"Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 11 қарашадағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 қарашада № 37392 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6388 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) пайдаланушы кабинеті – уәкілетті орган ведомствосының www.stat.gov.kz интернет-ресурсындағы тіркелген пайдаланушыларға уәкілетті орган ведомствосының сервистеріне қолжетімділік ұсынатын интерфейс;";

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүргізу мақсатында, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын халықаралық ұйымдардың біржолғы өтінімі негізінде жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ұйымдарға сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор беріледі немесе сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқор электрондық жеткізгіштен (CD диск) дербес компьютерге жүктелетін Зерттеушінің кабинетінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқормен жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.

      Бұл ретте сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор және сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқор электрондық жеткізгіштен (CD диск) дербес компьютерге жүктелетін Зерттеушінің кабинетінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорлармен жұмыс істеу мүмкіндігі ұйымның тікелей өкіліне (бұдан әрі – зерттеуші) ұсынылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өтінім Пайдаланушы кабинеті арқылы қалыптастырылып жіберіледі және келесі құжаттарды қоса бере отырып, ол заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады:

      1) зерттеушінің деректемелерін (зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі) көрсете отырып, ұйымның ресми хаты;

      2) зерттеушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттеме;

      5) ұйымда ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға рұқсаттың болуын растайтын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасының ұйымдары үшін білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензияның және лицензияға қосымшалардың немесе аккредиттеу туралы куәлік, және халықаралық ұйымдар үшін жарғы).

      Өтінімді қалыптастыру және беру кезінде зерттеуші құпиялылық саясатымен танысып, жеке деректерді өңдеуге және өтінім туралы (өтінім берілген күні, ұйымның атауы, зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), сұралған дерекқор сипаттамасы, ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен нәтижесі) ақпаратты жариялауға келісімін береді.";

      6, 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде ұсынуға жауапты уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жауапты ҚБ) келіп түскен өтінімді барлық құжаттардың болуын және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес қосымшаларды ресімдеудің толықтығына түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.

      7. Жауапты ҚБ барлық құжаттар болған жағдайда өтінімді уәкілетті орган ведомствосының құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне тіркеу үшін жібереді.

      8. Уәкілетті орган ведомствосының құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі өтінімді алған күні тіркеп, уәкілетті орган ведомствосының басшылығына қарауға жібереді. Өтінішті қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.

      9. Уәкілетті орган ведомствосының басшылығы өтінімді құзыреті бойынша тиісті уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан әрі – ҚБ) қарауына жібереді.

      10. Тиісті ҚБ өтінімді ұсыну, қалыптастыру және сәйкестендірмеу мүмкіндігіне түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды және жауапты ҚБ-ға хабарлайды.

      11. Жауапты ҚБ өтінімнің оң қаралуын алған кезде "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ведомстволық бағынысты ұйымға (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды қалыптастыру үшін жолдайды.";

      12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сәйкестендірмеу процесі аяқталғаннан кейін, сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор уәкілетті орган ведомствосының бұлтты сақтау қоймасында орналастырылады, оған тек жауапты ҚБ қолжетімділігі бар.";

      13, 14, 15, және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жауапты ҚБ қалыптастырылған сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оның өтінімге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және Пайдаланушы кабинетінің әкімшілік интерфейсі арқылы ақпараттық қауіпсіздікке жауапты ҚБ жібереді.

      14. Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты ҚБ бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды тексереді.

      15. Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты ҚБ бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегені анықталған кезде ведомстволық бағынысты ұйымның пысықтауы үшін бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуінің нақты себептерін көрсете отырып, сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды жауапты ҚБ қайтарады.

      16. Бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде жауапты ҚБ тиісті ҚБ-мен жауапты келіседі және зерттеушінің электрондық поштасына өтінімнің оң қаралғаны және осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес дерекқорды сәйкестендірілмеген түрінде беруге дайын екендігі туралы жауап жібереді.";

      3-тарау алып тасталсын;

      29-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) егер бұрын қаралған өтінімдерде осы Қағидалардың 18-тармағының талаптары орындалмаған;";

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану мақсаты


      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде алу тәсілі (сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы немесе сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқор электрондық жеткізгіштен (CD диск) дербес компьютерге жүктелетін Зерттеушінің кабинетінде дерекқормен сәйкестендірілмеген түрінде жұмыс істеу мүмкіндігі)


      ";

      2-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жұмыс аяқталғаннан кейін маған сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы ұсынылған дерекқорды жою.".

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті