"Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 741 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 қазанда № 37009 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:

      "Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларында:

      25 және 26 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Сотталғанда соңғы көтермелеуді не тәртіптік жазалауды қолданған күнінен бастап бір жыл ішінде ҚАК 130-бабында көрсетілген жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылық болмаған кезде сотталған жақсы тәртібі үшін көтермелеуді қолдануға жатады.

      Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес сотталғанға көтермелеу қолдану туралы өтінішхат және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес көтермелеуді қолдану туралы қаулы мекеме бастығына не оның орынбасарына тәрбие жұмысы бөлім бастығымен (бөлімше, топ) және мекеменің мүдделі қызметтермен келісім бойынша енгізіледі.

      Сотталғанға жұмыс берушінің не сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қызметінің және мекеменің оқыту орнының еркін нысандағы жазбаша ұсыныстары (бұдан әрі – ұсынылып отырған материалдар) болған кезде қаулыға ЖТК отырысы хаттамасынан үзінді қоса беріледі.

      Көтермелеу туралы қаулы қоса берілген материалдармен сотталғанның жеке ісіне тігіледі.

      Сотталғандарды көтермелеу туралы қаулылар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тиісті журналда жүргізіледі.

      Сотталғандарға көтермелеулер мекемеге келгеннен кейін үш айдан ерте емес уақытта, соның ішінде ҚАК 96-бабы тәртібінде басқа мекемеге ауыстырылған жағдайда қолданылады.

      Сотталғанға көтермелеу қолданған күннен бастап келесі көтермелеудің арасы 3 айдан кем болмайды.

      Ерікті ұйымдардың жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысу фото не бейне материалдармен расталады, олар көтермелеу туралы қаулымен бірге сотталғанның жеке ісіне қоса тігіледі.

      Заңды бұза отырып сотталғандарға қолданылған көтермелеулер жоғары тұрған лауазымды адамның дәлелді қаулысымен не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.

      Сотталған адамға көтермелеуді заңсыз қолдану фактісі қызметтік тергеу жүргізу жолымен белгіленеді.

      Қызметтік тексеру "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша көтермелеуді қолдануды бұзу фактісі расталған кезде, осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталған адамды көтермелеудің күшін жою туралы қаулы шығарылады.

      26. Сотталғандарға тәртіптік жазалаулар ҚАК-тің 133-бабында көзделген тәртіпте мекеме бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның не оның орынбасарының қаулысымен осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысанда қолданылады.

      Бұзушылық фактісі бойынша сотталғанмен ЖТЖ күнделігіне тіркеумен тәрбиелік сипаттағы әңгіме жүргізіледі, қажеттілігіне қарай психологиялық көмек, психотүзету іс-шаралар өткізіледі.

      Мекеме әкімшілігі көтермелеу немесе жазалау шараларын қолдану туралы қаулы шығарылған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ҚАЖ ОАДҚ-ға осы мәліметтерді енгізеді.

      Егер тәртіптік жазалау басқа мекемелер арқылы транзитпен жүруі (бұдан әрі – транзиттік мекеме) кезінде салынған жағдайда транзиттік мекеме әкімшілігі тәртіптік жазалауға тарту туралы қаулы бар материалдарды сотталғанның жеке ісіне қоса береді.

      ТИ-ға жабу транзиттік мекемеде орындалады, транзиттік мекемедегі ТИ-ға жабу орындалмаған жағдайда не толығымен орындалмаса, осы жазалау мекемеге келген күні, соның ішінде тиісті іс-шараларды өткізумен карантинде болған күндерді есепке алумен орындалады.

      Сотталған жіберілген мекемеге келген күні, оның әкімшілігі жеке ісіне қоса берілген, тәртіптік жазалауларға тарту туралы материалдардың негізінде тиісті мінез-құлық дәрежесін бере отырып, ҚАЖ ОАДҚ-ға тиісті мәліметтерді енгізеді.

      Мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей прокурорға сотталғанға қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесін жолдайды.

      Заңды бұза отырып сотталғандарға қолданылған тәртіптік жазалар жоғары тұрған лауазымды адамның дәлелді қаулысымен не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.

      Сотталған адамға тәртіптік жазаны заңсыз қолдану фактісі қызметтік тергеу жүргізу жолымен белгіленеді.

      Қызметтік тергеу "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жазалауды қолдануды бұзу фактісі расталған кезде, осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталған адамға қолданылған жазалаудың күшін жою туралы қаулы шығарылады.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 30-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 31-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң қызметі және құқықтық нормативтік үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2025 жылғы 1 қазандағы
№ 741
Бұйрыққа 1- қосымша
  Бас бостандығынан айыруға
сотталғандармен тәрбие
жұмысын жүргізу қағидасына
30-қосымша

      Нысан

            Сотталғанға берілген көтермелеудің күшін жою туралы
                                    ҚАУЛЫ

      Күні                                                 қала/аудан орталығы, ауыл

      Сотталған ____________________________________________________

                              (Т.А.Ә. ол болған кезде)

      қатысты көтермелеуді қолдану туралы материалдарды қараған адамның

      лауызымы, атағы, ____________________________________________________

                              (Т.А.Ә. ол болған кезде)

                                    АНЫҚТАДЫ:

      Анықталған бұзушылық туралы ақпарат _______________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің

      129, 152-баптарын басшылыққа ала отырып,

                                    ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. "№__ мекеме" РММ бастығының сотталған _______________________

                                                (Т.А.Ә. ол болған кезде)

      _______________ түріндегі көтермелеуді қолдану туралы 20____ жылғы

      "__" _______ қаулысының күші жойылсын.

      2. Белгіленген заңнама нормаларын (мінез-құлық дәрежесі, қажет болған

      жағдайда ұстау шарттары) сәйкестікке келтірілсін.

      3. Қабылданған шешім туралы барлық мүдделі адамдар хабардар етілсін.

      Бөлініс басшысы ______________________________________________

                              қолы                         Т.А.Ә.

  Бұйрыққа 2-қосымша
  Бас бостандығынан
айыруға сотталғандармен
тәрбие жұмысын
жүргізу қағидасына
31-қосымша

      Нысан

                  Сотталғанға қолданылған жазаның күшін жою туралы
                                    ҚАУЛЫ

      Күні                                                 қала/аудан орталығы, ауыл

      Сотталған ____________________________________________________

                              (Т.А.Ә. ол болған кезде)

      қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы материалдарды қараған адамның

      лауызымы, атағы, ____________________________________________________

                                    (Т.А.Ә. ол болған кезде)

                              АНЫҚТАДЫ:

      Анықталған бұзушылық туралы ақпарат _________________________________

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің,

      132, 154 бабын басшылыққа ала отырып,

                              ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. "№__ мекеме" РММ бастығының сотталған________________________

                                                (Т.А.Ә. ол болған кезде)

      қатысты__________түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы 20___ жылғы

      "__" _______ қаулысының күші жойылсын.

      2. Белгіленген заңнама нормаларын (мінез-құлық дәрежесі, қажет болған

      жағдайда ұстау шарттары) сәйкестікке келтірілсін.

      3. Қабылданған шешім туралы барлық мүдделі адамдар хабардар етілсін.

      Бөлініс басшысы ______________________________________________

                                    қолы                         Т.А.Ә