БҰЙЫРАМЫН:
1. "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларда:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) авторлық ұжым – әзірлеуші және (немесе) баспа қалыптастыратын жеке тұлғалар тобы.";
мемлекеттік тілдегі 2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) мектепке дейінгі білім беруге арналған оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – МБ ОӘК) – МЖМБС, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына, Талаптарға сәйкес келетін және ұйымдастырылған қызмет ескеріліп, құрамына әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері, демонстрациялық, үлестірме, аудио және бейне материалдар, хрестоматия, дидактикалық ойындар мен альбомдар кіретін оқу және әдістемелік басылымдар жиынтығы;";
2-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"22) сараптамалық топ – көрсетілетін қызметті берушінің сарапшылар базасына енгізілген, ғылыми-педагогикалық сараптамаға тартылатын сарапшылар тобы;";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары үшін әрбір 5 (бес) жыл сайын, арнайы білім беру ұйымдары үшін әрбір 6 (алты) жыл сайын Тізбені жаңартуды қамтамасыз ететін сараптама жүргізу кестесін бекітеді.
Бұл ретте білім беру саласындағы уәкілетті орган МБ ОӘК-ні, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысанда әзірлеу және қайта басып шығару мерзімдерін олардың сапасына жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша өзгертуге құқылы";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. МБ ОӘК, оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысанда дайындауға Тақырыптық жоспар негіз болады.
Келесі қаржы жылына арналған Тақырыптық жоспар жыл сайын 5 қаңтардан 15 наурызға дейін осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы баспа және (немесе) әзірлеуші ұсынған МБ ОӘК-ні, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысанда енгізуге болжамды өтінімдер негізінде қалыптастырылады.
Баспадан және (немесе) әзірлеушіден Тақырыптық жоспарға бір сыныпқа арналған пән бойынша оқулық пен ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысанда бір аталым енгізіледі. Болжамды өтініштің көлемі жоспардан артқан жағдайда Тақырыптық жоспарға көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерінің жалпы көлемінен МБ ОӘК-нің, оқулықтардың, ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысанда тең үлестері енгізіледі.";
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Көрсетілетін қызметті беруші ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне (бұдан әрі – Комитет) келесі қаржы жылына арналған Тақырыптық жоспарды енгізеді, Комитет ағымдағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей Тақырыптық жоспарды бекітеді және бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырады.
3-2. Тақырыптық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар республикалық бюджеттен көзделген қаражат шеңберінде енгізіледі.
Комитет Тақырыптық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында ақпаратты өзектендіреді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Оқулық пен ЭО-ны дайындауды авторлық ұжымды қалыптастыру жолымен әзірлеуші немесе баспа ұйымдастырады, оның құрамына оқулықтар мен ЭО-ны әзірлеу мәселелері бойынша оқыту курстарынан өткен ғалымдар, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.
МБ ОӘК, ОӘК, оқу құралын, оның ішінде электрондық нысанда дайындауды оқу басылымының авторы және (немесе) авторлық ұжым жүзеге асырады.";
10-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
3-тараудың 1-параграфы алынып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Жаңадан әзірленген оқулықтар мен ОӘК-ні сараптамаға қабылдау ағымдағы жылғы 30 маусымға дейін, МБ ОӘК, ЭО, ЭОӘК, қайта басып шығарылатын оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы үшін ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырылады.
Оқу құралдарды, ЭОҚ-ны сараптамаға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. МБ ОӘК-ге, оқулықтарға, ОӘК-ге, оқу құралдарына, оның ішінде электрондық нысанда ғылыми-педагогикалық сараптаманы көрсетілетін қызметті беруші қалыптастыратын сараптамалық топ күнтізбелік 50 (елу) күн ішінде жүргізеді.
Сараптамалық топ мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар, сарапшылар базасына енгізілген "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші" және (немесе) "педагог-шебер" біліктілік санаты бар ғалымдар мен педагогтер қатарынан тұрады. Ғылыми-педагогикалық сараптама жүргізуге "ЖОО-ның үздік оқытушысы", "Үздік педагог" республикалық конкурстарының жеңімпаздары, ведомстволық және мемлекеттік наградалардың иегерлері де тартылады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Көрсетілетін қызметті беруші Ғылыми кеңестің шешімімен бекітілетін сараптама критерийлерін оқу басылымдарын бағалаудың негізгі өлшемдері бойынша әзірлейді:
1) құрылымы мен ұйымдастырылуы;
2) мазмұны;
3) дидактикалық аспектілері;
4) әдістемелік аспектілері;
5) тіл деңгейі;
6) психологиялық және психолингвистикалық аспектілері;
7) этномәдени және құндылық аспектілері;
8) цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектті пайдалану;
9) саралау аспектілері;
10) макет пен дизайн.";
63, 64, 65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбеге енгізілген жаңадан әзірленген МБ ОӘК, оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағыны бағалау мақсатында білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу процесінде бірінші жыл пайдаланылғаннан кейін олардың сапасына мониторинг (бұдан әрі – мониторинг) жүргізеді.
64. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбе бекітілген күннен бастап мониторинг жүргізу үшін жаңадан әзірленген МБ ОӘК-нің, оқулықтар мен ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысандағы түрімен таныстыру (демонстрациялық) үшін электрондық нұсқаларын өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
65. Жаңадан әзірленген МБ ОӘК, оқулықтар мен ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысандағының сапасының мониторингін көрсетілетін қызметті берушінің Ғылыми кеңесі бекіткен әдіснаманың негізінде оқу жылының ішінде бақылау, педагогтер, білім алушылар, ата-аналар немесе заңды өкілдерінің арасында сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
66. Талдамалық анықтама түріндегі мониторинг нәтижелері жаңадан әзірленген МБ ОӘК, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысанда жетілдіруге қатысты ұсынымдарды қамтиды және білім беру саласындағы уәкілетті органның қарауына ұсынылады. Мониторинг қорытындылары қайта басып шығару кезінде МБ ОӘК-нің, оқулықтар мен ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысандағыларының мазмұнына өзгерістер енгізуге немесе білім беру ұйымдары талап етпеген МБ ОӘК-ні, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысандағыларын Тізбеден алып тастауға негіз болады.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
мемлекеттік тілдегі 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:
"
";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
М. Мелдебекова |
Тақырыптық жоспарға МБ ОӘК-ні, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысанда енгізуге болжамды өтінім
№ | Баспа/ әзірлеуші | Пән | Оқу басылымының атауы | Категория (оқулық, ОӘК түрі) | Бөлімдер саны | Сынып | Әзірлеу нысаны | Оқыту бағыты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Әзірлеу тілі | Оқыту тілі | Басылым түрі | Авторлар | Бет саны | Баспа табақтағы көлемі | Минутпен көлемі | Тапсыру айы | Тапсыру жылы |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |