Клиент операцияларын зерделеудің жиілігі ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі, клиенттің қаржы мониторингіне жататын операцияны (операцияларды) жасауы (жасауға әрекет жасауы), сондай-ақ ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде бар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың типологиялары, схемалары мен тәсілдерін ескере отырып анықталады.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокері клиент белгілі бір уақыт кезеңінде жүргізетін (жүргізген) операцияларды зерделейді.

      39. Операцияны шекті ретінде саралаудың заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттегіден тыс, күдікті операция немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операция анықталған кезде ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкері, көрсетілген операцияны анықтаған адам осындай операция туралы хабарламаны жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша бөлімшеге) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімдерде жібереді.

      Бір хабарламада бірнеше операция туралы ақпараттың болуына жол беріледі.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды зерделеудің нәтижелерін клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.

6-тарау. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      40. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы ішкі бақылау қағидаларының және ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің өзге де ішкі құжаттарының талаптарын орындау үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыруы ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты болып табылады.

      41. Оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабының 8-тармағында көрсетілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында даярлау және оқыту бойынша қаржы мониторингі субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

  Тізбеге 6-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 12 қазандағы
№ 98 қаулысымен
бекітілген

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы және қаржы құралдармен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы және қаржы құралдармен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптар (бұдан әрі – қор биржасы) (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң) 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес әзірленді.

      2. Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мәндерде қолданылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, қор дербес әзірлеген, күдікті операциялар мен клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметін (бұдан әрі бірге – күдікті операция) айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс клиенттің операциясы (мәмілесі);

      2) клиент – қор биржасының қызметін алатын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдері – қор биржасын, сондай-ақ оның мүшелерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру процестеріне қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдерін басқару – қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды барынша азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (өнімдерге/көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

      5) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциясы;

      6) іскерлік қатынастар – клиенттермен қор биржасының кәсіптік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қарым-қатынас.

      3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) қарсы іс-қимыл мақсатында қор биржасы ішкі бақылауды:

      1) қор биржасының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) қор биржасының ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) қор биржасын, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      4. Қор биржасының басқару органында немесе атқарушы органында КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде қор биржасының ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптар қамтылатын ішкі бақылау қағидалары әзірленеді және қабылданады.

      Қор биржасы Ішкі бақылау қағидаларын қор биржасының көрсетілетін қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ тәуекелдеріне ұшырауы деңгейін, қор биржасының көлемін, сипатын және күрделілігін бағалау нәтижелерін ескере отырып, орындайды.

      Ішкі бақылау қағидаларында КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалар қамтылады, қор биржасы оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және қор биржасының ішкі құжаты не қор биржасының басқару органы немесе атқарушы органдары бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қор биржасында қор биржасының басшы қызметкерлерінің немесе қор биржасының тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы деңгейінен төмен емес қор биржасының өзге басшыларының арасынан ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты тұлға (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес, оның экономика, қаржы, банк және сақтандыру ісі, бизнес және басқару, құқық, бухгалтерлік іс және салық салу салаларында жоғары білімі, биржалық және (немесе) банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қор биржасының бөлімшесі басшысының лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі не КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі не қаржылық қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі және мінсіз іскерлік беделі бар, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері кіретін қор биржасының қызметкерлері не бөлімшесі (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше) айқындалады.

      6. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;

      2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен жүргізілетін операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды қолдану тәртібі;

      3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес жасалған ТҚ тізбесінде және осы Заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тексеру тәртібі;

      4) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін ТҚ тізбесінен және ЖҚҚТҚ тізбесінен алып тастаған кезде ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды тоқтату тәртібі;

      5) қор биржасы қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің, қор биржасының басқару органының және (немесе) атқарушы органының өздеріне белгілі болған, қор биржасының қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;

      6) қор биржасының ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқару есептілігін дайындау және қор биржасының басқару органына және (немесе) атқарушы органына ұсыну тәртібі;

      7) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі.

      7. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша жауапты қызметкер мен бөлімшенің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қор биржасында әзірленген және қор биржасының атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың) болуын, сондай-ақ қор биржасында олардың сақталуын мониторингтеуді қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес уәкілетті органға хабарламалар ұсынуды және олардың ұсынылуына бақылауды ұйымдастыру;

      3) анықталған клиенттер және нысаналы қаржы санкцияларын қолдану жөнінде қабылданған шаралар туралы қор биржасының басқару органын және (немесе) атқарушы органын хабардар ету;

      4) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға хабарламаларды жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      5) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операциялар жүргізуін тоқтата тұру не бас тарту туралы шешімдер қабылдау;

      6) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін қор биржасының басқару органына және (немесе) атқарушы органына сұрау салулар жіберу;

      7) қор биржасының басқару органын және (немесе) атқарушы органын қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы хабардар ету;

      8) қор биржасының басқару органына және (немесе) атқарушы органына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылатын шаралар туралы ақпарат дайындау.

