ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10261 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 65) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарына осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялауға жатады.
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі | Ч. Аринов | 
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 13 қазандағы № 448 Бұйрыққа қосымша | 
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 65) тармақшасына сәйкес әзірленді және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.
2-тарау. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары
2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) бастапқы аттестаттаудан өткен құтқарушылармен жасақталуы;
2) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес арнайы және құтқару техникасымен, авариялық-құтқару және өрт сөндіру жабдығымен, құрал-сайманмен, жарақпен, керек-жарақтармен және материалдармен жарақталуы;
3) тәулік бойы кезекшілік өткеруді, бос ауысымның демалысын, аумақтық полиция органдарымен және қызмет көрсетілетін объектілермен байланысты (телефон, факсимильді, радиобайланыс), жеке құрамды құлақтандыру жүйелерін қамтамасыз ететін үй-жайлардың және жабдықтардың, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметінің орналасу схемасына сәйкес мүлік пен белгіленген материалдық құралдар қорына арналған үй-жайдың болуы;
4) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін оқу-жаттығу базасының болуы.
Ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына Заңның 25-бабының 5-тармағында көзделген талаптар қойылады.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) бастапқы аттестаттаудан өткен құтқарушылармен жасақталуы;
2) меншік құқығында:
ғимараттар мен құрылыстардың мамандандырылған кешені;
шаң-газ талдау зертхана;
орындалатын авариялық-құтқару жұмыстарының ерекшелігін ескере отырып арнайы техника, жабдықтар, аппаратуралар, жарақтар, керек-жарақтар мен құралдардың болуы;
3) осы Талаптарға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес меншік құқығында жарақтың болуы:
авариялық-құтқару қызметі мен тау-кен өндіру, көмір, мұнай және газ кәсіпорындарына қызмет көрсететін құралымның оқу-жаттығу полигонының;
оқу шахтасының;
жылуға төзімділікке машықтандыру бойынша кешеннің болуы.
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкестігі.
| Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарына 1-қосымша | 
Тау-кен өндіру және көмір кәсіпорындарына қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі мен құралымының оқу-жаттығу полигонын жарақтандыру тізбесі
| № р/с | Жарақ атауы | Өлшем бірлігі | Саны | 
| 1. | Қызмет көрсетілетін объектілерде қолданылатын тау-кен қазбаларының тіреуіштері (металл, ағаш және т.б.) | жиынтық | әр түрінен 3 | 
| 2. | Аралық жалғағыштарды қосуға арналған бұрамасы бар Ø = 100, 125 және 159 мм өртке қарсы құбыр | жиынтық | 1 | 
| 3. | Көлемі 8,0 – 10,0 м3 суға арналған сыйымдылық | дана | 1 | 
| 4. | Өнімділігі 10,0-20,0 м3/сағ су сорғысы | дана | 1 | 
| 5. | Жанғыш сұйықтығы бар өрт ошағын жасауға арналған жалпақ қаңылтыр таба | дана | 1 | 
| 6. | Оқу полигонының схемасы | дана | 1 | 
| 7. | Теренкур, кемінде L = 10,0 см | дана | 1 | 
| 8. | ЖПБ (парашют) орнатуға және ауа көлемін өлшеуге арналған қазба, кемінде L = 6,0 см | дана | 1 | 
| 9. | Темірбетон блоктар мен плиталардан жасалған конструкция | жиынтық | 1 | 
Ескертпе. Оқу-жаттығу полигонын 3, 4, 6-позициялар бойынша жарақтау бөлімшенің оқу шахтасымен бірыңғай болуы мүмкін.
