"Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 448 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 14 қазанда № 37113 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10261 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 65) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарына осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 13 қазандағы № 448
Бұйрыққа қосымша

Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 65) тармақшасына сәйкес әзірленді және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.

2-тарау. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары

      2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) бастапқы аттестаттаудан өткен құтқарушылармен жасақталуы;

      2) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес арнайы және құтқару техникасымен, авариялық-құтқару және өрт сөндіру жабдығымен, құрал-сайманмен, жарақпен, керек-жарақтармен және материалдармен жарақталуы;

      3) тәулік бойы кезекшілік өткеруді, бос ауысымның демалысын, аумақтық полиция органдарымен және қызмет көрсетілетін объектілермен байланысты (телефон, факсимильді, радиобайланыс), жеке құрамды құлақтандыру жүйелерін қамтамасыз ететін үй-жайлардың және жабдықтардың, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметінің орналасу схемасына сәйкес мүлік пен белгіленген материалдық құралдар қорына арналған үй-жайдың болуы;

      4) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін оқу-жаттығу базасының болуы.

      Ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына Заңның 25-бабының 5-тармағында көзделген талаптар қойылады.

      3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) бастапқы аттестаттаудан өткен құтқарушылармен жасақталуы;

      2) меншік құқығында:

      ғимараттар мен құрылыстардың мамандандырылған кешені;

      шаң-газ талдау зертхана;

      орындалатын авариялық-құтқару жұмыстарының ерекшелігін ескере отырып арнайы техника, жабдықтар, аппаратуралар, жарақтар, керек-жарақтар мен құралдардың болуы;

      3) осы Талаптарға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес меншік құқығында жарақтың болуы:

      авариялық-құтқару қызметі мен тау-кен өндіру, көмір, мұнай және газ кәсіпорындарына қызмет көрсететін құралымның оқу-жаттығу полигонының;

      оқу шахтасының;

      жылуға төзімділікке машықтандыру бойынша кешеннің болуы.

      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкестігі.

  Авариялық-құтқару қызметтері
мен құралымдарына қойылатын
біліктілік талаптарына
1-қосымша

Тау-кен өндіру және көмір кәсіпорындарына қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі мен құралымының оқу-жаттығу полигонын жарақтандыру тізбесі

№ р

Жарақ атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Қызмет көрсетілетін объектілерде қолданылатын тау-кен қазбаларының тіреуіштері (металл, ағаш және т.б.)

жиынтық

әр түрінен 3

2.

Аралық жалғағыштарды қосуға арналған бұрамасы бар Ø = 100, 125 және 159 мм өртке қарсы құбыр

жиынтық

1

3.

Көлемі 8,0 – 10,0 м3 суға арналған сыйымдылық

дана

1

4.

Өнімділігі 10,0-20,0 м3/сағ су сорғысы

дана

1

5.

Жанғыш сұйықтығы бар өрт ошағын жасауға арналған жалпақ қаңылтыр таба

дана

1

6.

Оқу полигонының схемасы

дана

1

7.

Теренкур, кемінде L = 10,0 см

дана

1

8.

ЖПБ (парашют) орнатуға және ауа көлемін өлшеуге арналған қазба, кемінде L = 6,0 см

дана

1

9.

Темірбетон блоктар мен плиталардан жасалған конструкция

жиынтық

1

      Ескертпе. Оқу-жаттығу полигонын 3, 4, 6-позициялар бойынша жарақтау бөлімшенің оқу шахтасымен бірыңғай болуы мүмкін.

Мұнай және газ кәсіпорындарына қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі мен құралымының оқу-жаттығу полигонын жарақтандыру тізбесі

№ р

Жарақ атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1.

2.

3.

4.

1.

Бұрғылау қондырғысы

жиынтық

1

2.

Ұңғыманың бұрғыланған оқпаны


1

3.

Ұңғыма сағасында орналасқан шахта


1

4.

Шегендеу бағаналары

метр

Ұңғыманың конструкциясына сәйкес

5.

Бұрғылау бағанасы

метр

10

6.

Бұрғылау қондырғысының шығарылатын көпірлері

жиынтық

1

7.

Саға жабдықтары: бағана басы мен шығарындыға қарсы жабдық жиынтығы

жиынтық

1

8.

Шығарындыға қарсы жабдықты гидравликалық басқару пульті

жиынтық

1

9.

Басу және дроссельдеу блогы

жиынтық

1

10.

Көлемі 10 м3 техникалық суға арналған резервуар немесе сыйымдылық

дана

1

11.

Босатқыш қалқандары бар плашкалық превенторларды қолмен басқару тұтқасы

дана

1

12.

Шығарындыға қарсы жабдықтың шығару желілері

жиынтық

1

13.

Басқару кілті бар шар краны

жиынтық

1

14.

Ашуға арналған аспабы бар қайтарма клапан

жиынтық

1

15.

Жарықпен және дыбыспен беретін құлақтандыру сигнал жүйесі

жиынтық

1

16.

Желдің бағытын анықтауға арналған құрылғы (конус, флюгер)

дана

1

17.

Өрт сөндіру құралдары

жиынтық

1

18.

Су беруге арналған сорғы

дана

1

19.

Ауа компрессоры

дана

1

20.

Бұрғылау, сағалық және шығарындыға қарсы, қосалқы жабдық элементтері көрсетілген оқу бұрғылау полигонының орналасу схемасы

дана

1

21.

Авариялық қор қоймасы: стандартты емес авариялық жабдықтың жиынтықтары

жиынтық

15

22.

Сағалық және шығарындыға қарсы жабдықты сығымдауға арналған стенд

жиынтық

1

23.

Темір кескіш және темір өңдеуші станоктары бар жөндеу цехы

жиынтық

1

24.

Шығарындыға қарсы жабдықтың жиынтықтары: қызмет көрсетілетін объектілерде қолданылатын әмбебап және сағалық төрт тармағы бар плашкалық превенторлар

жиынтық

1

25.

НГ-50 қондырғысы (шығарындыға қарсы жабдықтың жиынтығын авариялық ұңғыма сағасына тасығыш)

жиынтық

1

26.

Жанып жатқан ашық атқыламаны жоюға ұқсас қимылға арналған оқу алаңы

жиынтық

1

27.

Шығарындыға қарсы жабдықты қысымдағы ұңғыма сағасына бұруға ұқсас қимылға арналған оқу алаңы

жиынтық

1

28.

Қысымдағы құбырды бұрғылауға ұқсас қимылға арналған оқу алаңы

жиынтық

1

29.

Шегендеу бағаналарын кесуге ұқсас қимылға арналған оқу алаңы

жиынтық

1

30.

Құтқарушылардың дене және моральдық-психологиялық дайындықтарын тәжірибелік сынауды жүргізуге арналған оқу-тренажерлық кешен

жиынтық

1

31.

Өрт сөндіру құралдары

жиынтық

1

32.

Оқу полигонының схемасы

дана

2

  Авариялық-құтқару қызметтері
мен құралымдарына қойылатын
біліктілік талаптарына
2-қосымша

Оқу шахтасын жарақтандыру тізбесі

№ р

Жарақ атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1.

2.

3.

4.

1.

Авариялық сигнализация қоңырауы

дана

1

2.

Кезекшімен байланысуға арналған телефон (шахталық телефон аппараты)

дана

1

3.

Қызмет көрсетілетін объектілерде қолданылатын металл тіреуіш

жақтау

5

4.

Тіреу жақтауларын орнатуға арналған ағаш бағаналар

жақтау

10

5.

Бетонит (қож-блок)

дана

100

6.

Құм

м3

1

7.

Құрылыс ерітіндісін дайындауға арналған сыйымдылық

дана

1

8.

Қазбалар бойынша жүргізілген
Ø = 100, 125, 159 мм өртке қарсы құбыр

жиынтық

1

9.

Гидроқақпасы бар
Ø = 100 немесе 150 мм су әкететін құбыр

дана

1

10.

Диаметрі 35-40 мм және сынамаларды алуға арналған бұрмасы бар ауадан сынамалар алуға арналған құбыр

дана

1

11.

Ойық құбырлар секциясы, біреуінің қақпағы бар

дана

4

12.

Іске қосу аппаратурасы бар оқу шахтасын желдету желдеткіші

жиынтық

1

13.

Іске қосу аппаратурасы бар тұйық қазбаны жергілікті желдету желдеткіші

жиынтық

1

14.

Қимасы 0,8 х 1,0 м2 ұзындығы кемінде 10 метр теренкур

дана

1

15.

Шегелер (100-120 мм)

килограмм

3

16.

Құрылыс тоғындары

дана

30

17.

Саны оқу шахтасы жағдайында екі қатарлы бөгеттерді тұрғызуды қамтамасыз ете алатын шаршы қималы (16 х 16 см немесе 18 х 18 см) ағаш қырлы бөренелер

жиынтық

1

18.

Түтін жіберуге арналған құрылғы

дана

1

19.

Арнайы дайындыққа арналған динамометрлері (6 данадан аз емес) және калорифері бар жылу камерасы

жиынтық

1

20.

+100°С дейінгі қалыпты термометр

дана

1

21.

Психрометр

дана

1

22.

Ілуге арналған арқаны бар ЖМБ-ға арналған, ұзындығы 20 м желдету құбыры

дана

1

23.

Өнімділігі 5 м3/сағ ауа компрессоры

дана

1

24.

Көлемі 8-10 м3 суға арналған сыйымдылық (өртке қарсы резервуар)

дана

1

25.

Өнімділігі 10-20 м3/сағ өртке қарсы құбырға су беруге арналған сорғы

дана

1

26.

Ауа көлемін анықтауға арналған өлшеу станциясы

дана

1

27.

Қазбалар, техникалық құрылыстар, электр желілері, іске қосу аппаратурасы мен жабдығы көрсетілген оқу-жаттығу кешенінің схемасы

дана

1

28.

Өрт сөндіру құралдары

жиынтық

1

29.

Оқу шахтасының аварияларын жою жоспары

жиынтық

1

  Авариялық-құтқару қызметтері
мен құралымдарына қойылатын
біліктілік талаптарына
3-қосымша

Жылуға төзімділікке машықтандыру бойынша кешен

      1. Жылуға төзімділікке машықтандыру бойынша кешен кемінде екі үй-жайдан тұруы қажет:

      1) жылуға төзімділікке жаттығу жүргізуге арналған үй-жай;

      2) медициналық қызметкерге арналған үй-жай.

      2. Жылуға төзімділікке жаттығу жүргізуге арналған үй-жайда мынадай жарақтар болуы қажет:

      1) +150°С дейінгі қалыпты термометр, саны 1 дана;

      2) психрометр, саны 1 дана;

      3) шашыратқышы бар (құрғақ сап) Ø = 50 мм өртке қарсы құбыр, саны 1 жиынтық.