Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-тармағына және "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 30.09.2024 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 30.09.2024 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті (С.К. Бралина) Жарияланымдар және ақпараттық технологиялар департаментімен (Д.Т. Жармұхамбетов) бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығымен бекітілген |
Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 30.09.2024 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-тармағына, сондай-ақ "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) – құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында үйлестіруді, басшылықты және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) пайдаланушы кабинеті – уәкілетті орган ведомствосының www.stat.gov.kz интернет-ресурсындағы тіркелген пайдаланушыларға уәкілетті орган ведомствосының сервистеріне қолжетімділік ұсынатын интерфейс;
3) зерттеуші кабинеті – уәкілетті органы ведомствосының Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлімшелеріндегі сәйкестендірілмеген түрінде дерекқормен жұмыс істеуге арналған арнайы жабдықталған үй-жай;
4) сәйкестендірмеу – бөлек сақталатын және қорғалатын қосымша деректерді пайдаланбай, нақты деректер субъектісін сәйкестендіру үшін пайдаланылмайтындай етіп өңделетін дербес деректерді өңдеу процесі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну тәртібі
3. Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну:
1) Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдардың;
2) Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ұйымдарының;
3) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүргізу мақсатында, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын халықаралық ұйымдардың біржолғы өтінімі негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ұйымдарға сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор беріледі немесе сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқор электрондық жеткізгіштен (CD диск) дербес компьютерге жүктелетін Зерттеушінің кабинетінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқормен жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.
Бұл ретте сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор және сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқор электрондық жеткізгіштен (CD диск) дербес компьютерге жүктелетін Зерттеушінің кабинетінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорлармен жұмыс істеу мүмкіндігі ұйымның тікелей өкіліне (бұдан әрі – зерттеуші) ұсынылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Өтінім Пайдаланушы кабинеті арқылы қалыптастырылып жіберіледі және келесі құжаттарды қоса бере отырып, ол заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады:
1) зерттеушінің деректемелерін (зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі) көрсете отырып, ұйымның ресми хаты;
2) зерттеушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттеме;
5) ұйымда ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға рұқсаттың болуын растайтын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасының ұйымдары үшін білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензияның және лицензияға қосымшалардың немесе аккредиттеу туралы куәлік, және халықаралық ұйымдар үшін жарғы).
Өтінімді қалыптастыру және беру кезінде зерттеуші құпиялылық саясатымен танысып, жеке деректерді өңдеуге және өтінім туралы (өтінім берілген күні, ұйымның атауы, зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), сұралған дерекқор сипаттамасы, ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен нәтижесі) ақпаратты жариялауға келісімін береді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде ұсынуға жауапты уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жауапты ҚБ) келіп түскен өтінімді барлық құжаттардың болуын және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес қосымшаларды ресімдеудің толықтығына түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Жауапты ҚБ барлық құжаттар болған жағдайда өтінімді уәкілетті орган ведомствосының құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне тіркеу үшін жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Уәкілетті орган ведомствосының құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі өтінімді алған күні тіркеп, уәкілетті орган ведомствосының басшылығына қарауға жібереді. Өтінішті қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Уәкілетті орган ведомствосының басшылығы өтінімді құзыреті бойынша тиісті уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан әрі – ҚБ) қарауына жібереді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Тиісті ҚБ өтінімді ұсыну, қалыптастыру және сәйкестендірмеу мүмкіндігіне түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды және жауапты ҚБ-ға хабарлайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жауапты ҚБ өтінімнің оң қаралуын алған кезде "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ведомстволық бағынысты ұйымға (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды қалыптастыру үшін жолдайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Ведомстволық бағынысты ұйымның сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды қалыптастыру тәртібі:
1) алынған өтінімге сәйкес бастапқы статистикалық деректердің қоры қалыптастырылады;
2) сәйкестендірмеуге жататын бастапқы статистикалық деректердің тізбесі айқындалады;
3) бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын және қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында: респондент туралы сәйкестендіруші ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), кәсіпорынның/ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі, тіркеу күні, орналасқан жерінің мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) жою жолымен дерекқорларды сәйкестендірмеу жүзеге асырылады, орнына сәйкестендіру үшін пайдалану мүмкін емес нөмірлеу қолданылады.
4) сәйкестендірмеу процесі аяқталғаннан кейін, сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор уәкілетті орган ведомствосының бұлтты сақтау қоймасында орналастырылады, оған тек жауапты ҚБ қолжетімділігі бар.
Ведомстволық бағынысты ұйым сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Жауапты ҚБ қалыптастырылған сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оның өтінімге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және Пайдаланушы кабинетінің әкімшілік интерфейсі арқылы ақпараттық қауіпсіздікке жауапты ҚБ жібереді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты ҚБ бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды тексереді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты ҚБ бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегені анықталған кезде ведомстволық бағынысты ұйымның пысықтауы үшін бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуінің нақты себептерін көрсете отырып, сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды жауапты ҚБ қайтарады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Бастапқы статистикалық деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде жауапты ҚБ тиісті ҚБ-мен жауапты келіседі және зерттеушінің электрондық поштасына өтінімнің оң қаралғаны және осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес дерекқорды сәйкестендірілмеген түрінде беруге дайын екендігі туралы жауап жібереді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Сұралатын дерекқорларды қалыптастыру және ақпаратты сәйкестендіру мүмкіндігін айқындау кезінде, уәкілетті орган ведомствосының басшылығы қарастыру мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге дейін ұзартады, бұл туралы зерттеушіге мерзімді ұзартқан күннен бастап үш жұмыс күн ішінде хабарланады.
18. Зерттеуші жұмыс аяқталғаннан кейін уәкілетті орган ведомствосынының www.stat.gov.kz интернет-ресурсында орналастыру үшін зерттеу нәтижесін уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.
3-тарау. Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдардың және Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет ұйымдарының өкілдері сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жою тәртібі
Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-тарау. Зерттеушінің кабинетінде жұмыс істеу тәртібі
21. Зерттеушінің кабинетіне кіру графигі уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелерінің жұмыс кестесін ескере отырып, қаралған өтінімдерге сәйкес қалыптастырылады.
22. Зерттеушінің кабинеті сыртқы құрылғыларды қосу мүмкін емес дербес компьютермен, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады.
23. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы Зерттеуші кабинетінің жұмысына жауапты қызметкерді (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындайды.
24. Жауапты қызметкер зерттеушінің одан әрі жұмыс істеуі үшін электрондық жеткізгіштен (CD диск) Дерекқорды дербес компьютерге жүктейді және оны қайта пайдалануды болдырмайтын күйге дейін деформациялау арқылы электрондық жеткізгішті (CD диск) жояды.
Электрондық жеткізгіш (CD диск) жойылғаннан кейін жауапты қызметкер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Акт жасайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жою туралы журналға белгі қояды.
25. Зерттеушінің қозғалысы жауапты қызметкердің сүйемелдеуімен жүзеге асырылады.
26. Зерттеушіге Зерттеушінің кабинетіне фото- және бейнеаппаратураны, жазу құрылғыларын, ақпарат жеткізгіштерді, байқаудың визуалды құралдарын, есептеу техникасын, радиотехникалық және басқа да қосарлы мақсаттағы аппаратураны, техникалық құрылғыларды, оның ішінде деректерді беру мүмкіндігі бар сымсыз құрылғыларды, интернет модульдермен жарақтандырылған жеке байланыстың мобильді құралдарын және мобильді құрылғыларды, фото және бейнекамералармен, сондай-ақ басқа да электрондық жеткізгіштерді кіргізуге жол берілмейді.
27. 25 және 26-тармақтарда көзделген шектеулерді сақтамаған жағдайда жауапты қызметкер Зерттеушінің кабинетіндегі дерекқорға қол жеткізуді бұғаттайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шектеулерді сақтамағаны туралы Акт жасайды.
28. Жауапты қызметкер зерттеушіге Зерттеушінің кабинетінде оның жұмысының нәтижесін электрондық жеткізгішке (CD диск) жүктейді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес журналда қолтаңбалармен расталады.
5-тарау. Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсынудан бас тарту
29. Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсынудан бас тарту:
1) дерекқорларды иесіздендіру үшiн техникалық мүмкiндiк болмаған;
2) егер сұратылған ақпарат мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын мәліметтерді есептеу негізінде жиналмаған және алынуы мүмкін болмаған;
3) егер өтінім сұратылған ақпараттың мазмұнын бір мәнде анықтауға мүмкіндік бермеген (статистикалық байқаудың атауы, көрсеткіштер тізбесі, кезеңділігі, динамикалық қатары, аумақтық бөлініс);
4) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған;
5) егер бұрын қаралған өтінімдерде осы Қағидалардың 18-тармағының талаптары орындалмаған;
6) зерттеуші осы Қағидалардың 25 және 26-тармақтарында көзделген шектеулерді сақтамаған;
7) зерттеуші осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген міндеттемелерді сақтамаған жағдайларда көзделген.
Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін алуға өтінім
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдар, Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-техникалық ұйымдар, халықаралық ұйымдар атауы | |
2 | Зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | |
3 | Лауазымы | |
4 | Ғылыми дәрежесі (атағы) | |
5 | Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану мақсаты | |
6 | Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі | |
7 | Қаржыландыру көзі | |
8 | Сұратылған сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқорлардың сипаттамасы (статистикалық байқаудың атауы, көрсеткіштер тізбесі, кезеңділігі, динамикалық қатары, аумақтық бөлініс) | |
9 | Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде алу тәсілі (сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы немесе сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқор электрондық жеткізгіштен (CD диск) дербес компьютерге жүктелетін Зерттеушінің кабинетінде дерекқормен сәйкестендірілмеген түрінде жұмыс істеу мүмкіндігі) | |
10 | Зерттеушінің кабинетіндегі жұмыс ұзақтығы* |
__________________________________________________________________________
(Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (күні)
Мөр орны
*Зерттеушінің кабинетінде алу тәсілін көрсеткен кезде толтырылады
| Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Алушының дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде жария етпеу және оны үшінші тұлғаларға беруді шектеу туралы міндеттемесі
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.11.2025 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мен ______________________________________________________________________
(зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі)
__________________________________________________________________________
(заңды тұлға атауы)
__________________________________________________________________________
(зерттеушінің лауазымы)
___________________________ лауазымы бойынша лауазымдық міндеттерді атқарушы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(жұмыстың сипатын көрсетіңіз)
тақырыбындағы ғылыми жұмыс жүргізу кезеңіне маған дерекқордың сәйкестендірілмеген түрінде (бұдан әрі – дерекқор) ұсынылатыны туралы хабардармын.
Осымен:
1. Маған жұмысты орындаумен байланысты сеніп берілген (берілетін) немесе белгілі болған (болатын) дерекқордан алынатын ақпаратты жария етпеу және үшінші тұлғаларға бермеу.
2. Дерекқорды көшірмеу.
3. Үшінші тұлғалар менен дерекқордағы ақпаратты алуға әрекет еткен жағдайда, бұл жөнінде дереу мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) хабарлау.
4. Жұмыс аяқталғаннан кейін маған сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы ұсынылған дерекқорды жою.
5. Дерекқорлардан алынатын ақпаратты коммерциялық мақсатында пайдаланбау міндеттемелерін өзіме аламын.
Уәкілетті органның ведомствосы келісілген міндеттемелерді бұзған жағдайда дерекқорлардан ақпаратты ұсынудан бас тартуға, сондай-ақ қайта/кейінгі өтініштерді қараудан бас тартуға құқылы.
__________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), (қолы)
20__жылғы "___"____________
| Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Сәйкестендірілмеген түрінде дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жою актісі
__________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
__________________________________________________________________________
_______________________________________________________________ өткізу үшін
(жұмыс түрін көрсету)
дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдаланғандар 20___ жылы "___" ____________ одан әрі сақтауға жатпайтын сәйкестендірілмеген түрінде дерекқоры бар электрондық жеткізгішті (CD диск) жоюдың жүргізілгені туралы осы актіні жасадық:
Күні | Алынған дерекқордың сипаттамасы |
Электрондық жеткізгіштердің барлығы _______________________________________
(цифрлармен және сөзбен)
Электрондық жеткізгіш (қию, демонтаждау және т.б.) арқылы жойылды.
__________________________________________________________________________
(Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (күні) және лауазымы)
__________________________________________________________________________
(Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (күні)
Мөр орны
| Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Электрондық жеткізгіштердегі (CD диск) сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды жою журналы
р/с | Ұйымның атауы | Дерекқордың атауы | Алынған / жүктелген күні | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) | Жою күні |
| Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидаларына 5-қосымша |
|
| Нысан |
Зерттеушінің шектеулерді сақтамауы туралы акт
_________________________________________________________________________,
(дерекқорды сәйкестендірілмеген түрінде сұратқан ұйымның атауы)
__________________________________________________________________________
(шектеулерді бұзған зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________________________________
(бұзушылықтың сипаттамасы)
__________________________________________________________________________
(жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20___ жылы "___" ____________ Зерттеуші кабинетіндегі жұмыс істеу тәртібін бұзған зерттеуші үшін сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқорға қолжетімділікке бұғаттау жүргізілгені туралы осы актіні жасадық
қолы______ күні______
__________________________________________________________________________
(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (күні)
| Дерекқорларды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидаларына 6-қосымша |
|
| Нысан |
Зерттеушінің кабинетіндегі жұмыс нәтижесін зерттеушіге беру журналы
р/с | Ұйымның атауы | Зерттеушінің кабинетіндегі жұмыс нәтижесін зерттеушіге беру күні | Жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) | Зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) | Зерттеушінің зерттеу нәтижесін ұсыну күні мен нысаны |