Мұнай және газ кәсіпорындарына қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі мен құралымының оқу-жаттығу полигонын жарақтандыру тізбесі
| № р/с | Жарақ атауы | Өлшем бірлігі | Саны | 
| 1. | 2. | 3. | 4. | 
| 1. | Бұрғылау қондырғысы | жиынтық | 1 | 
| 2. | Ұңғыманың бұрғыланған оқпаны | 1 | |
| 3. | Ұңғыма сағасында орналасқан шахта | 1 | |
| 4. | Шегендеу бағаналары | метр | Ұңғыманың конструкциясына сәйкес | 
| 5. | Бұрғылау бағанасы | метр | 10 | 
| 6. | Бұрғылау қондырғысының шығарылатын көпірлері | жиынтық | 1 | 
| 7. | Саға жабдықтары: бағана басы мен шығарындыға қарсы жабдық жиынтығы | жиынтық | 1 | 
| 8. | Шығарындыға қарсы жабдықты гидравликалық басқару пульті | жиынтық | 1 | 
| 9. | Басу және дроссельдеу блогы | жиынтық | 1 | 
| 10. | Көлемі 10 м3 техникалық суға арналған резервуар немесе сыйымдылық | дана | 1 | 
| 11. | Босатқыш қалқандары бар плашкалық превенторларды қолмен басқару тұтқасы | дана | 1 | 
| 12. | Шығарындыға қарсы жабдықтың шығару желілері | жиынтық | 1 | 
| 13. | Басқару кілті бар шар краны | жиынтық | 1 | 
| 14. | Ашуға арналған аспабы бар қайтарма клапан | жиынтық | 1 | 
| 15. | Жарықпен және дыбыспен беретін құлақтандыру сигнал жүйесі | жиынтық | 1 | 
| 16. | Желдің бағытын анықтауға арналған құрылғы (конус, флюгер) | дана | 1 | 
| 17. | Өрт сөндіру құралдары | жиынтық | 1 | 
| 18. | Су беруге арналған сорғы | дана | 1 | 
| 19. | Ауа компрессоры | дана | 1 | 
| 20. | Бұрғылау, сағалық және шығарындыға қарсы, қосалқы жабдық элементтері көрсетілген оқу бұрғылау полигонының орналасу схемасы | дана | 1 | 
| 21. | Авариялық қор қоймасы: стандартты емес авариялық жабдықтың жиынтықтары | жиынтық | 15 | 
| 22. | Сағалық және шығарындыға қарсы жабдықты сығымдауға арналған стенд | жиынтық | 1 | 
| 23. | Темір кескіш және темір өңдеуші станоктары бар жөндеу цехы | жиынтық | 1 | 
| 24. | Шығарындыға қарсы жабдықтың жиынтықтары: қызмет көрсетілетін объектілерде қолданылатын әмбебап және сағалық төрт тармағы бар плашкалық превенторлар | жиынтық | 1 | 
| 25. | НГ-50 қондырғысы (шығарындыға қарсы жабдықтың жиынтығын авариялық ұңғыма сағасына тасығыш) | жиынтық | 1 | 
| 26. | Жанып жатқан ашық атқыламаны жоюға ұқсас қимылға арналған оқу алаңы | жиынтық | 1 | 
| 27. | Шығарындыға қарсы жабдықты қысымдағы ұңғыма сағасына бұруға ұқсас қимылға арналған оқу алаңы | жиынтық | 1 | 
| 28. | Қысымдағы құбырды бұрғылауға ұқсас қимылға арналған оқу алаңы | жиынтық | 1 | 
| 29. | Шегендеу бағаналарын кесуге ұқсас қимылға арналған оқу алаңы | жиынтық | 1 | 
| 30. | Құтқарушылардың дене және моральдық-психологиялық дайындықтарын тәжірибелік сынауды жүргізуге арналған оқу-тренажерлық кешен | жиынтық | 1 | 
| 31. | Өрт сөндіру құралдары | жиынтық | 1 | 
| 32. | Оқу полигонының схемасы | дана | 2 | 
| Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарына 2-қосымша | 