      8. Жүктелген функцияларды орындау үшін жауапты қызметкерге, төмендегілерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, мынадай өкілеттіктер беріледі:

      1) өз функцияларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қор биржасының барлық үй-жайларына, цифрлық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға рұқсат алу;

      2) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;

      3) қор биржасы бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету.

      9. Жауапты қызметкердің функциялары ішкі аудит қызметі жүзеге асыратын функциялармен, сондай-ақ қор биржасы бөлімшелерінің биржалық және (немесе) банк операцияларын жүзеге асырумен байланысты жүзеге асыратын функцияларымен сәйкес келмейді.

      10. Қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін қор биржасының ішкі бақылау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған цифрлық жүйелерді пайдаланады.

3-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      11. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері уәкілетті органның және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ұсынылады.

      12. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру кезінде қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.

      13. Қор биржасы жыл сайынғы негізде қор биржасы қызметтерінің ең кем дегенде тәуекелдердің мынадай арнайы санаттарын ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалауды жүзеге асырады: клиенттердің типіне қарай тәуекел, ел (географиялық) тәуекелі, көрсетілетін қызметтің және (немесе) оны көрсету тәсілінің тәуекелі.

      Қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын бірегейлендіру рәсімдерін және мониторингін өзгертуді, қандай да бір операцияларды жүргізуге лимиттерді белгілеуді, қызмет көрсету талаптарын өзгертуді, қызмет көрсетуден бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.

      14. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне мыналар енгізіледі, бірақ олармен шектелмейді:

      1) шетелдік қаржы ұйымдары;

      2) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ осындай тұлғалардың Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;

      3) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар.

      15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін төмендететін клиенттер типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ оларды бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ оларды бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар;

      3) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының резиденттері - бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, сондай-ақ акциялары шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттейтін цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары) және цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары және цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері;

      4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар.

      16. Қор биржасы осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерден келген клиенттерге қызмет көрсетумен, осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асырумен байланысты ел (географиялық) тәуекелін бағалауды жүзеге асырады.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін жоғарылататын операциялар жүргізетіндер шет мемлекеттер болып табылады:

      1) уәкілетті орган КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес жасайтын Ақшаны жылыстатумен күрес жөніндегі қаржы шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      2) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) "Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 15 қаулысына сәйкес офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      4) басқа факторлар (сыбайлас жемқорлық, есірткіні өндіру, айналымы және (немесе) транзиті деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмге қолдау көрсету туралы мәліметтер және басқалары) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелі бар ретінде қор биржасы айқындаған шет мемлекеттер (аумақтар).

      17. Қор биржасының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын қызметтері, сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) дербес компьютерлер, телефондар, электрондық терминалдар арқылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсету;

      2) шетелдік қаржы ұйымдарының банк шоттарын ашу;

      3) қолданыстағы, сондай-ақ енгізілетін өнімдер үшін жаңа және дамушы технологияларды пайдалана отырып, ақпарат беру тетіктерін қамтитын жаңа өнімдер және іскерлік тәжірибелер.

      18. Қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау кезінде Талаптардың 14, 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекелдер факторларына сәйкес қор биржасы мына қосымша мәліметтерді ескереді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қор биржасының уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны;

      2) қор биржасының уәкілетті органға клиенттердің шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.

      19. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде қор биржасы Талаптардың 14, 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын, сондай-ақ қор биржасы белгілейтін өзге де санаттар мен тәуекелдер факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу жөнінде шаралар қолданады.

      Қор биржасы клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қор биржасында бар клиент (клиенттер) туралы мәліметтерді талдаудың нәтижелері бойынша белгілейді және қор биржасы әзірлеген тәуекел деңгейін айқындаудың кемінде екі деңгейінен тұратын шкаласы бойынша бағалайды.

      Қор биржасы клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.

4-тарау. Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасы

      20. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында қор биржасы клиенттерді (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру қор биржасының клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және дәйектілігін тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжанатын мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы Талаптарда көзделген мәліметтерді алу және тіркеу болып табылады.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және тиісінше тексеруді қор биржасы клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге дереккөздерден, оның ішінде скорингтік модульдегі тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім ) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі. Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.

      Клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялар шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болған жағдайда, клиент – заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент – заңды тұлға, заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Егер тиісті тексеру бойынша шараларды қабылдау нәтижесінде клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиенттерге қатысты клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады не оларға қатысты тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.

      Қор биржасы:

      1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдерді әзірлеуге және жаңа іскерлік практикаға;

      2) жаңа және қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды қолдануға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтайды және бағалайды.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға немесе жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.

      21. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, қор биржасы іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне сәйкестендіру жүргізеді.

      22. Қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2 және 3-1-тармақтарының және 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, жүргізілетін операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жүргізген;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жүргізген (жүргізуге әрекет жасаған);

      3) клиент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операция (мәміле) жүргізген;

      4) клиент әдеттегіден тыс операциялар (мәмілелер) жүргізген;

      5) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің дәйектілігіне күмәндануға негіздер болған жағдайларда клиент және бенефициарлық меншік иесі туралы алынған мәліметтердің дәйектілігін тексереді және іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын анықтайды.

      Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операциялар жасаған кезінде, егер клиентті сәйкестендіру осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейіне және Талаптарға сәйкес бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту не алу қажеттігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастарды белгілеу кезінде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді көздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мәліметтерді басқа да тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіз болған кезде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту қор биржасы осындай күмәннің бар екендігі туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      23. Талаптардың 21 және 22-тармақтарының талаптарына сәйкес алынған мәліметтерді қор биржасы клиенттің досьесіне енгізеді, ол клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл қор биржасында сақталады.

      Қор биржасы ішкі құжаттарға сәйкес досьелер жүргізетін клиенттердің топтары мыналарды қамтиды, бірақ шектелмейді:

      1) заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым;

      2) заңды тұлғалар.

      Қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде қор биржасы клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттерді тиісінше тексеру шараларына қор биржасы басшылыққа алатын басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, цифрлық жүйелерден немесе басқа қаржы мониторингі субъектілерінің дерекқорынан үзінді-көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.

      Шетелдік қаржы ұйымы қолданған, клиенттерді (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қор биржасы осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттелуге және қадағалауға жататынын және шетелдік қаржы ұйымы тиісінше тексеру жөнінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы талаптарына ұқсас шаралар қабылдайтын, сондай-ақ тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтайтынын белгілейді.

      Қаржы тобына қатысушы болып табылатын қор биржасы қажеттілігіне қарай тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты осындай қаржы тобына басқа қатысушылар қолданған, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1, 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде сүйене алады.

      24. Клиент ақша аударымын жүзеге асырған не оның пайдасына қолма-қол ақшасыз төлем немесе ақша аударымы келіп түскен кезде қор биржасы төлем құжатында КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 7-бабы 2-тармағында көзделген клиент туралы мәліметтердің болуын, сондай-ақ оларды төлемге, ақша аударымына қатысушы қаржы ұйымына берілуін бақылайды.

      25. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде қор биржасы ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің болуына тексеру жүргізеді.

      Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (ТҚ тізбесінің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады. Қор биржасы клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау барысында мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.

      Қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:

      1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;

      2) қор биржасының басшы қызметкерлерінің осындай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;

      3) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің қаражат көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;

      4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде тұрақты негізде күшейтілген шаралар қабылдауға міндетті.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты қор биржасы, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша осы тармақтың үшінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.

      Қор биржасы басшыны (құрылтайшыларды (қатысушыларды), құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға-клиенттің және заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым-клиенттің атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлғаны), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаны және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      азаматтығы; туған күні және жері;

      заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы;

      жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) оның негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге де құжаттың деректемелері;

      жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).

      Қор биржасы заңды тұлға-клиентті (заңды тұлға-клиенттің, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым-клиенттің құрылтайшыларын (қатысушыларын)) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      атауы;

      қор биржасының тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар бар болса);

      тіркелген және орналасқан мекенжайы;

      қызмет сипаты;

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).

      Қор биржасы заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым-клиентті сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым шет мемлекетте (аумақта) тіркелген атауын, нөмірін (болған кезде);

      орналасқан жерінің мекенжайын;

      негізгі қызмет жүргізілетін орнын;

      қызметінің сипатын;

      басқаруындағы (меншігіндегі) мүлік құрамын (трасттарға және ұқсас құрылымы немесе функциясы бар заңды тұлға құрмаған өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).

      26. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың сенімді ақпарат көздерін пайдаланумен шынайы болуы тұрғысынан тексеріледі.

      27. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қор биржасының іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тарту туралы шешімді қабылдауы рәсімін, негіздері мен мерзімдерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату тәртібі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде тиісті клиентті тексерудің жеңілдетілген және күшейтілген шаралары;

      3) шетелдік қаржы ұйымдарымен іскерлік қатынастар орнатылған кезде сәйкестендіруді жүргізу ерекшеліктері;

      4) қор биржасының клиенттер (олардың өкілдері) арасынан қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын, жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларын және жақын туыстарын анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      5) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру тәртібі;

      6) іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;

      7) басқа қаржы ұйымдарынан мәліметтер алу арқылы клиенттерді сәйкестендіру ерекшеліктері;

      8) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру тәртібі;

      9) клиенттің досьесін жүргізу нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптар, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартулар;

      10) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, мұндай тәуекелді бағалау негіздері;

      11) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша және тәртіппен клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді қор биржасының сұрау салуы бойынша алу және ұсыну тәртібі.

      12) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша (бар болса) топтық талаптарды орындау аясында сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу, оның ішінде осындай мәліметтерді сақтау және құпиялылығын қамтамасыз ету ерекшеліктері.

      Егер қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға қор биржасының клиенттеріне қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, қор биржасы мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді, олар мыналарды:

      қор биржасының сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ мұндай шарттар жасасуға уәкілетті қор биржасының лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      қор биржасы мен сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар арасындағы шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдардың сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді қор биржасына беру рәсімі мен мерзімдерін;

      қор биржасына алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қор биржасы қабылдайтын шараларды қоса алғанда, сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды қор биржасының жүзеге асыру рәсімін;

      сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, алынған мәліметтерді қор биржасына беру мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, қор биржасының сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздерін, рәсімін және мерзімдерін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті қор биржасының лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      қор биржасы сәйкестендіру жүргізуді тапсырған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін, алынған мәліметтерді қор биржасына беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, жауапкершілігі туралы ережелерді;

      қор биржасының сәйкестендіру талаптарын орындау мақсатында оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау рәсімін қамтиды.

      Қор биржасының өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша талаптарды енгізуіне рұқсат етіледі.

      Шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымына КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қолдануды тапсырған қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ-ның ықтимал тәуекелдерін ескереді.

5-тарау. Клиенттер операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы

      28. Қор биржасы басқа қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болған немесе орналасқан жағдайда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасамайды.

      29. Клиентті тиісінше тексеру, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды анықтау және оларды уәкілетті органға жолдау бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында қор биржасы клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      30. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы шеңберінде қор биржасы клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу бойынша, cондай-ақ клиенттердің операцияларын зерделеу және шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

      Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу нәтижелерін қор биржасы қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау, сондай-ақ клиенттердің тәуекел деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттердің операциялары мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 23-тармағында көрсетілген клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл бойы сақталады.

      31. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту кезеңділігін және (немесе) алу қажеттілігін қор биржасы клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып белгілейді.

      Тәуекел деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде болуын (ТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және ТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (ТҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.

      32. Клиенттің операцияларын зерделеу дәрежесін қор биржасы клиент (клиенттер тобы) тәуекелінің деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, сондай-ақ қордағы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ сценарийлерді (схемаларды) және (немесе) әдеттегіден тыс және күдікті операциялардың белгілерін ескере отырып айқындайды.

      Қор биржасы клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда клиент белгілі уақыт кезеңінде жүргізіп отырған (жүргізген) операцияларды зерделейді.

      33. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, ұйым дербес әзірлеген, күдікті операцияны айқындау белгілері негізінде жасалған күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;

      2) қор биржасы бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптардың 19, 30 және 31-тармақтарында көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу жөніндегі міндеттерді бөлу;

      3) қор биржасы бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру жөніндегі міндеттерді бөлу;

      4) жауапты қызметкердің клиент операциясын жіктеу туралы шешімді қабылдау тәртібі, негізі және мерзімі;

      5) әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар жөніндегі мәліметтерді (оның ішінде операциялар сомасы, төлем валютасы, клиенттің контрагенті туралы деректерді) тіркеу (оның ішінде тіркеу тәсілдері) және сақтау тәртібі;

      6) клиент әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүйелі және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған жағдайда, қор биржасының клиент пен оның операцияларына қатысты қабылдайтын шаралардың сипаттамасы қабылдау тәртібі.

      7) уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарламалар беру тәртібі;

      8) шекті және күдікті операцияның анықталғаны туралы қордың басқару органын, атқарушы органын және қор биржасының лауазымды адамдарын хабардар ету (қажет болған кезде) тәртібі.

      34. Операцияны шекті ретінде саралаудың заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттегіден тыс немесе күдікті операцияны анықтаған жағдайда, көрсетілген операцияны анықтаған қор биржасының қызметкері осындай операция туралы хабарламаны жауапты қызметкерге қор биржасының ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде жібереді.

      Бір хабарламада бірнеше операция туралы ақпараттың болуына жол беріледі.

      Қор биржасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды зерделеудің нәтижелерін клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.

6-тарау. Қор биржасының қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      35. Қор биржасының қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты - қор биржасының қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы ішкі бақылау қағидаларының және өзге де ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын орындау үшін қажет білім мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

      36. Оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабы 8-тармағында көрсетілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында дайындау мен оқыту бойынша қаржы мониторинг субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

  Тізбеге 7-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 29 қазандағы
№ 105 қаулысымен
бекітілген

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң) 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес әзірленді және ипотекалық ұйымдарға, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тура немесе жанама түрде ұлттық басқару холдингіне тиесілі болатын агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне кредит беретін ұйымдарға, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйым) қатысты қолданылады.

      2. Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Қазақстан Республикасы Заңында, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңында және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, клиенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген күдікті операцияны және клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметін (бұдан әрі бірге – күдікті операция) айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәміле);

      2) біржолғы операция (мәміле) – ұйымның клиенттерге - жеке тұлғаларға бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада сату арқылы қызметтер көрсетуі;

      3) клиент – ұйымның қызметтерін алатын жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға және (немесе) заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдері – ұйымды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру процестеріне қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері;

      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдерін басқару – ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды барынша азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

      6) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциясы;

      7) іскерлік қатынастар – клиенттермен ұйымдардың кәсіптік қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын қарым-қатынас.

      3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) қарсы іс-қимыл мақсатында ұйым ішкі бақылауды:

      1) ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) ұйымды, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      4. Ұйымда КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде ұйымның ішкі аудит қызметінің не аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылау тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптарды қамтитын ішкі бақылау қағидалары әзірленеді.

      Ұйым ішкі бақылау қағидаларын ұйым қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, ұйымның мөлшерін, сипаты мен күрделілігін бағалау нәтижелерін ескере отырып орындайды.

      Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалардан тұрады, ұйым оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және олар ұйымның ішкі құжаты не ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Ұйымда ұйымның басшы қызметкерлерінің немесе ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының деңгейінен төмен емес ұйымның өзге де басшыларының қатарынан ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ұйымдағы ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты, экономика, қаржы, банк және сақтандыру ісі, бизнес және басқару, құқық, бухгалтерлік іс және салық салу салаларында жоғары білімі, қаржы ұйымдарында не микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар (техникалық немесе қосалқы қызметкерлер лауазымдарындағы жұмыс тәжірибесін қоспағанда) және алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ тұлға (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері кіретін ұйымның қызметкерлері не бөлімшесі (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше) айқындалады.

      6. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;

      2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен жүргізілетін операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды қолдану тәртібі;

      3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес жасалған ТҚ тізбесінде және осы Заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тексеру тәртібі;

      4) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін ТҚ тізбесінен және ЖҚҚТҚ тізбесінен алып тастаған кезде ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды тоқтату тәртібі;

      5) ұйым қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің, ұйымның басқару органының және атқарушы органының өздеріне белгілі болған, ұйым қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;

      6) ұйымды бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі талаптардың (бар болса) сипаттамасы;

      7) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ұйымның ішкі аудит қызметінің немесе аудит жүргізуге уәкілетті өзге де тұлғаның ішкі бақылау тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті дайындау және ұйымның басқару органы мен атқарушы органына ұсыну тәртібі;

      8) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі;

      9) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша бөлімше функцияларының сипаттамасы, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымның басқа бөлімшелерімен, филиалдарымен, еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің, сондай-ақ жауапты қызметкердің функциялары, өкілеттіктері, жауапты қызметкердің ұйымның басқару органымен және атқарушы органымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің сипаттамасы;

      10) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру тәртібі, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару және оларды барынша азайту бойынша қосымша бақылау шаралары мен рәсімдерін қолдану тәртібі.

      7. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымда әзірленген және ұйымның атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың) болуын, сондай-ақ ұйымда олардың сақталуын мониторингтеуді қамтамасыз ету;

      2) уәкілетті органға хабарламалар ұсынуды және олардың ұсынылуын бақылауды ұйымдастыру;

      3) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға хабарламалар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      4) ұйымның уәкілетті органын немесе ұйымның лауазымды тұлғасын анықталған клиенттер және нысаналы қаржы санкцияларын қолдану жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар ету;

      5) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау не ұйымның уәкілетті органымен немесе ұйымның лауазымды тұлғасымен келісу;

      6) ұйымның атқарушы органына КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сұрау салулар жіберу;

      7) ұйымның уәкілетті органдарын және ұйымның лауазымды тұлғаларын анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабардар ету;

      8) ұйымның уәкілетті органдарына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында және ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылып отырған шаралар туралы ақпарат дайындау және ұйымның атқарушы органымен келісу;

      9) ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартылу тәуекелін бағалау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға сұратылатын ақпаратты жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау бойынша үйлестіру.

      8. Жауапты қызметкерге және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлеріне жүктелген функцияларды орындау үшін мынадай:

      1) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның барлық үй-жайларына, цифрлық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;

      2) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

      3) ұйымның бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету өкілеттіктері беріледі, бірақ олармен шектелмейді.

      9. Ұйымның филиалдарында Талаптардың 7 және 8-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толығымен немесе ішінара жүктелген қызметкерлер бар болса, осындай қызметкерлердің қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.

      10. Жауапты қызметкердің, сондай-ақ ұйымның Талаптардың 7-тармағында көзделген функциялар жүктелген қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның функцияларымен, сондай-ақ ұйымның операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің функцияларымен қоса атқарылмайды.

3-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      11. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерді бағалау) бағдарламасын әзірлейді.

      12. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру кезінде ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес ұлттық бағалау бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерінің есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.

      13. Ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерді басқару бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымға және оның құрылымдық бөлімшелеріне қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тәртібі;

      2) тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттердің типі бойынша, елдік (географиялық) тәуекелді және көрсетілетін қызмет/өнімдер тәуекелі) тәуекелін ескере отырып, мыналарға:

      клиенттің тәуекел деңгейіне;

      ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) клиенттің тәуекелдеріне және ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне алдын алу іс-шараларының тізбесін, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімін, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылауды көздейтін жүйелі мониторингтеуді, талдауды және бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

      4) клиенттер тәуекелдерінің деңгейін тағайындау тәртібі, мерзімдері және қайта қарауға арналған негіздер.

      14. Ұйым жыл сайынғы негізде кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің типі бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, қызмет (өнім) және (немесе) оны ұсыну тәсілінің тәуекелін ескере отырып, ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалауды жүзеге асырады.

      Ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және оларға мониторинг жүргізу рәсімдерін өзгертуді, операциялар жүргізуге лимиттер белгілеуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсыну талаптарын өзгертуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсынудан бас тартуды қоса, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.

      15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды тұлға, оның жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      2) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген), сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдар және осындай тұлғалардың өкілдіктері;

      3) коммерциялық емес және қайырымдылық ұйымдары, діни бірлестіктер;

      4) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар.

      16. Ұйым осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерден клиенттерге қызметтерді (өнімдерді) көрсетумен және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды жүзеге асырумен байланысты елдік (географиялық) тәуекелді басқаруды жүзеге асырады.

      Операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін ұлғайтатын шет мемлекеттер:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      2) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) "Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 15 қаулысына сәйкес офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      4) ұйым басқа факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзит деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар) болып табылады.

      17. Ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын қызметтері (өнімдері), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) дербес компьютерлер, телефондар, электрондық терминалдар арқылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсету;

      2) 3 000 000 теңгеден асатын сомаға не баламасы 3 000 000 теңгеден асатын шетел валютасымен сомаға қолма-қол ақшамен қарыз беру;

      3) қолданыстағы, сондай-ақ енгізілетін өнімдер үшін жаңа және дамушы технологияларды пайдалана отырып, ақпарат беру тетіктерін қамтитын жаңа өнімдер және іскерлік тәжірибелер.

      18. Ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін Талаптардың 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің санаттарына және факторларына сәйкес бағалау кезінде ұйым тәуекелдің жиынтық дәрежесіне ықпал ететін мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін қосымша мәліметтерді ескереді:

      1) ұйым уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны;

      2) ұйымның уәкілетті органға клиенттердің қолма-қол ақшамен шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.

      19. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру (тәуекелдерді басқару) шеңберінде ұйым Талаптардың 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын, сондай-ақ ұйым белгілейтін өзге де санаттар мен тәуекелдер факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу жөнінде шаралар қолданады.

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингтеу бойынша рәсімдер шеңберінде алынған клиент (клиенттер) туралы мәліметтерді талдаудың нәтижелері бойынша белгілейді және тәуекел деңгейін айқындаудың ұйым әзірлеген, кемінде екі деңгейден тұратын шкаласы бойынша бағалайды.

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.

      20. Ұйымдар:

      1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдерді әзірлеуге және жаңа іскерлік практикаға;

      2) жаңа және қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды қолдануға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтайды және бағалайды.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға немесе жаңа (дамып келе жатқан) технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.

4-тарау. Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасы

      21. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның клиентті (оның өкілін) тиісінше тексеру бойынша талаптарын іске асыру мақсатында ұйым клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру ұйымның клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және дәйектілігін тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қарым-қатынастардың немесе біржолғы операцияның (мәміленің) болжанатын мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда көзделген мәліметтерді алу және тіркеу болып табылады.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және тиісінше тексеруді ұйым клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге дереккөздерден, оның ішінде скорингтік модульдегі тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі. Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.

      Клиент-заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болатын жағдайда, клиент-заңды тұлғаға, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымға бақылауды өзге түрде жүзеге асыратын не оның мүддесі үшін клиент-заңды тұлға, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Егер шараларды қабылдау нәтижесінде клиент-заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, жеке-дара атқарушы органды не заңды тұлға-клиенттің алқалы атқарушы органы басшысын, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымды бенефициарлық меншік иесі ретінде тануға жол беріледі.

      Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді дереккөздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мәліметтерді басқа тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиенттерге қатысты клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады не оларға қатысты тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.

      22. Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2 және 3-1-тармақтарының және 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, жүргізілетін операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жүргізген;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жүргізген (жүргізуге әрекет жасаған);

      3) клиент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операция (мәміле) жүргізген;

      4) клиент әдеттегіден тыс операциялар (мәмілелер) жүргізген;

      5) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің дәйектілігіне күмәндану үшін негіздер болған;

      6) жеке тұлға клиент, егер операцияның сомасы 500 000 (бес жүз мың) теңгеден не 500 000 (бес жүз мың) теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан асатын болса, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды бөлшек сату алу бойынша операция жүргізген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы алынған мәліметтердің дәйектілігіне тексеру жүргізеді және іскерлік қатынастардың немесе біржолғы операцияның (мәміленің) болжамды мақсатын белгілейді.

      Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің дұрыстығына күмәндануға негіз болған кезде, қаржы мониторингі субъектісі осындай күмәннің болуы туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер жаңартылады.

      Клиент белгіленген іскерлік қарым-қатынастар шеңберінде операция жүргізген кезде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3, 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай іскерлік қатынастар орнату кезінде жүргізілген болса, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейі мен Талаптарға сәйкес бұрын алынған мәліметтерді жаңарту не қосымша мәліметтер алу қажеттілігі жағдайларында жүргізілмейді.

      23. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, ұйым іскерлік қарым-қатынастар орнатылғанға дейін клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне сәйкестендіру жүргізеді.

      24. Талаптардың 22 және 23-тармақтарының талаптарына сәйкес алынған мәліметтерді ұйым клиенттің досьесіне енгізеді (қосады), ол клиентпен іскерлік қарым-қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және олар тоқтатылғаннан не біржолғы операция жасағаннан күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл ұйымда сақталады.

      Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйым клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиентті тиісінше тексеру шараларына ұйым басшылыққа алатын басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, цифрлық жүйелерден немесе басқа қаржы мониторингі субъектілерінің дерекқорынан үзінді-көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.

      Егер ұйым клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің шетелдік қаржы ұйымы қабылдаған шараларына сүйенсе, ұйым осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және осындай қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының талаптарына ұқсас тиісінше тексеру жөніндегі шаралар қабылдайтынын белгілейді.

      25. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде ұйым ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің болуына тексеру жүргізеді.

      Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты көші-қон карточкалары туралы мәліметтер талап етілмейді.

      Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (ТҚ тізбесінің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.

      Ұйым клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.

      Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:

      1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;

      2) ұйымның басшы қызметкерлерінің осындай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қарым-қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;

      3) осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің қаражат көзін және (немесе) өзге де мүлкін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;

      4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша тұрақты негізде күшейтілген шаралар қабылдайды.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан бөлек, қосымша осы тармақтың бесінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.

      Ұйым жеке тұлғаны (заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым басшысын, құрылтайшыларын (қатысушыларын), бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      азаматтығы, туған күні мен жері;

      заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы;

      жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге құжаттың деректемелері,

      қызмет түрі (дара кәсіпкерлер үшін);

      жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).

      Ұйым клиент-заңды тұлғаны (клиент-заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын), заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымды) сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      атауы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі және тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар болған кезде);

      орналасқан және тіркелген жері;

      бизнес сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір;

      қызмет түрі;

      басшы (құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға-клиенттің және заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым-клиенттің атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер;

      бенефициарлық меншік иесі туралы деректер.

      Ұйым клиент-заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымды сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның шет мемлекетте (аумағында) тіркелген атауы, нөмірі (бар болса);

      орналасқан жерінің мекенжайы;

      негізгі қызметті жүргізу орны;

      қызмет сипаты;

      басқарудағы (меншіктегі) мүліктің құрамы (ұқсас құрылымы немесе функциясы бар заңды тұлға құрмай трасттар мен өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).

      26. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың сенімді ақпарат көздерін пайдаланумен шынайы болуы тұрғысынан тексеріледі.

      27. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату, тәртібі мен негіздерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау тәртібі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде тиісті тексерудің жеңілдетілген және күшейтілген шаралары;

      3) клиенттер (олардың өкілдері) арасынан қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларын және жақын туыстарын анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      4) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру тәртібі;

      5) іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;

      6) ұйымға бақылау жасайтын заңды тұлға белгілеген клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша (бар болса) талаптарды орындау аясында сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу, сондай-ақ осындай мәліметтерді сақтау және құпиялылығын қамтамасыз ету ерекшеліктері;

      7) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру тәртібі;

      8) клиенттің досьесін жүргізу нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптар, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартулар;

      9) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, мұндай тәуекелді бағалау негіздері;

      10) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұйымның сұрау салуы бойынша алу және ұсыну тәртібі.

      Егер ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға ұйымның клиенттеріне қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, ұйым мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді, олар мыналарды:

      ұйымның сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ мұндай шарттар жасасуға уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      ұйым мен сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар арасындағы шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдардың сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді ұйымға беру рәсімі мен мерзімдерін;

      ұйымға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйым қабылдайтын шараларды қоса алғанда, сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды ұйымның жүзеге асыру рәсімін;

      сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, алынған мәліметтерді ұйымға беру мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, ұйымның сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздерін, рәсімін және мерзімдерін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      ұйым сәйкестендіру жүргізуді тапсырған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін, алынған мәліметтерді ұйымға беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, жауапкершілігі туралы ережелерді;

      ұйымның сәйкестендіру талаптарын орындау мақсатында оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау рәсімін қамтиды.

      Ұйымға өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша талаптарды енгізуіне рұқсат етіледі.

      Шарттың негізінде шетелдік қаржы ұйымына клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті түрде тексерудің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларын тапсырған ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ ықтимал тәуекелдерін ескереді.

      28. Қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті деңгейде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болатын немесе орналасатын жағдайда, ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасамайды.

5-тарау. Клиенттер операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы

      29. Клиентті тиісінше тексеру, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды анықтау және оларды уәкілетті органға жолдау бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында ұйым клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      30. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасының шеңберінде ұйым клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) алу жөнінде, сондай-ақ клиенттердің операцияларын зерделеу және шекті, күрделі, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтау жөнінде іс-шаралар жүргізеді.

      Ұйым клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу нәтижелерін ұйым қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау, сондай-ақ клиенттердің тәуекелдер деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер талаптардың 24-тармағында көзделген клиент досьесіне енгізіледі және (немесе) ұйымда клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі бойы және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл және біржолғы операция (мәміле) жасалғаннан кейін кемінде бес жыл сақталады.

      31. Клиент операцияларын зерделеу жиілігін ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, клиенттің қаржы мониторингіне жататын операцияны (операцияларды) жасауын (жасауға әрекет жасауын) ескере отырып, сондай-ақ ұйымдағы уәкілетті орган бекіткен КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларын, схемалары мен тәсілдерін ескере отырып айқындайды.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда ұйым клиент белгілі бір уақыт кезеңінде, бірақ кемінде соңғы айда жүргізетін (жүргізген) операцияларды зерделейді.

      32. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту кезеңділігін және (немесе) алу қажеттілігін ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйымның көрсететін қызметінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, белгілейді.

      Тәуекел деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      33. Клиенттер операцияларының мониторингі және оны зерделеу бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі белгілерін қоспағанда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, күдікті операцияны анықтау белгілері негізінде жасалған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;

      2) ұйым бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту және (немесе) қосымша мәліметтер алу бойынша міндеттерді Талаптарда көзделген жағдайларда бөлу;

      3) ұйым бөлімшелері (қызметкерлері) арасында шекті, күрделі, әдеттегіден тыс және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру жөніндегі міндеттерді бөлуді;

      4) жауапты қызметкердің клиент операциясының біліктілігі туралы шешім қабылдау тәртібі, негіздері және мерзімі;

      5) күрделі, әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар (оның ішінде, операцияның сомасы, валютасы) туралы мәліметтерді тіркеу (оның ішінде тіркеу тәсілдері) және сақтау тәртібі;

      6) клиент жүйелі түрде және (немесе) елеулі көлемде әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда клиентке және оның операцияларына қатысты шаралар қабылдау тәртібі және қабылданатын шаралардың сипаты;

      7) уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарлар беру тәртібі;

      8) шекті және күдікті операцияның анықталғаны туралы ұйымдардың басқару органын, атқарушы органын және ұйымдардың лауазымды адамдарын хабардар ету (қажет болған кезде) тәртібі.

      34. Операцияны шекті ретінде саралаудың заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ күрделі, әдеттегіден тыс немесе күдікті операция анықталған жағдайда, көрсетілген операцияны анықтаған ұйым қызметкері осындай операция туралы хабарламаны жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімшеге) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде жібереді.

      Бір хабарламада бірнеше операция туралы ақпараттың болуына жол беріледі.

      Ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды зерделеудің нәтижелерін клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.

6-тарау. Ұйым қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      35. Ұйым қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты - ұйым қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы ішкі бақылау қағидаларының және өзге де ішкі құжаттардың талаптарын орындау үшін қажет білім мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

      36. Оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабының 8-тармағында көрсетілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы даярлау және оқыту бойынша қаржы мониторингі субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.