Оқу шахтасын жарақтандыру тізбесі
| № р/с | Жарақ атауы | Өлшем бірлігі | Саны | 
| 1. | 2. | 3. | 4. | 
| 1. | Авариялық сигнализация қоңырауы | дана | 1 | 
| 2. | Кезекшімен байланысуға арналған телефон (шахталық телефон аппараты) | дана | 1 | 
| 3. | Қызмет көрсетілетін объектілерде қолданылатын металл тіреуіш | жақтау | 5 | 
| 4. | Тіреу жақтауларын орнатуға арналған ағаш бағаналар | жақтау | 10 | 
| 5. | Бетонит (қож-блок) | дана | 100 | 
| 6. | Құм | м3 | 1 | 
| 7. | Құрылыс ерітіндісін дайындауға арналған сыйымдылық | дана | 1 | 
| 8. | 
Қазбалар бойынша жүргізілген | жиынтық | 1 | 
| 9. | 
Гидроқақпасы бар  | дана | 1 | 
| 10. | Диаметрі 35-40 мм және сынамаларды алуға арналған бұрмасы бар ауадан сынамалар алуға арналған құбыр | дана | 1 | 
| 11. | Ойық құбырлар секциясы, біреуінің қақпағы бар | дана | 4 | 
| 12. | Іске қосу аппаратурасы бар оқу шахтасын желдету желдеткіші | жиынтық | 1 | 
| 13. | Іске қосу аппаратурасы бар тұйық қазбаны жергілікті желдету желдеткіші | жиынтық | 1 | 
| 14. | Қимасы 0,8 х 1,0 м2 ұзындығы кемінде 10 метр теренкур | дана | 1 | 
| 15. | Шегелер (100-120 мм) | килограмм | 3 | 
| 16. | Құрылыс тоғындары | дана | 30 | 
| 17. | Саны оқу шахтасы жағдайында екі қатарлы бөгеттерді тұрғызуды қамтамасыз ете алатын шаршы қималы (16 х 16 см немесе 18 х 18 см) ағаш қырлы бөренелер | жиынтық | 1 | 
| 18. | Түтін жіберуге арналған құрылғы | дана | 1 | 
| 19. | Арнайы дайындыққа арналған динамометрлері (6 данадан аз емес) және калорифері бар жылу камерасы | жиынтық | 1 | 
| 20. | +100°С дейінгі қалыпты термометр | дана | 1 | 
| 21. | Психрометр | дана | 1 | 
| 22. | Ілуге арналған арқаны бар ЖМБ-ға арналған, ұзындығы 20 м желдету құбыры | дана | 1 | 
| 23. | Өнімділігі 5 м3/сағ ауа компрессоры | дана | 1 | 
| 24. | Көлемі 8-10 м3 суға арналған сыйымдылық (өртке қарсы резервуар) | дана | 1 | 
| 25. | Өнімділігі 10-20 м3/сағ өртке қарсы құбырға су беруге арналған сорғы | дана | 1 | 
| 26. | Ауа көлемін анықтауға арналған өлшеу станциясы | дана | 1 | 
| 27. | Қазбалар, техникалық құрылыстар, электр желілері, іске қосу аппаратурасы мен жабдығы көрсетілген оқу-жаттығу кешенінің схемасы | дана | 1 | 
| 28. | Өрт сөндіру құралдары | жиынтық | 1 | 
| 29. | Оқу шахтасының аварияларын жою жоспары | жиынтық | 1 | 
| Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарына 3-қосымша | 
Жылуға төзімділікке машықтандыру бойынша кешен
1. Жылуға төзімділікке машықтандыру бойынша кешен кемінде екі үй-жайдан тұруы қажет:
1) жылуға төзімділікке жаттығу жүргізуге арналған үй-жай;
2) медициналық қызметкерге арналған үй-жай.
2. Жылуға төзімділікке жаттығу жүргізуге арналған үй-жайда мынадай жарақтар болуы қажет:
1) +150°С дейінгі қалыпты термометр, саны 1 дана;
2) психрометр, саны 1 дана;
3) шашыратқышы бар (құрғақ сап) Ø = 50 мм өртке қарсы құбыр, саны 1 жиынтық.